400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Оқу құралдарымен таныс болайық! Сөз." 1 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
сөз/сөйлем сызбасын оқу. сөздегі дыбыс түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан және жіңішке дауыстылар) ажырату және дұрыс дыбыстау
Материалдың қысқаша нұсқасы


Пән:Сауат ашу

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Айтылым ,тыңдалым.

Әліппеге дейінгі кезең

Күні:

Сынып: 1

Мектеп: №7 ЖББОМ

Мұғалімнің аты-жөні:Токтибаева Айжан Салкеновна

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Оқу құралдарымен таныс болайық! Сөз.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.1.9.1 сөздегі дыбыс түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан және жіңішке дауыстылар) ажырату және дұрыс дыбыстау

1.2.1.1 сөз/сөйлем сызбасын оқу.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:Сөздегі дауысты, дауыссыз дыбыстарды ажыратады.Сөз ,сөйлем сызбасын оқиды

Көптеген оқушылар: Сызба-үлгілерімен жұмыс жасайды

Кейбір оқушылар:Сөз,сөйлем сызбасын өздігінен құрайды

Бағалау критерийлері

Сөздегідауысты, дауыссыз дыбыстарды ажырата алады

Сөз және сөйлем сызбасын пайдаланады

Құндылықтарды дарыту



Жұптық,топтық жұмыстармен бір-біріне қарым-қатынас жасау

Пәнаралық байланыстар

Көркем еңбек,дүниетану

Бастапқы білім


Сөз дыбыстардан құралатынын біледі,дауысты, дауыссыз дыбыстар туралы білім қалыптасқан

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған

кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурс

тар

Сабақтың басы

5 мин













2 мин
















Сабақтың ортасы


8 мин















3 мин






























2 мин







2 мин










3 мин
















Сабақтың

соңы




8 мин








Ұйымдастыру кезеңі.

1 «М.К»Психологиялық ахуал:

(Қайталау арқылы )

Қол алысып, қәне, біз,

Достасайық бәріміз.

Айтарым бар сендерге,

Тез тұрыңдаршеңберге.

Қандайжақсыбіртұру,

Достармененбіржүру!

Қандайжақсыдос болу!

Қай күлегешті таңдайсыңдар деп балалардың көңіл күйін анықтайды

2. Оқушыларды топқа оқу құралдарымен бөлу: кітап,карандаш,сызғыш


Кітап Карандаш Сызғыш





Топқа бөлген суреттегі заттармен дыбыстық талдау жасату,қызыл және көк карандашпен бояту

Қолданған қалам,қарандаштармен қолданғанда абай болыңдар.


1-тапсырма. Ұжымдық жұмыс

Өлеңді мұқият тыңда!(Өзім оқимын)


Сауатыңды ашатын

Кітап-білім бұлағы.

Нұрын бізге шашатын

Ол-өмірдің шырағы.


Жалпы ұжымға сұрақ қойылады.

- Өлең не туралы?

-Кітап туралы.

- Сауатыңды ашатын қай кітап?

-Сауат ашу кітабы


Енді, осы «Сауат ашу» сөзіне алдыларыңда тұрған қызыл және көк текшелер арқылы дауысты және дауыссыз дыбыстарының белгілерін қойып,дыбыстық талдау жасап шығыңдар.


Бағалау.Барлық балалар«Басбармақ» әдісі арқылы бағалайды.

2-тапсырма. Оқылықпен жұмыс




1. Берілген заттардың алғашқы әріптерінен сөз құра.

Тақтаға суреттегі заттардың бас әріптерін бір-бірлеп жазғызу.Қандай сөз шыққанын айтқызу


2. Осы суреттегі заттардың алғашқы әріптерінен ту, су сөздерін құрастыр қызыл және көк текшелер арқылы дауысты және дауыссыз дыбыстарының белгілерін қойып шық.


3. Берілген заттардың алғашқы әріптерінен сөз құра және сөйлем құрап айт.

Бағалау. Мұғалім жұлдызша таратып береді.


3- Дәптермен жұмыс. Жеке жұмыс.

-дәптер бетіндегі суреттерді боя.

-әр түрлі (түзу, қисық, сынық) сызықтар сыз.

-заттарды сызықтар арқылы қос.

-үзік сызықтарды бастырып жүргіз.


Бағалау. «Отшашу» тәсілі арқылы


Сергіту сәті.

Тарсылдатпай едендi

Орнымыздан тұрып ап

Жүгiрейiк бiр уақ.

Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш.

Аяқты алға созайық

Тiк көтерiп, қозғайық.

Тым сылбыр да болмайық

Алға қарай озбайық.

Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш


Оқулықтан «Есіңе сақта!» мәліметін оқимын.



4-тапсырма. Жұптық жұмыс. Әр жұпқа бір суреттен таратып беремін.

Беру мақсатым бір-біріне көмек бере отырып

жұмыс нәтйжесіне жету

Суретте көрсетілген заттарды ата.




-сызба неше сөзден құралған?

-таратылған суреттерге қызыл және көк түсті қарындаштармендауысты және дауыссыз дыбыстарының белгілерін бояңдар.

-сөмкеге оқушыға қажетті оқу құралдарын ғана сызба арқылы сал.

-осы сөздерден сөйлем құра


Бағалау критерийі

Дескрипторлар

Сөздегідауысты, дауыссыз дыбыстарды ажырата алады


-сөздегідауысты, дауыссыз дыбыстарды ажыратады.


Сөз және сөйлем сызбасын пайдаланады



-сөз бен сөйлем сызбасын ажыратады.

-сөздерден сөйлем құрайды.

Бағалау.Фигуралармен бағалау

Сурет-

тер

Кітап Каран-даш

Сызғыш































2мин

Кері байланыс

Оқушылар «Еркін микрофон» әдісі бойынша сабаққа кері байланысты ауызша айттады. Кері байланыста оқушылар өз топтарының жұмысымен бірге басқа топтың да жұмыстарын бағалайды және ұсыныстарын берді.

Бұл сабақта оқушылар шығармашылықпен жұмыста топтық жұмыстың пайдасын түсінеді.


Рефлексия





Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы





Сабақ барысында қауіпсіздік техникалары мен таныстыру, ескерту.



Сабақ бойынша рефлексия




Жалпы баға



Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы даойланыңыз)?

1:


2:


Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:


2:




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
22.12.2017
576
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі