400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Оқулық" 2 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
әріптестермен тәжірибе алмасу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы:

Несіпбек Айтов. Оқулық.

Мұғалімнің аты-жөні: Избасарова С.Т.

Күні: 14.11.2017

СЫНЫП: 2 «Д»


Қатысқан оқушылар саны:


Қатыспаған оқушылар саны:

Сабақ негізделген оқу мақсаттары

2.1.2.1*- шығарманың мазмұнын дайын жоспар бойынша немесе өз сөзімен мазмұндау, үзіндісін мазмұндау

2.2.6.1 - кейіпкердің сыртқы келбетін сипаттау, мінез-құлқы мен іс-әрекетін бағалау

2.3.3.1 - шығармашылық жұмыс

Сабақ нәтижесі:


Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді.

Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Топтық жұмысты брлесе орындайды.Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды.

Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады:

Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.

Бағалау критерийі

Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.

Ресурстар

Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар  және  әртүрлі  заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.

Пәнаралық байланыс

Музыка, қазақ тілі.

Сабақтың жоспары

Жоспарланғануақыт

Сабақ барысы :

Бағалау түрлері

Басталуы

5 минут


(МК) «Шаттық шеңбері» әдісі. Мұғалім оқушыларды шаттық шеңберіне тұрғызады. Оқушылар шаттық шеңберіне тұрып мұғаліммен амандасады, бір-біріне сәттілік тілейді, басқа да жақсы тілектер айтады.



Үй тапсырмасын сұрау

А. Тоқмағанбетовтың «Сыбырлақ» өлеңі 3-4 оқушыдан өлең жолдарын жалғастыра жатқа сұраймын.

  • Мәтіннің авторы кім?

  • Мәтіндегі баланы сипатта

  • Сыбырлақ балаға қандай кеңес берер едің?


Оқушыларды сабақтың мақсатымен таныстыру.

Мектептің суретін пазлдарға бөлу, әр бөліктің артына мектеп тақырыбына қатысты сөйлемдер жазылған. Оқушылар пазл бөліктерін алып, сөйлемдерден мәтін құрастырады. Мәтіннің бөліктерін ажыратады.



Оқушылар пазлды құрастырып оқулықтың суретін шығарады.



Жаңа білім

10 минут





(МК) Суретке қарап, бүгінгі сабағымыз не туралы болады деп ойлайсыңдар?

Оқушыларды сабақтың мақсатымен таныстыру. «Мен қарапайым сөз орамдарының мағынасын түсінемін»

  • Мынау ненің суреті?

  • Ағаштың.

  • Ағаштың бұтақтарында нелер ілулі тұр?

  • Кітаптар.

  • Ол қандай кітаптар?

  • Қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі, математика, т.б.

  • Оларды бір сөзбен қалай айтамыз, кім біледі?

  • Пәндер.



Ұ) Әр оқушы өзіне ұнайтын/ ұнамайтын пәндерді суреттерге қарап айтады. Маған қазақ тілі ұнайды/ұнамайды, себебі ....... .


Білу және түсіну

Бейне көрініс «Қағаз қалай жасалады» (Таңшолпан бағдарлама)

Сұрақ-жауап арқылы бейне көріністі қорытындылау



Оқушылар оқулықтағы негізгі тақырыппен танысады.

«Жариялау» әдісі

(Белсенді 1-2 оқушы шығып автор туралы мағлұмат жариялау керек. Бұл үшін топ ішінен спикер берілген уақыт ішінде (2 минут) басқа қатысушылар алдында сөйлеп, топ ұстанымын жеткізеді.)

Несіпбек Айтұлы - 1950 жылы 22 қыркүйекте Шығыс Түркістанның Тарбағатай аймағы, Шәуешек ауданына қарасты Теректі ауылының Апиынды бұлақ деген жерінде дүниеге келген. 1962 жылы ата-анасымен атамекенге оралып, орта мектепті бұрынғы Семей облысы, Шұбартау ауданы, Баршатас ауылында бітірген.


Оқулық,

мәтіндер.

Ортасы

10 минут




Қолдану

Оқулықта берілген тапсырмаларды орындау.


Өлеңді мәнерлеп оқу

  • Мұғалімнің оқуы

  • Оқушылар іштей оқиды

  • Тізбектей оқиды.


Түсіндіру.

Топтық жұмыс

1-топ Оқулық сөзіне синквейн құрастырады

2-топ Оқулық туралы эссе жазады

3-топ Оқулық сөзіне дыбыстық талдау жасайды

4-топ Оқулық туралы мақал-мәтелдер жазады.


Дәптермен жұмыс.


**Оқулықтың аты:

Оқулық авторларының аты-жөні:

Қандай баспадан шыққан?

Редакторы кім?

Б) Несіпбек Айтов «Оқулық»

Оқулық,қабырғаға ілінген ватмандар, түрлі-түсті маркерлер,

Сергіту сәті

1 минут


Оқушылар би билеп сергіп қалады.

Аяқталуы

Сабақты бекіту

10 минут

Ой қорыту

«Оқулыққа хат» әдісі

Дифференциация:

қабылдау деңгейі жоғары оқушылар мағыналы сөздерді қолданып, пәнді не себепті ұнататындарын айтады;

қабылдау деңгейі орташа оқушылар мұғалім үлгісіне сүйене отырып, өз сүйікті пәндерінің суретін салуға және пәнді атауға тырысады.


Тақырып бойынша түйген білімдерін жазады.

Бағалау


3минут







Кері байланыс

3 минут

«Білім қоржыны» кері байланыс

Picture 5


Сабақтан алған әсерлерін стикерге жазып, қоржындарға жабыстырады.

Үйге тапсырма: көркем оқу.

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды

жетілдіруге көмектесетін не білдім?



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
25 желтоқсан
2219
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі