400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ Орамалды безендіреміз 5 сынып Бейнелеу өнері пәні

Материал туралы қысқаша түсінік
Бейнелеу өнері пәні бойынша ұстаздарға , тәрбиешілерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пән: Бейнелеу өнері

Сынып: 5 «а»

Тақырыбы: Сәндік сурет салу «Орамалды безендіру»

Сабақтың мақсаты:Оқушыларға бейнені қағаз бетінде геометриялық пішіндермен өрнектеп,безендіруге үйрету
Сабақтың міндеттері:

Білімділік: Балаларды трафаретпен жұмыс істеуге үйрету, қол саусақтарының дәл, мақсатты қозғалыстарға қатысуына ықпал етіп, қағаз бетіне орналастыра бейнелеуге дағдыландыру

Дамытушылық: Акварель бояуымен пішінді сақтай отырып, ұқыпты бояуға үйретуді жалғастыру. Ойлау процестерін қалыптастыру.

Тәрбиелілік: Балаларды ұқыптылыққа, жинақылыққа, құрбыларының жұмыстарын бағалауға және жұмыс орындарын жинақтауға тәрбиелеу
Сабақтың құрал- жабдықтары: тақырыпқа байланысты иллюстрациялық суреттер, өрнектер үлгілері, орамалдың үлгі суреті, нұсқаулық карталар,пішіндердің трафареттері,сурет дәптерлері, сурет салатын қарындаштары, қылқаламдары, майлықтары, акварель бояулары, су құйғыш ыдыстары

Сабақтың түрі: аралас (сурет, математика, оқу және тіл дамыту)

Топтық сабақ
1.
Ұйымдастыру кезеңі (2мин.)
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. 2 топқа бөлу, өсімдіктер және пішіндер түрі белгілерді алғызу.
2.
Әңгімелесу (6 мин.)
(Сабақтың тақырыбы хабарланады).

  • Қәзір жылдың қай мезгілі?

  • Жылдың қазір қай айы?

  • Аптаның бүгін қай күні? Ендеше,бүгінгі бейнелеу өнері пәнінен біздің сабағымыздың тақырыбы «Орамалды безендіру» сәндік сурет саламыз
    - Балалар, мен кеше ауылдағы Әнипа әжеден видео- хат алдым, кәне тыңдап көрейікші: (теледидардан видео көрсетілім)

  • Байқадыңдар ма? Әженің басында нені көрдіңдер? Орамал қандай киім? Оны не үшін киеді? Орамалдың пішіндері,түстері әр түрлі болады екен. Бізде сендермен әжелеріңе, аналарымызға арнап орамалдар дайындап безендірейік. Ал орамалдарды әр түрлі пішіндермен безендіреміз. Қандай геометриялық пішіндерді білесіңдер?

  • Иә, дұрыс айтасыңдар шаршы, дөңгелек, үшбұрыш, тіктөртбұрыш, сопақша

  • Міне менің қолымда осы пішіндердің суреттері бар, ал біз сендермен қәзір теледидардан бірге дауыстап оқи отырып, қолымызбен ауада осы пішіндерді сызып шығамыз.

  • Енді мына тақтадағы суретке назар аударыңдар, орамалдың пішіні қандай? (шаршы)

  • Неше бұрышы бар? (төрт)

  • Орамалдың ішінде тағы қандай пішіндерді көріп отырсыңдар? (үшбұрыш, шеңбер)

Тақпақтарды оқиық: (2мин)
Шеңбер:

Мынау емес, төртбұрыш

Мұнда мүлде жоқ бұрыш

Бұның аты- шеңбер,

Шеңбер көрсет жылдам

Үшбұрыш:

Үшбұрышты білеміз

Табанында жүреміз

Төбесінен сырғанап

Құлап қалсақ күлеміз

Шаршы:

Қабырғасы тең болса

Төрт бұрышы кең болса

Жауап берер балақай,

Ой өрісі кең болса

Топтық ойын: «Өрнектерді орналастыр» (2 мин)
3.
Түсіндіру (Нұсқаулық картамен жұмыс).(6-8 мин)
Мұғалім жұмыс кезеңдерін көрсетеді, ал оқушылар мұғаліммен бірге нұсқау картаны негізге ала отырып орындайды.
1) Жұмыс дәптеріне шаршыны қарындашпен сызып шығамыз. Жарайсыңдар!
2) Дайын геометриялық пішіндерді осы сызып алған шаршының ішіне орналастырасыңдар.
3) Ортасына шеңберді қойып, жан жағын айналдыра сызып шығасыңдар.
4) Суретіміздің жартысына жеттік,енді акварель бояуымен қалаған түсіңді таңдап қылқаламмен ұқыпты, шетіне шығармай бояп шық. Жарайсың!
4.
Оқушылардың өзіндік жұмыстары (15-16мин.)(әуен ойналып тұрады)
Ал орамалымызды әдемілеп безендіруге кірісейік
(Оқушыларға жеке көмектер мұғалімнің тарапынан көрсетіледі)
5. – Қылқаламдарыңды орындарына қойыңдар да, орнымыздан тұрып теледидардан сергіту жаттығуын жасап, бірге қайталайық
Сергіту сәті.(2 мин.) (Видео сергіту сәті)
6.
Оқушылар жұмысының көрмесі: (Баға қою 4 мин.)
Тақтаға оқушылардың барлық жұмыстары қойылады, бағалауды талдай отыра жүргізіледі (бағалау ұжыммен мұғалім мен оқушылармен бірлесе қойылады).

7. Қорытындылау: (2-3 мин.)
Мұғалім оқушыларға сұрақтар қояды.
― Бүгінгі сабақтың тақырыбы қандай болды?
― Бізсендермен не салдық?
― Орамалдың пішіні қандай? (төртбұрыш)
― Орамалды қандай пішіндермен (өрнектермен) безендірдік?
― Орамалдағы өрнектер қандай пішіндерді құрайды екен? (гүлдер, дөңгелекшелер, үшбұрыштар.....)
― Орамал не үшін қажет деп ойлайсыңдар? ( шашымызды шаң-тозаңнан қорғау үшін, күн өтпеу үшін.....)
Барлығыңа көп рахмет! Жарайсыңдар! Өте тамаша сурет салдыңдар. Осымен бүгінгі сабағымыз аяқталды. Кезекшілер жұмыс үстелін жинастырады.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
9 наурыз
467
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі