15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық сабақ "Өркендер мен бүршіктер"
Сабақ жоспары
|
Сабақтың тақырыбы: Өркендер мен бүршіктер. № 9 зертханалық жүмыс.Вегетативтік және гүл бүршіктерінің құрылысы. |
Мектеп:№16 орта мектебі |
|||||||||||||
|
Күні: 23.10.2017ж |
Мұғалімнің есімі: Турдалиева А.Л. |
|||||||||||||
|
Сынып:6 а,в |
||||||||||||||
|
Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары) |
Өркеннің құрылысы мен өсімдік тіршілігіндегі маңызын білу; Бүршіктің құрылысы мен танысу |
|||||||||||||
|
Жетістік критерийлері |
Өркеннің, бүршіктің түрлерін біледі; айырмашылықтарын ажырата алады; Суретке қарап өркен бүршік түрлерін ажырата алады. Өсімдіктердің түрлерін қарау арқылы, қоршаған ортаға ұқыпты қарауға және қамқор болуға үйренеді |
|||||||||||||
|
Тілдік мақсат |
Оқушылар:Теориялық білімді пайдалана отырып зертханалық жұмыс бойынша қорытынды жасай алады. |
|||||||||||||
|
Негізгі сөздер мен тіркестер:өркен, бүршіқ, сабақ |
||||||||||||||
|
Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер: |
||||||||||||||
|
Талқылауға арналған тармақтар: 1.Бүршіктің түрлері 2.Бүршіктің ішкі құрылысы 3.Өркеннің түрлері |
||||||||||||||
|
Жазылым бойынша ұсыныстар:тамыр бөлімдерін кестеге толтыру |
||||||||||||||
|
Алдынғы тақырып |
Тамырдың түрөзгерістері |
|||||||||||||
|
Жоспар |
||||||||||||||
|
Жоспарлан ған Уақыт |
Жоспарланған жаттығулар(төменде жоспарланған жаттығулармен қатар,ескертпелерді жазыңыз) |
Ресурстар |
||||||||||||
|
Басталуы 2 минут 3 минут |
Ұйымдастыру 1.Сәлемдесу. 2.Сабаққа дайындықтарын тексеру.Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру Үй тапсырмасын сұрау. «жіңішке», «жуан» сұрақтар әдісі бойынша Жаңа сабақтың тақырыбын анықтау: «Өркен» сөзжұмбағын шешу 1.ЖАБЫН ҰЛПАСЫНЫҢ ҚАБАТЫ Ө Ң 2.ЖАСУШАЛАРЫ ҚАТТЫ, ҚИЫРШЫҚТЫ ҰЛПА Т І Р Е К 3.ІШІ ШЫРЫНҒА ТОЛЫ ҚУЫС В А К У О Л Ь 4.ҰРЫҚ ТАМЫРШАСЫНАН ДАМИТЫН ТАМЫР Н Е Г І З Г І 5.НЕГІЗГІ ТАМЫРДАН ДАМИТЫН ТАМЫР Ж А Н А М А |
Иллюстративті плакаттар, дидактикалық материалдар, ноутбук,таныстырылым, видеофильм |
||||||||||||
|
Ортасы 15 минут |
Жапырағы мен бүршігі бар бұтақтанбаған жас сабақты өркен дейді. Өркеннің негізгі орталық тірек бөлімі – сабақ. Бүршіктің түрлері. Бүршіктер орналасуына қарай төбе бүршік және қолтық бүршік деп бөлінеді. Қолтық бүршік (жанама бүршік деп те атайды) жапырақ қолтығында орналасады. Өсімдік түріне қарай бір жапырақтың қолтығында бір немесе бірнеше бүршіктер (сарымсақ, қарабүлдірген) болады. Қолтық бүршіктен жан-жаққа бұтақтар өсіп таралады. Бүршіктің және бір түрі қосалқы бүршік деп аталады. Қосалқы бүршіктердің ерекшелігі олар өсімдіктің кез келген жерінен тамырдан, тамырсабақтан, сабақтан, жапырақтан дамидыКөпжылдық өсімдіктерде ұсақтау қолтық бүршіктер мен қосалқы бүршіктер ашылмай тыныштық күйге ауысады. Ол бұйыққан бүршік делінеді. Бүршіктің ішкі құрылысы. Көктемде кез келген ағаштың бүршігін дәл ортасынан ұзынынан теңдей 2-ге бөліп, ұлғайтқыш әйнекпен (лупа) қараймыз. Бүршіктің сыртын қалың, тығыз қабыршақтар қаптайды. Қабыршақтың саны өсімдік түріне қарай 1, 2, 3 және одан да көп болады. Қабыршақ – түрі өзгерген сыртқы жапырақтар. Қабыршақтар құрғақ, жабысқақ, шырышты, түкті, қоңыр, қызғылт, сарғылт түсті болады. Қабыршақтарының түкті, жабысқақ болуы су булануын азайтып, үсуден, құстардың шоқып, зақымдауынан қорғайды. Өсу бүршігі тек ұзарған өркенде ғана орналасады. Одан ұзарған өркен мен жапырақ өсіп шығады. Гүл бүршігі тек қысқарған өркенге орналасады. Ұзынынан жарып қарағанда бастама сабақтың жан-жағына гүлшанақтар (ашылмаған гүлдер) бекиді. Тапсырма: Кестемен жұмыс: Бүршіктердің атауы
|
|
||||||||||||
|
Аяқталуы |
№9 зетханалық жұмыс «Вегетативті және гүл бүршігі» 2-сурет. Өркен және бүршік: а) өркеннің құрылысы; ә) бүршіктің ішкі құрылысы (тігінен қақ жарып көрсетілген).
Өсу бүршігінің құрылысы Гүл бүршігінің құрылысы Тапсырма «дұрыс» немесе «бұрыс» Оқушыларға тұжырымдар оқылады оқушылар орында отырып белгі беру арқылы жауап береді («дұрыс»-жасыл түсті төртбұрыш, «бұрыс»-қызыл түсті бұрыш) Өркен дегеніміз не? Өркенннің түрлерін атаңыз. Бүршік дегеніміз не, оның түрлерін атаңыз Төбе бүршік не қызмет атқарады? Қолтық бүршіктің қызметі қандай? Өсу бүршігі мен гүл бүршігінің айырмашылығы неде? Үйге тапсырма беру. Зерттеушілік жұмысын жүргізу.. Кері байланыс:Не үйрендік?Нені білдік?Не қиын болды? |
|
||||||||||||
|
Қосымша ақпарат |
Өркен мен бүршік туралы видеороликтер көрсету |
|||||||||||||
|
Саралау- сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз? |
Бағалау –оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз? |
Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтардағы байланыс |
||||||||||||
|
Өркеннің, бүршіктің түрлерін біледі; айырмашылықтарын ажырата алады; Суретке қарап өркен бүршік түрлерін ажырата алады. Өсімдіктердің түрлерін қарау арқылы, қоршаған ортаға ұқыпты қарауға және қамқор болуға үйренеді |
«дұрыс», «бұрыс» әдісі |
Информатика. Қазақ тілі. Денсаулық сақтау технологиялары. Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері. СыйластықЖауапкершілік. Еңбекқорлық |
||||||||||||
|
Рефлексия сабақ/оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгінгі оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгеріді ме? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен? |
Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.
|
|||||||||||||
|
Қорытынды бағамдау Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1. 2. Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1 2. Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім |
||||||||||||||
Оқу – ісінің меңгерушісі:





Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген