Ашық сабақ "Орман көркі ағаштар" мектепалды даярлық сыныбы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ "Орман көркі ағаштар" мектепалды даярлық сыныбы

Материал туралы қысқаша түсінік
мектепалды даярлық тәрбиешілеріне экология негіздері пәніне арналған сабақ үлгісі
Материалдың қысқаша нұсқасы



ҚОРШАҒАН ОРТАМЕН ТАНЫСУ. ЭКОЛОГИЯ НЕГІЗДЕРІ

ТАҚЫРЫБЫ. Орман көркі - ағаштар

МАҚСАТЫ: 1. Туған өлкенің табиғаты мен орманы, тауымен таныстыру. Орманда өсетін

ағаштардың түрлерін көрсетіп түсініктерін кеңейту.

2.Сөйлеу мәнерін тілін ойларын жан жақты дамыту.

3.Табиғатқа қамқорлық көрсетуге ормандағы жүру ережелерін сақтауға тәрбиелеу.

КӨРНЕКІЛІГІ: Суреттер, жапсырмалар

ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ: Әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ-жауап, демонстрациялау

САБАҚТЫҢ ТҮРІ: Дәстүрлі

САБАҚ БАРЫСЫ

Ұйымдастыру кезеңі - шаттақ шеңбері

Біздің топта ұл қыздар тату-тәтті ойнаймыз.

Айналаға бар адамға тек мейірім сыйлаймыз.

Жаңа сабак:

- Балалар, бүгін бгін сабағымызда біз сендермен орманға саяхат жасаймыз, орманда өсетін ағаштардың түрлерімен танысамыз ( аққайың, шарша, терек, емен қарағай, т. Басқа да жеміс ағаштарымен. Музыка ойнайды- құстар үні

-Балалар, Зайсанымыздың табиғаты өте тамаша, Жеменейдей сарқыраған өзені бар, аспан тірегін таулары бар, жайқалып өскен орманы бар. Осындай бай өлкеде біздер өмір сүріп жатырмыз. Сонымен қатар орман тұрғындары да көп оларда сайраған құстар, жан-жануарлар, құрт-құмырсқалар бәрі-бәрі біте қайнасып өмір сүреді. Осы орманның тоғайларын құрттардан аман сақтау үшін орман дәрігері де күн-түн демей жұмыс атқарады екен, кім айтады кәнеки, ( (ТОҚЫЛДАҚ). Аңшылар мен отыншылардан сақтайтын сақшысы да бар екен. Олар ағаштарды кестірмей, аңдарын аттырмайды екен, оны кім деп айтамыз?( ОРМАНШЫ )

- Балалар, осы қалың ағаштар мен өсімдіктер ауаның қабатын тазартуда үлкен роль атқарады екен.

- Жақсы , саяхатымызды одан әрі қарай жалғастырайық, таза ауада отырып Төлеміш Әбсәлімовтың «Мақтаншақ терек» деген әңгімесін оқып беремін жақсылап тыңдайық.

-Баяғыда Алатаудың бауырында тәкәппәр бір терек өсіп тұрыпты. Ол ешкімді менсінбейді екен.Сойтіп маңайында өсіп тұрған жеміс ағаштары мен гүлдерге үнемі «маған мына дүниеде тең келер ешкім жоқ. Тамырыммен жерді тең ортасына дейін ұстап тұрмын, ал ұшар басым көкті тіреп тұр»- деп лепіріпті. Оның асқақтығы шактен шығып, ешкім онымен сойлескісі келмейді екен. Сойтіп бір күні ол сойлеспей іші піскенен соң күнге төбеге қарап « Осының не керегі бар? Жапырағымды әбден сарғайтып бітірді-ау»- деп тыжырыныпты. – «Су тамырларымды шірітіп жібіретін болды ау» - деп оған ашуланыпты. «Жапырақтарымды жұлмалап түсіріп жатыр» - деп желге ренжіпті. Сөйтып бәріне сөйлеп тұрғанда бұтағына кеп бұлбұл сайрап әндете жөнеліпті. Сайраған үнді сылдыраған жапырағы екен деп ойлаған терек «Естіп тұрсыңдар ма? Қайсыларыңда осындай жыршы жапырақ бар деп мақтана жөнеліпті». Мұны естіген бұлбұл намыстанып ұшып кетіпті.



СҰРАҚ: Терек қандай екен? Терек несімен мақтанады екен? Теректің жағымсыз қасиеттері қалай?



Сергіту сәті: Тербеледі ағаштар алдымнан жел еседі,

Кіп-кішкене балалар, үп-үлкен болып өседі.

- Ал балалар, сендер табиғат, орман, тоғайлар туралы қандай мақал-мәтелдер, тақпақтар білесіңдер?

- ОЙЫН «Кім көп біледі»

1) Қысы жазы киімін ауыстырмайтын ағаш?

2) Тоғайлар көп өсетін жерді не деп айтамыз?

3) Ең ұзақ өмір сүретін ағаш?

4) Ағаштардан қандай заттар өндіреді?


Қорытынды: - Балалар, «Өрт тілсіз жау» оны бәріміз білеміз. Адамдардың кесірінен қаншама орман өрт құшағында қалады. Сондықтан демалуға барғанда отырған жерді қоқсықтан тазартып, отты өшіріп кету артын жиап кету керек екен. Балалар, кәнеки мына конверттің іщіндегі заттарды тақтаға жапсырып, өзіміздің орманымызды әсемдейік.


































ӨЗІНДІК ТАЛДАУ

0 «А» тобында 23 оқушы бар. Олардың 11- қыз, 12 – ұл бала. Сыныптың жалпы құрамы жақсы, тақырыпты толығымен меңгеріп отыр.

ПӘНІ: Айналаны қоршаған орта, экология негіздері

ТАҚЫРЫБЫ: Орман көркі – ағаштар.

МАҚСАТЫМ: Зайсан өңірі туралы түсініктерін кеңейту. Саяхат жасау арқылы ағаштарды ажыра білуге сөздік қорын молайтып сабаққа деген қызығушылығын арттыру. Табиғатты таза ұстап, аялай білуге, әр талына сындырмай, қамқор болуға тәрбиелеу.


САБАҚТЫҢ ТҮРІ: Түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап әңгімелеу, ойын ойту.


КӨРНЕКІЛІГІ: Орман туралы суреттер, жапсырмалар, шатастыру суреті пайдаланылды.


САБАҚ БАРЫСЫ


Орманға саяхат жасау арқылы,Зайсанды қоршаған таулар, өзендер табиғат туралы мағлұмат берілді. Орман тұрғындары туралы әңгіме айттылды . Орманның дәрігері және орманшының атқаратын қызметі туралы да кең мағлұмат берілді. Табиғат туралы мақал-мәтелдер мен тақпақтар айтқыздым. Балаларға шатастырған суретті пайдаланғандағы мақсатым байқағыштық қасиетін дамыту боды. Бұл суреттен де балалар біршама білетіндіктерін көрсетті. Сергіту сәтінде де тақырыпқа сай тақпақ айтып, жаттығу жасаттым. Қорытынды бөлімде табиғатты қорғап, тазалықты сақтау керектігі және орман ережесі туралы айтылды. Жапсырмалар арқылы қиялдарымыздағы арман орманын жасаттым. Жалпы сабағымда мақсатыма жеттім деп ойлаймын. Сабағым әрі қарай жалғасын табады.Орман тұрғындары туралы тереңірек түсіндірілетін болады.














Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Зайсан ауданының әкімдігінің «М. Әуезов атындағы орта мектебі » КММ











ТАҚЫРЫБЫ:

Орман көркі – ағаштар





















Даярлық тобы:Мейрамбаева Айжан Сайлаубаевна











Зайсан қаласы

2018 жыл

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.11.2018
1785
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі