400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ: "Орман мекендеушілері" Мектепалды даярлық топ

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларды жабайы жануарлармен таныстыру. Сызба арқылы орман мекендеушілері жайлы әңгімелеуді үйрету. Табиғи заттардан кірпіні құрастыруды үйрету. Мектепалды даярлық тобы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Павлодар қаласы

№25 сәбилер бақшасы

Тәрбиеші Абуова Динара Сергеевна


Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті

Күні:

Білім беру саласы: «Әлеуметтік», «Таным»

Бөлімі: «Қоршаған ортамен танысу», «Құрастыру»

Тақырыбы: «Орман мекендеушілері»

Мақсаты: балаларды жабайы жануарлармен таныстыру.

Міндеттері: сызба арқылы орман мекендеушілері жайлы әңгімелеуді үйрету. Табиғи заттардан кірпіні құрастыруды үйрету. Шығармашылық қабілеттерін арттыру. Сөздік қорларын молайту. Жануарларға қамқор болуға тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер: тірек-сызба, әңгімелеу, жұмбақ, сұрақ-жауап, саяхат

Қажетті құралдар: тірек-сызба, ТСО, музыка, жұмбақ, картоп, тіс тазартқыш, ермексаз, стек.

Поллингвальдік компонент:түлкі-лиса-fox, қасқыр-волк-wolf, аю-медведь-bear, тиін-белка-sguirrel, кірпі-еж-hedgehog.


Бөлімдері

Барысы

Кіріспе бөлім

Шаттық шеңбері:

Арайлап таң атты,

Алтын сәуле таратты.

Жарқырайды даламыз,

Жарқырайды қаламыз.

Армысыңдар, балалар!

Армысыз, ....................!

-Балалар, бүгін бізде жай күн емес, бүгін бізде ерекше күн. Бүгін бізге көп қонақтар келді. Барлығымыз қонақтармен амандасайық.

-Балалар, бүгінгі біздің әрекетіміз ерекше болмақ. Бүгінгі әрекетімізді бақшада емес, орманда өткізетін боламыз. Олай болса жолға шығайық.

Негізгі бөлім

-Балалар, қараңдаршы,біз қайда келдік?

-Орман қандай түске боялған?

-Неліктен сары түске түске боялған? Қазір қандай жыл мезгілі?

-Кім бізге күз туралы тақпай айтып бере алады?

Нұрасыл:

Күз келді, алақай

Алтын келді далаға.

Дәні бітік бидайды,

Құйып жатыр қамбаға.

-Тамаша, Нұрасыл.

-Балалар, орманда ағаштардан басқа нелер бар?

-Балалар, қазір біз жұмбақ шешу арқылы, орманда тағы нелер барын анықтайтын боламыз.

1. Өзі ширақ, өзі қу,

Жүрген жері айқай - шу. (Түлкі)

2. Үстінен тоны түспеген,

Сонда да араз қыспенен. (Аю)

3. Белестен шапқан бесті ат,

Бүкір келген желісті ат.

Бейғам елді іздейді,

Малдан күдер үзбейді. (Қасқыр)

4. Жауымнан мен қашқанда,

Ағаштарға самғап бағам.

Ал қарыным ашқанда,

Отырып ап жаңғақ шағамын. (Тиін)

- Балалар, түлкі, аю, қасқыр, тиінді бір сөзбен нелер деп айтамыз?

- Неліктен оларды жабайы жануарлар деп атаймыз?

-Балалар, бізге бір суретші өзінің салған суретін беріп жіберіпті. Қане, барлығымыз назар аударып қарайықшы.

- Суретші нелерді бейнелеген?

- Жануарлардың алдарында нелер бар?

- Суретші суретті дұрыс салды ма?

- Қане суретшінің қатесін түзетуге көмектесейікші.

- Қателерді түзетуге сызбалар көмектеседі.







-Балалар, қане көрейікші, суретшінің қатесі түзелді ме екен?

Сергіту сәті:

-Балалар, сендер біраз шаршаған боларсыңдар. Бәраз сергіп алсақ қалай қарайсыңдар (теледидарға қарап отырып, қимылдарды қайталайды)

-Балалар, мен бір дыбыс естіп тұрмын. Бұл не болды екен?

-Балалар, бұл кірпі. Ол да орман мекендеушісі.

-Балалар, кім бізге кірпі жайлы айтып бергісі келеді?

Ибраһим:

Кірпі – талғаусыз қоректенетін жануар. Кірпі ақ-сұр, ақ-қара түсті. Үстінде көп инелері бар. Кірпі жақсы естиді және иісші болады. Ол әр түрлі жәндіктерді аулап, жеміс-жидектерді жақсы көреді. Ол қорыққан кезде домалана қалады.

-Қане, балалар, барлығымыз қайталап айтып шығайықшы.

Shape1

Shape2



-Тамаша. Балалар, ал енді біз сендермен осы кірпіні табиғи заттардан құрастырып үйренетін боламыз.

-Балалар, орындарыңды тауып отырыңдар.

Балаларды жұмыс ретімен таныстыру.

-Ол үшін бізге не қажет екенін мына жерден коре аламыз.

Shape4 Shape3

Қауіпсіздік ережелерін қайталау!

-Орындықта түзу отыру керек

- Стекті, тіс тазалағышты көзден алыс ұстау керек.

Балалар жұмыс жасаған кезде баяу музыка қосылады.

-Балалар, жұмысымызды аяқтайық. Кірпілерімізді мына ағаштың астына жіберейік. Оларда өздеріне қысқа азық жинап алсын.

Қорытынды бөлім

-Балалар, бүгін біз сендермен саяхатқа қайда бардық?

-Орманда нелер мекендейді?

-Кірпі қандай дыбыс шығарады?

-Балалар, кірпінің сендерге арнаған сыйы бар екен. Ол кірпінің достары салынған кітап.

-Осымен саяхатымыз аяқталды. Балабақшаға оралатын уақыт та келіп қалды.

-Қонақтарға, орманға, жануарларға сау болыңдар дейік.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
14 қараша
1808
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі