жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ «Ормандағы аңдар»
Жуалы ауданы Бауыржан Момышұлы ауылы әкімінің аппаратының «Аягүл» бөбекжай-балабақшасы МКҚК
«Ормандағы аңдар»
«Туған жер» Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында дайындалынған
кіріктірілген ашық оқу қызметі
«Балбөбек» тобы
Тәрбиеші: Станбекова Г.Н
.
Н.Ә.Назарбаев
Мемлекет басшысының
«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»
атты мақаласынан
Ашық оқу қызметінің тақырыбы: Ормандағы аңдар
Білім беру саласы: Коммуникация, Таным, Денсаулық.
Білім бөлімі: Сөйлеуді дамыту, Жаратылыстану, Дене шынықтыру.
Мақсаты:
БМ: Балалардың жабайы аңдар туралы түсініктерін тереңдету. Олардың түрлерін бір-бірінен ажыратуға үйрету. Аңдарды сипаттауға жаттықтыру: өмір сүру жолдары туралы мағлұмат беру.(Олардың сыртқы бейнесін, қайда мекендейтінін, немен қоректенетінін айту)
ДМ: тақпақтар арқылы тілдерін дамыту.Сөздік қорларын байыту, тәрбиешіні тыңдай отырып, өздігінен байланыстыра сөйлем құрауға жетелеу. Сурет бойынша толық сөйлем құрастыру, сұраққа жауап беру арқылы ойлау қабілеттерін дамыту.
Негізгі қымылдар «Үнгірдің» ішімен өрмелеп еңбектеу. Бір аяқты екінші аяқтың жанына қойып, бөренеден асып өту, жүрудің түрлі дағдыларын қалыптастыру: жай, шашырап, берілген бағыт бойынша, заттардың арасымен, белгі бойынша тоқтап, бір-бірінің артынан, шағын топпен және барлық топпен.
ТМ:. Табиғаттың сұлулығын сезіне білуге, оған деген саналы көзқарасты қалыптастырып, қамқорлық көрсетуге тәрбиелеу. Табиғатқа деген сүйіспеншілік сезімін ояту.
Әдіс тәсілдер: Түсіндіру, сұрақ –жауап, көрсету, топтастыру әдісі, талдау, зерделеу.
Сөздік жұмыс: орман, орманда мекендейді, паналайды , апаң, ін
Инновациялық технологиялар: Вальдороф педагогикасының элементтері, музыкатерапия, «Тәй-тәй» технологиясының элементтері: балаларды дұрыс қарым-қатынас мәдениетіне тәрбиелеу; Балаларды жан - жақтылыққа, кісілік парасаттылыққа, имандылыққа тәрбиелеу
Көрнекіліктер: тақырып бойынша суреттер, бейнефильм, слайд көрсету.
Билингвалды компоненттер: тиін - белка- squirrel, қоян-заяц-hare, түлкі-лиса-fox, қасқыр-волк-wolf, аю-медведь- bear.
Алдын ала жұмыстар: балаларға жабайы аңдар туралы мағлуматтар беру, сурет оқу қызметтерінде жабайы аңдарды бояу олардың түсін, түрлерін анықтау.
Ерекше оқу қызметі болатының айту, орманға саяхатқа баратының хабарлау.
Оқу қызметінің барысы:
І . Ұйымдастыру кезеңі
Тәрбиеші балалармен бірге саяхатға шығады. Олар орманға келеді, орманда балаларды Орманшы қарсалады.
Балаларды шаттық шеңберге тұрғызып, қонақтармен амандасу.
Қол алысып, қане біз,
Достасайық бәріміз.
Армысың алтын күнім,
Армысың балабақшам.
Сіздерді көргенімізге қуаныштымыз.
Тәрбиеші: Балалар мінекей орманға да жетіп қалдық . Орманда жүру үшін біз қандай ережелерді сақтау керек?
Орманшы балалармен амандасып, өзімен бірге орманды көрсетуге шақырады.
ІІ Негізгі бөлім:
Орманшы:
Орман қызыққа тола жер, орманда жүргенде абай болу керек, аяқ астына мұқият қарап асықпай жан-жағына қарап жүру қажет. Мен сендерді балалар «Орман мектебіне» апарайын, бірақ ол жерге жету үшін біраз кедергілерден өтуіміз керек.
Балалар Орманшымен келісіп, атай айтқан тапсырмаларды орындайды.
«Жылғадан (өзен) өтеміз» кедергілері бар тақтайшамен жүру
«Бөренеден аттап жүреміз»
«Ағаштардың арасымен еңкейіп жүреміз»
«Түлкінің інінен өрмелеп өтеміз»
Орманшы:
Жарайсындар балалар, мықты , шыдамды екенсіндер!
Балалар көргендерін бір –бірімене бөлісіп әңгімелейді.
Тәрбиеші:
Балалар біз «Орман мектебіне» келіп қалдық, жайғасып отырып әрі қарай орманмен және онда мекендейтін аңдармен танысайық.
Орманшы:
Балалар мен орман аңдарын бейне таспаға түсіріп сендерге бейнефильм дайындадым, соны көруге шақырамын.
Балалар ризашылығын білдіріп, бейнефильмді тамашалайды.
Тәрбиеші:
- Орманда қандай аңдар тұрады?
-Тиін, қоян. түлкі, қасқыр, аю.
Тіл ұстарту жаттығуларын жасайық.
ян-ян-ян- секірді қоян.
Кі-кі-кі- әдемі түлкі
Ыр-ыр-ыр- Ырылдайды қасқыр.
Ю-ю-ю- қорбандайды аю.
Жарайсындар балалар, өте жақсы.
Ал енді осы аңдарды үш тілде айтып көрейікші
тиін-белка- squirrel,
қоян- заяц-hare,
түлкі- лиса-fox,
қасқыр-волк-wolf,
аю-медведь- bear
Тәрбиеші балаларды мадақтайды.
Балалар, аңдарда тура адамдар сияқты баласы болады екен, әртүрлі аңдардың баласының аттары болады екен, солардың аттарымен танысып көрейікші
|
|
|
|
|
тиін |
көжек |
жәутік |
бөлтірік |
қонжық |
-Аңдар қыста нені паналайды ?
|
|
|
|
|
Тиін –ағаш қуысындағы індерде |
Қоян- бұталар арасында |
Түлкі-інінде
|
Қасқыр-апанда
|
Аю –апанда,
|
Балалар аю қыста не істейді, нені жақсы көреді?
Аю қыста ұйықтайды, балды жақсы көреді.
Ал, қасқырдың, түлкінің, қоянның түстері қандай, нені жақсы көреді?
Олар етті, сәбізді жақсы көреді.
Ой, орманның ауасы қандай тамаша!
Сергіту сәті Ұзын құлақ сұр қоян,
Естіп қалып сыбдырды.
Ойлы - қырлы жерлермен,
Ытқып - ытқып жүгірді. –
Жарайсыңдар балалар, отыра қойыңдар!
Дидактикалық ойын «Аңдарды сипаттап бер»
Мақсаты: балалардың білімдерін жетілдіру, топтасып жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру.
Барысы: Балаларды төс белгісіне қарай 5 немесе 4 топқа бөлу, Балалар бірлесіп жұмыс жасайды. Балаларға суретттерді көрсете отырып, сұрақ қою.
Берілген сурет қиындарын дұрыс құрастыру, өз тобынын суретіне қарай сол аңды толық сипаттап береді, әр топ өздері тандаған аңдар туралы тақпақ айтып береді.
Ақ қоян ау, ақ қоян,
Ұзын құлақ, сақ қоян.
Қаша берсең орманға,
Қорқағым деп ат қоям.
Түлкі, түлкі қутыңдайсың,
Айналаңнан тың тыңдайсың.
Қанша қулық асырсаңда,
Қасқырдан еш құтылмайсың.
Қасқыр орманда жортады,
Аяздан ол қорқады.
Аспанға қарап ұлиды,
Малды ауылды ториды.
Ормандағы аюдың
Құлпынайы көп екен
Теріп-теріп алайық
Қалтамызға салайық
Қорытынды: Балалар, сендерге бүгінгі саяхатымыз ұнады ма ?
Орманда не көрдік?
Кімді кездестірдік?
Орманда қандай аңдар тұрады екен?
Тағы орманға саяхатқа барамыз ба?
Сабаққа белсенді қатысқан балаларды мақтап мадақтау.
Балалар, табиғаттың бізге берері көп.
Табиғаттың тыныштығын сақтап, жан-жағымызға мейірім сыйлап жүрейік.
Аюдың –батырлығын,
Қоянның –жүйріктігін,
Түлкінің –әдемілігін,
Тиіннің-ақкөңілдігін,
Қасқырдың-қайсарлығын тілеймін.
Күтілетін нәтиже: Жануарлардың тіршілігімен танысады.
Қайталай алады : Жаңа сөздердің мағанасын дұрыс меңгеріп,сөйлеу барысында дұрыс пайдалануды.
Түсінеді: Жабайы аңдардың қоршаған ортада ерекше орны бар екенін.
Қолданады: Жабайы аңдарға қамқоршы болуды, табиғатқа қорғаушы болуды.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген