Батыс
Қазақстан облысы
Казталов
ауданы
Талдықұдық
ауылы
С.Есетов
атындағы орта жалпы білім беретін
мектебі
Мектепке
дейінгі ұйым тәрбиешісі : Ишпанова
Жанна Сериккалиевна
Білім
беру саласы:
Таным.
Іс-әрекет
түрі:
Жаратылыстану.
Тақырыбы:
«Орманға саяхат».
Мақсаты:
Орман туралы, ондағы тіршілік иелері
жабайы аңдар туралы білімдерін кеңейту
. Олардың тіршілігін сипаттап, қорғауға,
қамқор болуға, аттарын ажыратып атай
білуге үйрету.Сөздік қорларын байыту.
Көрнекіліктер:
Жабайы аңдардың суреттері.
Билингвальды
компонент:
Орман- лес, қыс-зима, қар-снег, қасқыр-волк,
қоян-заяц, аю-медведь, түлкі-лиса,кірпі-ежик,
піл-слон, тиін-белка .
Шаттық
шеңбері:
Көңілденіп
, күлеміз, Қол алысып, қане біз,
Бақытты
боп жүреміз. Достайық бәріміз.
Бәрін
біліп аламыз, Армысың алтын күнім!
Біз
ақылды баламыз. Армысың балабақшам!
Біз
әдепті баламыз! Армысың достарым,
Иіліп
сәлем береміз, Сіздерді көргеніме
қуаныштымын!
Сәлеметсіздер
ме, апайлар!
--Балалар,
орманға саяхатқа шыққыларың келе ме?
--Иә.
---Ендеше
көздеріңді жұмып,орманға кетіп бара
жатқан кейіп танытып, көздеріңе
елестетіңдер.Көзімізді ашайық, міне,
орманға келіп қалыппыз. Орманның іші
қандай тамаша!Ауасы таза, табиғаты өте
тамаша.
-Балалар,
қазір жылдың қандай мезгілі?
-Қыс
мезгілі
-Қыс
мезгілінде неше ай болады?
-3
ай
-Аттарын
атайықшы?
-Желтоқсан,
қаңтар, ақпан
-Қыста
ауа райы қандай болады?
-Қыста
қар жауады, ағаштарда жапырақтар
болмайды, адамдар қалың киімдерін киеді,
балалар қардан аққала жасайды, шаңғы-шана
тебеді.
-Ендеше,
орман ішін аралап көрейік.
-Алдымыздан
үлкен-үлкен тастар кездесті. Олардан
қалай өтеміз?
-Балалар:
Аттап өтеміз.
Бір
топ қояндар кездесті.
-Балалар:
Қоян сияқты секіреді.
Бір
топ аттар кездесті.
-Балалар:
Аттар болып секіреді.
Көптеген
құстар кездесті.
-Балалар:
Құстар болып ұшады.
Енді
балалар алдымыздан ұйықтап жатқан аю
кездесті , оны оятып алмайық , егерде
оянып кетсе біздерді жеп қоюы мүмкін.
Сондықтан қалай өтеміз.
-Балалар:
Аяқтың ұшымен жүреміз.
Балалар
шаршадық па?
--Иә.
Ендеше
мына алдымыздағы жартастарға демалып
алайық.
-Балалар,
орманда қандай аңдар мекендейді?
Қандай жабайы аңдарды білесіңдер?
Аттарын
атаңдаршы?
-Балалар:
Аю, түлкі , қасқыр, тиін, жолбарыс,
арыстан, маймыл, піл, кірпі, қоян т.б
Бұл
аңдарды бір сөзбен қалай атаймыз?
-Балалар:
Жабайы аңдар деп атаймыз.
Дұрыс
айтасыздар, балалар! Өйткені олар
елсіз далада болады, өз азықтарын
өздері тауып жейді.Олар күннің суығында
да, ыстығында да далада өмір сүреді.
Табиғатта жабайы аңдардың түрі
көп.Олардың ішінде пайдалысы да,
зияндысы да бар. Қасқыр ментүлкі,
жолбарыс пен арыстан жыртқыш
аңдар.Тістері өткір, көздері қырағы
жақсы көреді. Сезімтал.Өздеріне керекті
жемтіктерін алыстан-ақ иісінен сезеді.
Қыста жортып жүріп,азықтарын тауып
жейді. Олар қыста ұйықтамайды.
Ал
аюға келетін болсақ аюдың екі түрі
болады.Ақ аю, қоңыр аю. Ақ аю-суда
мекендейді. Суға сүңгіп балықтарды
ұстап жейді. Ал қоңыр аю, тоғайда, орманда
мекендейді. Жеміс-жидектерді теріп
жейді. Қоян-ең қорқақ аң. Қоян ағаштардың
қуысында қыстайды. Қорегі түрлі
шөптер, ағаш қабықтары. Ол жылы тонының
арқасында суыққа тоңбайды.
Ал,
балалар, кімдер аңдар туралы тақпақтар
біледі?
Тақпақтар.
(Кубизм стратегиясы бойынша)
-Жарайсыңдар
балалар.
Сергіту
сәті:
Шынығамыз бәріміз,
Иіліп,
бүгіліп , денеміз.
Хоккейді
де ойнаймыз,
Шаңғыныда
тебеміз.
Әрлі-берлі
жол жасап,
Қар
лақтырып ойнаймыз.
Қорықпаймыз
аяздан,
Спортшы
болмай қоймаймыз.
-Балалар,
мен бүгін балабақшаға келе жатып хат
тасушыны кездестірдім. Ол сендерге
орманшы атайдан хат алып келіпті. Оқып
берейін тыңдаңдар!
-Құрметті
, балалар, сәлеметсіңдер ме?! Өздеріңе
дайындаған қызықты тапсырмаларым бар.
Орындайсыңдар ма?
-Балалар,
орманшы атайдың тапсырмаларын орындаймыз
ба?
-Ия
(барлығы
бірге)
1-тапсырма.
Жұмбақ жасыру:
Ұстасаң
қолың тонады (қар)
Елеңдеп,
қорқып тұрады (қоян)
-Өзі
айлакер, өзі қу,
Жүрген
жері айқай-шу (түлкі)
Қыста
ұйқыға кетеді (Аю)
2
-тапсырма. Қыс мезгілі туралы мақал-мәтелдер:
Қар
көп болса, нан да көп болады. (Альзия)
Қыс
қарымен көрікті, күз дәнімен көрікті
(Амир)
Қыс
қарлы болса, жаз жаңбырлы болады
(Жаниман)
Аспанда
жұлдыз көп болса, күн аязды болады
(Аяжан)
Түтін
түзу шықса, күн аязды болады (Бибигуль)
3-тапсырма.
Геометриялық пішіндерден үй құрастыру
4-тапсырма.
Жабайы аңдардың дауысынан таны.
-Балалар,
орманшы атайдың тапсырмаларын орындадық.
Енді барлығымыз балабақшаға оралайық.
Топпен
ұжымдық жұмыс.
1-топ:
«Алма» 2-топ: «Алмұрт»
3-топ: «Шие»
«Алма»
тобына.
Мақсаты- қима суреттер арқылы аңның
сұлбасын құрастыру
«Алмұрт»
тобына.
Мақсаты- аңның жетіспеген жерлерін
жабыстыру
«Шие»
тобына.
Мақсаты- аңның сұлбасын бояу
Дидактикалық
ойын. «Кім шапшаң?»
Ең
айлакер аң? (түлкі)
Ең
қорқақ аң? (қоян)
Балды
жақсы көретін аң? (аю)
Аң
патшасы? (арыстан)
Мысыққа
ұқсайтын аң? (жолбарыс)
Ең
ұзын мойынды аң? (керік)
Қораға
шабатын аң? (қасқыр)
Ең
ірі жануар? (піл)
Үстінде
тікенегі бар аң? (кірпі)
Балалар,
бүгінгі сабағымызда қандай жануарлармен
таныстық?
Олар
қайда өмір сүреді?
Қайда
саяхат жасадық?
Балалар,
бүгінгі сабағымыз сендерге ұнады ма?
Ия,
ұнады (барлығы
бірге)
«Қоштасу
шеңбері»