Материалдар / Ашық сабақ: Орманға саяхат ортаңғы топ
Аттестацияға арналған Педагогтердің портфолиосын бағалау парағы
ДАЙЫН МАТЕРИАЛДАРДЫ ЖҮКТЕП АЛЫҢЫЗ!
Жүктеп алу
МАТЕРИАЛДЫ ТЕГІН ЖҮКТЕП АЛЫҢЫЗ!

Ашық сабақ: Орманға саяхат ортаңғы топ

Материал туралы қысқаша түсінік
Саяхат, ойын арқылы балалардың тілдерін және ойлау қабілеттерін дамыту. Қыс мезгілі туралы түсініктерін кеңейту. Қыс мезгілінің өзіне тән ерекшеліктерін ажыратып білуге үйрету. ҰОҚ қызығушылытарын арттыру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Ақпан 2023
244
3 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: Орманға саяхат

Білім беру саласы: Қатынас. Сөйлеуді дамыту.

Мақсаты: Саяхат, ойын арқылы балалардың тілдерін және ойлау қабілеттерін дамыту. Қыс мезгілі туралы түсініктерін кеңейту. Қыс мезгілінің өзіне тән ерекшеліктерін ажыратып білуге үйрету. ҰОҚ қызығушылытарын арттыру.

ҰОҚ барысы:

Тәрбиеші: -Сәлеметсіңдерме, балалар!

-Сәлеметсізбе?

Балалалар бүгін бізде ерекше күн. Бізге көп қонақтар келіпті, кәне олай болса, қонақтармен амандасайық.

Арайлап таң аттты

Алтын сәуле таратты

Жарқырайды қаламыз,

Жайнай түссін далалмыз.

Қайырлы күн қонақтар,

Қайырлы күн достарым

-Балалар қазір қандай жыл мезгілі?

-Қыс мезгілі

-Қыста ауа- райы қандай болады?

-Күн салқын болады

-Далада не бар?

-Далада қар бар.

-Қыста немен ойнаймыз?

-Шанамен, қармен ойнаймыз. Сырғанаймыз

-Жарайсыңдар балалар?

Ал енді далада ойнау үшін қалай киінеміз?

-Жылы киімдері киеміз. (шалбар, күртке, етік, бас киім, қолғап)

-Олай болса балалар қуыршақты киіндіріп, серуендеуге шығуға көмектсейік.

Дидактикалық ойын: Қуыршақты киіндіру.

-Ал балалар енді орманға саяхатқа шығамыз ба?

-Саяхатқа немен шығамыз?

-Шанамен шығамызба?

-Шанаға сыймаймыз.

-Ендеше автобуспен шығамыз. Автобусқа бәріміз сиямыз. Ол үшін мен сіздерге билет таратамын. Билетте қай жануардың суреті түссе, сол орындыққа отырамыз.

(Билетке жануарлардың суреті таратылады.)

Музыка қосылып орманға келеді.

Орманнан мұз ханшайымы күтіп алады.

Мұз ханшайымы: Сәлеметсіңдер ме балалар. Сіздер орманға қош келдіңіздер. Мен мұз ханшайымымын. Сіздерге орманды арарлатып көрсетйін. Менімен бірге жүріңіздер.

-Балалар, мына қарды алып қояйық. Қазір топқа барған соң бақылап қарайсыздар.

-Балалар мына жерге қараңыздаршы. Орманда терезе бар. Ол терезе ормандағы барлық болып жатқан жағдайды осы терезеден көрсетіп отырады. Ал енді қарайықшы. Бұл терезе бізге не көрсетеді екен?

Бейне ролик көрсету. Жануарлар туралы. Жануарды сипаттау.

-Ал енді балалар біреу жылаап тұрған секілді. (Аққала жылап тұрады)

Мұз ханшайымы: Аққала сен неге жылайсың?

Аққала: Қалай жыламаймын. Сенің қасыңда достар көп. Сен көңілді жүрсің. Ал мен болсам ешқандай досым жоқ. Маған орманда көңілсіз болып кетті.

Мұз ханшайымы: Жылама аққала. Көңіліңді көтер. Менің қасымдағы орманға келген қонақтар. Мен оларға орманды көрсетіп жүрмін. Саған көмектеседі. Балалар көмектесеміз бе?

-Иә көмектесеміз.

-Олай болса аққаланың қасына кішкентай аққалаларды жасап берейік. Көңілі көтеріліп қалсын.

-Жақсы болар еді менің қасыма дос тауып берсеңдер.

(Аққала жасау)

Мұз ханшайымы: Балалар енді мына жерде орманшы ағайдың үйі бар. Орманшы ағай сырқаттанып қалған. Оның пайдаланатын заттары далада қар астында қалыпты. Соны жинап үйіне кіргізіп берейік.

(Шана, күрек. Шелек т.б суреттерді атап оларға сөйлем құрау.)

Жарайсыңдар балалар мен сендерге орманды аралатып көрсеттім. Енді сіздерге арналған тосын сыйым бар. Соны сіздерге берейін. Бұл тосын сый менен естелік болсын. Мені ұмытпай жүріңдер. Мұз кәмпиттерді тарту етемін.

Ал енді автобусқа әркім өз орнына отырып балабақшаға қайтуға дайындалсын.

(Топқа келу.)

Тәрбиеші: Балалар топқа келдік. Енді орманнан алған қарды бақылап қарайық. Қар қандай күйге еніп келе жатыр. Қар жылы жерге келген соң еріп, суға айналып жатыр.

Қорытынды.

-Балалар біз бүгін қайда бардық?

-Орманда кіммен кездестік?

-Орманда не істедік?

-Кімге көмектестік?

Бүгінгі ҰОҚ- не өте жақсы қатыстыңыздар. Жарайсыздар. ҰОҚ аяқталды. Сау болыңыздар.









42 "Айналайын" МДҰ

"Bekzat & Co" ЖШС










Shape1



(ашық ұйымдастырылған оқу қызметі)

"Алақай" ортаңғы тобы












Тәрбиеші: Муханова Т.О










2022-2023 оқу жылы



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!