жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ "Өрмекші, құмырсқа,қарлығаш"
«Балапан» ересек тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Өткізу күні: 15.02.19ж
Тәрбиеші: Сатымбаеава А.К.
Білім беру саласы: «Қатынас» «Таным» «Шығармашылық»
Пән: Көркем әдебиет. Құрастыру.Сурет салу. Жапсырма
Тақырыбы: «Өрмекші,құмырсқа, қарлығаш»
Мақсаттары:
Тәрбиелік: Балаларды еңбексүйгіштікке, ұйымшылдыққа, жақсы қасиеттерді үйренуге тәрбиелеу;
2.Дамытушылық: сөздік қорларын,сөйлеу мәдениетін,ой-өрісін, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
3.Оқыту: Берілген шығарма мазмұны бойынша әңгімелеп айтуды үйрету.Дәстүрден тыс сурет салу,мнемотехника әдістерін қолдана білуге үйрету.
Педагогикалық технологиялар: Ойын технологиясы, жеке бағытталған технология
Ресурстармен қамтамасыз ету: Кітапханашы (персонаж), ИКТ, Ы.Алтынсариннің суреті, «Ы.Алтынсарин мұражайына саяхат» атты презентация, Ы.Алтынсариннің «Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш» ертегісі , фетрден жасалған ертегі кейіпкерлері ,«Сиқырлы кубик», мнемотехника, акварель бояуы,құлақ тазартатын таяқшалар,құрастыру құралдары,желім, қылқалам,
Үштілділік компонент: өрмекші-паук – spider,құмырсқа -муравей –ant,қарлығаш -ласточка – swallow, еңбек -труд – labour.
Сөздік жұмыс: уалшық
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
І.Ұйымдастырушылық кезеңі
Балалар,сендер саяхатқа барғанды жақсы көресіңдер ме? Жақында біз қай жерге саяхатқа бардық? . Онда есімізге түсірейікші.
Мұражай сырты.Ыбырай Алтынсариннің суреті.
Ыбырай Алтынсарин кім? (педагог, ағартушы) Сонымен қатар ол жазушы.
ІІ.Негізгі бөлім. 2. Видео звук «Кел балалар, оқылық»
Бұл шығарма не туралы? (оқу,білім)
Ғажайып сәт:Кітапхнашы келеді:
-Амансыңдар ма балалар?
Мен сендердің топтарындағы кітап бұрышын көруге келдім. Сендердің білімді ,өнерлі және жақсы балалар екендеріңді естідім.
Тәрбиеші:Олай болса,балалар қонағымызға кітап бұрышын көрсетейік.
-Ой балалар бәрекелді кітаптарын көп екен,өте тамаша! - Менде құр алақан келген жоқпын сендерге қызықты кітап алып келдім. Пазл құрастыру арқылы (ИКТ) шығарманың атын шешу
Шығарманы (фетрден жасалған кейіпкерлерді орналастыру арқылы) әңгімелеп айтып беру. Сөздік жұмыс: уалшық ( «қиқым», балаларға сөз мағынасын ашып түсіндіру)
Тіл үстарту жаттығулары:
Қа-қа-қа,еңбек сүйгіш құмырсқа
Ші-ші-ші,бұрышта отыр өрмекші
Ғаш-ғаш-ғаш,ұшып жүрген қарлығаш
Сұрақ жауап арқылы шығарма мазмұнын сұрау.
-Балалар өрмекші не істеп жүр екен?
-Құмырсқа ше?
Қарлығаш не істеп жүр?
Атасы баласына қандай ақыл айтты?
Үштілділік компонент: өрмекші-паук – spider,құмырсқа -муравей –ant,қарлығаш -ласточка – swallow, еңбек -труд – labour.
Бұл шығарма не туралы? (еңбек)
Кім еңбек туралы мақал - мәтел біледі?
Еңбек туралы мақал-мәтелдер:
Еңбек етсең емерсің, Ерінбесең жеңерсің.
Еңбек етсең ерінбей, Тояды қарнын тіленбей.
Еңбек
еткен —
Мұратқа жеткен.
Еңбектің
наны тәтті.
Жалқаудың жаны тәтті.
Сергіту сәті: «Көңілді күн» (бейнеклип)
Енді орталықтарға бөлініп танысқан шығарма бойынша жұмыс жасайық:
Саусақ жаттығуы
«ӨРМЕКШІ»
Күні бойы еңбекпен (оң қолдың бас бармағы мен сол қолдың сұқ саусағының ұштарын түйістіреді, керісінше қайталайды (сол қолдың бас бармағы мен оң қолдың сұқ саусағы)
Өрмекші өрмек тоқиды (саусақтарын сыртылдатады)
Нөсер тек кенет селдеткен (оң алақанмен сол қол алақаның үстінен тез «сырғанап түседі)
Еңбегін оның жоқ қылды (барлық саусақтардың арасын ашып, бір қолдың алақандарына екінші қолдың алақан сыртын беттестіреді «күн» жасайды)
Күн шықты қайта жарқырап (екі қол алақандарын беттестіре жоғары көтеріп біресе оңға, біресе солға иіледі)
Құрғады тез-ақ төңірек (барлық саусақтардың ұштарын түйістіре, тез-тез кезектестіре бір-біріне соғады)
Өрмекші өрмек тоқуға
Кірісті, дереу, тезірек
Шығармашылық орталығында
Сурет салу (қарлығашқа ұя, өрмекшіге өрмек салып беру (құлақ тазартқыш таяқшалармен);
Жапсырма (құмырсқаға илеу жапсыру)
Таным орталығында
Құрастыру (өрмекші, құмырсқа,қарлығаш)
Қатынас
орталығында
Мнемотехника әдісі
арқылы
әңгімелеп беру ( «Өрмекші, құмырсқа,қарлығаш»)
ІІІ қорытынды
Д.О. «Сиқырлы кубик» Қандай шығармамен танысқандарын сұрау. Нені құрастырдындар? Қандай материалдар қолдандындар? Көрме ұйымдастыру.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген