400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ: Орта ғасырлардағы қазақ халқының мәдениеті.

Материал туралы қысқаша түсінік
Ортағасырлық архитиктурасы мен көркем әдебиеттің өзіндік көркемдік дәрежесінің жоғары мәнімен бағалы екенін, қазақ тарихындағы сәулет өнерінің озық туындыларымен таныстыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Орта ғасырлардағы қазақ халқының мәдениеті

Сабақтың типі: Аралас сабақ

Сабақтың түрі: Саяхат сабақ

Көрнекілігі:Иллюстрация-плакаттар, PowerPoint - слайд-презентациясы, үлестірмелі карточкалар, карта, аукцион ойыны карточкалар.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Ортағасырлық архитиктурасы мен көркем әдебиеттің өзіндік көркемдік дәрежесінің жоғары мәнімен бағалы екенін, қазақ тарихындағы сәулет өнерінің озық туындыларымен таныстыру.

Дамытушылық: Білім алушылардың өнерге деген ықылас-ынтасын арттыру.

Тәрбиелік: Адамзат баласының қолымен жасалған көркемөнердің туындыларын сезіне білуге, бағалай білуге тәрбиелеу.

САБАҚ БАРЫСЫ

І Ұйымдастыру кезеңі:

- Амандасу , түгендеу;

- Оқу процесіне психологиялық жағынан дайындау;


ІІ Білімді бақылау кезеңі: "Қайталау – білім анасы "

а) Үй тапсырмасы бойынша ауызша сұрақтарға жауап беру;

б) Тест тапсырмасын орындау; (10 сұрақтан тұратын)


Кілті:

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

А

ә

а

б

ә

в

а

а

б

ә



ІІІ Жаңа сабақты меңгеру:

  1. Өз бетінше тақырыпты меңгеру "Данышпан үкілер " техникасы бойынша жүзеге асырылады.

Білім алушыларға таратылатын мәтін үлгісі:

«Материалдық мәдениеті»


Сәулет өнері– ортағасырлардағы түріктер дәуірінде жақсы өркендеген. Қалаларда, қоныстарда архитектуралық құрылыстар, мазарлар, мешіттер көптеп салынған. Мұның барлығы археологиялық зерттеулерден белгілі. Сәулет өнерінің өркендеуіне X – XII ғасырларда ислам діңінің кең қанат жаюы үлкен әсер етті. Діни құрылыстар салынды.


Бабаджа Хатун кесенесі. Бұл кесене X – XI ғ салынған сәулет өнерінің туындысы. Кесене Тараз қаласының маңында орналасқан. Кесененің маңдайшасында " Бұл мазар Бабаджа хатун деп аталады " деген араб әріпімен жазылған жазу бар. Шатыр тәріздес 16 қырлы күмбезі бар кесене күйдірілген кірпіштен салынған.

Айша Бибі кесенесі. X – XII ғ тұрғызылған. Тараз қаласына жақын жерде орналасқан. Төбесі күмбезделген, әсем ою-өрнектермен безендірілген бағаналары бар. Айша Бибі кесенесі – Қарахан мемлекетінің сәулет өнерінің туындысы.

Қарахан кесенесі. Тараз қаласының маңында қарахандықтар сәулет өнерінің туындысы Қарахан кесенесі орналасқан. XX 2 жартысында бұл кесенеге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген. Нәтижесінде кесененің бұрынғы жобасы, ою-өрнектері өшіріліп қалған.

Сырлытам кесенесі. XI – XII ғ салынған сәулет өнерінің туындысы. Кесене Сырдария өзенінің төменгі ағысында орналасқан. Ғимараттың күйдірілген кірпіштен салынған күмбезі бар.

Тараз, Отырар, Баласағұн қалаларындағы моншалар да ірі сәулет ескерткіштеріне жатады.

Мысалы, Отырар моншасы XI ғ салынған ескерткіш.


Қожа Ахмет Иассауи кесенесі – Түркістан қаласында орналасқан XIY – XY ғ сәулет өнерінің туындысы. Бұл кесенені 1396-1404 жылдары Мәуереннахр билеушісі Әмір-Темір салдырған. Кесене бірнеше бөлмеге, кітапхана және әйгілі тайқазан орналасқан.

Бұдан басқа Тараздағы Дәуітбек, рабиға сұлтан бегімнің кесенелері, Орталық Қазақстандағы Жошы хан, Алаша хан, Болған Ана кесенелері осы кездегі сәулет өнерінің туындылары.


Қала саны:

- Оңтүстік Қазақстан – 25 қала (YI – IX ғ.ғ)

- Оңтүстік. –Батыс Жетісу – 27 қала

- Солтүстік. – Шығыс Жетісу – 12 қала (IX – Х ғ.ғ), 70 қала (XI – XII ғ.ғ)

- Іле бой – 56 қала (Х – ХІІ ғ.ғ

- Ертіс бойы – 16 қала


«Рухани мәдениеті»


1. «Жазуы → Түрік жазуы туралы деректер»

●Енисей аңғарынан YIII ғ, 20 жылдары Д. Миссершмидт, Ф. Страленберг тапты.

● Орхон бойынан 1889 ж. Н. Ядринцев тапты.

● 1893 ж. В.Томсен түрік жазуын алғаш рет оқыды.

● Түрік жазуы Қазақстанда Талас аңғарынан табылды.

●Алғашқы дерек YІ ғ. ІІ жартысында өмір сүрген Менандр Протектор мәліметінен алынды.

●Түрік жазуы «руналық» деп аталды.




Shape1 "Қорқыт ата" эпосы

2. Ауызша шығармашылық

Shape2 дәстүрі

(YІ ғ. бастап дамуы)

"Оғыз-Нама" эпосы


3.

Ж.Баласағұн М.Қашқари

"Shape3 Shape4 Құтты білік "Диуани лұғат ат-түрік"

Shape5

Жазба әдебиеті

(IX – XII ғ. шығармалар

араб тілінде жазылды)





Shape6 Shape7 Қ.А. Яссауи

"Диуани хикмет" А. Жүгеники

Shape8 "Шындық сыйы"


С.Бақырғани

"Дүниенің ақыры"








4.

Ғылымның дамуы

Shape10 Shape9



Әбу Насыр әл-Фараби Әбу Райхан Әл – Бируни

(870-950 ж.ж ) (973-1050 ж.ж)


1Shape14 Shape12 Shape13 50 еңбек жазған 50-ге жуық трактат жазған

Shape15 Дененің жерге тартылысын

«Shape16 Ғылымдар энцеклопедиясы Галилей мен Ньютоннан 600 жыл

Shape17 бұрын болжаған

«Ғылымдардың шығуы»

ДShape18 үниенің геоцентрлік жүйесін Коперниктен 500 жыл бұрын

тапқан

«Shape19 Жұлдыз бойынша болжаулар»

Shape20 Планеталардың қозғалуын, жер

«Shape21 Ваккум» туралы трактат» т.б. глобусының пішінін жасады.

Shape22

600 қаланың координатын

белгіледі.




а) "Данышпан үкілер" техникасы бойынша қажетті ақпаратты дәптерге жазу.

ә) Иллюстрациялық бейнелеу.

(дәптерге мәтіннің кей тұстарын сызба түрінде жазу)


IY Бекіту кезеңі:

  1. «Ұшқыр ойдан – ұтымды жауап» Өтілген тақырып бойынша сұрақтарға жауап беру.

  • Ортағасырларда құрылыс, тұрғын үйлерді қалай салған?

  • Құрылыс салуда негізінен қандай материалдар қолданылған?

  • Қазақ жерінде аталған кезеңнен қандай тарихи құрылыстарды білесің?

  • Сәулет өнері дегеніміз не?

  • Жазба және ауызша әдебиеттің, ғылымның дамуы жайлы не білесің?


  1. Аукцион ойыны. Лотқа ортағасырлық кесенелер қойылады. Дұрыс жауап берген ойыншыға "алтын динарлар" беріледі.


Аукцион ойының тапсырмалары



1)

Шатыр тәріздес 16 қырлы күмбезі бар, Х – ХІ ғ. жататын кесене.



[Бабаджа хатун]









2 )

Жөндеу жұмыстарынан кейін ою- өрнектері өшіп қалған, Тараз қаласының маңында орналасқан кесене.


[Қарахан кесенесі]









3 )

Сырдария өзенінің бойында орналасқан күмбезді кесене


[Сырлытам кесенесі]









4)

Әмір Темірдің бұйрығымен салынған,кітапханасы мен әйгілі тайқазан орнатылған кесене



[Ахмет Яссауи кесенесі]





5 )

ХІ –ХІІ ғ. тұрғызылған, Қараханның ғашығына арналып салынған күмбезді, оюлы-өрнекті кесене



[Айша Бибі кесенесі]




6)

Кеңгір өзенінің сол жағалауында, Ордабазар

қаласының іргесінде орналасқан Шыңғысханның үлкен ұлына арналған мазар

[Жошы Хан кесенесі]







7 )

Қаражар тоғайы ішінде орналасқан, Кеңгір өзенінің Сарысуға құяр жерінен 10 км жерде орналасқан сәулет ескерткіші


[Болған Ана кесенесі]





8)

Порталды – күмбезді мазар. Жезқазғаннан 70 км жерде орналасқан қайталанбас сәулет өнерінің үлгісі.


[Алашахан кесенесі]




  1. Кестедегі мәліметтерді толтырыңдар.



Ескерткіш атауы

Хронологиялық

шеңбері

Құрылыс

ерекшелігі

Орналасқан

жері

Бабаджа Хатун




Қарахан кесенесі




Айша Бибі кесенесі




Сырлытам кесенесі




Алашахан кесенесі




Болған Ана кесенесі




Жошы Хан кесенесі




Қожа Ахмет Яссауи кесенесі










  1. Дайрчест құрастырындар.

Музыкант

Shape23 Философ Екінші ұстаз

Shape24 Shape25

Shape26

Әл-Фараби

Shape27 Shape28 Өнертанушы Тарихшы

Shape30 Shape31 Shape29


Энциклопедист ғалым Исламтанушы

Данышпан ғалым



  1. Диалог – ертегі : Жошыхан (немесе Айша Бибі) туралы аңыздың бірінші сөйлемін бастап бере: Әр студент бір сөйлемнен қосып отырады, студент санына қарай аңыз айтылады.



Y. Ой қозғау.

Бүгінгі сабақтан алған білімін әр студент ортаға салады





YI. Рефлексия.

  • Бүгінгі сабақ несімен ұнады?

  • Өздеріңе қажетті ақпарт алдыныздар ма?

  • Қандай әсер алдыныздар?



YII. Үйге тапсырма:

  1. Кестені толтыруды аяқтау.

  2. Ортағасырдағы құрылыс, сәулет өнерін қазіргі заманғы сәулет өнерімен салыстырындар.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
8 қаңтар
1313
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі