Шаттық
шеңбері:
- Балалар,
сендер таңертең ұйқыдан оянғанда
терезеден нені көресіңдер?
- Күнді,
күннің жарқыраған нұрын көреміз.
- Күннің
нұрын көргенде сендер қалай
қуанасыңдар?
- Алақай!
деп қолымызды шапалақтап қуанамыз.
- Далаға
шыққанда жоғарыдан не көреміз,
төменнен не көреміз?
- Жоғарыдан
аспан, күнді, бұлтты.
- Төменнен
жерді, шөптерді, гүлдерді, суды көреміз.
- Ендеше
біз де аспанға, жерге, күнге және
сабағымызға келген қонақтарға сәлем
берейік.
Шеңберге
тұрады:
- Сәлем
саған Алтын күн!
Сәлем саған Жер
ана!
Сәлем саған достарым!
Сендерді
көрсем қуанамын.
Сәлеметсіздер
ме қонақтар!
Ұйымдастыру
кезеңі: Балалар,
бүгінгі тақырыптық ашық оқу қызметіміздің
тақырыбы: «Елін бастаған – Елбасы»
-
Балалар, барлығымыз бірге әнұранды
орындаймыз.
Гимн
орындалады.
- Балалар,
біз қай мемлекетте тұрамыз?
- Иә,
біз ірі жер көлемі бар мемлекетте
тұрамыз.
- Еліміздің
қандай рәміздерін білесіңдер?
- Біздің
елбасымыз кім?
- Ия,
балалар, біздің бүгінгі сабағымызда
Нұрсұлтан атамызға арналмақ. Себебі
1-ші желтоқсан ең бірінші тұңғыш
президентіміз Нұрсұлтан атамызды
сайлаған күн.
Саяхат.
Нұрсұлтан атамыз туралы көбірек білу
үшін балалар, жұмыс жасаған қалаларға
саяхат жасайық. Қане барлығымыз ұшаққа
отырамыз.
-
Алғашқы жұмыс қадамын Нұрсұлтан атамыз
Қарағанды қаласында бастаған.
Осы
Қарағандыда не бар?
Кенші
атаның ескерткіші орналасқан бұл қала
көмірге бай.
-
Қазір балалар Елбасымыз қай қалада
тұрады?
(Астана – Нұрсултан)
-
Бұл қала біздің елордамыз.
-
Ал Астанада не бар?
-
Ия, байтерек, ақорда, т.б. бар.
-
Елбасымыз Нұрсұлтан атамыз тәуелсіздік,
еркіндік үшін күресіп Отанымыздың
болашағы, балаларды қорғауға, білімді
азамат етіп өсіруге күш салып, қаншама
еңбек етті. ҚР Мемлекеттік туы 1992 жылы
4 маусымда бекітілді. Авторы: Шәкен
Ниязбеков. ҚР Мемлекеттік елтаңбасы
1992 жылы 4 маусымда бекітілді. Авторлары:
Жандарбек Мәлібеков пен Шота Уалиханов.
ҚР Мемлекеттік әнұраны сөзін жазған
Нұрсұлтан Назарбаев, әнін жазған Шәмші
Қалдаяқов. – Жарайсыңдар балалар,
шаршап қалған болармыз.
Сергіту
сәтімен бірге сергіп алайық.
Сергіту
сәті:
Балалар
«Қазақ
жігіттері» әніне
билейді.
–
Балалар
елбасымыз, туралы тақпақ айтып
берейін:
Мұндай
шаттық сыйлаған,
Ұлттың бәрін
жинаған.
Құтты
болсын мерекең
Елбасымыз Нұр ата.
–
Жарайсыңдар
балалар.
Әр жылдың
өз шежіресі, сыры, тарихы, қасиеті
бар. Біздің Қазақстан өте үлкен, көп
ұлтты мемлекет. Бәріміз бір үлкен
жанұямыз, бір-бірімізді сыйлап,
тату-тәтті өмір сүрудеміз. Сондықтан
біз өз жерімізді, өз елімізді
қадірлеуге, қорғауға тиістіміз.
|