«Әулиекөл ауданы әкімдігінің
білім бөлімі «Айгөлек» бөбекжай – бақшасы» мемлекеттік
коммуналдық қазыналық кәсіпорыны
«Гүлім» тобының ашық
ұйымдастырылған оқу қызметінің
конспектісі
Өткізу
күні: «10» ақпан 2021
ж.
Тәрбиеші: Жумагалиева
Ш.Ж.
Білім беру
саласы:
Таным
Ұйымдастырылған оқу
іс-әрекеті: Математика негізі,
құрастыру.
Тақырыбы: «Сиқырлы пішіндер»
Мақсаты:
Оқыту: Әңгімелеу, геометриялық пішіндерді , олардың түстері
туралы
түсініктерін бекіту.
Санамақтар айтқызу арқылы сан туралы
ұғымдарын
қалыптастыру.
Дамытушылық: Дидактикалық ойындар арқылы логикалық ойлау
қабілетін дамыту. Дьенеш блоктарынан құрастыру арқылы ой қиялдарын
дамыту.
Тәрбиелік: Балаларды ұқыптылыққа
тәрбиелеу.
Педагогикалық
технологиялар: ойын, квест, денсаулық
сақтау.
Ресурстармен қамтамасыз
ету: түрлі – түсті пішіндер,
пирамида, текшелер, доптар, деньеш
блоктары.
Билингвалдық
компонент: пішіндер – фигуры, үшбұрыш –
треугольник, шаршы - квадрат, шеңбер –
круг.
Ұйымдастырылған оқу
қызметінің барысы
1. Ұйымдастырушылық
кезең
Шаттық шеңбер:
Амандасу
Дөңгелене
тұрайық
Достық үйін
құрайық
Математикамен дос
болып
Біз көңілді
болайық
-Балалар қазір жылдың қай
мезгілі?
-Қыс мезгілінде қандай
өзгерістер болады?
-Өте
жақсы.
2. Негізгі
бөлім:
Балалар мен бүгін балабақшаға
келсем біздің топта хат жатыр екен. Балалар бұл хат сыйқырлы
пішіндер елінен келіпті! Оқып
көремізбе?
-
Ия!
«Салеметсіңдерме балалар! Мен
пішіндер елінің патшайымы сендерді өз еліме ойын ойнауға шақырамын,
бірақ менің еліме келу үшін жолдарыңда біраз кедергілер кездеседі,
соны жеңсендер ғана менің еліме жетесіңдер» - деп жазылыпты және
мында пішіндер бар екен пішіндердің аттарын, түстерін
айтайықшы:
- көк үшбұрыш, жасыл
тіктөртбұрыш, қызыл шеңбер!
- Олай болса жолға жаяу
аттанайық. Ой балалар біздің жолымызда кедергілер кездесті.
Жолымызды кедергілермен шашылып, жауып тастапты. Жинайықшы. Бізде
не құрылды?
-
Пирамида!
Пирамиданың астынан жұмбақ
табылады.
1-тапсырма.
Пішіндер
туралы жұмбақтар.
Жұмбақ:
Атына сай
балалар,
Үш бұрыш, үш жағы
бар.
Ол пішінді кім
табар? (үшбұрыш)
-Дұрыс айтасыңдар балалар,
бұл үшбұрыш.
-Үшбұрыш неге ұқсайды екен?
Түсі қандай?
– түрлі – түсті, пирамидаға
ұқсайды.
-Дұрыс
айтасыңдар,
Әрі қарай
жүрейік.
Балалар қараңдаршы жолымыз
тағы жабық, жолымызды тазартайықшы.
-Төрт бұрышы
бар,
төрт қабырғасы
бар.
Бұл қай
пішін? (тіктөртбұрыш)
-Ия, дұрыс. Тіктөрт бұрыш неге
ұқсайды екен? Түсі
қандай?
- Түсі сары, теледидар, текше,
терезе
Әрі қарай
жүрейік.
Балалар қараңдаршы жолымыз
тағы жабық, бұлар нелер? жолымызды
тазартайықшы.
-
доптар.
-Тағы бір жұмбақты
жасырайын
Допқа өзі
ұқсайтын,
Ерекше бір пішін
бар.
Атын оның
атаңдар?
-Өте
жақсы
-Дөңгелек неге ұқсайды? Түсі
қандай?
Көк түсті, допқа
ұқсайды.
-Өте жақсы
балалар.
Билингвалдық
компонент: пішіндер – фигуры, үшбұрыш –
треугольник, тіктөртбұрыш - прямоугольник, шеңбер –
круг.
2-тапсырма.
Д/О: Түсіп қалған пішіндерді
көлеміне және түсіне қарай
орналастыру.
3-тапсырма.
-Ал енді балалар біздер
санамақ білемізбе?
Санамақ
Оң қолымда бес
саусақ
Сол қолымда бес
саусақ
Кәне, кәне аттарын
атайық
Бас бармақ, балан
үйрек,
Ортаң терек, шылдыр
шүмек
Кішкентай
бөбек.
Міне балалар бізде жетіп қалдық шекарадан өту
үшін мына сұрақтарға жауап беруіміз
керек.
4 -
тапсырма: Ауызша есептерге
байланысты. Ал енді ойланып тұрып
айтыңдаршы.
-Аспанда
неше күн бар? (бир)
-Адамда
неше көз бар? (екі)
-Бағдаршамда неше көз бар? (үш)
5 –
тапсырма: «Пішіндерден құрастыру» Міне
пішіндер еліне жеттік! Күшті көңіл – күймен дьенеш блоктарынан әр
түрлі заттар құрастырайық
Мақсаты:
Балалардың ойлау қабілетін дамыту, түрлі – түсті
пішіндерден құрастыра білуге
дағдыландыру.
Балалар
сыйқырлы
пішіндер елінің патшайымы сендерге арнап сыйлығын дайындап
қойыпты, енді өз тобымызға
оралайық.
3.
Қорытынды:
Балалар біз қайда бардық?
Біздің жолда нелер кездесті? Қандай пішіндерді таптық? Сендерге
ұнадыма бүгінгі жасаған жұмысымыз?
Жарайсыңдар
балалар!
Ендеше сендерге сыйлықтарыңды
тапсырайын.
Сендерге өмірде сәттілік
тілеймін!
Мен сендерге ризамын. Сау
болыңдар!