400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ. Өру (тоқу) өнері. Өру түрлері. 5 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ. Өру (тоқу) өнері. Өру түрлері. 5 сынып. оқушыларға және мұғалімдерге арналған. - Өру өнеріне шолу жасау; - түрлі өру тәсілдері мен қолданылатын материалдармен танысу; - нобай орындау; - өз жұмысын жоспарлау; - өру түрлерін орындау;
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Бөлім 2А.

Сәндік-қолданбалы шығармашылық


Мектеп: 36 гимназия


Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Бакелекова Д.Б.


Сынып: 5 А, Ә, Б, В

Қатысқандар саны:


Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

Өру (тоқу) өнері. Өру түрлері. Материалдар және құрал-жабдықтармен танысу. Нобай дайындау

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

5.1.6.2-Бірқатар заманауи және дәстүрлі емес материалдарды білу, олардың қасиеттері мен міндеттерің анықтау

5.1.5.2-Шығармашылық идеяларды іске асыру үшін нобайлар орындау

5.1.4.1-Шығамашылық жұмысты орындау кезеңдерін анықтай отырып, жоспар дайындау

Сабақ мақсаттары

  • Өру өнеріне шолу жасау;

  • түрлі өру тәсілдері мен қолданылатын материалдармен танысу;

  • нобай орындау;

  • өз жұмысын жоспарлау;

  • өру түрлерін орындау;

Жетістік критерийлері

  • өру өнері туралы білімін көрсетеді;

  • өрудің бірнеше тәсілдерін меңгерген;

  • түрлі өру өнеріне байланысты материалдар мен құрал-жабдықтарды біледі және ажырата алады;

  • шығармашылық жұмысты ұқыпты орындайды;

  • өз идеяларын бірнеше ізденіс нобай ретінде келтіре алады;

  • өз іс-әрекетін жоспарлай алады.


Тілдік мақсаттар


Пәнге тән лексика мен терминология:

Макраме (фр. Macramé- өрнектеп тоқу) — белгілі ретпен орналасқан әр түрлі түйіндердің көмегімен тоқу. Түйіп тоқу арқылы әр алуан өрнек шығаруға болады. Тоқу үшін әр түрлі жуандықтағы жіптер, баулар,таспалар пайдаланылады.

Өру – плетенеие – Embroidery

Макраме – Macrame

Түйін түрлері – Виды узелков - Types of knots

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

  • Өру өнеріне .... жатқызуға болады.

  • Мен өрудің мына тәсілін таңдаған себебім, ...

  • Өрудің ... түрі қазақ қолөнеріне тән деп ойлаймын.

Құндылықтарды дарыту



  • Еңбек және шығармашылық

  • Патриотизм

Пәнаралық байланыстар

  • Қазақстан тарихы, орыс тілі, қазақ тілі /өз ойларын жеткізу, тілдік дағдыларын дамыту үшін/

АКТ қолдану дағдылары

Интернет ресурстарынан қажетті мәліметтерді іздену арқылы АКТ дағдыларын дамыту.

Бастапқы білім


Оқушылар СҚӨ бұйымдары туралы білімдері бар. Практикалық тапсырмалар орындау арқылы алдыңғы тоқсанда алған білімдері мен дағдыларын белсендіру.


Сабақ барысы


Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы


Оқушылармен сәлемдесу. Құндылықтарды еске түсіру.

Оқушыларды жаңа тақырып пен оқу мақсаттарымен таныстыру. Бүгінгі сабақтағы іс-әрекеттерін атап шығу.

Назарын аудару үшін оқушыларға түрлі техникада орындалған суреттер тарату. Осы арқылы оқушыларды топтарға бөлінеді.

Топқа бөлінген оқушылар түрлі техникада өрілген суреттерді байқайды. Осы арқылы сабақтың тақырыбын ашады.



Қосымша 1. Топтарға бөлу










Иллюстрациялық материалдары: бисерден, макраме және т.б. орындалған бұйымдар, СҚӨ заттары.


http://shedevrs.ru/materiali/257-dpi.html - сәндік-қолданбалы өнер.


http://www.trozo.ru/cat/video-uroki/vyshivanie-lentami – баумен кестелеу және т.б. қолөнер шеберлік сағаттары бойынша видео сабақтары.


Қосымша 2 – түйін түрлері



http://www.fitopark.eu/macrame/1-macrame-uroki.htm макраме жаңадан үйренушілерге арналған

https://www.youtube.com/watch?v=tREEIghcJ3U

http://www.noi.md/ru/news_id/7702

халық шебері Элеоноры Волощуктің жүгері собықтарының қабын қолданып орындалған өру техникасы









Макраме үшін:

Макраме тоқуға арналған жіптер, түйрегіштер, қайшылар, сантиметрлік бау, тығыз нығыздалған жастықша.

http://www.fitopark.eu/macrame/2-uzli-macrame.php – макраме түйіндері

http://www.livemaster.ru/masterclasses/pletenie/makrame - макраме

http://pleteniebiserom.ru/ - бисермен тоқу бойынша шеберлік сабақтары


Сабақтың ортасы


































(МК) өру түрлерімен таныстыру: макраме, ағаш шыбықтарынан, газет түтікшелерінен, шілтер, бисер тоқу және т.б. Сонымен қатар, өруге арналған материалдар түрлерімен, олардың табиғи және жасанды болып бөлінуін: әр түрлі фактуралы және жуандықтағы жіптер, жүгері собықтарының қабығы, былғары баулар, дәстүрлі емес материалдар (пластик ыдыстардан, полиэтиленді пакеттерден жасалған жіптер, газеттен жасалған түтікшелер) жайлы мәлімет беру.


(Ұ) Өру схемаларындағы шартты белгілер мен оларды оқу негіздерімен таныстыру.


(Қ,Ө) Практикалық тапсырма № 1. Қарапайым өру үлгілерін жасау. Өру және сұлбаны оқу бойынша бірнеше жаттығулар орындау.


Өрілген бұйым жасауға қажетті негізгі материалдар мен құрал-жабдықтарды дайындау.


Оқушылар өру түріне байланысты материал таңдайды, мысалы макраме, шілтер өруге арналған жіптер т.б.


Дәстүрлі емес материалдарды да қолдануға болатынын түсіндіру. Оқушылар әсерлерімен, сезімдерімен бөлісіп,өруге арналған әртүрлі материалдар түрімен жұмыс жасау бойынша өз ойларын айтады.


Бұйымды өруге арналған сұлба мен нобай жасайды. Оқушы жұмыс барысында материалын, түсін, өру техникасын өздігімен таңдайды. Өру техникасында орындалатын бұйымның нобайы мен сұлбасына байланысты материалды, құрал-жабдықтарын дайындайды.

Оқушы материалды және өру сұлбасын орындағаннан кейін, бұйымды орындау кезеңдерін жоспарлайды.

Сұлбалармен жұмыс жасау барысында оқушылар түрлі түстермен өру түйіндер мен кейбір орындарын белгілей отырып, қажетті өрілім түрлеріне назарын аударып отырады.


(Қ)Жұмыс соңында өз туындыларын сыныпқа ұсынып, бірге талқылайды, өзінің және сыныптастарының жұмыстарына бағалау жүргізеді және мүғалім дұрыс орындалғанын тексереді.


Дифференциация: бұйымдағы қарапайым, орташа және күрделі өрнекті өру орындау ұсынылады.

Сабақтың соңы


Орындалған жұмыстар мен оқушылардың іс-әрекеті бойынша кері байланыс пен ұсыныстар беру.


Жұмыс орнын тазалау.

ауызша







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
6 желтоқсан
806
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі