400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Өсімдік бөліктері"

Материал туралы қысқаша түсінік
ұстаздарға
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жаратылыстану «Тексерілді»

МДОІЖО: Ә. Оңғарбеков

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Өсімдіктер

Мектеп: «Қ.И.Сәтбаев атындағы жалпы орта мектеп» МКМ

Күні: 12.09.2018

Мұғалімнің аты-жөні: Бибатырова Рысқыз

Сынып: 1

Қатысқандар саны: 10

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы:

Өсімдік бөліктері

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.2.1.1 өсімдіктердің негізгі бөліктерін ажырату.

1.1.2.1 қоршаған әлем құбылыстарына бақылау жүргізу

Сабақ мақсаты

Барлық оқушылар: Өсімдіктердің қандай бөліктерден тұратынын біледі.

Көптеген оқушылар: Көрсетілген өсімдік бөліктерін ( тамыр, сабақ, гүл, жеміс, тұқым) таниды , ажыратады.

Кейбір оқушылар: « Тұқымдар қалай өнеді?» зерттеуін жүргізуде оқушылар бақылау, талдау, қорытындылау дағдыларын жетілдіреді. Алған білімін өмірде қолдана алады.

Тілдік мақсат

Оқушылар: өсімдіктердің негізгі бөліктерін атайды

Пәндік лексика және терминдер

- дің, тамыр, сабақ, гүл, жапырақ, жеміс, тұқым.

Диологке/ жазуға арналған сөз тіркестері

  • Өсімдікке не қажет? Олар оны қайдан алады?

  • Өсімдіктің тірі ағза екенін қалай анықтайсыз?

  • Сіздер неге олай деп ойлайсыздар?

Бағалау критерийлері

  • Өсімдіктердің негізгі мүшелерін ажыратады .

  • Өсімдіктердің негізгі мүшелерін (тамыр, сабақ, жапырақ, гүл, жеміс) атайды

Құндылықтарды дарыту

Өзгелердің пікірін құрметтеу, өз көзқарасын білдіру, достық.

Пәнаралық байланыс

дүниетану, сауат ашу

АКТ қолдану дағдылары

Проектордан сабаққа қатысты суреттер мен бейнежазбаларды көрсетемін

Бастапқы білім

Оқушылар өсімдіктердің тірі ағза екенін біледі, сондай-ақ оларды күту және өсіру жолдарын біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы:

2 мин








Психологиялық ахуал

« Актер » ойыны

  • Ұйықтап жатқан аю .

  • Банан жеп отырған маймыл.

  • Күнге қарап тұрған күнбағыс .

  • Желге желпінген ағаш.

  • Жапырақ жайған өсімдік.

  • Жайқалған гүл.

Оқушылар іс-әрекетпен көрсетіп өз тапқырлығын көрсетеді.

1-слайд

Сабақтың ортасы:

2мин














2 мин
























1 мин






1мин





3 мин































3 мин





























3-мин






3 мин






3 мин






































5мин

















3 мин
















Сабақтың соңы:

2мин













ҰЖ: «Иә, жоқ , білмеймін » ойыны Балалар үш қабырғаға жазылған «иә, жоқ, білмеймін» сөздері ілінген қағаздарға жауаптары дұрыс болған жағдайда қасына барып тұрады.

-Мәдени өсімдіктерге күтім қажет емес.

( жоқ )

-Мәдени өсімдіктерді адам өсірмейді. (жоқ)

-Жабайы өсімдіктер өз бетінше өседі. (иә)

- (Қияр және алма – бұл мәдени есімдіктер) (иә)

- Шөп, бұта, ағаш – бұлар өсімдіктің түрлері. (иә)

Миға шабуыл

ҰЖ: «Жұмбақ шешу» арқылы сабақтың тақырыбын ашып алу.

Іші жұмсақ , сырты қатты,

Еті қызыл , сүті тәтті.

(қарбыз)

Көктейді екен көктемде,

Орманда қар кеткенде.

Сабағында қатар-қатар,

Ілініп тұр ақ шамдар.

(інжу гүл)

Күннен көзін алмайды,

Ешкіммен ісі болмайды.

( күнбағыс)

Болсада үнді есімі,

Естімейсің сылдырын.

Орман шеті мекені,

Көгілдір екен келбеті.

(қоңыраугүл)

-Балалар жұмбақтарда не туралы айтылған ?

  • Әрине, өсімдіктер туралы. Бүгін біз сендермен өсімдіктердің бөліктерімен танысатын боламыз. Бүгінгі сабақтың мақсатымен таныс болайық.

Оқу мақсатымен тақырыппен таныстыру.

  • Өсімдіктердің негізгі бөліктерін ажырату.

  • Қоршаған әлем құбылыстарына бақылау жүргізу

Оқушыларды топтастыру

«Фазлдар» арқылы

І топ- Жапырақ

ІІ топ- Жеміс

ТЖ; Қ : Суретпен жұмыс.

  • Өсімдіктің бөліктерін көрсет және ата.


Дескриптор:

  • Өсімдік бөліктерін сипаттап атайды.

  • Өсімдік бөліктерін көрсетеді.

  • Өсімдік мүшесі тамырдың қызметі туралы айтады.

Бағалау: Екі топ оқушылары «Екі жұлдыз , бір тілек» әдісі арқылы бағалайды.

Барлық өсімдіктің бөліктері бірдей аталады. Олар пішініне, мөлшеріне және түсіне байланысты ерекшелене-ді.Өсімдіктердің барлық бөліктері маңызды. Олардың әрқайсысы белгілі бір қызмет атқарады .


ЖЖ; Қ: Суретке қара.

Жемістерді ата

Жемістердің ішінде не болады

Суреттегі тұқымдар несімен ерекшеленеді

Өсімдік гүлдерінің орнында нелер пайда болады




Дескриптор:

  • Жемістерді атайды.

  • Жемістер мен тұқымдардың ерекшелігін анықтайды.

  • Өсімдік гүлінің орнына не пайда болатынын біледі.

Бағалау: «Бағдаршам » әдісі арқылы бағалау

Ұ, Т Ж, Қ: Сөздерді орнына қою арқылы. « Сөзжұмбақ» шешу.

Дескриптор:

  • Өсімдік бөліктерін сөзбен сәйкестендіре алады.

Бағалау: Смайликтер

Сергіту сәті :ҰЖ;Қ:«Рөлдік ойын» арқылы

Тамырлар еденде жатады, сабағы тік тұрады, балалар жапырақ ретінде сабақтың айнала-сына қолдарын жаяды, сабақтың басындағы гүл айқара ашылған қолдар мен қылтиып тұрған саусақтармен көрсетіледі.

Бағалау: «Бас бармақ» әдісі Дәптермен жұмыс:



Дескриптор:

- Өсімдік бөліктерінің атауын жазады.

-Жемістердің атауын суретпен сәйкестендіреді

- Жемістің тұқымының суретін салып бояйды.

Зерттейік: Бақылау жүргізу. Тұқым қалай өнеді?

Оқушыларды екі топқа бөлу.Әр топқа қажетті заттарды беру: бұршақ, кішігірім құтылар, мақта ,су, стақан.Шағын ыдыс алып, түбіне мақта салу.Мақта ылғалданатындай бірақ бетін жаппайтындай етіп су құю.Егер тұқымдардың бетін су жауып тұрса, олар бөртеді, бірақ өнбейді, себебі су ауаның өтуіне кедергі жасайды.

Ойлан! Тұқымдардың өнуіне ылғал қажнт, сондықтан олар ылғалды мақтада өнеді. Егер мақта құрғақ болса , тұқым өне алмайды. Егер тұқымды суға батырып қойса, олар өнбейді, себебі тыныс алуға қажетті оттек жетіспейді.

Келесі топ тұқымды топыраққа салып, кішкене су құйып , жылы жерге қою.

Шамамен үш күннен кейін түқымдар бөртіп, бір аптада өнеді. Нәтижесін дәптерге түсіреді.



Қалыптастырушы бағалау тапсырмасы: Оқушылар өз беттерінше алған білімдерін жазады.

Бағалау: Ауызша жүргізіледі

«Кемпірқосақ» әдісі арқылы рефлексия

Оқушылар кемпірқосақтың түсіне қарай стикерлерге өз аттарын жазып, төмендегі бойынша жапсырады.

Жасыл стикер- барлығы түсінікті

Сары стикер- сұрағым бар

Қызыл стикер- ештеңе түсінбедім



2-слайд















3-слайд

Бейнежазба-1
























4-5 слайд




Суретті фазлдар






6-слайд



Оқулық

htt //www. Google.kz/sear?g
































7-слайд






















8-слайд

Бейнежазба -2













9-10-слайд

Дәптер 7-8 бет


































11-слайд































12- слайд

















13- слайд
















13- сабақ





Саралау- оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз?

Қабілеті жоға-ры оқушылар-ға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?








оқушыларға қандай міндет қоюды жоспар-лап отырсыз?


Зерттеу жұмысы

Бағалау- оқушылардың материалды меңгеруі деңгейін қалай түсіруді жоспарлайсыз?













Денсаулық және қауіпсіздік

техникасы-ның сақталуы.

«Зерттеу» әдісі

Тұқым ылғал мақтада өнеме?

Неге? зерттеуін жүргізуде оқу-шылар бақылау, талдау, қорытындылау дағдыларын жетілдіреді.


Қалыптастырушы бағалау: «Екі жұлдыз, бір тілек», «Басбармақ» әдісі «Смайликтер», «Бағдаршам» әдісі

Сергіту сәті

«Ролдік ойын»

«Актер» ойыны

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсатта-ры/ оқу мақсат-тары дұрыс қойылған ба?

Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткзді ме?

Жеткізбесе , неліктен?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?











  • Сабақ мақсаттары оқу мақсаттарынан шығарылған.


  • Оқушылардың көпшілігі оқу мақсаттарына іс-әрекеттер арқылы қол жеткізді.


  • Сабақтың жоспарда көрсетілген уақыттық кезеңдері сақталды.























































Сабақ жоспары-нан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Сабақ жоспарында ешқандай ауытқушы-лық болған жоқ.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы екі аспектісі (оқыту туралы да, оқыту туралы да ойланыңыз)?

1: «Ролдік» ойын

2: «Зерттеу» әдісі

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады ( оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: Оқушыларға берілген кері байланыс және бағалау.

2: Саралап оқытуда, оқушыларға сыни тұрғыдан ойлауға берілген тапсырмалар.

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/ қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет.

Сыныпта төмен деңгейлі оқушылардың ойлау деңгейлерін дамытуда, жұппен тапсырмаларды орындауға ықпал ету.


Сын тұрғысынан ойауға берілетін тапсырмаларды, яғни әдістерді қолдану.

Ролдік ойындарды пайдалану.

























Кіріспе

Орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында, бастауыш сыныпқа жаратылыстану пәні енгізілді. Оның мазмұны бұрын бастауыш сыныпта қарастырылмаған оқу мақсаттарын қамтумен ерекшеленеді. Пән - кіші мектеп жасындағы балаларды физика, гиография, биология, химия, астраномия негіздерімен таныстыра отырып, практикалық әдістер көмегімен қоршаған орта туралы ғылым жүйесін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Күнделікті өмірде ( үйде, мектепте, табиғатта) көрген, бақылаған, құбылыстары үдерістерді түсіндіру, сипаттау үшін алған білімдерін пайдалана білу дағдыларын қалыптастыру. Жаратылыстану пәнін оқып үйренуде салыстыру, сипаттау, зерттеу, ажырату, жалпылау, жіктеу тәрізді логикалық дидактикалық тәсілдерді қолдану, балалардың ойлау деңгейлерін дамытуға үлкен мүмкіндік береді. Балаларда қарапайым зерттеу дағдылары қалыптасады. Бұл бағдарламаның оқу мақсаттарын кеңінен қамтыған. Бағдарламаның оқу мақсаттары арқылы балалар заттарды сипаттауға дағдыланады. Сипаттау - заттардың сыртқы белгілерін санамалап айтып беруді көздейді. «Өсімдік бөліктері» тақырыбында оқу мақсатын іске асыруда балалар тұқымның өнуін зерттейді. Зерттеу үшін бақылау әдісін қолданды. Бақылауды қысқа және ұзақ мерзімде жүргізеді. Бақылаудың нәтижесін дәптерге сурет арқылы түсірді. Бақылаудың қорытындысы жасалды. Яғни бұл бір апталық бақылау болды. Бір оқу мақсатының аясында зерттеу әдісі, болжам жасау, эксперимент жүргізу жұмыстарыжасалды. «Жаратылыстану» пәнінің оқу-әдістемелік кешені оқушылардың жаратылысты тануына ықпал етеді. Сонымен қатар пән мазмұны қоршаған орта туралы түсінуге және көруге үйретеді.

















Оңтүстік Қазақстан облысы . Бәйдібек ауданы









Мектеп:«Қ.И.Сәтбаев атындағы жалпы орта мектеп» МКМ

Пән мұғалімі: Жаныбекова Манат Усербаевна

Пәні: жаратылыстану

Сыныбы: 1-сынып

Тақырыбы: Өсімдік бөліктері





2017/2018 оқу жылы







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
10 наурыз
363
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі