жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ "Өсімдік бөліктері"
Пән: Жаратылыстану Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:Жанды табиғат Күні:25.10.2019ж Сынып:1
|
Мектеп:М.Әуезов №96 атындағы жалпы орта білім беретін мектебі
Мұғалімнің аты-жөні: Ш.Абдураймова Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:
|
Сабақ тақырыбы: |
Өсімдік бөліктері. |
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары/ оқу бағдарламасына сілтеме/ |
1.2.1.2 өсімдіктердің негізгі бөліктерін ажырату
|
Сабақ мақсаттары: |
Барлық оқушылар: Өсімдіктердің негізгі бөліктерін ажырата алады Көптеген оқушылар: Өсімдіктердің негізгі бөліктерін ажыратып, сипаттайды Кейбір оқушылар:Өсімдіктердің негізгі бөліктерін талдап, зерттей алады. |
Бағалау критерийлері |
Өсімдіктердің негізгі бөліктерін ажыратып,сипаттайды, зерттей алады. |
Тілдік мақсаттар
|
Пәнге тән лексика мен терминология: Ағаш ,бұта,сабақ,, жапырақ, гүл,тұқым, жеміс Диалог және жазу үшін пайдаланатын сөздер мен тіркестер: - Егер өсімдіктің сабағы мен тамыры болмаса , не болар еді? -Қалай ойлайсың? Тұқым ылғал мақтада өсе ме? Неге? |
Құндылықтарды дарыту
|
Мәнгілік Ел:5. Жалпыға бірдей еңбек қоғамы Оқушыларды табиғатты сүюгетәрбиелеу |
Пәнаралық байланыстар |
Дүниетану, Сауат ашу, Көркем еңбек |
АКТ ны қолдану дағдылары:
|
https://images.app.goo.gl/c7XdDKuT5KboGPt9A https://ds05.infourok.ru/uploads/ex/124e/0001ac75-e6dfeaa5/hello_html_m6873616c.pnghttps://fhd.multiurok.ru/5/d/9/5d95b681f7ffb5e78bcc6d9ab26e2e2a Жеміс,өсімдіктер суреттері
|
Бастапқы білім: |
Өсімдік туралы біледі. |
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс - әрекет |
Ресурстар |
Сабақтың басы
5 мин |
(М.К,Ұ)Жаңа тақырыпқа ой қозғаумақсатында «ТАRSIA» әдісін қолдану. Оқушыларға конвертте суреттерқиындысын беру және оны құрастыру бойынша бүгінгі сабақтың тақырыбын ашу.Сабақтың тақырыбымен танысып болған соң нақтылау түріндегі ашық сұрақтарды қою: -Өсімдіктер неше топқа бөлінеді? -Адам өсіретін өсімдік қалай аталады? -Діңі қатты,жуан биік өсімдікті не деп атайды? - Мектебіміздің айналасында өсетін бірнеше өсімдікті ата? Демек балалар, өсімдіктер :ағаштар,бұталар,шөптер болып бөлінеді.Адам өсіретін өсімдік мәдени өсімдік. Діңі қатты,жуан биік өсімдікті ағаш дейміз.
Қиылған суреттерден мозайка құрастыру арқылы оқушыларды үш топқа біріктіру 1-топ: «Жемістер» 2-топ: «Жапырақтар»
3-топ: «Гүлдер»
|
Сұрақты конверт
Жеміс,жапырақ, гүлдің суреттері |
Сабақтың ортасы
10 мин
7 мин
2 мин
1 мин
8 мин
5 мин
2мин |
1-тапсырма:Белсенді оқу (Т) «Қорытынды шығару және есте сақтау»әдісі бойынша мәселені анықтау, түсіндіру дағдыларын қалыптастыру мақсатында пайдалану. Тапсырма: конверт ішінде әр топқа арналған тапсырмалар жинағы таратылады. Әр топ өз атауына сайкес келетін ақпарат жинайды, түсіндіреді.Бағалау барысында А,Б,Ә,В оқушыларға бөлініп жауап береді. 1-топ «Жемістер»: -Жемістердің суретін салу және бояу.Жемістің пайдасы туралы әңгімелеу. Дескриптор:Білім алушы -Суреттегі жемісті атайды -Жемістердің пайдасын әңгімелейді.
2-топ «Жапырақтар»: -Суретті талқылау.Өсімдіктің негізгі мүшелерін атау. Өсімдіктің негізгі мүшелерінің атауын сөздің бастапқы әріптерімен жазып көрсету.
Т Сабақ-С Жапырақ-Ж Гүл-Г
Дескриптор:Білім алушы -Өсімдіктің негізгі мүшелерін атайды -Өсімдіктің тамырын «Т» деп әріпімен белгілейді. -Өсімдіктердің сабағын «С» деп әріпімен белгілейді. -Өсімдіктің жапырағын «Ж» деп әріпімен белгілейді. -Өсімдіктің гүлін «Г» деп әріпімен белгілейді.
3-топ «Гүлдер»: -Гүлдің суретін салу, гүлдердің атын атау және гүлге байланысты қыздардың атын айту. Дескриптор:Білім алушы -Гүлдің суретін салады; -Түрлі гүлдердің атын атайды; -Гүлге байланысты қыздардың атын айтады. Ауызша кері байланыс: «Үш қадамдық сұхбат» әдісі (1-қадам, АӘ-дан сұхбат алады, 2-қадам, БВ-дан сұхбат алады. 3-қадам. Әр оқушыны өз жұбы туралы ақбаратпен төрт адамдық топ ішінде бөліседі).
2- тапсырма: «Тапсырма бойынша саралау тәсілі» (Ж) «Ойлан, бірік, бөліс!» әдісін пайдаланып әңгімелеу арқылы негіздеу,себебін табу, ұғымды анық,түсінікті белгілеу дағдыларын қалыптастыру. Оқушылар ойына келген жауаптарды немесе идеяларды барынша көп жазады (Ойлан). Одан кейін олар өз идеяларын әріптестерімен біріктіреді (Бірік) және соңында мұғалім бүкіл сыныптың идеяларын талқылауды бастайды (Бөліс). 1-деңгей тапсырмасы: сурет негізінде өсімдіктердің ұқсас мүшелерін атайды.
2-деңгей тапсырмасы: сурет негізінде өсімдіктердің айырмашылығын табады, түсіндіреді. 3-деңгей тапсырмасы: Егер өсімдіктің сабағы мен тамыры болмаса не болар еді? Қалай ойлайсың? Дескриптор: Білім алушы -Өсімдіктің ұқсас мүшелерін атайды; -Өсімдіктердің айырмашылығын табады, түсіндіреді; -Сұраққа жауап береді. Графикалық кері байланыс: “Сигнал картасы”
Сергіту сәті: “Жапырақтар қол соқты”
Жел улейді у-у, Құйын келіп билейді. Қатты –қатты жел соқса, Жапырақтар қол соқты.
3- тапсырма:Оқулықпен жұмыс. (МК,Т) Бақылау, зерттеу арқылы нысанды тану, қорытынды жасау (белгілері, тіршілігі, ерекшеліктері, қасиеттері) дағдыларын қалыптастыру мақсатында “Зерттеу” әдісін пайдалану. Шағын тәжірибелік жұмыс: “Мектептегі өсімдіктер” тақырыбына тиісті “Барлық өсімдіктердің бөліктері бірдей ме?” деген сұраққа жауап берілуі тиіс. Өсімдік бөліктері бейнеленген суреттерді талқылау. Шағын топта бір-бірлеріне өсімдік бөліктеріне байланыста сұрақтар қою.Өсімдік бөліктерін нөмірмен атап, суреттермен сәйкестендіру. Мысалы: - Бұл өсімдікті қайдан кезестіреміз? -Өсімдік қандай бөліктерден тұрады?
Осы жұмыстың барысында егер ауа райы қолайлы болса, далаға шығаруға болады.Ал, мүмкін болмаса, онда бөлме өсімдіктерімен сыныпта жұмыс. Қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулық жүргізу.Оқушыларға өсімдіктерді немесе олардың бөліктерін жұлуға болмайтынын ескерту.Олар өсімдіктермен жұмыс істегеннен кейін қолдарын жуу. Дескриптор:Білім алушы -Қарапайым тәжірибе жасайды. -Тәжірибенің нәтижесі бойынша қорытынды шығарады. Графикалық кері байланыс: “Сигнал картасы”
4-тапсырма.Модельдеу (Ж) “Моншақ” әдісін пайдаланып, “Жеміс — өсімдіктің бөлігі”тақырыбында сурет сызу. Сурет сызу алдында тапсырма алды сұрақтарына жауап беру: -Қандай жемістерді білесің? Аттарын ата. -Жемістердің ішінде не болады? -Тұқымдар мен жемістер несімен ерекшеленеді? -Өсімдік гүлінің орнында не пайда болады? Ойланып көр. Оқушылар сұрақтарға жауап береді. Өзіне ұнаған жемістің суретін сызады, сипаттайды.
Дескриптор:Білім алушы -сұрақтарға жауап береді; -жемістің суретін сызады Кері байланыс: «Сұхбаттасатын жұп» әдісі.
|
А4 парағы,түрлі-түсті қалам
https://ds05.infourok.ru/uploads/ex/124e/0001ac75-e6dfeaa5/hello_html_m6873616c.pngөсімдік суреті
А4 парағы, түрлі-түсті қалам.
Өсімдік суреті
https://fhd.multiurok.ru/5/d/9/5d95b681f7ffb5e78bcc6d9ab26e2e2a
Өсімдіктер суреті
Конверттегі сұрақ
Өсімдік суреттері
Жіп, А4 парағы, кірқысқыш
|
Сабақтың соңы 2 мин
|
Кері байланыс: жасыл,сары,қызыл алма суреттері
|
Алма суреттері |
Саралау - оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? |
Бағалау- оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? |
Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақталуы |
|
1-деңгей тапсырмасы: сурет негізінде өсімдіктердің ұқсас мүшелерін атайды. 2-деңгей тапсырмасы: сурет негізінде өсімдіктердің айырмашылығын табады, түсіндіреді. 3-деңгей тапсырмасы: Егер өсімдіктің сабағы мен тамыры болмаса не болар еді? Қалай ойлайсың?
|
Ауызша кері байланыс: «Үш қадамдық сұхбат» Графикалық кері байланыс: “Сигнал картасы” Қалыптастырушы бағалау: «Сұхбаттасатын жұп» әдісі. Кері байланыс: көк,сары,қызыл алма суреттері
|
Сабақ барысында техника қауіпсіздік ережесін сақтау
Сергіту сәтін орындату арқылы оқушы денсаулығын нығайтылады. |
|
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе ,неліктен? Сабақты саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды . Неліктен? |
Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз.Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз. |
||
|
|||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі / оқыту туралы да,оқу туралы да ойланыңыз / 1: 2:
Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады /оқыту туралы да,оқу туралы да ойланыңыз/ 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік қиындықтары туралы нені білдім , келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?
|
|||
амыр-Т

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген