жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ "Өсімдік бөліктері"
|
Пән: жаратылыстану Мектеп:№8 орта мектеп
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Өсімдіктер Мұғалімнің аты-жөні:Шаухар М.Б Сынып:1 |
|
|
Сабақ тақырыбы |
Өсімдік бөліктері |
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
1.2.1.2 Өсімдіктердің негізгі бөліктерін ажырату. 1.2.1.4 Өсімдіктердің тіршілігіне қажетті жағдайларды зерттеу. |
|
Сабақ мақсаттары |
Барлық оқушылар: оқушылар өсімдіктің бөліктерін таниды, өсімдіктердің тіршілігіне қажетті жағдайларды зерттей алады. Көптеген оқушылар: өсімдіктің негізгі бөліктерін ажыратады, өз пікірлерін айта алады; Кейбір оқушылар: өсімдік бөліктерінің маңыздылығын біледі. |
|
Бағалау критерийлері |
-өсімдіктердің негізгі бөліктерін атайды. -өсімдіктердің негізгі бөліктерін (тамыр, сабақ, жапырақ, гүл, жеміс) ажыратады. - Өсімдіктердің тіршілігіне қажетті жағдайларды зеріттейді. |
|
Тілдік мақсаттар |
Тамыр, гүл, сабақ, жапырақ, жеміс, тұқым. |
|
Құндылықтарды дарыту |
Оқушылардың бір- бірімен ұйымшылдықпен жұмыс істеуге тәрбиелейді (ұжымдық жұмыс жүргізгенде) |
|
Пәнаралық байланыстар |
Көркем еңбек (сәйкестендіру, жеміс тұқымдарын бояғанда), математика (саралау қарқын бойынша жеміс тұқымын санағанда) |
|
Бастапқы білім |
Өсімдіктер тірі ағзалар Өсімдік топтарын (ағаш, бұта, шөп) ажырата алады. Мәдени, жабайы өсімдіктерді ажырата алады |
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
|
||
|
Сабақтың басы 2 мин 1 мин 2 мин 5 мин |
Сабақ басында: Психологиялық ахуал: (әуен ойнап тұрады) -балалар көзімізді жұмайық. Оздеріңді әдемі табиғат аясында жүрмін деп елестетіңіз. Табиғаттың ең әдемі бөлшегі не? -әрине гүлдер. Осы құлпырған әдемі гүлдерге ұқсағыларын келе ма? Ендеше қолдарымызды жоғары көтеріп, саусақтарынның арасын ашыңдар. Қандай өсімдікті бейнеледік? Ойын «Шындық па, жалған ба» айтқан тұжырымдарға –ия -жоқ деп жауап береді. *Діңі қатты, жуан, биік өсімдікті ағаш деп атайды. (ия) *Бұтақтары жіңішке, ұсақ, аласа өсімдіктерді шөп дейміз. (жоқ) *Жіңішке әрі жұмсақ сабақтары бар өсімдіктерді шөп деп атайды. (ия) *Адам мәдени өсімдіктерге күтім жасайды. (ия) *Жабайы өсімдіктер күтімді қажет етпейді. (ия) Бағалау критерийі 1. Өсімдіктердің негізгі бөліктерін атайды. «Құпия зат» әдісі бойынша оқушыларға гүлдің сабағын және жапырағын көрсетемін. Олардан оның не екенін және бүгінгі сабақпен қалай байланысқанын анықтауды сұраймын
М. Ендеше бүгін біз өсімдік мүшелерімен танысамыз Оқулықпен жұмыс 1-тапсырма. «Суреттер.Не болды?» әдісі ҰЖ. Өсімдік бөлігін көрсет және ата
Дескриптор: -өсімдік бөлігін көрсетеді; -өсімдік бөлігін атайды; -оларды сәйкестендіреді. Түсінбедім Сұрағым бар Түсіндім
|
Гүлдің сабағы, жапырағы Оқулық |
|
||
|
Сабақтың ортасы 4 мин 7 мин 4 мин 5 мин 8 мин |
Бағалау критерийі 2. Өсімдіктердің негізгі бөліктерін(тамыр, сабақ, жапырақ, гүл, жеміс) ажыратады. 1-тапсырма. Сәйкестендіру ӨЖ. Өсімдік бөліктерінің атауларын атау, сәйкестеніру .
Дескриптор: -өсімдік бөлігін еске түсіреді; -бөліктерін сәйкестендіреді. Саралау (қарқын бойынша) -Жемістің ішіндегі тұқым саны нешеу? -Олардың пішіні мен мөлшері қандай? Саралау (модельдеу бойынша )
Кері байланыс
2-тапсырма. «Сәлемдеме жіберіңіз» әдісі ҰЖ. Жемістердің ішінде не болады? Тұқымдар мен жемістер несімен ерекшеленеді? Өсімдік гүлінің орнында не пайда болады? Дескриптор: -сәлемдемемен танысады; - сәлемдемеде берілген сұрақтарға жауап береді; Саралау.(Диалог және қолдау көрсету) Кері байланыс «Бағдаршам» арқылы
3-тапсырма. «Тұқымын тап» ойыны Ж Ж. Әр жемістің атауын сәйкес суретпен байланыстырып сыз және әр жемістің тұқымдарының суретін салып, оларды боя
Дескриптор: -жеміс атауын суретпен сәйкестендіреді; -жеміс тұқымдарының суретін салады; -оларды тиісінше бояйды. Бағалау. Смайликтер арқылы Қалыптастырушы бағалау. Жеке Ж.Суреттегі өсімдіктерге мұқият қараңыз. Өсімдіктердің ұқсас мүшелерін атаңыз. Бос орынға тамыры, сабағы, жапырағы және гүлі, жемісі бар өсімдіктің суретін салыңыз
Дескриптор: -өсімдіктердің ұқсас мүшелерін атайды. -өсімдіктің негізгі бөліктерін көрсетіп, сурет салады. Кері байланыс «Бас бармақ» әдісі арқылы Бағалау критерийі 3. Өсімдіктердің тіршілігіне қажетті заттарды зеріттейді. «Біз зерттеушіміз» «Тұқымның өнуі» зерттеу жұмысы. Балаларға 3 күндік және 6 күндік тұқымды алдын-ала егіп алып келіп көрсетемін.
Дескриптор: -өсімдік тіршілігіне қажетті заттарды атайды -Зерттеу жұмысына қажетті заттары анықтайды; -тұқымның өнуін зерттейді; -3 күннен кейінгі , 6 күннен кейінгі тұқымның суретін салады. Саралау (қорытынды) -тұқым мақтада өне ме? -неге? Бағалау смайликтер арқылы жүргізіледі. |
Жұмыс дәптері Ақ қағазға бірнеше рет оралған алма Үлестірмелер Үлестірмелер Шағын ыдыс, мақта, тұқым,стақан, су. |
|
||
|
Сабақтың соңы 2 мин |
Кері байланыс Сынып ортасына екі текше қойылады. Оқушылар өз орындарын табады. «Мен өсімдіктің барлық бөліктерін атай аламын»-деген оқушылар биік текшеге отырады. «Маған әлі де өсімдіктің бөліктері туралы оқып-білу керек»-деген оқушылар төменгі текшеге отырады |
|
|
||
|
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? |
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? |
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы |
|
||
|
Саралау. Диалог және қолдау көрсету Жемістердің ішінде не болады? -Мысалы алманың ішінде, шиенің ішінде не кездеседі? - оларды не дейміз? -тұқым дегеніміз қандай болады? -жеміс дегеніміз қандай болады? -тұқымды жей аламыз ба? -жемісті ше? «Сәйкестендіру» бойынша жұмыста Саралау (қарқын бойынша) -Жемістің ішіндегі тұқым саны нешеу? -Олардың пішіні мен мөлшері қандай? Саралау (модельдеу бойынша )
«Біз зерттеушіміз» зерттеу жұмысында. Саралау (қорытынды) жүргіземін -тұқым мақтада өне ме? -неге? |
«Суреттер. Не болды?» әдісінде «Түсінбедім, Сұрағым бар, Түсіндім» смайликтері арқылы бағалаймын.
«Сәйкестендіру»
әдісінде оқушылармен ауа-райы
құбылыстарына байланысты кері байланыс
жүргіземін. «Сәлемдеме жіберіңіз» әдісінде «Бағдаршам» арқылы кері байланыс жүргіздім Қызыл түс-түсінген жоқпын. Сары түс-әлі де сұрақтарым бар. Жасыл түс-барлығы түсінікті.
«Тұқымын тап» ойынында смайликтер арқылы бағалаймын
Өте жақсы Жақсы Орташа
Қалыптастырушы
бағалау тапсырмасын «Бас бармақ» әдісі
арқылы бағалаймын. «Тұқымның өнуі» зерттеу жұмысында
Өте жақсы Жақсы Орташа |
Жемістерді бояған кезде түрлі-түсті қарындашпен жұмыс істегенде қауіпсіздік ережесін сақтау. Адамның көзіне қарай қарындашты нұсқамау. |
|
||
|
Сабақ бойынша рефлексия |
Сабақ мақсатына жетті. Оқу мақсаты бойынша оқушылар өсімдік бөліктерін ажырата алады. Оқушылардың барлығы жеміс бөліктері:жеміс, тамыр, тұқым, сабақ, гүл туралы біледі. Сабағымның сәтті өткен тұсы «Сәлемдеме жіберіңіз» әдісі бойынша жүрген ойын. Оқушылар ойынға белсене, қызығушылықпен атсалысты. Осы жерде саралау (диалог және қолдау) жүргізгенім оқушыларға тиімді болды. Бір кемшілік жемісті жасырғанда газетпен орамай, гофрированный бумагамен ораған және сауалды соған бекіту тиімдірек екен. Сабақтың уақыты бекітілген уақыт бойынша өтті. «Суреттер. Не болды?» әдісі бойынша орындалған тапсырмада кішкене қиыншылықтар туындады. Кейбір оқушылар тұқым мен жемісті ажыратуда шатасты. Оқушылар тапырманы орындағанда шаршап қалады, осыған орай бір минут уақытты алатындай сергіту сәтін ұйымдастыру керек. |
||||
|
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі 1: «Тұқымын тап» ойыны. Оқушылар жемістің тұқымдарының суретін салып, оларды тиісті түстеріне сай бояйды. 2: Кері байланыс. Сынып ортасына екі текше қойылады. Оқушылар өз орындарын табады. «Мен өсімдіктің барлық бөліктерін атай аламын»-деген оқушылар биік текшеге отырады. «Маған әлі де өсімдіктің бөліктері туралы оқып-білу керек»-деген оқушылар төменгі текшеге отырады Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады 1: Келесі сабақта сергіту тапсырмасын қосар едім. 2:Зертеу әдісін жүргізгенде өзім 3 күндік, 6 күндік тұқымды алып келіп көрсету керек еді. Сабақ барысында үлгерімі төмен оқушылармен жақсы оқитын оқушыларды бірге отырғызуға көңіл бөлуім керек. |
|||||











Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген