жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ Өсімдік бөліктері 2 сынып
|
Мектеп:Алтынбике Бертаева атындағы орта мектеп КММ |
Мұғалімнің аты-жөні:Махирдинова З |
|
Сынып: 2 сынып |
Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: |
Сабақ тақырыбы |
Өсімдік бөліктері |
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
1.2.1.2 өсімдіктердің негізгі бөліктерін ажырату. 1.1.2.1.қоршаған әлем құбылыстарын бақылау жүргізу. |
Сабақ мақсаттары |
Барлық оқушылар:өсімдіктердің негізгі бөліктері туралы біледі және ажыратады Көптегеноқушылар: Алған білімдерін өмірде пайдаланады. Кейбір оқушылар :Қоршаған әлем құбылыстарына бақылау жүргізеді,зерттей алады. |
Бағалау критерийлері |
Өсімдіктердің негізгі бөліктерін атайды,мысал келтіреді. Қоршаған әлем құбылыстарын бақлау жүргізе алады. |
Тілдік мақсаттар |
Тыңдалым/айтылым Өсімдік бөлшектері туралы бейнежазба Өсімдіктер бөліктерінің қызметтерін анықтайды,зерттеу жүргізеді. Термин сөздер Өсімдік-растение-plant Бөліктері-части-plant parts Жазылым Өсімдіктің бөлшектерін көрсетеді. Талқылауға арналған сұрақтар: Өсімдіктер қандай топтарға бөлінеді? Өсімдік бөліктері туралы не білесің? Егер өсімдіктің сабағы мен тамыры болмаса ,не болар еди? Қалай ойлайсын?
|
Ойлау деңгейлері |
Білу,түсіну,қолдану |
Құндылықтарды дарыту |
Мәңгілік ел,бұл Тәуелсіздік және Астана Оқушыларды бір- біріне деген құрмет көрсетуге тәрбиелеу |
Пәнаралық байланыстар |
Дүниетану-өсімдіктерге зерттеу жүргізеді Көркем еңбек-өсімдіктердің сүретін салады |
АКТ қолдану дағдылары |
Интерактивті тақта |
Бастапқы білім |
Өсімдіктердің түрлерін біледі |
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
||
Сабақтың басы |
Психологиялық ахуал.Шаттық шеңберге тұрып, досына тілек айтады. Саралаудың «Жіктеу» әдісі арқылы топқа бөле отырып ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Мақсаты:Оқушыларды жіктеу әдісі арқылы топтарға бөле отырып ұйымшылдыққа тәрбиелеу 1-топ- шөптер 2-топ-ағаштар 3-топ-бұталар Өсімдіктер қандай топтарға бөлінеді? Әр топ қорғайды. |
|
||
Сабақтың ортасы
Сергіту сәті |
Оқушыларға бейнежазба көрсетіледі. Мақсаты оқушыларға бейнежазба көрсету арқылы ойлау қабілеттерін дамыту. «Сұрақ-жауап» тәсілі арқылы жетелеуші сұрақтар қою 1-топ.егер өсімдіктің тамыры болмаса не болар еді? 2-топ.егер өсімдіктердің сабағы болмаса не болар еді? 3-топ.жапырағы болмаса не болар еді? Осы сұрақтарға жауап бере отырып ,ой түйеді. .Өсімдік мүшелеріне-тамыр,гүл,сабақ,жапырақ,жеміс,тұқым жатады. Сабақ-өсімдіктің барлық мүшелерін байланыстырады. Тамыр-өсімдікке қорек береді. Жапырақ-өсімдіктің тыныс алатын басты мүшесі. Өсімдікте-тұқым,гүлі,жемісі болады. Дескриптор Өсімдіктердің бөліктері маңызды екенін және белгілі бір қызмет атқаратынын біледі. ҚБ«Бас бармақ »тәсілі арқылы бір- бірін бағалау. 1-тапсырма Жұптық жұмыс .Дәптермен жұмыс. Белсенді оқытудың «Түртіп алу»тәсілі арқылы сүретпен жұмыс жүргізіледі. Сүретке қара.өсімдіктің бөліктерін көрсет және ата. Өсімдіктің негізгі мүшелерінің атауын сөздің бастапқы әріптерімен жазып көрсет. Т-тамыр,Г-гүл,Ж-жапырақ,Ж-жеміс.Т-тұқым,С-сабақ.
Қарқыны жылдам жүптарға қосымша тапсырма беріледі. Карточка Дескриптор -Өсімдіктің негізгі мүшелерін атайды. -Негізгі бөліктерін әріппен белгілейді. .ҚБ « Смайликтер »тәсілі 2-тапсырма(Т) Топтық жұмыс. Белсенді оқыту әдісінің «Ойлан,талқыла,бөліс»тәсілі арқылы әр топқа жемістер сүретін беру. Жеміс-өсімдіктің бөлігі. 1-топ:алманың сүреті 2-топ:шиенің сүреті 3-топ:қарбыздың сүреті -Жемістердің ішінде не болады? -Сүреттегі тұқымдар мен жемістер несімен ерекшеленеді? -Өсімдік гүлінің орнына не пайда болады? «Кездейсоқ оқушы» тәсілімен әр топтан бір оқушы әңгімелейді. Саралаудың «Диолог және қолдау көрсету»тәсілі(қолдау қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады) Мақсаты:қолдау қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қою
Дескриптор -Жемістің ішінде не болатынын тауып,айтады. -Тұқымдар мен жемістердің ерекшелігін ажыратады. ҚБ:«Бағдаршам»әдісі арқылы
Белсенді оқыту .Зерделеу және зерттеу әдісі. (Ұ)Зерттеу жұмысы. -Тұқым қалай өнеді? Тұқым ылғал мақтада өсе ме?Неге? Осы сұрақтың жауабын табайық. Кез келген тұқымды алып,тәрелкеге мақта салып оны дымқылдау қажет. Дымқыл мақтаның үстіне тұқымды салып ,бетін жабамыз. Біраз күннен кейін ол өнеді.Тұқым өнуі үшін ылғал керек. Тұқымдың өнуіне қажет жағдайлар: Су-өнуге,шығымдылығын сақтауға,бөртуіне қажет. Жылу- өнуге қажет. Ауа-тыныс алуын жылдамдатады. Дескриптор Тұқым қалай өнетінін анықтайды.
3-тапсырма Белсенді оқыту.Түсіндіру және сипаттау әдісі арқылы топпен жұмыс 1-топ «Мозайка»құрастырады Оқушылар бөліктерді ретімен орналастыру арқылы өсімдік құрылысын құрастырады және қорғайды. Дескриптор -өсімдік бөліктерін ретімен орналастырады -өсімдік құрылысын құрастырады 2-топ Зерттеуші Тұқым қалай өседі ?Тұқым ылғал мақтада өсе ме?Неге? Дәлелдейді. Тұқым қалай өсетінін дәлелдей алады. 3-топ Сүретшілер Бөлмеде өсетін өсімдіктерге мұқият қарап ,олардың бөліктерін сүрет салу арқылы атайды және қорғайды. Бөлме өсімдіктің сүретін салады және бөліктерін айтып береді. Мақсаты сыни ойлауды дамыту.
ҚБ « 3-шапалақ »әдісі |
https://infourok.ru/simdikter-blikteri-sinip-3254915.html
|
||
Сабақтың соңы |
Кері байланыс Белсенді оқытудың «Қорытынды жасау және есте сақтау»әдісі .
- Оқушылар жасыл,қызыл,сары стикерлерді жабыстырады.
|
|
||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? Саралаудың «Диолог және қолдау көрсету»тәсілі(қолдау қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады)
Қарқыны жылдам жүптарға қосымша тапсырма беріледі.
|
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? ҚБ«Бас бармақ »тәсілі арқылы бір- бірін бағалау ҚБ « Смайликтер »тәсілі ҚБ:«Бағдаршам»тәсілі арқылы
ҚБ « 3-шапалақ »әдісі |
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы Сергіту сәті Денсаулық сақтау технологиясы |
||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген