Ашық сабақ "Өсімдік мүшелері" 2 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ "Өсімдік мүшелері" 2 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
өсімдік мүшелері және оның атқаратын қызметі, тамыр туралы түсінік қалыптастыру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін: Қарағойшина Г.Ж. 2-тоқсан 5-сабақ

Пәні:Дүниетану

Сабақтың тақырыбы: Өсімдік мүшелері. Тұқым.

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: өсімдік мүшелері және оның атқаратын қызметі, тамыр туралы түсінік қалыптастыру; өсімдіктің қоршаған ортаға пайдасы, адам өміріне маңызы және экологиялық тәрбие негіздерін қалыптастыру.

Дамытушылығы: оқушылардың ақыл – ойын, есте сақтау, ойлау, тіл байлықтарын, танымдық белсенділіктерін дамыту.

Тәрбиелігі: оқушыларды ұйымшылдыққа, тазалыққа, еңбекқорлыққа, табиғатты сүюге, аялауға тәрбиелеу.

Түрі: жаңа сабақты меңгерту.

Әдісі: сұрақ – жауап, түсіндіру, талдау, топтастыру, топтық жұмыс, 5 жол өлең әдісі, семантикалық карта.

Пәнаралық байланыс: Ана тілі, бейнелеу.

Көрнекілігі: суреттер, сызбалар.


Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

а). сабаққа дайындық.

ә). Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Психологиялық дайындық.

Біз балдырған баламыз, 
Құстай қанат қағамыз. 
Дүниені аралап, 
Оқып білім аламыз. 
ІІ. Өткен материалды қайталау

(үй тапсырмасын сұрақ – жауап арқылы қорытындылау).

- Балалар, мына күн, ай, жұлдыз, су – бұлардың бәрін бір сөзбен қалай атаймыз?

- Табиғат нешеге бөлінеді?

- Тірі табиғатқа жататындарды ата.

- Өлі табиғатқа жататындарды ата.

- Үйге қандай тапсырма берілді?

Күлтешелерде жазылған сұрақтарға жауап бере отырып, күлтеше құрау.

  • Балалар, сендер үй тапсырмасын жақсы орындап келіпсіңдер. Мен де сендерге бір қызық ертегі дайындап келдім. Ертегі тыңдағыларың келе ме?

  • Ерте ерте ертеде жер бетіндегі өсімдік атаулы бір – бірінен аулақта өмір сүріпті. Құлпырған ағаштарда, тырбиған бұталар да, жап – жасыл шөптер де Табиғат Ананың балалары екен. Ағаштар «Мен биікпін, адамға көп пайда келтіремін» деп мақтануға құмар екен. Ал, шөптер болса, тым ерке болады. Олар жыл сайын тұрақайырбастап, ойға да, қырға да өсе береді екен. Балаларының бәрі мақтаншақ, ерке болмасын деп, Табиғат Анан бұталарды шөлге өсіреді.

Бір күні қатты жел соғып, дауыл тұрып, өсімдік атауларының бәрі опырылып ағаштар сынып шөптер жапырылып қалыпты. (Дауылдың дыбысы естіледі).

Сонде емен ағашы ғана аман қалған екен

Содан кейін Табиғат Ана:

  • Емен, сен бас болып, бауырларыңды ығыңа ал. Бәрің бір жерде өсіңдер. Аң, құс атаулыдан көмектеріңді аямаңдар. Менің ең жақын досым – Адам. Адамдар сендерге көмектеседі. – деді.

Міне содан бері, Табиғат Ананың балалары - ағаштар, бұталар, шөп текті өсімдіктер адамдармен мәңгілік дос болып, бір- бірінен ажырамапты.

  • Балалар ертегі ұнады ма?

  • Табиғат Ананың балалары нелер екен?

  • Дауылдан аман қалған қайсысы?

  • Барлығына бас көз болуды неліктен емен ағашына тапсырды деп ойлайсың?

  • Ал бұта мен шөптің ше?

  • Кім салыстырып береді?
    ІІІ.Жаңа сабақ

Кіріспе сөз.

Өсімдік мүшелері және оның атқаратын қызметі жайлы түсінік беру. Тамыр – оның түрлері жайлы сурет арқылы түсіндіру. Сонымен бірге өсімдіктің тірі – ағза екенін айта отырып, еліміздің, қаламыздың көркеюіне, ауаның таза болуына Елбасымыз ерекше көңіл бөліп отырғанын айту. Қазіргі табиғаттың, экологияның нашарлап, орман алқаптарында өсімдіктердің азаюына байланысты мемлекеттік “Жасыл ел ” бағдарламасының орны ерекше. Елбасымыздың бағдарламасы бойынша қаланы көркейту, жыл сайын ағаштар отырғызу жұмыстары алға қойған мақсаттардың бірі болып отыр.


  1. Топтастыру. (өсімдік мүшелерін суреттер арқылы топтау).

Өсімдік мүшелері

Сабақ

Жапырақ

Гүл

Жеміс

Тұқым

Тамыр


Тамыр - өсімдіктің негізгі және жер астындағы мүшесі. Ол өсімдікті топырақта бекітіп ұстайды және топырақтағы ылғалды бойына сіңіреді. Тамыр арқылы өсімдік қорек алады.

  • Қазір біз тамаша өсімдіктер әлеміне тап болып, олардың құпиясын ашуға тырысамыз. Дұрыс бақылап жүрсең, көп нәрсені білесің.

1-құпия. Өсімдіктер сан жағынан адамдардан да көп. Неге олай ойлайсың?

2-құпия. Өсімдіктер алуан түрлі, бірақ олардың барлығына тән ұқсас бөлігі болады.

  1. Оқулықпен жұмыс.

Мәтінді тізбектей оқушыларға оқыту.


3) Дәптермен жұмыс.

Тамыр түрлері

Тік тамыр

Ұзын тамыр

Шашақ тамыр


4) Сергіту сәті:

Жел тұрды,

Жапырақтар тербелді.

Жаңбыр сіркіреді,

Жаңбыр құйып кетті.

Жаңбыр басылды,

Күн ашылды.


5) Топтық жұмыс.

1 – қатар - Өсімдіктің табиғатқа, адам өміріне пайдасы.

2 – қатар - Өсімдік туралы әңгіме жазу.

3 – қатар - Өсімдіктің суретін салу.


6) Семантикалық карта.

Атаулар ------------ Өлі табиғат ---- Тірі табиғат

Аспан

Адам

Жер

Арыстан

Гүл

Жануар

Ай

Өсімдік

Дәрігер

Көл


7) “ Бес жол өлең ” құрастыру.

1. Не? Гүл.

2. Қандай? Әдемі, хош иісті.

3. Не істейді? Өседі, гүлдейді, қурайды.

4. Сөйлем. Гүл адамға қуаныш сыйлайды.

5. Мәндес сөз. Өсімдік.


ІҮ. Сабақты қорытындылау.

Өсімдіктердің мүшелері және оның атқаратын қызметі жайлы, тамырдың түрлерімен таныстық.

Табиғатсыз адамдардың күні жоқ,

Мұны айтуға табиғаттың тілі жоқ, - деп ақын ағаларымыз жырлағандай,

табиғатты, өсімдіктер мен жан – жануарларды қорғап, аялайық.

Ү. Бағалау. Мадақтау.

ҮІ. Үйге тапсырма: мәтінді оқу, табиғаттың суретін салу


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
13.01.2019
969
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі