400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Өсімдік мүшелері" 2 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал бастауыш сынып ұстаздарына қажет.Дүниетану пәнінен сабақ өткізерде әдістемелік құрал ретінде қолдануға болады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пән/ Предмет/ Subject: дүниетану

Мұғалім/Учитель/Teacher:Елеубекова Айжан Болатбековна

Сынып/ Класс/ Klass: 2«Ә»

Күні/ Дата/ Date:08.12.

Сабақтың тақырыбы/Тема урока/ Theme:Өсімдік мүшелері

Мақсаты/Цели урока/ Objectives:

Оқушыларды жеке,жұптық,топтық жұмыстар жасау арқылы жаңа тақырыпты меңгеруге ықпал ету.

Сабақтың міндеттері:

1.өсімдік мүшелері және олардың атқаратын қызметі туралы түсінік қалыптастыру; өсімдіктің қоршаған ортаға пайдасы, адам өміріне маңызы және экологиялық тәрбие негіздерін қалыптастыру.
2.оқушылардың ақыл – ойын, есте сақтау, ойлау, тіл байлықтарын, танымдық белсенділіктерін дамыту.
3.оқушыларды ұйымшылдыққа, тазалыққа, еңбекқорлыққа, табиғатты сүюге, аялауға тәрбиелеу.

Қолданылған модульдер: 1.Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер.2.Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.3.Оқыту үшін оқуда АКТ-ны пайдалану.4.Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу.5.Талантты және дарынды балаларды оқыту.6.Оқытуы басқару және көшбасшылық.7.Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.

Стратегиялар:ойлан-жұптас-бөліс,ой толғаныс,миға шабуыл, сұрақ – жауап, түсіндіру, талдау, топтастыру, топтық жұмыс,өзін-өзі бағалау.

Түрі: жаңа сабақты меңгерту.

Пәнаралық байланыс: ана тілі, бейнелеу.


Көрнекілігі: суреттер, сызбалар,презентация.







Сабақтын барысы/ Ход урока/ The lesson’s going:

Психологиялық ахуал

Психологиялық дайындық

Қане,балалар көзімізді жұмып,арман ойлайық.

-Осы арман тілектерін орындалу үшін не істеу керек?


-Олай болса бүгінгі сабақта «Ғажайыпстанға» саяхатқа шығамыз.Поезд билеттері арқылы топқа бөліну.

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

Өткен тақырыпты еске түсіру. (сұрақ – жауап арқылы).

Елдос:
-Балалар, өсімдіктердің құпиясы туралы тереңірек білу үшін Білімпаз атаға бара жатқанбыз. Алдымыздан мыстан кемпір шықты да, бізді жолдан адастырып жіберді.Көмектесесіңдер ме? Ол үшін бірнеше сұраққа жауап беріңдер.
- Табиғат дегеніміз не?
- Табиғат нешеге бөлінеді?
- Тірі табиғатқа жататындарды ата.
- Өлі табиғатқа жататындарды ата.
Үй тапсырмасын тізбектей сұрау.
(үй тапсырмасын сұрақ – жауап арқылы қорытындылау).
Жаңа сабақты меңгерту.


Өсімдік мүшелері және оның атқаратын қызметі жайлы түсінік беру. Тамыр – оның түрлері жайлы сурет арқылы түсіндіру. Сонымен бірге өсімдіктің тірі – ағза екенін айта отырып, еліміздің, қаламыздың көркеюіне, ауаның таза болуына Елбасымыз ерекше көңіл бөліп отырғанын айту. Қазіргі табиғаттың, экологияның нашарлап, орман алқаптарында өсімдіктердің азаюына байланысты мемлекеттік “Жасыл ел ” бағдарламасының орны ерекше. Елбасымыздың бағдарламасы бойынша қаланы көркейту, жыл сайын ағаштар отырғызу жұмыстары алға қойған мақсаттардың бірі болып отыр.
Сөздікпен жұмыс

Тамыр – корень – root

Сабақ – стебель – stem

Жапырақ – лист – leaf

Жеміс – фрукты – fruit

Аяжан:

-Елдос екеуміз сендерге риза болып келе жатырмыз. Себебі, тапсырмаларды дұрыс орындап келе жатырсыңдар.


Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.

Мағынаны тану

Оқулықпен жұмыс

1-топ Тамыр (55-бет)

2-топ Сабақ(57-бет)

3-топ Жапырақ(59-бет)

4-топ Жеміс(63-бет)

Топтастыру. (өсімдік мүшелерін суреттер арқылы топтау).
Өсімдік мүшелері

Сабақ
Жапырақ
Гүл
Жеміс
Тұқым
Тамыр

Тамыр - өсімдіктің негізгі және жер астындағы мүшесі. Ол өсімдікті топырақта бекітіп ұстайды және топырақтағы ылғалды бойына сіңіреді.
Тамыр арқылы өсімдік қорек алады.


Сергіту сәті

Сергіту сәті:
Жел тұрды,
Жапырақтар тербелді.
Жаңбыр сіркіреді,
Жаңбыр құйып кетті.
Жаңбыр басылды,
Күн ашылды.

Ой сергітеді,шашағандары

басылады

Ой толғаныс

Дәптермен жұмыс

«Егерде мен өсімдік мүшесі болсам...» тақырыбында эссе жазу.


Елдос пен Аяжан:

-Рахмет,балалар,жарайсыңдар!

1.Өсімдік қандай ағзаға жатады?

А)өлі

Б)дара

С)тірі

 2.Өсімдіктің жер асты мүшесі?

А)тамыр

Б)сабақ

С)жеміс

 3.Өсімдіктің қорек жеткізетін мүшесі?

А)тамыр

Б)сабақ

С)жапырақ

4.Өсімдіктің оттегін бөліп шығаратын мүшесі?

А) жапырақ

Б) тамыр

С)сабақ

 5.Өсімдіктің біз пайдаланатын мүшесі?

А)тамыр

Б) сабақ

С)жеміс

Графикалық диктант жауабы:М әрпі

-Балалар,біз мектебімізге де оралдық.

Сабақты қорытындылау.
Өсімдіктердің мүшелері және оның атқаратын қызметі жайлы, тамырдың түрлерімен таныстық.
Табиғатсыз адамдардың күні жоқ,
Мұны айтуға табиғаттың тілі жоқ, - деп ақын ағаларымыз жырлағандай,
табиғатты, өсімдіктер мен жан – жануарларды қорғап, аялайық.


Үйге тапсырма

Үйге

55-64 бет оқу,

өсімдіктерге байланысты

5-жұмбақ жазып,жаттап келу.


Күнделіктеріне жазып алады.

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

Рефлексия

Сендерге бүгінгі сабақ ұнады ма?

Қандай тапсырманы орындағанда

сендерге қиындық туғызды?

Қандай тапсырма сендерге

қызықты болды?


Стикерлерге жазып,жабыстырады










Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
01.04.2019
1118
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі