400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Өсімдік тіршілігіне не қажет? 1-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып мұғаліміне арналған Жаратылыстану пәнінен ашық сабақ
Материалдың қысқаша нұсқасы


Қысқа мерзімді жоспар


Пән: Жаратылыстану


Мектеп: № 11 о/м

Сабақтың тақырыбы: Өсімдік тіршілігіне не қажет?

Мұғалімнің аты-жөні: Қосанова М.

Сынып: 1

Қатысқандар саны:

20

Қатыспағандар саны:

-

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.2.1.4 өсімдіктердің тіршілігіне қажетті жағдайларды зерттеу;

1.1.1.1 қоршаған әлем құбылыстары, үлестері мен нысандарын зерттеудің қажеттілігін зерттеу.

Сабақтың мақсаттары


Барлық оқушылар орындай алады: өсімдіктердің түрлерін ажырата алады;

Оқушылардың көпшілігі орындай алады: өсімдікке өсу үшін қандай жағдайлар қажет екенін;

Кейбір оқушылар орындай алады: өсімдіктердің өсу жағдайларын модельдеп,зерттей алады;

Тілдік мақсаттар


  • Тақырыпқа байланыстытірек тірек сөздерге сөздік жұмысын жүргізеді;

  • Жылу, су, жарық, ауа, қоректік заттар;

  • Су – вода – water

  • Ауа – воздух – air

  • Жылу – тепло – heat

  • Жарық – свет – light


Құндылықтарға баулу

Жауапкершілік, сыйластық, өзара түсіністікті қалыптастыру

Пәнаралық байланыс

Дүниетану,көркем еңбек

Алдыңғы оқу

Оқушылар алдыңғы сабақта алған білімдеріне сүйенеді

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері


Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

Оқушыларға ынтымақтастық ахуал ұйымдастыру

Біз гүлдерше өсеміз,

Жапырағы жайқалып.

Сабақтары салалы

Желмен бірге жайқалып.


Сабақтың ортасы

30 минут



















Оқушыларды 4 топқа бөлу:

  • Жарық;

  • Су;

  • Жылу;

  • Ауа.

(Т) Әрбір топқа өздеріне түскен қажетті жағдайдың өсімдіктер тіршілігі үшін ең маңызды екендігі туралы сөз дайындауды ұсыну.

( Т) Әр түрлі табиғи және климаттық жағдайларда өсетін өсімдіктердің суреттерін оқушыларға қарап шығуға ұсыныс жасау.



Дескриптор: өсімдіктерге өсу үшін су, жарық, жылу, ауа және қоректік заттар қажет екенін анықтайды.

Тірек сөздерді үш тілде айтады

  • Су – вода – water

  • Ауа – воздух – air

  • Жылу – тепло – heat

  • Жарық – свет – light


Ширату. «Гүл қалай өседі?» бейне ролик

таныстырылымы болып,оқушылардан өз ойлары сұралады.


Топтық жұмыс.

1-топ

Өсу үшін өсімдікке не қажет? Тиісті сөздерді тауып, суретпен байланыстырып

сызыңыз.

СУ ЖАПЫРАҚ АУА ҚОРЕК ЖЫЛУ КӨЛЕҢКЕ ЖАРЫҚ ТОПЫРАҚ

Дескриптор:

    • өсімдіктердің тіршілігіне қажетті жағдайларды анықтайды;

    • тиісті сөздерді тауып, суретпен байланыстырып сызады.




2-топ

Суретке мұқият қараңыз. Қай өсімдіктердің қандай жағдайда өскенін анықтап, сәйкес сөздермен байланыстырып сызыңыз және түсіндіріңіз.

ЖАРЫҚ ЖЕРДЕ СУСЫЗ ЖЕРДЕ ҚАРАҢҒЫ ЖЕРДЕ

Дескриптор:

  • өсімдіктердің қандай жағдайларда өскенін анықтайды және тиісті сөздермен байланыстырады.


3-топ

Суретке мұқият қараңыз. Өсімдіктің негізгі мүшелерін атаңыз. Өсімдіктің негізгі

мүшелерінің атауын сөздің бастапқы әріптерімен жазып көрсетіңіз: тамыр – Т,

сабақ – С, жапырақ –Ж, гүл – Г, Жеміс – Ж.


Дескриптор:

  • өсімдіктің негізгі мүшелерін атайды;

  • өсімдіктің тамырын «Т» әрпімен белгілейді;

  • өсімдіктің сабағын «С» әрпімен белгілейді;

  • өсімдіктің жапырағын «Ж» әрпімен белгілейді;

  • өсімдіктің гүлін «Г» әрпімен белгілейді;

  • өсімдіктің жемісін «Ж» әрпімен белгілейді.


4-топ

Суреттерге мұқият қараңыз. Ағаштарды жасыл, бұталарды қызыл, шөптекті

өсімдіктерді көк түсті қарындашпен қоршап сызыңыз.




Дескриптор:

    • өсімдіктердің түрлерін таниды;

    • өсімдіктердің түрлерін сәйкес түспен белгілейді.


(Ұ)Ұзақ мерзімді зерттеу жұмысы

Өсімдіктерге қажетті жағдайларды анықтау үшін қарапайым тәжірибе жасап көріңіз.

Ол үшін:

1. Үш түрлі бөлме өсімдігін таңдап алыңыз.

2. Олардың екеуін жарық жерге, үшіншісін қараңғы жерге қойыңыз.

3. Жарық жердегі өсімдіктердің біреуін мүлдем суармаңыз.

4. Қараңғы жердегі өсімдікке күтім жасап жүріңіз.

5. Оларды бірнеше күннен кейін салыстырып көріңіз.

6. Нәтижесін сипаттаңыз.

Дескриптор:

  • бөлме өсімдіктерімен қарапайым тәжірибе жасайды;

  • тәжірибенің нәтижесін салыстыра отырып, сипаттайды.





















Үлестірме қағаздары





















АКТ

https://www.youtube.com/watch?v=x1exzwhlzBA






Үлестірме қағаздары











































































Бөлме өсімдігі


Сабақтың соңы

5 минут

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізіледі:

Сіз өзіңіздің бүгінгі сабақта түсінгеніңізді қаншалықты бағалайсыз?Блоб ағашынан өзіңізді таңдап, бояңыз.

«Блоб» ағашы


Қосымша ақпарат

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы


Өсімдіктердің тіршілігіне қажетті жағдайлар туралы айтуда қиналатын оқушыларға көмекші сұрақтар беру

Оқушылардың өсімдік тіршілігіне қажетті жағдайларды білуі бағаланады.

Өсімдік тұқымдарын өндіру кезіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау



















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
20 қараша
777
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі