400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Өсімдіктер - тірі ағзалар" 1 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал жаңартылған білім мазмұнындағы жаңа қысқа мерзімді жоспар үлгісі бойынша жазылған. 1 сынып мұғалімдеріне және оқушыларына пайдасы мол.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар

Пәні: Жаратылыстану

Сынып: 1

Мектеп: № 73 Ө.Жәнібеков атындағы мектеп-гимназия

Күні: 23. 06. 2017 ж

Сабақтың тақырыбы: Өсімдіктер –тірі ағзалар

Мұғалімнің аты-жөні: Эркабаева Г.

Қатысқандар:


Қатыспағандар саны:

Ұзақ мерзімдегі оқу мақсаты

1.2.1.2 өсімдіктердің негізгі бөліктерін ажырату

1.2.1.3 жабайы өсімдіктер мен мәдени өсімдіктерді ажырату;

Сабақ мақсаттары

Барлығы: өсімдіктердің негізгі бөліктерін ажыратады, жабайы өсімдіктер мен мәдени өсімдіктерді ажырата алады.

Көбі: өсімдіктердің негізгі сипаттамалары мен олардың тіршілік формаларын анықтайды.

Кейбірі: қоршаған ортадағы құбылыстарға бақылау жасайды және алған білімдерін өмірде қолданады.

Бағалау

критерийлері


1.Өсімдіктердің негізгі мүшелерін ажыратады.

2.Өсімдіктердің негізгі мүшелерін (тамыр, сабақ,

жапырақ, гүл, жеміс) атайды.

3. Жабайы өсімдіктер мен мәдени өсімдіктердің

айырмашылығын анықтайды.

4.Жабайы өсімдіктер мен мәдени өсімдіктерді

ажыратады.

Тілдік мақсат


Жанды табиғат,жансыз табиғат,өсімдік,нысан,ағаш,бұта

Құндылықтарды дарыту


Оқушыларды өз Отанын сүюге,аялауға және табиғатты қорғауға баулу.

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Партада дұрыс отыру ережесін сақтау.Оқу құралдарын дұрыс пайдалануын қадағалау

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану,сауат ашу

АКТ қолдану дағдысы



Алдыңғы меңгерілген білім



Жанды және жансыз табиғатты ажыратады.



Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет



Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

Сыныпта «Мен ...» (Менің есімім Маржан-мен мейірімді қызбын) әдісімен жағымды психологиялық ахуал қалыптастырып аламын.

Қол алысып, қәне, біз,

Достасайық бәріміз.

Айтарым бар сендерге,

Тез тұрыңдар шеңберге.

Қандай жақсы бір тұру,

Достарменен бір жүру!

Қандай жақсы дос болу!

– Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш!

Оқушыларды «Мозайка» әдісі арқылы 3 топқа біріктіріп аламын.

1 топ: Табиғат

2 топ: Отбасы

3 топ: Отан

Алдынғы өтілген сабақпен байланыс жасау мақсатында «Дөңгелек стол» әдісін қолданамын.















Қима қағаз



А4 парағы


Сабақ ортасы

25 минут











































1-тапсырма

«Кемпірқосақ» әдісі.


Дескриптор:

-Табиғатты жанды және жансыз табиғат деп бөлетінін біледі.

-Жанды және жансыз табиғатқа мысалдар айтады.

2-тапсырма

Суретке мұқият қараңыз. Өсімдіктің негізгі мүшелерін атаңыз. Өсімдіктің негізгі

мүшелерінің атауын сөздің бастапқы әріптерімен жазып көрсетіңіз: тамыр – Т,

сабақ –С, жапырақ –Ж, гүл –г, Жеміс –Ж.


Дескриптор:

- өсімдіктің негізгі мүшелерін атайды;

- өсімдіктің тамырын «Т» әрпімен белгілейді;

- өсімдіктің сабағын «С» әрпімен белгілейді;

- өсімдіктің жапырағын «Ж» әрпімен белгілейді;

- өсімдіктің гүлін «Г» әрпімен белгілейді;

- өсімдіктің жемісін «Ж» әрпімен белгілейді

3-тапсырма

«Сезін,зертте,салыстыр» әдісі


Дескриптор:

-Тас пен өсімдікті салыстырады.

-Өсімдіктің тірі ағза екендігін біледі.

Сергіту сәті.

«Қара жорға» әніне би қимылдарын жасау

4-тапсырма

«Суреттерді сәйкестендір» әдісі


Дескриптор:

- жабайы өсімдіктерді анықтайды және байланыстырып сызады;

- мәдени өсімдіктерді анықтайды және байланыстырып сызады.

Оқулық,

жұмыс

дәптері, калам,маркер

Сабақтың соңы

5 минут


Кері байланыс

Бүгінгі сабақты қалай меңгергендерін білу мақсатында «Екі жұлдыз,бір тілек» әдісін қолдандым.Оқушылар сабақта ұнаған 2 сәтті және өзінің 1 тілегін стикерге жазып,оны «Білім ағашына» іледі.


Білім ағашы суреті,стикер

Түрлі деңгейдегі тапсырмалар беріледі.

Бағалау

Жұлдызшалар арқылы бағаланады.

Сабақ рефлексиясы

Әріптестерім мен тренерімнен алған кері байланыс негізінде мен алдағы уақытта өз сабағымда тиімді жаңа әдіс-тәсілдерді қолдануды ұйғардым.Қабілеті жоғары оқушыларға қосымша деңгейлік тапсырмаларды түрлендіре отырып беруді шештім.Сонымен қатар алдағы сабақтарымды ойын түрінде тапсырмаларды қызықты етіп ұйымдастыруды ұйғардым.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
93 ұстаз жүктеп алған
18 желтоқсан
2964
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі