Материалдар / Ашық сабақ "Өсімдіктердің алуан түрлілігі"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ "Өсімдіктердің алуан түрлілігі"

Материал туралы қысқаша түсінік
оқушыларды өсімдік әлемінің сұлулығымен және алуан түрлерімен таныстыру. Зерттеу қабілетін дамыту: тірі және өлі табиғаттағы заттар мен құбылыстарды бақылау, талдау, салыстыру және қорытынды жасау. Еңбек сүйгіштікке , айналаны қорғауға тәрбиелеу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Мамыр 2021
1506
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақтың тақырыбы: Өсімдіктердің алуан түрлілігі.

Сабақтың мақсаты: оқушыларды өсімдік әлемінің сұлулығымен және алуан түрлерімен таныстыру. Зерттеу қабілетін дамыту: тірі және өлі табиғаттағы заттар мен құбылыстарды бақылау, талдау, салыстыру және қорытынды жасау. Еңбек сүйгіштікке , айналаны қорғауға тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: «Өсімдіктердің алуан түрлілігі» кестесі, өсімдік топтары.

Сабақтың барысы:

І. Психологиялық дайындық.

а) Мақсат белгіленіп, топсеруен міндеттері анықталады. (Сабақтың 1-бөлімі)

ә) Балалар топтарға бөлініп, зерттеу жұмысының нысанын таңдап алады.


ІІ. Ағаштарды, бұталар мен шөптерді зерттеу жоспары.

  1. Сендер қандай ағашты көріп тұрсыңдар? Оның діңін мұқият қараңдар, түсін анықтаңдар. Ағаш діндерінің көлемін салыстырыңдар. Жапырақтарының түсі қандай? Олардың пішіні қандай?

  2. Бұталарды қараңдар. Олардың ағаштан қандай айырмашылығы бар? Олардың сыртқы түрінен қандай айырмашылық байқадыңдар?

  3. Шөпті табыңдар, оларды ағаштармен және бұталармен салыстырыңдар. Олардың қандай айырмашылықтары бар? Шөп қандай бөліктерден тұрады?

Мұғалім сынып оқушыларын 3 топқа бөлініп, әр топқа жеке-жеке тапсырма береді.

1-топ ағаштарды зерттейді. Ағаштардан қандай жаңалықты байқап, не көргендері туралы әңгіме дайындайды.

2-топ бұталар туралы.

3-топ-шөптер туралы.

Өсіп тұрған бұл не,

Жаз болса жайнап.

Саясында ән салып,

Құстар жүрген сайрап.

Салқын түсе шешініп,

Қалады өз жайрап. (Ағаш)

  • Салқын түсе жайрап қалады деген жолды не туралы айтылып отыр? (Жапырақтар туралы.)

ІІІ. Жаңа материалмен жұмыс.

Оқулық бойынша жұмыс.

  1. Топтар тақырыпты бөлімдер бойынша оқиды.

  2. Оқылған материал туралы әңгімелеу, әр бөлім бойынша сұрақтар қойылады.

Оқушылар түрлі ағаштардың, бұталардың, шөптер мен су өсімдіктерінің жапырақтарын мұқият қарайды, парталас досымен пікір бөліседі:

  • Өсімдіктер неге жалпақ жапырақты, қылқан жапырақты болып бөлінеді?

  • Су өсімдіктері несімен ерекшелінеді?

  • Құрлық пен су жапырақтары бірдей ме, әлде әртүрлі ме? Олардың бір-бірінен ерекшелігі қандай? (Көлемі, пішіні, түсі, өсетін жері).

  • Бұлардың қай ағаштың жапырағы екенін айыруға бола ма? (Иә, болады.)

Балалар 4 топқа бөлінеді:

1-топ –жалпақ жапырақты өсімдіктер,

2-топ-қылқан жапырақты өсімдіктер,

3-топ – бұталар, шөптер,

4-топ – су өсімдіктері.

Партаға 1-топқа арналған жалпақ жапырақты ағаштың макеті, 2-топ үшін –шыршаның, үшінші топ үшін –шөптің, 4-топ үшін – су өсімдігінің макеті қойылса, тіпті жақсы.

Кеңесшілір өз топтарына арналған тапсырмаларды алады.

1-топтың тапсырмасы:

1. Жапырақтардың қандай болатынын айтып беру.

2. Өсімдіктердің бәріне ортақ белгі қандай?

3. Өсімдіктің өсіп-дамуы үшін не қажет?

2-топтың тапсырмасы.

1. Қылқан жапырақты ағаштарды қалай атаймыз?

2. Қылқан жапырақты ағаштардың қайсысы қыста жапырақ тастайды?

3. Қылқан жапырақты ағаш туралы жұмбақтардың шешімін табыңдар.


Қысы-жазы жап-жасыл. Көктемде гүлдеймін,

(Шырша) Жазда жеміс беремін.

Күзге солмаймын,

Қысқа өлмеймін,

Инесі ұзын демесең,

Шыршаға ұқсамаймын.

(Қарағай)

3-топтың тапсырмасы:

1.Пальманың жапырағы қандай?

2.Шөптестердің өзге өсімдіктерден айырмашылығы қандай?

3.Шөптектес өсімдіктер қайда өседі?

4-топтың тапсырмасы:

1.Су өсімдіктері қайда өседі?

2.Су өсімдіктердің өзге өсімдіктерден айырмашылығы қайдай?

3.Су өсімдіктері қандай болып келеді?

Топтардағы балалар тапсырма бойынша есеп беретін өкілді таңдайды.

Жауап толық болмаса, оны өзге топтар толықтырады.

IV.Дәптерге орындалатын жұмыс.

1.Өсімдіктердің барлық топтарының ортақ белгілері мен айырмашылықтары қандай?


Ағаштар

Бұталар


Шөптер


Су өсімдіктері

2.Өсімдіктердің өсуі үшін не қажет?

V.Сабақтың қорыту. Өзіңді тексер.

-Сабақта қандай қызықты жайттармен таныстырдыңдар?

Сонымен, өсімдіктер Жердің жасыл киімі. Жасыл желекті киім біздің планетамыздың көркі. Сондықтан әрбір жапырақты, әрбір ағаштың қылқанын сақтаңдар.

VI.Үй жұмысы. Оқып, мазмұнын әңгімеле.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!