400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ: Өсімдіктердің гулдеуі мен тозаңдануы,7 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Өзім сиякты мугалімдерге қосымша болса.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы:

Өсімдіктердің гүлдеуі мен тозаңдануы.

Сабақтың мақсаты:

Өсімдіктердің Гүлдеуі мен тозаңдануы туралы түсінік берілді.Өсімдіктердің тозаңдануының түрлерін ажырата білуді түсінеді.Өсімдіктердің ұрықтануын ажырата біледі

Білімділік

. :Өсімдіктің тозаңдануы және ұрықтануы,көбею мүшелерін жүйелеу,көбею мүшелерінен түзілген өнімнің адамға ,жан-жануарларға қажеттілігін түсіндіру.

Дамытушылық:

Оқушылардың дүниетанымын,ойындар ойнау арқылы,логикалық танымын,биология пәніне деген қызығушылығын дамыту

Тәрбиелік:

Оқушыларды қоршаған ортаны аялап,қорғауға тәрбиелеу.

Типі:

Түсіндірмелі.

Әдісі:

баяндау,сұрақ-жауап.

Көрнекілігі:

слаид,сурет,кесте,тапсырмалар.

Сабақтың ұраны:

Тіршіліктің тірегі өсімдікті қорғайық,

Тұқымдарын молайтып өсіруді ойлайық

. Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен сәлемдесу.

Оқу құралдарын тексеру.

Кезекшіні анықтау,түгендеу.

Сынып оқушыларын топқа бөлу.

. Сабақтың барысы:


1-топ «Тамыр»

2-топ «Сабақ»

3-топ «Жапырақ»

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

І. «Бұл мәлімет шындық па,жалған ба?» статегиясы арқылы.

1-топ

1.Жай гүлшоғырлардың ары қарай бірнеше қайтара бұтақтанудан пайда болатын гүлшоғыр күрделі шашақ,күрделі масақ,сырға,күрделі шатыр, (шындық)

2.Жүзім,гүлшетен,тары,күріш күрделі масаққа жатады. (жалған)

3.Жай масақгүлшоғырдың жеке гүлдері орталықтан таралатын сабаққа гүл сағақтары арқылы кезектесіп орналасады. (жалған)


2-топ

1.Гүл шығаратын өркенде белгілі ретпен орналасатын ұсақ гүлдер тобын жиынтығын гүлшоғыр деп атайды (шындық)

2.Күлте гүл табанынан кейін орналасқан (жалған)

3.Бір гүлде аталық пен аналық болса қос жынысты дейді (шындық)

3-топ

1.Аналықтың ұшын мойын,ортаңғыжіңішке жерін ауыз,түп жағындағы жуандаған жерін тұқымбүршік дейді. (жалған)

2.Жанама сабақшалары бұтақтанбай ,ұшы гүлмен бітсе,ондай гүлшоғырды жай гүлшоғыр деп атайды. (шындық)

3.Гүл жазықтығына бірнеше сызық жүргізгендетең бөлікке бөлінсе-дұрыс гүл,бір сызықпен теңдей бөлінбесе бұрыс гүл дейді. (шындық)

ІІ.Суретпен жұмыс

1.Гүлшоғырлар кестені толтырыңыз.

2.Аналықтың құрылысын түсіндір

3.Гүлдің құрылысын түсіндіріңіз іңіз


ІІІ.Сергіту тренингі (мұғалім мәтінді оқиды,оқушылар қимылменкөрсетеді)

Дельфинде суда жүзеді.Кенгуруде пружина сеілді жұмыс жасайды.Өсімдіктер қосжарнақты және даражарнақты болып бөлінеді.Жирафтың биік бойы өсімдіктердің жоғары ярусындағы жапырақтармен,гүлдермен қоректенеді.Жас өсімдік бұтағы әлсіз болғандықтан жел болса біресе оңға біресем солға қозғалады.


Ал қанекей оқушылар мен сіздерге мынадай көңіл күймен келдім (күннің суретін көрсету.)

Ал сіздердің көңіл күйлеріңіз


қалай? Оқушылырға карточкылер беріледі (күн,бұлт,бұлт арасындағы күн) таратылған.Әр оқушы өзінің көңіл күйін білдіретін карточканы көтереді.


ІY.Жаңа сабақ:

Жынысты көбею-аталық және аналық жыныс жасушаларының қосылуы.Гүлдің көбеюге қатысатын бөлімдері-аталық пен аналық.

Тозаңдану-аталық тозаңының аналықтың аузына түсуі.Тозаңдану өздігінен және айқас тозаңдану деп екіге бөлінеді

І-топ Өздігінен тозаңдану-бір гүлдің өз аталық тозаңының сол гүлдің аналығының аузына түсуі.Өздігінен тозаңданатын өсімдіктер гүл жарған кезде және гүл жармай (бітеу гүлде) тұрғанда тозаңданып үлгереді.Мысалы,жер жаңғағы (арахис),шегіргүл,саумалдық,бетеге,тары өсімдіктерінің гүлдері ашылмай тұрып тозаңданады.

ІІ-топ Айқас тозаңдану-бір гүлдің аталық тозаңының екінші гүлдің аналығының аузына түсуі.Айқас тозаңдану-бунақденелілер арқылы және жел арқылы айқас тозаңдану деп екіге бөлінеді

ІІІ-топ Бунақденелілер арқылы айқас тозаңданатын өсімдіктердің гүлдері ашық реңді,хош иісті,тозаңдары өте ірі және тәтті шірне бөледі

.


Балара,жабайы ара,шыбын,көбелек,қоңыз,құмырсқалар гүлдің тозаңымен,шірнесімен қоректенеді.

Қорегін іздеп,бір гүлден екінші гүлге қонғанда денесіне тозаңдар жабысады.Екінші гүлге қонғанда жабысқан тозаңдар аналықтың аузында қалып,тозаңдануға себепші болады. Бунақденелілер арқылы айқас тозаңданатын

Жел арқылы айқас тозаңданатын өсімдіктердің тозаңдары өте майда,жеңіл,көп болады.Гүлдің аталықтарының жіпшелері өте ұзын әрі төмен қарай иіліп тұрады.Соққан желге тербеліп,тозаңдарының таралуына бейімделген.Аналығының аузы қауырсын тәрізді үлпілдеп, тозаңды тез қабылдауға лайықтанған.

Жел арқылы айқас тозаңданатын өсімдіктер:қант қызылшасы,құлмақ,қарасора,жүгері,қарабидай,қайың,емен.Тозаңдануы ауа райына байланысты.Бұлтты,жаңбырлы күнде жаңбыр суы тозаңдарды шайып,өсімдік түсімін кемітеді.



Ұрықтану –аталық және аналық жыныс жасушаларының қосылуы.Ұрықтану тозаңданудан кейін болады..

Y. Кестемен жұмыс.

1.Тозаңдары майда,жеңіл,құрғақ


2.Гүлі ашық реңді.


3.Тозаңдары өте ірі ,жабысқақ


4.Гүлдің аталық жіпшелері өте ұзын,тербеліп тұрады.


5.Гүлдері реңсіз,ұсақ.


6.Гүлдері хош иісті,өсімдік топтасып өседі.


7 .Гүлдердің шірнеліктері болмайды

. №15 Зертханалық жұмыс.

Тақырыбы:Бунақденелілер және жел арқылы тозаңданатын гүлдерді салыстыру.

Қажетті құралдар: қараағаш,үйеңкі немесе басқа желментозаңданатын және бунақденелілермен тозаңданатын өсімдіктердің кеппешөп материалдары..

Орындалатын тапсырмалар:

Суреттен гүл бөлімдерін табу, пішініне,санына, реңіне көңіл аудару.

Гүл бөліктерінің орналасу тәртібімен танысу

Гүл бөліктеріне қарап, жәй немесе қос гүлсеріктігі екендігін анықтап ажырату.

Аталық пен аналықты жеке бөліп алып, құрылысымен танысу, суретін салып, атын жазу. Оқулықтың суретімен салыстыру.


YI.Бекіту.

Кубизм әдісі бойынша кубик лақтырып,шаршының әр қабырғасында жазылған сұрақтарға жауап беру.


1.Жынысты көбеюге гүлдің қай бөлімдері жатады?




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
18 желтоқсан
624
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі