жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ "Өсімдіктердің көптүрлілігі" 3 сынып
Cабақтың тақырыбы: Өсімдіктердің көптүрлілігі.
Cабақтың мақсаты: Оқушылардың өсімдік туралы білімдерін дамыту, өсімдік топтарын ағаш, бұта, шөптекті өсімдіктер ұғымын толықтыру. Алуан түрлі өсімдіктерді білу. Оқушының ойлау қабілетін ұштау, арқылы табиғатты аялауға тәрбиелеу. сыни тұрғыдан ойлауға баулу.
Сабақтың түрі:Жаңа тақырыпты меңгерту
Сабақтың әдісі: СТО технология әдістері
Көрнекілігі: сұрақ парақтар, топтардың аты, слайд суреттер
Пәнаралық байланыс: Әдебиеттік оқу, бейнелеу, математика
Сабақтың барысы:
Психологиялық
дайындық.
Қайырлы күн – табиғат
Жайқалып өссін – өсімдік
Жайнай берсін – орманымыз
Биік болсын – тауларымыз
Сәтті болсын – сабағымыз.
Сабақ барысында өсімдіктердің алуан түрлерімен танысу ретінде,
балаларды мына топтарға бөлдім:
I-топ – Топырақ II-топ – Ағаштар III-топ – Бұталар IV-топ – Шөптектес өсімдіктер
І. Үй тапсырмасын тексеру.
І-топ. Топырақ
Топырақтың құрамы неден тұрады?
● Топырақтың құрамына
ауа,су,шірінді,құм,саз енеді.
●Топырақ – өсімдіктер үшін қоректің көзі,жануарлар үшін
баспана.
ІІ-топ. Ағаштар
-
Топырақ құнарлы болу үшін не істейді?
● Өсімдік тамыры арқылы қоректік заттарды бойына сіңіреді.
● Күн көзінің жылуы мен ауадағы көмір – қышқыл газын сіңіріп өсіп жетіледі.
● Жануарлардың денесінде қорытылып шыққан заттармен құстар, түрлі жәндіктер қоректенеді немесе олар шіріндіге айналады.
● Сонымен топырақтың беткі қабаты өсімдіктер мен жәндіктердің қалдығынан құнарлы топыраққа айналады.
ІІІ-топ. Бұталар Топырақ түсінің қалыптасуы неге
байланысты?
● Құрамындағы қарашіріктің мөлшеріне байланысты топырақтың
түсі де түрліше болады.
● Қарашірік көп болса, топырақтың түсі қоңыр болады.
● Оңтүстікте топырақтың түсі бозғыл болады. Себебі селдер
өсімдіктен қарашірік те аз қалады.
● Қар сияқты болып тұратын жер ол – сор. Ол жер тұзды жер. Сор
топырақта өсімдік өте сирек өседі.
ІV-топ. Шөптектес өсімдіктер ●Топырақты қалай қорғар едің?
●Орман,тоғайларды шабуға болмайды.
●Жақсы өнім алу үшін топырақты тыңайту қажет.
I. Қызығушылықты ояту.
Балалар, «Өсімдік» дегенде сендердің көз алдарыңа не елестейді?
«Өсімдік» тақырыбына бес жолды өлең
құрау
1.Өсімдік
2.Әдемі, әсем
3.Өседі, қуантады, қоректенеді
4.Өсімдік – адамға тіршілік береді.
5.Гүл немесе ағаш т.б.
Электронды оқулықтан тыңдау
II. Мағынаны тану. Топпен жұмыс. Оқулықпен жұмыс
I – топ.
Өсімдік барлық жерде өседі. Олардың түрінің көптігі сондай, санап тауыса алмайсың. Біздің елімізде өсімдіктің алты мыңнан астам түрі бар. Олар түрлі жағдайда: ыстық шөлде, тау беткейінде, ылғалды жерде және суда өседі.
Сұрақ парақтары:
1. Өсімдіктер қай жерлерде өседі?
2. Елімізде өсімдіктердің неше түрі бар?
II – топ.
Өсімдіктердің бір-бірінен тұқымы, сабағы, гүлі, жемісі жағынан айырмашылығы болады. Ағаштың көптеген түрі бар. Қазақстанда емен, терек, үйеңкі, қайың, көктерек, шетен, қарағаш және басқалары өседі. Орманда, тауда, жыраларда итмұрын, шырғанақ, бөртегүл, таңқурай, қарақат сияқты бұталар өседі. Бұтаның ағаштан айырмасы – діңі біреу ғана емес, тамырынан бірнешеуі тарамдалып шығады. Бастапқыда бұта кішкене ағашқа ұқсайды. Ал үшінші жылы түбінен жаңа діңшелер өсіп шығады да, үлкен жайылған бұта құрайды. Сұрақ парақтары:
1.Елімізде қандай ағаш түрлері бар?
2. Қандай бұтақтар бар?
III – топ.
Шөптектес өсімдіктердің биіктігі әртүрлі болып келеді. Кейбір шөптің биіктігі қолайлы жағдайда өссе, 2 метрден асады. Шөп сабағы түрліше – тік, оралған, жерге төселген болып келеді. Бидайық арамшөбі бақта, алаңқайда, орман шетінде, шалғында, далада өседі. Оның топырақ астындағы тамыры ұзын, тармақты, әр бүршігінен жаңа өскін шығады.
Сұрақ парақтары:
1. Шөптектес өсімдіктердің биіктігі қандай болады?
2. Бидайық өсімдігі қайда өседі?
IV – топ.
Өсімдіктер құрлықта ғана емес, суда да өседі. Өзен, көл, теңіз, мұхитта балдыртіршілік етеді. Олардың көлемдері және формалары әртүрлі болады. Балдырмен су жануарлары қоректенеді. Балдыр суға толық батып тұрады, сондықтан суды қанша қажет болса, сонша бойына тартады. Судың түбіне бекіну үшін төменгі жағында бірнеше жіпше болады. Кейбір балдырдың жіпшесі болмайды. Олар суда жүзіп жүреді.
Сұрақ парақтары:
1. Өсімдіктер құрлықтан басқа қай жерлерде өседі?
2. Балдырмен нелер қоректенеді?
Дәптермен жұмыс Бір өсімдіктің суретін салу
Сергіту сәті
Сен
білесің бе?
Ағаштардың тіршілік ету ұзақтығы: Ағаш текті өсімдіктердің
биіктігі
• Шырша 500жыл, 30-35м
• Емен 2000жыл, 40м
• Қарағай 350жыл, 36м
• Балқарағай 850жыл,
• Қайың 150жыл, 20м
• Шегіршін 400 жыл, 40м
• Шетен ағашы 80жыл,
• Көктерек 100жыл. Жөке 35м
III.
Ой қозғау. Пікірталас
1. Өсімдіктердің көптүрлі болып өсу
себептері неде?
2. Адамдар өсімдік әлемін сақтап қалу үшін қандай шаралар
қолданады?
3. Өсімдіктерден адамдарға қандай зиян
келеді?
4.Өсімдіктердің табиғаттағы маңызы қандай?
• Оқушылар «менің ойымша», «мен
сенімдімін» деген сияқты сөйлемдермен бастап ойларын
айтады.
Оқушының жауабы
• Өсімдіктердің көптүрлілігі алуан түрлі ортада, әр түрлі
жағдайларда тіршілік етуге бейімделуіне байланысты.
• Адамдар өсімдік әлемін сақтап қалу үшін жасыл желектерді
отырғызып, орман шаруашылығына бақылауды күшейтіп, осы салаға
жауапты мамандарды дайындайды, құрып кету қауіпі төнген
өсімдіктерді Қызыл кітапқа енгізеді.
• Өсімдіктерден адамдарға зиян келетін себептері: орман өрті, улы
өсімдіктерді абайсыз пайдалану, арам шөптің шамадан тыс көбеюіне
байланысты ауруға шалдығу.
Ауаны ылғлдандырады, желден қорғайды. Ыстықты қайтарып, суықты бәсеңдетеді.Қарды тоқтатады.
Бағалау. Үйге тапсырма:
І топ: «Ауылды жасыл желекке бөлейік» (болашақтағы ауыл бейнесін
елестету)
ІІ топ: «Табиғат пен адам егіз» (табиғатты қорғауға тілек
жазу)
ІІІ-топ. Өсімдіктер туралы мақал жазу
IV – топ. Өсімдіктер туралы жұмбақ жазу

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген