400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Өсімдіктердің өсіп, өну кезеңдері" мектепалды даярлық сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал мектепалды даярлық сыныпқа арналған сабақ жоспары. Балаларға өсімдіктердің өсіп өну кезеңдерімен таныстыру, ойындар әдіс тәсілдерді тәрбиешілер өз тәжірибесінде қолдануына болады
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар

Сабақ: Жаратылыстану

Мектеп: «Б.Нұрлыбеков атындағы жалпы орта мектебі»

Күні: 17.03.2018

Мұғалімнің аты-жөні: Қожахметова Перизат

Сынып: 0 «Л»

Қатысқандар саны: 11

Қатыспағандар: 0

Сабақтың тақырыбы: Өсімдіктердің өсіп, өну кезеңдері



Осы сабақты меңгеруге көмектесетін оқу мақсаттары

Өсімдіктердің көбею жолдарымен, өсімдіктердің дұрыс жетілуіне кері әсер ететін жағдайлармен таныстыру

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар орындай алады: Өсімдіктің не екенін біледі.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Кейбір өсімдік атауларын біледі

Кейбір оқушылар орындай алады: Өсімдіктің пайдасын біледі

Тілдік мақсаттар

Оқушылар орындай алады. өз ойларын еркін жеткізе біледі, суретке қарап сөйлем құрай алады.


Алдыңғы оқу

Бидай өсіру

Жоспар

Сабақ кезендері

Сабақ жоспарланған оқыту іс-әрекеттері

Ресурстар

Басы

7 мин






Психологиялық дайындық.

Әрбір сабақ- үйрену,ұғу,ұлағат.

Әрбір ісің- Тірлік, тірек, адамдық.

Әрбір сөзің- шындық, бірлік, адалдық.

Топқа бөлу. Балалар түс таңдау арқылы үш топқа бөлінеді.

І-топ Ағаштар

ІІ-топ Бұталар

ІІІ-топ Шөптер

Үй тапсырмасы. «Сұрақ-бізден, жауап-сізден» әдісі









Қызыл,жасыл,сары түсті сағыздар



Ішіне тапсырма жазылған шарлар

Ортасы

30мин














Жаңа сабақ. Ой қозғау. Жұмбақ:

Неткен сұлу жасыл достар

Әсем, көркем асыл достар

Ауамызды тазартады

Бөлмемізді жаңартады (өсімдік)

Жаңа сабақты түсіндіру.

Өсімдік-тірі ағза,тыныс алады, өседі, қоректенеді, көбейеді, қурайды.Өсімдіктерге ағаштар, бұталар,шөптер. Өсімдіктердің тағамға пайдаланылатын түрлері де бар. Оларға: картоп,сәбіз,пияз т.б.жатады. тағамға оның сабағын,жапырағын,тамырын қолданады.

«Өлі және тірі табиғат» ойыны.

Шарты: балаларға әр түрлі атаулар айтылады. Егер тірі табиғат аталса, қол шапалақтайды.өлі табиғат аталса аяқ топырлатады.

Ертегі оқып беріп,түсінгендерін сұраймын.

«құмыраға гүлді кім тез жинайды» ойыны

Шарты: балаларға алдын ала құмыра салынған сурет тарқатылады. Сол құмыраға гүлдің суретін салады.

Сергіту сәті:Өсімдіктер өнгенде қандай болады?(балалар жерге отырады)

Өсімдіктер өскенде қандай болады?(орындарынан тұрады)

Өсімдіктер қалай өседі?(қолдарын екі жаққа жаяды)

Өсімдіктер жаңбыр жауғанда не істейді?(қолдарын бастарына жауады)

Тәжірибелік жұмыс.

І-топ топпен бірігіп пияз егеді

ІІ-топ топпен бірігіп шөп егеді.

ІІІ-топ топпен бірігіп көк пияз егеді.

«Дұрыс- бұрыс » дидактикалық жаттығуы

-өсімдіктерді суару керек.

-өсімдіктерді жұлу керек.

-өсімдіктердің көп болғаны дұрыс.

-өсімдіктер мұрнымен дем алады.












Слайд









Құмыра бейнесі салынған суреттер











Пияз, көк пияз,жасыл шөп

Тас, топырақ, гүл егетін ыдыс

Соңы

3мин

«ашық хат» әдісі. Өткен сабақты пысықтау

Балаларға ішінде суреті бар хат беріледі. Сол сурет бойынша сөйлем құрайды.

Үй тапсырмасы. Кез-келген өсімдік суретін салып келу

Оқушыларды мадақтау.

Ішіне суреті бар ашық хат

Қосымша ақпарат

Саралау – оқушыларға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыстар.

Денсаулық пен қауіпсіздік


Оқушыларды қолдау мақсатында «Жарайсың!», «Өте жақсы!» деген сөздерді қолданамын.

Смайликтер арқылы


Ертегілер елінде, сурет салу.


Рефлексия

Оқытудың/сабақтың мақсаттарына қол жеткізілетіндей болды ма?

Бүгін оқушылар не үйренді?



Уақыттық кестені ұстандым ба?

Жоспардан қандай ауытқушылықтар жасадым және неліктен?



Ия сабақ мақсаты мен міндеттері орындалды.

Оқушылар оқу мақсатында жоспарланған жаттығуларды жасай білді. Сабақ түсіну, білу қолдану мақсаты бойынша берілген деңгейлі тапсырмаларды орындады.

Уақыт тиімді пайдаланды.

Сабақта жоспарған жоспарда еш қандай өзгерістер енгізілмеді.

Қорытынды бағалау


Ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)

  1. Оқушылар өте белсенді қатысты

  2. Оқушылардың жаратылыстануға деген қызығушылығы артты


Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпал тигізер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

  1. Әдіс-тәсілдерді одан көп тиімді пайдалансам

  2. Жұптық тапсырма берсем


Келесі сабақта өз жоспарыңызға қандай өзгерістер енгізген болар едіңіз?

1. Келесі сабақта оқушылардың қызығушылығын арттыратын әдіс-тәсілдерді қолдану

2. Жаратылыстану пәніне деген қызығушылығын арттыру.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
17 қаңтар
1007
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі