400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ: Өсімдіктердің тіршілігіне не қажет? 1 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімге керек, тәжірибе және әдіс алмасу мақсатында пайдаланса болады
Материалдың қысқаша нұсқасы


Picture 122


Түркістан облысы

Жетісай ауданы

Абай ауыл әкімшілігі

№53 Ю.Гагарин атындағы жалпы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің

бастауыш сынып мұғалімі

Жасузакова Зейнеб Мусабековна

Сынып: 1 «А»


Жаратылыстану





Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

1-бөлім. Өсімдіктер


Сабақтың тақырыбы:

Өсімдіктердің тіршілігіне не қажет?


Сабақ негізделген оқу мақсаттары

1.2.1.4. Өсімдіктердің тіршілігіне қажетті жағдайларды зерттеу

Сабақ мақсаттары


Барлық оқушылар үшін: Өсімдіктердің тіршілігіне қажетті жағдайларды( ауа, су, жарық, жылу, қорек) анықтай алады.

Көптеген оқушылар үшін: Өсімдіктердің тіршілігіне қажетті жағдайларды табиғат құбылыстарымен сәйкестендіре біледі.

Кейбір оқушылар: Болған жағдайға мысал келтіре алады. Өсімдіктердің тіршілігіне қажетті жағдайларды зерттей біледі.

Бағалау критерилері

Ойлау дағдыларының деңгейі

(білу, түсіну, қолдану)

Өсімдіктердің тіршілігіне қажетті жағдайларды( ауа, су, жарық, жылу, қорек) анықтайды. Өсімдіктердің тіршілігіне қажетті жағдайларды табиғат құбылыстарымен сәйкестендіреді. Болған жағдайға мысал келтіре алады. Өсімдіктердің тіршілігіне қажетті жағдайларды зерттейді.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар игереді:

Оқушылар өсімдіктердің тірі ағзалар екендігін біледі, сондай-ақ оларды күту және өсіру жолдарын біледі.

Пəндік лексика жəне терминология: жағдай


Диалог/жазу үшін пайдалы сөздердің жиынтығы

Талқылау:

Өсімдікке не қажет? Олар оны қайдан алады?

Сіздер неге … деп ойлайсыңдар?

Жазу:

Құндылықтарды дарыту

Жалпыұлттық тәрбие беру. Табиғатты сүюге тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану пәнінен жанды табиғат бөлімімен байланысты

АКТ қолдану дағдысы (сабақта қолданылатын болса көрсетіңіз)

Ноутбук, слайд, АКТ

Алдыңғы меңгерілген білім

Өсімдіктердің тіршілігіне не қажет екенін біледі

Сабақ барысы:

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы

2 минут















3 минут


Ұйымдастыру кезеңі

А) сәлемдесу

Ынтымақтастық атмосферасы

Көк аспанда күн күлсін,

Бірге күлсін бүлдіршін.

Қыз қолында гүл жүрсін,

Ұл қолында ту жүрсін.


Топқа біріктіру.

Гүл шоқтарының суреттері

арқылы топқа біріктіру.


1-топ: Жарық

2-топ: Су

3-топ: Жылу

4-топ: Ауа


Өткен сабақты «Мозайка» әдісі арқылы пысықтау

Оқушыларға өсімдіктерден қиылған суреттері беріледі. Оқушылар қиындыларды біріктіру арқылы суреттердегі өсімдіктер бөліктерін табады.











Гүл шоқтарының суреттері





Өсімдіктердің суретті

Сабақ ортасы

3 минут






2 минут





5 минут




















5 минут



















3 минут





7 минут










5 минут







3 минут


Өсімдіктердің өсуі туралы бейне роликтер арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашу

Әрбір топқа өздеріне түскен қажетті жағдайдың өсімдіктер тіршілігі үшін ең маңызды екендігі туралы сөз дайындайды.

Жаңа сабақтың мақсаты мен тақырыбын хабарлау

Тақырыбы: Өсімдіктердің тіршілігіне не қажет?


Мұғалімнің түсіндірмесі.

Барлық өсімдіктерге өсу үшін жағдай қажет. Бұл – су, жарық, жылу, ауа және қоректік заттар.

  1. Суреттерді салыстыру.

  2. Суреттегі өсімдікке не болғанын түсіндіру.

  • Өсімдіктерге өсу үшін су қажет. Өсімдіктер суды топырақтан тамыр арқылы сіңіреді. Егер өсімдік уақтылы суарылмаса солып қалады.

(Ұ) Ойын. «Пантомима»

Балалар сау өсімдікті көрсетіңдерші .

Ал, енді, солып бара жатқан өсімдік қандай болады?

(көрсетіп береді)

  • Ол неге осындай болды?

  • Оған не жетпеді деп ойлайсыңдар?

  • Өсімдіктерге өсу үшін не қажет?

Дескриптор.

  • Суреттерді салыстырады

  • Суреттегі өсімдіктерге не болғанын түсіндіреді

  • Сұрақтарға жауап береді

(ТЖ) «Өз орнын тап» әдісі

Мақсаты: мәдени және дала өсімдіктерінің мекенін анықтау

Жүргізілуі: алаңқайдың және бөлме суреттері жабыстырылған плакат оқушыларға беріледі. Оқушылар сол суреттердің айналасына, яғни сол мекенде өсетін өсімдіктердің суреттерін сызба арқылы көрсетеді



Shape7

Дала өсімдігі

Shape2

Бөлме

өсімдігі

Shape6 Shape5 Shape4 Shape3



Shape11



Shape14 Shape15 Shape13 Shape12


Дескриптор:

  • Бөлме өсімдігін табады

  • Дала өсімдігін табады

  • Сызба арқылы көрсетеді


Сергіту сәті. «Балақай»

(Музыкалық әуенге билеу)



Зерттейік (ЖЖ)

Бөлме өсімдігін 3 құты (пластикалық стакандар) топырақ, қорап және «су, жарық», « су, жарықсыз», «жарық, сусыз» деген жазулары бар қағаздарды пайдалану.

Нұсқаулар.

  1. Құтыларға жазулары бар жабыстырып, сол күнді, топтың атауын немесе оқушының атын жазып қою. Құтыларға топырақ салу.

  2. Бірінші құтының қақпағын ашып қою.

  3. Екінші құтыдағы топырақты суарып, қораппен жабу.

  4. Үшінші құтыдағы гүлді суармау.


Балалар нәтижесінде не болатынын болжаңдар.


ҚБ тапсырмалары (ЖЖ)

Өсу үшін өсімдікке не қажет? Қажетті жағдайларды дөңгелекшелермен қоршап сыз.

Дескриптор

  • Өсімдіктердің тіршілігіне қажетті жағдайларды анықтайды

  • Оларды қоршап сызады

Есте сақта!

Өсімдіктерге өсу үшін су, жарық, жылу және қоректік заттар қажет.

Сен білесің бе?

Жылыжайларда өсімдіктерді жыл бойы өсіруге болады.

Дәптермен жұмыс

видео





Оқулықпен жұмыс



Суреттер

















Смайликтердің суреті










Плакат, желім











Ноутбук






Құты, сөздер, бөлме гүлдері




Бағалау жұлдызшалар



Үлестірме қағаздар


суреттер

Сабақтың соңы

1-мин


Кері байланыс

1 минут





Рефлексия.

Бүгінгі сабақтан не түсіндім?

Не білдім?

Не білгім келеді?


Түрлі түсті бармақтар





бармақтар

Саралау

(қолдау қажет ететін оқушыға)

(Қабілеті жоғары оқушыға берілетін тапсырма)

ҚБ тапсырмалары

үлестірмелер


Денсаулық және

техника қауіпсіздігінің

сақталуы

Сабақта оқушыларға топқа бірігудегі, сабақ барысында ширату жаттығуын орындаудағы қауіпсіздік ережелерін сақтауды ескерту.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Сабақтың мақсатына сай алынған «Пантомимо» әдісімен өсімдіктің өсіуін қызыға орындады. «Өз орнын тап» әдісі арқылы мәдени өсімдіктер мен дала өсімдіктерінің мекенін анықтады.Бөлме және өсімдіктерін сызба арқылы көрсете алды. Әр тапсырманы орындау барысында білім алушылардың бойында ынта, қызығушылық орын алды.Сабақ мақсатына жеткенін, кері байланыстан байқадым.


Қорытынды бағамдау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: «Пантомимо» әдісімен өсімдіктің өсіуін қызыға оорындап,өткенге шолу жасады.

2: «Өз орнын тап» әдісі арқылы мәдени өсімдіктер мен дала өсімдіктерінің мекенін анықтауда;

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Эмоциялары мен әлеуметтік қарым-қатынастары дұрыс орнатылғандықтан;

2:Бөлме өсімдігін зерттеу білім алушылардың ынта-жігерін арттырды.

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды

жетілдіруге көмектесетін не білдім?

Саралау тапсырмасы бойынша жеке оқушылармен көбірек жұмыс жасау керектігін түсіндім.





ОІМ:_____________Жанжигитова З.С







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
15 ақпан
1325
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі