400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 20 материал табылды

Ашық сабақ "Өсімдіктердің тыныс алуы. Тұқымның өнуі"

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге керекті тақырып. Өсімдіктердің тыныс алуын білуі,биология сабағына керекті материал
Материалдың қысқаша нұсқасы



Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:

Тыныс алу

Мектеп: Саттар Ерубаев атындағы №24 мектеп- лицей


Күні: 5.12.2019ж

Мұғалімнің аты жөні: Есенәлі Гүлзира Бақтыбекқызы

Сынып: 7 «Ғ»

Қатысқан оқушылар саны:



Қатыспаған оқушылар саны:



Сабақтың тақырыбы:



Өсімдіктердің тыныс алуы. Тұқымның өнуі.

Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары(оқу бағдарламасына сілтеме)

7.1.4.3 - өсімдіктердегі тыныс алуды зерттеу.Тұқымның өнуін тәжірибе жүзінде көрсету.


Сабақ мақсаттары


Барлық оқушылар:

  • Өсімдіктегі тыныс алу үдерісін сипаттай алады;

Қатысушылардың көпшілігі:

  • Тыныс алу мен фотосинтез үдерісін салыстырып талдай алады;

Кейбір оқушылар:

  • Тыныс алу процесіндегі тұқымның өнуінің кезеңдерін анықтай алады;

Бағалау критерийлері


Оқушы оқу мақсатына жетеді және:

  • Мәтін бойынша жұмыс жасауға дағдыланады;

  • Тапсырманы өз беттерінше орындауға үйренеді;

  • Қойылған мәселені жетік меңгеріп одан әрі өрбітеді;

  • Өз бетімен ізденіске бейімделеді;

Тілдік мақсаттар


Оқушылар орындай алады:

алдымен жазбалар жасай алады (оқылым және жызылым дағдылары),

содан соң тыныс алу мүшелерінің құрылыс ерекшеліктерін жазып алады(жазылым дағдылары)

Пәнге тән лексика мен терминология:

тыныс алу

Respiration

Оттегі

Oxygen

Жылу

Warm

Ауа

Air

Су

Whater

фотосинтез

Photosynthesis

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

-Өсімдіктердің тыныс алуы ...........тікелей байланысты.

-Өсімдіктердің тыныс алуы ............ жүреді.

-Фотосинтнз процесі .................. жүреді.

Құндылықтарды дамыту


Топта/жұпта жұмыс жасау арқылы ынтымақтастық.

Сыни тұрғыдан ойлаудың дамуы.

Талдау,қорытынды жасай алу дағдыларының дамуы.

Пәнаралық байланыс

Физика , Химия


АКТ дағдылары


Оқушыларға презентация арқылы ақпарат беріледі.

Видео,слайд

Алдыңғы білім




Оқушылардың «Жаратылыстану» пәнінен тыныс алуды,бөліп шығару және фотосинтез процесін біледі.

Сабақ барысы



Сабақтың жоспарланған кезеңдері:



Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы:

10 минут












1.Ұйымдастыру кезеңі:

  • Оқушылармен сәлемдесу(3 тілде)

  • Жағымды ахуал туғызу.

Оқушыларды 3-топқа бөлу,үй тапсырмасын талдау.

1-топ. Жылу-тепло-warm

2-топ.Су-вода-water

3-топ.Ауа-воздух-air

«Кубизм» әдісі арқылы

сұрақ-жауап барысында оқушының үй тапсырмасын қаншалықты меңгергенін бақылау.

«Білім ағашы» арқылы бағалау

Тренинг






Сабақтың ортасы

7 минут


































10 минут
























7 минут

(4 мин сызу,3мин қорғау)

Сыни тұрғыдан ойлау стратегиясы бойынша оқушылар жаңа тақырыпты болжайды.

Ал оқушылар бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қалай аталады екен?

Әрине,дұрыс айтасыңдар.Ендеше слаидымызға назар аударамыз.


1 – тапсырма.Топтық жұмыс

1-топ:Өсімдіктердің тыныс алу процесі қалай жүреді?

2-топ:Фотосинтез процесінің маңызы?

3-топ:Өсімдіктер мен жануарлардың тыныс алу үдерістерінің ұқсастығы мен айырмашылықтары қандай?


Дескриптор:

1

Тыныс алу процесін ажырата алады

1балл

2

Өсімдіктердің тыныс алу процесін көрсетеді

2балл

3

Уақыт еншісін дұрыс пайдаланады

1балл

Жалпы:

4балл


Қалыптастырушы бағалау:

«білім ағашы» арқылы бағалау






2-тапсырма. Іс-тәжірбие «Тұқымның өнуі»

Тұқымның өнуі үшін қажет жағдайларды тәжірибе арқылы анықтаймыз. Үш шыны ыдыс аламыз.

№1 ыдыстың түбіне сорғыш мақта төсеп дымқылдап тұқым салып тоңазытқышқа қоямыз;

№2 ыдыстың түбіне сорғыш мақта төсеп дымқылдап, бетін әйнекпен жабамыз;

№3 ыдыстың жартысына дейін су құйып,тұқымды саламыз.

Бір аптадан соң тексергенде №1 ыдыстағы тұқымдар өнбеген(жылу жетіспеген).№2 ыдыстағы тұқымдар өне бастаған(барлық жағдай жеткілікті). №3 ыдыстағы тұқымдар бұзыла бастаған (ауа жетіспеген).

Тұқымдар өну үшін-су,ауа,жылу қажет болып келеді.


Дескриптор

1

Тұқымның өнуі үшін қажет жағдайларды біледі

2балл

2

Тұқымның өніп жатқан процесін көрсетеді

3балл

3

Уақыт еншісін дұрыс пайдаланады

1балл

Жалпы:

6 балл


3-тапсырма. «Джигсо» әдісі. Постер құру.

1-топ:Өсімдіктің тыныс алуы(формула жүзінде)

2-топ:Адамның тыныс алуы(формула жүзінде)

3-топ:Ұқсастығы мен айырмашылығы.


Қалыптастырушы бағалау:

«білім ағашы» арқылы бағалау















А4, маркер,түрлі-түсті қағаз














Шыны ыдыс


Тұқым дәндері


Су,ауа,жылу




















Плакат

Маркер

Сабақтың соңы

3 минут

Кері байланыс «5 сөз» әдісі

Дәптерлеріне бүгін өте көп қолданған 5 сөзді жазып шығады. Оның ішінен аз қолдандық деген 3 сөзді сызып тастаймыз. Қалған екі сөз қалды. Сондағы ең көп қолдандық деген бір сөзді домалақтайсыңдар. Егерде белгілеген сөздерің тақырыпқа сай болса, онда сіздер оқу мақсатына жеткендіктеріңізді білдіреді



4 минут


Үйге тапсырма: §25. Тапсырмалар мен сұрақтар



Рефлекция:

Осы сабақтан кейінгі менің көңіл-күйім:

«Табыс ағашы» әдісі.








Қосымша ақпарат

Саралау-сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз?Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Барлық оқушылар:

Өсімдіктегі тыныс алу үдерісін сипаттай алады

Көпшілік оқушылар:

Тыныс алу мен фотосинтер үдерісін салыстырып талдай алады

Кейбір оқушылар:

Джигсо әдісі арқылы оқушылар постер құра алады


Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Бағалау жоспарланған бағалау критерийлері және қалыптастыру бағалау жұмысы арқылы жүргізіледі. Жұптық немесе топтық жұмыс жасаған кезде өзара бағалауды қосымша қарастыруға болады.Сабақ соңында өз-өзін бағалауы тиімді болады.

«Білім ағашы» арқылы бағаланады.

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері

АКТ-мен байланыс

Құндылықтардағы байланыс


Интеракиивті тақтаны қажет уақытында қосып отыру.

Дереккөздермен жұмысты дағдалану


Рефлекция

Сабақ барысында оқу мақсатына қол жеткізілді ме? Оқу мақсатына қол жетпеудің себебі неде?

Бүгін оқушылар не біліп,не үйренді? Сыныптағы психологиялық ахуал қандай болды? Жоспардан ауытқу болды ма? Уақыт дұрыс пайдаланылды ма? Жоспарыма қандай түзетулер енгіздім.Не себепті?

Жанындағы бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз.




Қорытынды бағалау:

Қандай екі нәрсе (оқытуды да,оқуды да ескеріңіз)табысты болады? Сабақтың өзіне ұнайтын 2 тұсын анықтап жазыңыз.


1.


2.


Қандай екі нәрсе (оқытуды да,оқуды да ескеріңіз) сабақтың тиімділігін арттырады?

1.


2.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
18 желтоқсан
698
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі