400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Өсімдіктерге жарық қалай әсер етеді?" 3 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақ өз мақсатына жетті,өсімдіктер туралы керекті мағлұмат ала алды.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар

3-сабақ


Пән: Жаратылыстану

Орта мерзімді жоспар бөлімі:

1-бөлім. Мен зерттеушімін. Ғылым мен зерттеушілердің рөлі.

Күні:

Сынып: 3-сынып

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:

Қатысқандар саны: 26

Қатыспағандар саны: 0

Сабақ тақырыбы

Өсімдіктерге жарық қалай әсер етеді?

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

(оқу бағдарламасына сілтеме)

3.2.1.2 өсімдіктердің қоршаған орта жағдайларына (жылу, жарық, ылғал) бейімделу жолдарын түсіндіру;

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: өсімдіктің қоршаған ортаға қалай бейімделетінін түсінеді.

Көптеген оқушылар: мұғалімнің көмегімен жарықтың өсімдікке әсерін айтып , мысал келтіре алады.

Кейбір оқушылар: өсімдіктің қоршаған ортаға қалай бейімделуіне берілген қосымша тапсырмаларды өз бетінше орындайды.

Бағалау критерийлері

  • Жарықтың өсімдікке әсерін айтып , мысал келтіре алады.

  • Өсімдіктің қоршаған ортаға қалай бейімделетінін түсіндіре алады.

Тілдік мақсаттар

Пәнге тән лексика мен терминология:

жылу, жарық, ылғал, бейімделу,көлеңкесүйгіш,жарықсүйгіш.

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Орман өсімдіктерінің барлығының биіктігі бірдей бола ма?

Ағаштар жарықтың әртүрлі түсуіне қалай бейімделген?

Қандай өсімдіктер жарықты көбірек алады? Неліктен?

Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыстар

Өсімдіктер туралы дүниетану пәнінен алған білімдерін қолданады.

АКТ қолдану дағдылары

Интернет-ресурстар, дерекқордан және интернеттен сабаққа қатысты ақпаратты іздеу;

Ресурстар

Топқа бөлуге арналған парақшалар, интерактивті тақта, жұмыс дәптері, қалам мен түрлі түсті қарындаш, стикер, видеоматериалдар., постер, кері байланыс парағы т.б

Бастапқы білім

өсімдіктердің фотосинтез үдерісінде оттегіні бөлуі туралы алдыңғы сабақтан алған түсініктері бар.

Сабақтың барысы

Сабақтың

жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Сергіту жаттығуы

«Мен ақылды баламын» әр бала өздерінің жақсы қасиеттерін атап, қалай өсіп келе жатқандарын айтады.

Мыс: Мен Балнұр, балдай тәтті үйдің еркесімін. Мен Асқар, барлығынан біліміммен барлығынан асып түссем деймін т.б.

«Бір сөзбен» әдісі барысында оқушылар берілген сөздердің ішінен бүгінгі сабақтағы жағдайын сипаттайтын үш сөзді таңдайды. (қуаныш, немқұрайлылық, шабыт, зерігу, сенімсіздік,сенімділік,рахаттану,алаңдау)

Жаңа топ құру.

Себетпен конфет әкелу. Оқушыларға себеттен конфет алуларын сұраймын.Конфеттің түрлеріне қарай 3 топқа бөлініп отырады.

1-топ «Сары кәмпиттер»

2-топ «Көк кәмпиттер»

3-топ «Қызыл кәмпиттер»

Жұмыс ережесін келісу

  • Сабақта бір-бірімізді сыйлаймыз, тыңдаймыз!

  • Уақытты үнемдейміз!

  • Нақты,дәл жауап береміз!

  • Сабақта өзіміздің шапшаңдығымызды, тапқырлығымызды көрсетеміз!

  • Сабаққа белсене қатысып, жақсы баға аламыз!

Алдыңғы білімді еске түсіру (ұжымда)

«Айналмалы бекеттер»

Әр шағын топты бекетте орналастырып, арандататын сұрақты талқылауға және ойларын қағазға немесе тақтаға жазуға 10 минут беріңіз. Уақыт аяқталғанда топ басқа бекетке ауысып алдағы топтың жұмысын жалғастырады. Ауысу әр 10 минут сайын болып тұрады, әр топ барлық позицияларда болып шыққанға және барлық топтардың ойларын ойлап шыққанға дейін жалғаса береді.

  • Екі жылда өсімдік қалай өзгереді?

  • Өсімдіктің өсуіне не көмектесті?

  • Өсімдіктің өсуіне күн сәулесі қалай әсер етеді?

ҚБ: Отшашу арқылы бір-бірін бағалау.

Оқу мақсатын таныстыру

Күтілетін нәтижені анықтау



«Мен ақылды баламын» сергіту жаттығуы.




Оқушыларды топтарға бөлуге арналған суреттер.


Сұраққа жауап берген оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.











Алдыңғы білімді еске түсіруге арналған сұрақтар

Сабақтың ортасы

Ширату тапсырмасы.

Shape2

Орман өсімдіктерінің барлығының биіктігі бірдей бола ма?

Ағаштар жарықтың әртүрлі түсуіне қалай бейімделген?

Қандай өсімдіктер жарықты көбірек алады? Неліктен?









ҚБ: Отшашу арқылы бір-бірін бағалау.

Белсенді оқу тапсырмалары(топта, ұжымда)

1-топ «Сары кәмпиттер» Эврика үстел үстінде тұрған гүлдің жапырақтарының терезеге бағытталғанын байқады. Оның себебі неде деп ойлайсыңдар? Эврика өсімдікті мұқият бақылап, оның төменгі жапырақтары жоғарғы жапырақтарға қарағанда үлкен екенін көрді. Ол ойланып қалды. Ал қазір бұл өсімдікке жарық жеткілікті ме? Ойыңды түсіндір.

2-топ «Көк кәмпиттер» Ағаштар жарықтың әртүрлі түсуіне қалай бейімделген?

3-топ «Қызыл кәмпиттер» Ашық алаңқайда өскен ағаштың ұшар басы әдемі болады.Қайыңның ұшар басы неліктен дөңгелек болады деп ойлайсыңдар?

Дескриптор:

  • Өсімдікке жарықтың әсерін айтып береді.

  • Ағаштардың жарықтың әртүрлі түсіне бейімделуін түсіндіріп береді.

  • Ашық алаңқайда өскен ағаштың жарыққа бейімделуін түсіндіре алады.

ҚБ: Бас бармақ арқылы бір-бірін бағалау.

Жұмыс дәптеріндегі жазылым тапсырмаларын орындау

Зертте. Сыныпты кіші топтарға бөліңіз.«Ресустар» айдарында айтылған суретті үлестірме парақшаларды, ватман қағаздарын таратыңыз.
Зерттеу жүргізуге арналған нұсқаулық.
• Орманда және ашық кеңістікте өсетін өсімдіктерді қандай белгілері бойынша ажыратуға болатынын топта талқылайды (бұтақтарының саны,
діңінің ұзындығы).
• Ватманды екіге бөледі. Әрқайсысына суретті жапсырады.
• Әр суреттің өзіне тән өзгеше белгілерін анықтап, жазып қояды.
• Нәтижелерін өзге топтармен салыстырады.


Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.












Белсенді оқу тапсырмалары.

Сергіту сәті

«Жақсылық тамшысы»

Әр бала тамшыға өзі жасаған жақсы істерін немесе өзінің бойындағы жақсы қасиеттерін стикерге жазып жеткізеді. Іліп жатқанда әрқайсысы өзгелерге, айналасына өзі жасаған жақсылықтарын, қасиеттерін жария етеді.

Оқушылар сергіту сәтін жасайды.

Сабақтың соңы

Жаңа білім мен тәжірибені қолдану

Топтық жұмыс. «Галлерияда ой шарлау»

Берілген тақырыпта топтық жұмысы жүргізіліп, әр топтың жұмысы қабырғаға ілінеді де, оқушылар жүріп, аралап, оған әр оқушылар кішкене жапсырма қағазға бағасын беріп, пікірін жазып жабыстырып кетеді. Ең  жақсы баға алған топтың жұмысы қаралады. Галлерияда ой шарлау тапсырмасын орында үшін бірінші берілген мәтінмен танысып алады.

ҚБ: Бағдаршам көздері арқылы бір-бірін бағалау.

«Ара ұясы» техникасы

Мұғалім жұптағы оқушыларға не білгендігі туралы пікір алмасуды және екі сұрақтан дайындауын тапсырады. Содан кейін әрбір жұп кезектесіп бүгінгі білім бойынша сұрақ қояды, ол сұраққа жауапты мұғалім немесе басқа оқушылар береді.Сонымен берілген осы техника негізінде мұғалімнің берген мәліметтері қорытындыланылады, өңделеді.

(ҚБ) “Екі жұлдыз, бір тілек” әдісі.

Рефлексия (жеке,жұпта,топта, ұжымда)

Оқушыларға«Нысана»кері байланыс парағы таратылады. Оқушылар өздері белгілейді.


















Оқулықтағы қосымша тапсырмалар.







Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.










«Нысана» кері байланыс парағы

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз?

Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез келген

кезеңінде қолданыла алады.

Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз

Денсаулық сақтау технологиял ары. Сергіту сәттері мен белсенді іс- әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылат ын

Қауіпсіздік техникасы

ережелерінің тармақтары.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.


Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да

ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың

жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу

қажет?


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
230 ұстаз жүктеп алған
17 қаңтар
5916
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі