400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ, "Өсімдіктерге қалай күтім жасау керек?",1 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал сынып жетекшілерге, бастауыш сынып мұғалімдеріне өте пайдалы. Өз сабағымда көптеген әдістерді пайдалана отырып,көптеген жеке,топтық,ұжымдық, жұптық жұмыстарды орындадым.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пәні:Жаратылыстану

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Менің мектебім

Тақырыбы: Өсімдіктерге қалай күтім жасау керек?

Күні: 01.06.18ж.

Педагогтің аты-жөні: Оразова Сандуғаш


сынып:1

Қатысушылардың саны:

Қатыспағандардың саны:

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаты:

1.2.1.5 мәдени өсімдіктерге күтім жасаудың тәсілдерін сипаттау

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар:

Мәдени өсімдіктерді сипаттай алады.

Көптеген оқушылар:

Мәдени өсімдіктерді күтуге қажетті заттарды анықтай алады.

Кейбір оқушылар:

Мәдени өсімдіктерді күту жолдарын айта алады.

Бағалау критерийлері:

.



Мәдени өсімдіктерге күтім жасауға қажетті құралдарды анықтайды;

Мәдени өсімдіктерге күтім жасау тәсілдері туралы әңгімелейді;

Өсімдіктер тірі ағза екенін біледі;

Мәдени өсімдіктерді қалай күту керек екенін біледі;

Тілдік мақсаттар:

Дағдыларын дамыту:

Мәдени өсімдіктерге күтім жасау тәсілдері туралы айтады.

Пəндік лексика жəне терминология:

Арамшөп, тыңайтқыш.

Диалогқа/жазылымға қажетті сөз тіркестер:

Өсімдіктердің тіршілігіне не қажет?

Мәдени өсімдіктер дегеніміз не?

Бөлме өсімдіктеріне қалай күтім жасау керек?

Өсімдіктерді күтудің қандай жолдарын білесің?

Құндылықтарды дарыту

Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік, құрмет, ынтымақтастық, еңбек пен шығармашылық, ашықтық және өмір бойы оқып-үйрену құндылықтарын дарыту. Жобалық ұстаным арқылы мұғалімнің көмегімен білім алушының маңызды проблеманы шешудегі өзбетіндік іс-әрекет қалыптастыру.


Пәнаралық байланыс

Математика: ұжымдық тапсырмада мәдени және арамшөп қимылдарын жасау арқылы 1-ге, 2-ге саналады.


Алдыңғы білім

Өсімдіктер жайлы біледі. Оларға қалай күтім жасауды біледі.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-əрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

7 минут



3 мин






1 мин




2 мин








1 мин

МК.Ұйымдастыру кезеңі

Ширату. «Көңілді бағбан» ойыны.

Оқушылар шеңбер болып тұрады.

Оқушылар “Бағбанның қимылы” пантомимасын жасайды. Олар бағбанның қимылдарын ойлап тауып, сосын

неге олар осы қимылды көрсеткенін және әр қимылдың нені білдіретінін түсіндіреді.


Кері байланыс. «Сұрақтар жаңбыры» әдісі.

Бағбанның қимылын жасаған ұнадыма?

Әр көрсеткен қимылың қандай мағына береді?

Бағбанның қимылын көрсетерде қандай құрал пайдаландың?

Топқа бөлу. «Сиқырлы себет» әдісі.

Себеттен өзіңе ұнаған гүлді таңдап ал.

Себеттен сипап сезіп, заттарды алады.

Әр оқушы себеттен гүл алады.

I-топ: Жауқазын;

II-топ: Раушан;

III -топ: Күнбағыс;


Бүгінгі сабақтың тақырыбы мен мақсатын айту.

Топырақты қалай құнарландыратынын білесің,мәдени және бөлме өсімдіктеріне күтім жасау жолдарын үйренесің.



Сабақтың ортасы

23 мин

7мин









1мин











5мин















2 мин








3 мин


















1 мин



















3 мин







1 мин

Ұжыммен жұмыс. «Досыңа көмектес» әдісі.

Мәдени және арамшөп қимылдарын жаса.

Оқушылар 1-ге, 2-ге саналады;

1-лер мәдени өсімдік,2-лер арашөп болады.

Мәдени өсімдіктерді арамшөп болған балалар қысады.

Өсімдіктерге байланысты жұмбақ жасырылады.

Адамдардың бәрі қызығады,

Су құймасаң, сәні бұзылады. ( Гүл )


Кері байланыс. «Сұрақтар жаңбыры» әдісі..

Оқушылар ұнаған гүл күлтесін көрсетеді және берілген сұраққа жауап береді.

Мәдени және арамшөп болған ұнадыма?

Мәдени және арамшөптің арасында қандай ерекшелікті байқадың?

Арамшөп болған балалар неліктен мәдени өсімдіктерді қысып тастадыңдар?

Бағалау: Жарайсыңдар!!!

Тілдік құзыреттілік қалыптастыру: арамшөп.

Топтық жұмыс. «Ғажайып зерттеу» әдісі

Топтың мүшелерін тағайындап алу.

(Капитан-топтағы іс-әрекетті қадағалап отырады.

Хатшы- берілген тапсырманы баяндайды.

Уақыт сақшысы- топтағы уақытты қадағалап тұрады.

Бақылаушы- іс-әрекетті нақтылап тұрады.)

Арнайы құрал-саймандардың көмегімен бөлме өсімдіктеріне күтім жаса.Әр топқа өсімдікті күту үшін арнайы құралдар күрек, тырма, қайшы ,сусепкіш беріледі.

I-топ: Топырақтың ылғалдылығын анықтайды;

II-топ: Топыраққа тыңайтқыш себеді;

III -топ: Топырақты қопсытады;


Дереккөздерден бау-бақшадағы өсімдіктер және оның күтімі жайында үзінді көрсетіледі.

Кері байланыс. «Көзілдірік» әдісі.

Өсімдіктер жақсы өсу үшін не істеу керек?

Топырақты қалай құнарландырады?

Сен бөлме өсімдіктеріне қандай күтім жасайсың?

Тілдік құзыреттілік қалыптастыру: Тыңайтқыш.

Бағалау: «Бас бармақ» тәсілі топ бір-бірін бармақпен бағалайды.


Жұптық жұмыс. «Зертте, бірік, бөліс!»әдісі.

Ойлау ,қабылдау қабілеттеріне байланысты жұптастыру.

Қызыл гүл- жақсы оқушының орындығына жапсыру;

Сары гүл-қабылдау қабілеті төмен оқушының орындығына жапсыру;

Жұмысты жұпта жасайды.Әр жұпқа бөлме гүлін, шүберек, су сепкіш, су бүркегіш, таяқша беріледі.

Гүлді күту ережелерін сынып оқушыларымен талқылайды. 

Тым көп су құюға болмайды. 

Су бүркегішпен қатты сепсе, жапырақтары сынып қалуы мүмкін. 
Таяқшамен қопсытқанда, тамырына дейін тигізбе. 

Гүлдің жанында жүгірме, ойнама, гүл құлауы мүмкін. 

Өсімдіктің ерекшелігін ескеріп, оны суарады.;

Топырақты таяқшамен қопсытады;

Су құяды;

Жапырақтың шаңын сүртіп, су бүркегішпен себеді;


Кері байланыс. «Минуттық шешім»әдісі.

Егер гүлді дұрыс суарып, топырағын қопсытса не болады?

Гүлді күту ережелерін білесіңбе?

Бөлме өсімдіктерінің қандай пайдасы бар?



Бағалау: «Бас бармақ» тәсілі

жұптар бір-бірін бармақпен бағалайды.


Жеке жұмыс. «Шатасқан әріптер» әдісі.

Дәптермен жұмыс:

Дұрыс сөздер шығару үшін әріптердің орнын ауыстыр.

Құрал-саймандардың атын дұрыс жаз.

Кері байланыс. «Ой қозғау» әдісі.

Біз қандай бөлме өсімдіктерін білеміз?

Бөлме өсімдіктерінің қандай пайдасы бар?

Гүлдердің сыртқы келбетттері қандай?

Сіздер ол өсімдіктерді дұрыс өсуі үшін қалай күтесіздер? 


Бағалау: Өзін-өзі бағалайды.


Қалыптастырушы бағалау тапсырмасы.

Бөлме өсімдіктерін қалай күту керек? Қандай құралдарды қолдануға болады? Суреттерге сүйеніп, өсімдіктерді күту туралы әңгімелеңіз.

Сурет бойынша әңгімелеңіз.

Дескриптор: Білім алушы - бөлме өсімдіктеріне күтім жасауға қажетті құралдарды атайды; - бөлме өсімдіктеріне күтім жасаудың тәсілдерін сипаттайды.


Саралау тапсырмалары.

1-тапсырма

Өсу үшін өсімдікке не қажет? Тиісті сөздерді тауып, суретпен байланыстырып сызыңыз.

СУ ЖАПЫРАҚ АУА ҚОРЕК ЖЫЛУ КӨЛЕҢКЕ ЖАРЫҚ ТОПЫРАҚ

Дескриптор: Білім алушы - өсімдіктердің тіршілігіне қажетті жағдайларды анықтайды; - тиісті сөздерді тауып, суретпен байланыстырып сызады.

2-тапсырма

Суретке мұқият қараңыз. Қай өсімдіктердің қандай жағдайда өскенін анықтап, сәйкес сөздермен байланыстырып сызыңыз және түсіндіріңіз.

ЖАРЫҚ ЖЕРДЕ СУСЫЗ ЖЕРДЕ ҚАРАҢҒЫ ЖЕРДЕ

Ұзақ мерзімді жұмыс. Өсімдіктерге қажетті жағдайларды анықтау үшін қарапайым тәжірибе жасап көріңіз.

17

Ол үшін:

1. Үш түрлі бөлме өсімдігін таңдап алыңыз. 2. Олардың екеуін жарық жерге, үшіншісін қараңғы жерге қойыңыз. 3. Жарық жердегі өсімдіктердің біреуін мүлдем суармаңыз. 4. Қараңғы жердегі өсімдікке күтім жасап жүріңіз. 5. Оларды бірнеше күннен кейін салыстырып көріңіз. 6. Нәтижесін сипаттаңыз.

Дескриптор: Білім алушы - суреттегі өсімдіктердің қандай жағдайларда өскенін анықтайды және тиісті сөздермен байланыстырады; - бөлме өсімдіктерімен қарапайым тәжірибе жасайды; - тәжірибенің нәтижесін салыстыра отырып, сипаттайды.




























Бөлме өсімдіктеріне күтім жайлы бейне ролик:

https://www.youtube.com/watch?v=28yVgOpbCNY

Мәдени өсімдіктер жайлы: https://www.youtube.com/watch?v=Rr08tWYvj9Q




Рисунок 1


топырақ.

Фотокамера.



Сабақтың соңы

5 мин

5 мин

Рефлексия

Сиқырлы құмыра әдісі.

Себеттен алған гүлдерін тақтаға шығып құмыраға,жерге,қоқыс жәшігіне жапсырады.

Құмыра- сабақты түсіндім;

Жер- әліде түсінбегенім бар;

Қоқыс жәшігі- түсінбедім;


Оқушылар өсімдіктерге күтім жасауға қолданылатын құрал-саймандардың атын біледі.




Саралау

Бағалау

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Оқушылардың ойлау қабілеттеріне және қабылдау қабілеттеріне байланысты топтық және жұптық жұмыста саралау тапсырмаларын қолдандым.

Топтық және жұптық жұмыста тапсырмаларды орындап қойған белсенді оқушыларға белсенді тапсырмаларды беріп отырдым. Саралау тапсырмалары арқылы оқушылардың танымдық және ойлау қабілеттерін дамытып отырдым.

Оқушыларды бағалауда әр кезеңде әр түрлі әдістер қолдандым.

Ұжымдық жұмыста «Сұрақтар жаңбыры» әдісі арқылы оқушылардан кері байланыс арқылы ішкі уәждерін шығарып бағаладым. Оқушылар өсімдіктерге күтім жасауға қолданылатын құралдардың атауларын біледі. Бау-бақша құрал-саймандарын оқушылар құралдарды атады. Топтық жұмыста «Көзілдірік» әдісі қолдана отырып оқушылардың зерттеушілік қабілеттерін аша білдім. Оқушылардың берген жауаптарын толықтыру үшін құралдарды қолдануды сұрадым және құралдар арқылы жұмыс жасай білуге дағдыландырдым.

Жұптық жұмыста «Ыстық микрафон» әдісі арқылы әр оқушылардың диалогке түсе білу дағдысын қалыптастырдым.

Бұл үшін олар сөздердегі әріптердің орындарын сөз шығатындай етіп ауыстыра білді. Бұл тапсырманы оқушылардың тақырыпты қаншалықты түсінгендерін байқауға қолдандым.

Әр жұмыстан кейін жарайсыңдар және бас бармақ әдісі арқылы бағаладым.

Әрбір белсенді тапсырмалардың алдында оқушыларды қауіпсіздік ережесімен таныстырып отырдым.

Ұйымдастыру кезеңінен бастап ұжымдық,топтық,жұптық тапсырмалар белсенді қимылға бағытталғандықтан және зерттеу жұмыстарына негізделгендіктен, осы іс-әрекеттердің басында жұмыстың ережесімен таныстырып отырдым.



Рефлексия

Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.

- Сабақ/оқу мақсаттары шынайы ма?

- Бүгін оқушылар не білді?

- Сыныптағы ахуал қандай болды?

- Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?

- Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе?

- Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

-Оқу мақсаты SMART мақсат

- Оқушылар өсімдіктерге күтім жасауға қолданылатын құрал-саймандардың атын біледі.

- Сыныпта белсенді тапсырмалар арқылы белсенді орта қалыптастыра білдім.

- Жоспарланған саралау тапсырмалары өте тиімді болды. Өйткені сараланған тапсырмалар арқылы оқушылардың танымдық қабілеттерін аша білдім.

- Берілген уақыт ішінде түрлі жұмыстар орындалып,уақыт тиімді пайдаландым.

-Тиімді әдістерді таңдай отырып жоспарыма өзгеріс енгізіп отырдым. Себебі тиімді әдістер бүгінгі оқу мақсатыма жетудің бірден-бір жолы.

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да оқуды да ескеріңіз)?

1 .«Досыңа көмектес» әдісім тиімді болды.Өйткені осы әдіс арқылы бүгінгі оқу мақсаты ашыла түсті.

2 «Зертте, бірік, бөліс!» әдісім тиімді болды. Өйткені осы әдіс арқылы оқушылар зерттеушілік қабілеттері артты.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да оқуды да ескеріңіз)?

1. Топтық жұмыста дереккөздерден бау-бақшадағы өсімдіктер және оның күтімі жайында үзінді көрсетіліп сабақты жақсарта алды.

2. Топтық жұмыста «Ғажайып зерттеу» әдісі арқылы зерттеуге бағытталып берген тапсырмам сабақты жақсарта түсті.



Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?

Осы сабақ барысында түрлі әдістерді пайдалану арқылы өз табысқа жете алдым. Әдістерді тиімді пайдалану арқылы оқушылардың қабілеттерін аша білдім және ол менің сабағымның тиімді өткізуіне жол ашты.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
4 қараша
539
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі