400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ "Өсмдіктерге қалай күтім жасау қажет?" балабақшаға арналған.

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ "Өсімдіктерге қалай күтім жасау қажет?" Балабақшаға арналған. Балаларды өсімдіктердің түрлеріммен таныстыру. Балалардың табиғат бұрышындағы бөлме өсімдіктері туралы түсініктерін толықтыру. Өсімдіктердің түрлерін бір – бірінен ажырата білуге, тани білуге үйрету. Бөлме өсімдіктерін қалай күту керектігін іс жүзінде көрсету арқылы еңбекқорлыққа баулу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру саласы: Таным

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Жаратылыстану

Тақырыбы: «Өсімдіктерге қалай күтім жасау қажет?»

Мақсаты: Балаларды өсімдіктердің түрлеріммен таныстыру. Балалардың табиғат бұрышындағы бөлме өсімдіктері туралы түсініктерін толықтыру. Өсімдіктердің түрлерін бір – бірінен ажырата білуге, тани білуге үйрету. Бөлме өсімдіктерін қалай күту керектігін іс жүзінде көрсету арқылы еңбекқорлыққа баулу.

Қажетті құрал – жабдықтар мен көрнекіліктер: Өсімдіктедің суреті, түрлері, құрал жабдықтар.

Сөздік жұмыс: Өсімдіктер, бөлме өсімдігі, алоэ, фикус, кактус, замиокулькас (доллар ағашы).

Блингвалдық компонент: өсімдіктер – растения, бөлме өсімдігі – домашние растение, гүл – цветок, жапырақ – лист, сабақ – стебель, алоэ – алоэ, фикус – фикус, замиокулькас – замиокулькас.

Шаттық шеңбері:

Гүлдей болып жайқаламын,

Күн нұрына бояламын.

Жапырағым желбіреп,

Таңмен бірге оянамын.

Көрік беріп далаға,

Жүремін әркез қуана.

Сәлеметсіздерме апайлар!

Балалар шаттық шеңберді педагогпен қайталайды.

Өткен ұйымдастырылған оқу қызметінде қандай тақырыпты өттік? «Дала гүлдері»

Дұрыс айтасыңдар балалар экранға қарап дала гүлерін атап көрсетеді.

Бәйшешек, бақбақ, қызғалдақ.

Тәрбиеші: Балалар олай болса, мен сіздерге жұмбақ жасырайын.

Адамдардың бәрі қызығады,

Су құймасаң сәні бұзылады. (Гүл)

  • Дұрыс айтасыңдар. Ендеше біз бүгін бөлме өсімдіктерімен танысатын боламыз.

  • Өсімдіктердің өзі дала өсімдігі, бөлме өсімдігі, емдік өсімдік болып бөлінеді.

  • Біздің бүгінгі жаңаұйымдастырылған оқу қызметімізде бөлме өсімдігін қалай күту керектігіне тоқалатын боламыз.



Өсімдік – тірі табиғат, ол табиғат көркі, өмірдің сәні. Олар біздің бөлмемізді тек әдемі етіп қана қоймайды, оған көрік беріп, үйдің ауасын тазартады.Бізге қуаныш сыйлайды, көңіліміз көтеріңкі болады екен.

Ендеше балалар экранға назарымызды аударайық

Тәрбиеші: бөлме өсімдіктерін көрсетіп, әңгімелейді. Барлық өсімдіктер күнді және жарықты жақсы көреді, сондықтанда оларды жылы терезе алдына қоямыз. Бөлме өсімдіктердің де тамыры, сабағы,жапырағы және гүлдері бар. Олардың қош иісі болады.

Ал мынау алоэ өсімдігі – оның жапырақтары тікенекті болып келеді,бірақ тікені қолымызға кірмейді. Алоэнің емдік қасиеті бар одан дәрі – дәрмек жасайды. Бөлменің энергетикалық қалпын жақсартады. Егерде бір жеріңізді жарақаттап алсаңыз сол жерге осы алоэні кесіп шырынын жақсатез жазылып кетеді.

Фикус – шаңсорғыш сияқты жұмыс жасайды. Сондай – ақ бөлме ішін ылғалдандырып, уытты заттардан тазартады. Жапырақтары арқылы бөлме ішін шаң – тозаңнан сақтайды.

Замиокулькас доллар ағашы – жарықты жақсы көреді, бірақта тікелей күн сәулесіз өсе береді. Түсі жасыл.Өте ылғалды ұнатпайтын өсімдік суару кезінде тіпті өліп кетуі мүмкін. Доллар ағашы үйге ақша шақыратын гүл ретінде танымал екен.

Кактус – бұл қазіргі таңда адамдар интернет желісінде көп қолданылады. Сондықтан бұл гүл компьютер алдына қойып қояды. Өйткені компьютердегі бөлінген адамдарға зиянды вирустарды жояды.

Сергіту сәті:

Тербеледі ағаштар,

Алдымнан жел еседі.

Кіп – кішкентай ағаштар,

Үлкен болып өседі.

Тәрбиеші: Міне, балалар өсімдіктердің осындай адамға пайдасы бар екен. Өсімдіктер тек әдемілік силап қана қоймай, адамның денсаулығына да жағымды әсер тигізеді екен. Олай болса гүлдің сырт келбетімен танысайық. Балаларға гүлді көсрсетіп таныстыру.

Практикалық әрекет.

Гүл отырғызу үшін ең әуелі бізге ыдыс керек. Ыдысты алып түбіне бірінші гүлге арналан тасты саламыз.Ыдысымыздың түбі тесік болады. Содан кейін топырақ саламыз. Топырағымыз құнарлы болуы керек арнайы гүл отырғызуға арналған топырақты саламыз. Содан соң топырақ ортасына құдықша жасап, гүл өсіндісін отырғызамыз. Енді бұл гүлімізді табиғат бұрышына қояйық. Балалар гүл отырғыздық, енді тек осылай қоямыз ба?

Балалар: Жоқ оған су құю керекпіз және де күннің сәулесі түсетін жерге қоюмыз керек.

Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар балалар, гүлді жарық, жылы жерге қоямыз. Гүлге бірден суық су құюға болмайды. Суды ыдысқа бір күн бұрын құйып қою қажет. Содан соң ғана суаруға болады. Тамыры топырақтың астында болады, олар көрінбейді, өсімдіктердің су ішуіне көмектеседі, сондықтанда оларға су құйып тұру қажнт. Гүлдің тамыры дем алып тұру үшін топырағын қопсытып тұрамыз. Балалаар гүлдің жақсы жайқалып өсуі үшін гүлдерге су, жарық, жылу, топырақ, су бүркегішпен су шашып, топырағын қопсытып, тыңайтқыш сеуіп тұру керек..

Дидактикалық ойын: «Артығын тап»

Мақсаты: Бөлме гүлдері мен Дала гүлдерінің ішінен артық дала гүлін табу. Балаларды шапшаңдыққа, байқампаздыққа үйрету.

Тәрбиеші: Ал сендер осы гүлдер туралы тақпақтар, мақалдар білесіңдер ме?

Райана: Гүлім, гүлім, өсе бер,

Әдемі боп, асыл боп.

Күндей жайнап кете бер,

Қызыл, сары, жасыл боп.

Ғаділбек: Таулы жердің суы әдемі,

Сулы жердің гүл әдемі.

Жандарбек: Қыз өссе елдің көркі,

Гүл өссе жердің көркі.

Дидактикалық ойын: «Гүлге не қажет?»

Мақсаты: балалар бөлме өсімдігін жайқалып өсуі үшін нелер қажет екенін атап көрсетеді.

Қортынды: Сұрақ – жауап.

- Сонымен балалар біз қандай бөлме өсімдіктермен таныстық?

- Бөлме өсімдіктерінің қандай пайдасы бар?

- Бөлме өсімдігін күтіп баптау үшін нелер қажет?

Балалар сендерге бүгінгі оқу іс-әрекетіміз ұнады ма?

  • Не білдік, не үйрендік?

Бүгін бәрің жақсы қатыстыңдар, рахмет сендерге.

Ал енді біз қонақтарымызды шығарып салайық.

Күтілетін нәтиже:

Нені білуі керек: Балалар өсімдітерді атап көрсете білуі.

Нені игереді: Бөлме өсімдіктерінің адамғав пайдасын игереді.

Нені білді: Бөлме өсімдіктерін күтім жасай білуді.

















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
2 қаңтар
1163
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі