400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Осьтке жəне центрлік симметрия" 6 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Уақыты:

Сынып:

Пәні: Математика

Сабақтың тақырыбы

Осьтік және центрлік симметрия

Сабақ типі

Бекіту сабағы

Сабақ түрі

Деңгейлеп оқыту

Мақсаты

Түзуге қатысты симметриялы фигураларды сала білуге, осьтік симметриялы фигураларды тануға үйрету. Оқушылардың ойын дамытуға, тапқырлық, байқағыштық қабілетін дамытуға, ой-өрісін кеңейтуге тәрбиелеу. Оқушыларды дәлдікке, ұқыптылыққа, әдемілікті сүюге, топпен жұмыс жасай білуге тәрбиелеу

Күтілетін нәтижелері

Оқушылар симметрия ұғымымен танысады, өмірмен байланыстыра алады. Сабаққа барлық оқушы жұмыла кіріседі. Оқушылардың дербестік өз күшіне сенімділік және «жетістік» сезімін арттырады. Оқушының іскерлік дағдысы қалыптасады

Сабақтың өтілу формасы

Деңгейлеп оқыту, топтық жұмыс

Әдіс-тәсілдері

Түстер және фигуралар арқылы топқа бөлу, ой қозғау, математикалық диктант, топтық және жекелей жұмыс, деңгейлік тапсырмалар орындау, сергіту, сыни ойлауға үйрету, диалогтық оқыту, АКТ, практикалық, формативті бағалау.

Бақылау формалары

өзін-өзі бақылау, бірін-бірі бақылау, мұғалімнің бақылауы.

Техникалық жабдықтар мен қажетті ресурстар

компьютер, мультимедиялық проектор, интерактивті тақта, рефлексия материалдары, конверттер, плакат, смайликтер

Сабақ кезеңдері

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ұйымдастыру

Мұғалімнің кіріспе сөзі, сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлаймын.

1.Түстер арқылы топқа бөлу

Әр топ келесі топқа тілек тілеп, сабақты жақсы көңіл-күймен бастауын сұраймын.

Үй тапсырмасын математикалық диктант жазу арқылы тексеру:






Амандасады, ынтымақтастық атмосферасын құрап, математикалық фигуралар арқылы топтарға бөлінеді, топ басшыларын сайлайды.

Үй тапсырмасын эталон арқылы бірін-бірі тексереді, бағалайды.

Қызығушылықты ояту


"Кім шапшаң?» флипчартпен жұмыс.

        1. ОХ осінің атауы – абсцисса

        2. ОУ осінің атауы- ордината

        3. Қиылыспайтын екі түзу- параллель

        4. Жүрек соғуының графигі- кардиограмма

        5. Ауа-райын бақылау құралы- термометр

        6. Нүктенің жазықтықтағы орны- координата

        7. Жазықтықтың координаталық осьтермен бөлгендегі бөлігі- ширек

Бір- бірімен тік бұрыш жасап қиылысатын екі түзу- перпендикуляр






Дәптермізді ашып, бүгінгі күннің жадысы мен тақырыпты жазып қояйық.

Сабағымыздың тақырыбы – Осьтік және центрлік симметрия


Сыни ойлана отырып, сұрақтарға жауап іздейді, талдайды.

Сабаққа қызығушылықтарын арттырады.

Сабақтың мақсатын ашады.

Қайталау сұрақтарына ауызша, есептерге жазбаша жауап береді.


Мағынаны тану

Топтық жұмыс

1. "Қай топ жылдам" есептеп шығар (Жекелей жұмыс).


Суреттегі АВС үшбұрышындағы АВ=ВС және ВС=9 см. Осы үшбұрышты k түзуіне қатысты симметриялы көшіргенде ADC үшбұрышы алынған. ABCD фигурасының периметрін табыңдар.

Жауабы: 36 см:

2. Практикалық тапсырмалар орындау (Жұптық жұмыс).

№2

Ұзындығы 8 см АВ кесіндісін сызып, оның симметрия центрін табыңдар. Симметрия центрі АВ кесіндісін қандай кесінділерге бөледі? Оларды ұзындықтарымен жазыңдар.

Жауабы: О-симметрия центрі; АО=ОВ=4 см

3. Тақтада жұмыс

№3

l және k түзулері ABCD тік төртбұрышының симметрия осьтері. ABCD тік төртбұрышының А төбесінің l симметрия осінен қашықтығы 5 см, ал k симметрия осінен қашықтығы 3 см. ABCD тік төртбұрышының периметрін және ауданын табыңдар.

Жауабы: АВ=ДС=2*5=10 см АД=ВС=2*3=6 см

Р=2*(10+6)=32 см S=10*6=60 см2

№4

ABCD квадратын қабырғасын 4 см етіп сызып алып, оның D төбесіне қатысты симметриялы квадрат салыңдар.

Практикалық тапсырма (Топтық)

Тапсырма координаталық жазықтықта берілген нүктелерді белгілеу. Координаталық жазықтықта берілген А(0;7), В(–0,5;4,5),С(–1;6), D(-2;7), Е(-3;7), F(-5;6), G(-6;5), H(-6;3), J(-5;2), K(-3;2), L(-2;3), M(-2;4), N(-2.5;5), O(-3.5;5), P(-4;4.5), Q(-4;4), R(-3;4), S(-3.5;3), T(4.5;3), U(-5;3.5), V(-5;5), W(-3;6), X(-2;6), Y(-1;4), Z(-1;2), I(-3;1), A1(-5;1), B1(-7;0) нүктелерді белгілеп, нүктелерді қосатын сызықтар бізге «қошқар мүйіз» оюын береді Бұл нүктелер жиынтығы есеп бойынша координата жазықтығының ІІ ширегінде орналасады.



Бағыт алады.


Сұрақтарға жауап береді.


Бағдаршам және бас бармақ әдісі арқылы бағалайды








Топтық жұмысты сыни ойлана отырып, атқарады.















Өз бетімен жұмыстануға машықтанады, шешім іздейді.














Тақтада есептер шығарады, есте сақтайды.

Сергіту сәті

Саусаққа арналған жаттығулар

Қорытындылау

Сабақты бекіту

А) Симметрия туралы айтылатын ой көп, әліде айтыла береді. Ол бұдан бірнеше ғасыр бұрын айтылған. Оған дәлел ұлы ойшыл Аристотельдің «Математика... тазалық көрсеткіші, нақты симметрия, ал бұл сұлулықтың ерекше түрлері», - деген тұжырымдамасы дәлел

Ә) Микрофон әдісі арқылы сұрақ-жауап алу:

1. Симметрия грекше не деген сөз?

2. Осьтік симметрияға мысалдар келтір?

3. Параллель түзулер дегеніміз не?

4. Перпендикуляр түзулер дегеніміз не?

5. Координаталық жазықтық дегеніміз не?


Топтаса отырып, практикалық жұмысты орындайды, талдайды, ортақ шешім шығарады, қорғайды.

Білімдерін жинақтайды.

Ой толғаныс

Рефлексия. БАҒАЛАУ

«Алма стикерін толтыру»

Топ басшысының бағалау парағын толтыруы.

Сабаққа қатысымы бойынша өзін-өзі, бірін-бірі және сабақты бағалайды, алға мақсат қояды.

Үй тапсырмасын беру

Үй тапсырмасы.

№352 , №354

Үй тапсырмасын жазып алады, бағалану үшін мұғалімге күнделіктерін әкеледі.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
25 желтоқсан
621
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі