400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Осы шақ" 3-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың білім, білік дағдысын, сауаттылығын, тіл байлығын, ой-өрісін, берілген тапсырмаларды өз беттерімен түсініп орындау қабілетін дамытады.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Абай атындағы орта мектеп











Ашық сабақ

Қазақ тілі





Тақырыбы:

Осы шақ

























Сыныбы: 4 «А»

Сынып жетекшісі: Жанатаева Қ.



Сабақтың тақырыбы: Осы шақ
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділігі:

Оқушыларды осы шақ етістіктерімен таныстыру, осы шақ етістіктер іс-әрекеттің, сөйлеу сәтінде болып жатқанын білдіретінін ұғындыру, сұрақтары мен жалғауларын таныстыру; сөйлеу дағдысын жетілдіру.
2. Дамытушылығы:

Оқушылардың білім, білік дағдысын, сауаттылығын, тіл байлығын, ой-өрісін, берілген тапсырмаларды өз беттерімен түсініп орындау қабілетін дамыту.

3.Тәрбиелігі:

Оқушыларды белсенділікке, қызығушылыққа, іздемпаздыққа тәрбиелеу
Сабақтың түрі: СТО әдісі. Топпен жұмыс.
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, талдау, әңгімелеу, сұрақ-жауап, көрнікілік, топпен жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: кесте, сызбанұсқалар, интерактивті тақта, оқулық. 
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру Оқушы көңілін сабаққа аудару

Психологиялық көңіл-күй

Шаттық шеңбер: Сәлемдесу арқылы көңіл-күйлерін көтеру

Ал, қанекей балалар шаттық шеңбер құрайық.

Күнге ұқсап дөңгеленіп тұрайық.

Менің айтқанымды қайталаңдар.

Қуан шаттан, қуан шаттан.

Қуанатын күн бүгін

Қайырлы таң достым,

Қайырлы күн болсын.

Жақсы балалар.

Мінекей бір-бірімізбен сәлемдесіп алдық.

Канекей балалар жұптасып тұрайық. Енді көңіл-күйімізді көтеріп алайық.

Бір-бірімізге жақсы көңіл –күй сыйлайық.

Ол үшін менің айтқанымды іс-әрекетпен жасаңдар.

1.Алақан-алақанға

2.Арқа-арқаға

3.Иық-иыққа

4.Аяқ-аяққа

5.Құлақ-құлаққа

6.Мұрын-мұрынға

Жақсы балалар. Көңіл-күйлерің көтерілді ме?

Олай болса мен сендерге түрлі-түсті дөңгелектер дайындадым. Өздеріңе ұнаған түсті таңдап алыңдар.



Топқа бөлу.

І топ: Қызыл түс

ІІ топ: Сары түс

ІІІ топ: Көк түс
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

Ереже сұрау.

Біз өткен сабақта қандай тақырып өттік? /Етістіктің шақтары/

Сөйлеп тұрған сәтке байланысты қимылдың өту кезеңін білдіру етістіктің шағы деп аталады.

Біздің өміріміз күнделікті қимылдан тұрады, сол қимылдың барлығы етістіктің шағына жатады екен. Етістіктің қанша шақтары бар? /осы шақ, өткен шақ, келер шақ/

23-жаттығу. Сөйлемді көшіріп жаз.

1.Ажар сабақ оқып отыр. / осы шақ/

2.Асхат малға жем беріп жүр. /осы шақ/

3. Балалар көлге барды. Олар коньки тепті. /өткен шақ/

4.Ғани мектепке барады. Ол түстен кейін оқиды. / келер шақ/

ІІІ Жаңа сабақ

Интерактивті тақтамен жұмыс.

Ал балалар мына суретке қараңдар.

І топ: 1 суретке сөйлем құраңдар /Асқар мен аАйнұр мектепке бар жатыр./

ІІ топ: 2 суретке сөйлем құраңдар /Арман ойыншықтармен ойнап отыр./

ІІІ топ: 3 суретке сөйлем құраңдар /Балалар табиғатта доп ойнап жатыр./

Осы сөйлемлердің барлығы қай шақта айтылып тұр. /осы шақ/



ІҮ. Дәптермен жұмыс:



Ү. Оқулықпен жұмыс:
25-жаттығуды орындату арқылы осы шақ етістіктері туралы түсінік қалыптастырылады.

Қайрат қайрақ қайрап отыр.

Қайрақпен балта қайрап отыр. (етістіктердің астын сызып, оларға сұрақ қой)



ҮІ. Топтық жұмыс:



І топ: Қызыл түс

Осы сөйлемдегі етістіктерді жекеше түрде жікте.

Қайрат қайрақты қайрап отыр.

Қайрақпен балтаны қайрап отыр.

ІІ топ: Сары түс

Осы сөйлемдегі етістіктерді көпше түрде жікте.

Қайрат қайрақтарды қайрап отыр.

Қайрақпен балталарды қайрап отыр.

ІІІ топ: Көк түс

Берілген сөйлемдерді сөйлем мүшелеріне талда.

Қайрат қайрақ қайрап отыр.

Қайрақпен балта қайрап отыр.

(Оқулықтан ережені оқытып, таныстыру)

Осы шақ етістіктер іс-әрекеттің қазір болып жатқанын білдіреді. Осы шақ етістіктер не істеп отырмын (жатырмын, тұрмын, жүрмін)?

Не істеп отырсың (жатырсың, тұрсың, жүрсің)? Не істеп отыр (жатыр, тұр, жүр)? деген сұрақтарға жауап береді.

ҮІІ. Сергіту сәті.

ҮІІІ. «Ой қозғау» әдісі

І топ: Қызыл түс. (Жұптық жұмыс)

26-жаттығу. Берілген сөздерді пайдаланып, сөйлем құрап жазу.

Жекеше: Көпше:

Мен жүрмін Біз жүрміз

Сен жүрсің Сендер жүрсіңдер

Сіз жүрсіз Сіздер жүрсіздер

Ол жүр Олар жүр

Етістіктерді тауып, оларға сұрақ қой. Дәлелдеу.

ІІ топ: Сары түс. (Шығармашылық тапсырма)

27-жаттығу. Берілген сызбаға сәйкес сөйлем құрастырып жазу.

Shape3 Shape2 Shape1 ойнап жүр. /Балалар аулада доппен ойнап жүр./

жинап жатырмын. /мен үйді тазалап жинап жатырмын/

Shape10 Shape9 жаттап отыр. /Асқар кітаптан өлеңді жаттап отыр./

ІІІ топ: Көк түс. (Шығармашылық диктант)

Берілген мәтіндегі көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып жазу.

Жерге киіз төселген, ... көрпе жайды. Оқып жүрсің ...?

Осы кезде Қуаныш ... Қалекең келе қалды. Ерттеулі аттың қасына ... тұр. Аттың тұяқтары тасқа тиіп шақ-шақ ... тұр.

Керекті сөздер: соң, бе, пен, келіп, етіп.

Етістіктердің астын сызып, сұрақ қой.

ІХ. Ұжымдық жұмыс.

28-жаттығу. Сөйлесдерді көшіріп жазып, сөйлем мүшесіне талдау жасау.

Қыс. Қатты жел соғып тұр. Әкем малды ыққа байлап жатыр. Асқар оған көмектесіп жүр. Әжем сиыр сауып отыр.

Баяндауыштың осы шақта тұрғанын дәлелдеу.

Х. Ойын «Кім тапқыр?»

29-жаттығу Жұмбақты оқып, шешуін тап.

Көк қарбызым қойған жерге биік тұр,

Сол қарбызға бүкіл әлем сыйып тұр. /глобус/

Етістіктің қай шақта тұрғанын айт.

ХІ. Сабақты қорытындылау.
«Семантикалық карта»



қ/с

Сөздер

Осы шақ

Жекеше

Көпше

1

Жатыр

+




Жатырсыңдар



+


Жатырмын


+


2

Жүр

+




Жүрсіңдер



+


Жүрсің


+




ХІІ.Үйге тапсырма:30- жаттығу. Берілген сурет бойынша әңгіме құрап, етістіктердің астын сызып, сұрақ қой. Ереже жаттау (Осы шақ)

ХІІІ. Бағалау. Смайлктер арқылы.











Сабақтың тақырыбы: Үш таңбалы санға бөлу

Сабақтың  мақсаты:   Оқушыларға  үш таңбалы  санға бөлуді  меңгерту. Тапсырмаларды орындау  арқылы  логикалық  ойлау қабілеттерін  арттыру.Шапшаңдыққа  топтық  есеп  шығару  арқылы  ұйымшылдыққа  тәрбиелеу.

Түрі:   Аралас  сабақ

Әдіс –тәсілдері:  түсіндіру , сұрақ –жауап.

Көрнекіліктері: плакат,глобус, ойындар,семантикалық карта,сәйкестендіру тесті

Сабақтың  барысы :   І Ұйымдастыру  кезеңі

Психологиялық   дайындық:

Жарқырап күн де ашылды,
Айналаға нұр шашылды.
Қайырлы күн! Біз көңілді баламыз,
Қайырлы күн!Сәлемдесіп аламыз.
Мақсатымыз- білім алу,
Міндетіміз- еңбектену
Еңбектену арқылы
“5 “- ке қолды жеткізу

ІІ.Үй  тапсырмасын  тексеру №9

640 * 528 – 65 600 : 164 * 208 = 254720

349 160 : 116 – 756 * 172 : 108 =1806

ІІІ. Жаңа сабақ

1 тапсырма: Үш таңбалы санға жазбаша бөлу тәсілін түсіндіру. Жаңа материалмен жұмыс

-342780 394

Shape13 3152 870

-2758

Shape14 2758

- 0

Shape15 0

0

342780- ні 394-ке бөлу керек. Ол үшін –

342780 -ді 300-ге бөлемін, 10 шығады.

10 саны бөліндінің мәні бола алмайды,

себебі разрядтағы ең үлкен бірлік – 9

саны.

Енді, екінші толымсыз санды табамыз.

ІҮ. Тақтамен жұмыс

№2 Қалдықпен  бөлуді орында

149326:394= 307360:452=

175040:547= 679070:763=


№3 Қалдықпен  бөлуді орында

140256:394= 307749:453=

175462:547= 678345:763=

Ү Топтық жұмыс

І топ

а) Бір кітаптың массасы-300г

600кг қағаздан-? кітап жасалынады.

Ш:

ә) 1кг қағаз қалдықтарынан-20 дәптер

5кг қағаз қалдықтарынан-? дәптер жасауға болады

Ш:



ІІ топ

а) Бір кітаптың массасы-300г

600кг қағаздан-? кітап жасалынады.

Ш:

ә) 1кг қағаз қалдықтарынан-20 дәптер

5кг қағаз қалдықтарынан-? дәптер жасауға болады

Ш:

ІІІ топ

а) Бір кітаптың массасы-300г

600кг қағаздан-? кітап жасалынады.

Ш:

ә) 1кг қағаз қалдықтарынан-20 дәптер

5кг қағаз қалдықтарынан-? дәптер жасауға болады

Ш:






Ойын  « Кім жылдам ?»

1) Қашықтықты   табу  үшін  не  істейміз?

2) 40пен 8-дің көбейтіндісі нешеге тең ?-320

3) Уақытты  қалай  табамыз?

4) Неше рет арттырса да өзгермейтін қандай сан ?

5) Жылдамдықты   қалай  табамыз?

6) Көбейтудің қасиеттерін ата ?

 

III Жаңа сабақ

5*457

№1   5*(400+50+7)=(2000+50+7)=2000+250+35=2285

№2  5*457=2285    2285:5=457

№3  Бөлуді   орында   және   оны  тексер

3720:465=8                                   8*465=3720

2552:319=8                                   8*319=2552

2944:736=4                                    4*736=2944

5562:927=6                                     6*927=5562

№4 Қалдықпен  бөлуді орында

3781:465=8(қ 61)                  2987:736=4(қ 43)

2552:319=8 (қ 146)                5693:927=6 (қ13)

 

№5

Үстел-6                                        Шешуі: 99000:(6+5 )=99000:11=9000т

Парта-5                                         Жауабы: 9000т

Бір  парта    бағасы?                      9000*5=45000т  ж: 5п  45000т

Бір үстел                                          9000*6=54000т  ж: 6ү  54000т

5 парта    қанша

6 үстел   төленді?

№7

376376:56=6721                  209*205=42845

8ц7кг*56=4872                    18т:250кг=72

№8

88101+9870:35=88383

49469-14382:47=49163

51643-22320:36=51023

67431-2772:21=67299

452*16-3101=4131

IV Шығармашылық  жұмыс 

Барлығы :3936          Ш:  32*54=1728

a) Сиыр -32               3936-(32+1728)=3936-1760=2176

b) Жылқы-1728

c) Қой -?

V   Семантикалық   карта

 

Сәйкестендіру    тесті  

( 20+3)*2      472

(40+5)*2       350

236*2           135

(72-2)*5         46

 

VI«Ғажайып   алаң » ойыны 

1. 8-ге көбейткенде 32 шығатын санды тап

2. Қандай санды 4есе арттырғанда 28 шығатын санды тап ?

3. Тік төртбұрыштың периметрі неге тең ?

4. Қандай санды 3есе арттырса 900 шығады?

5. Қандай санды 9-ға бөлегенде 4 шығатын санды ?

6. Қандай санды 4есе кеміткенде 6-шығатын санды тап ?

ѴІІ . Үйге тапсырма № 6

ѴІІІ. Бағалау.



Батырдан – сауға,

Аңшыдан – сыралғы.

 

Ердің құны – жүз түйе,

Көздің құны – елу тайлақ.

 

Батыр болсаң – жауыңа найзаң тисін,

Бай болсаң – еліңе пайдаң тисін.

 

Мерген қорғаныста тіреніш,

Шабуылда сүйеніш.

 

Мергеннің көзі де мерген,

Қолы да мерген.

 

 

Еліңді сүйсең ерлік істейсің.

 

Қылышты қорқақты,

Сойылды батыр соғып алады.

 

Батырға оқ дарымайды,

Батылға жау жоламайды.

 

Жауынгерге жара да жарасады.

 

Қаһарлы қамал бұзады.

 

Тізерлеп жүріп түңілткеннен,

Тік жүріп өлген артық.

 

Қорқақтың қатыны болғанша,

Батырдың жесірі бол.

 

Ерліктің шарты - өзіне сенгендік.

 

Шапшаң жүргенге шаң жұқпас.

 

Айлалы батыр алдырмас.

 

Ер сасқанда белгілі,

Ат шапқанда белгілі.

 

Батырға таяқ та - жарақ.

 

Отызыңда орда бұзбасаң,

Қырқыңда қырып келдім дегеніңе ешкім сенбейді.

 

Алыссаң атаң да болса жық.

 

Отқа салып ерітсең де,

Алтын сірә жез болмас.

Аяққа шылғау қылсаң да,

Асыл жібек бөз болмас.

 

Жауға жалынба,

Досқа тарылма.

 

Тәуекел ет те тас жұт,

Ажал жетпей өлмек жоқ.

 

Табақ тамағымен жарасты,

Батыр жарағымен жарасты.

 

Батырлық айқаста танылар.

 

Шешінген судан тайынбас.

 

Қашпақ болсаң зымыра.

 

Тәуекелсіз іс бітпейді,

Тәуекел етпеген арықтан өтпейді.

 

Ер жолдасы - тәуекел.

 

Өжет өлімнен қаймықпас.

 

Күш батылдыққа ереді.

 

Тәуекелдің кемесі суға кетпейді.

 

Болат бүгілмес, шорт сынар.

 

Уайым түбі тұңғиық,

Батасың да кетесің.

Тәуекел түбі жел қайық,

Мінесің де өтесің.

 

Аты аталмаған жігіттен,

Аты аталған төбе артық.

 

Қашпақ, қумақ ерге сын,

Көшпек, қонбақ жерге сын.

 

Жомарт бергенін айтпас,

Ер айтқанынан қайтпас.

 

Оқсыз мылтық - таяқ.

 

Дұшпанға тастай қатты бол,

Досыңа балдай тәтті бол.

 

Жүрек - ер, бас - кемеңгер.

 

Ақылдан асар амал жоқ,

Батылдар алмас қамал жоқ.

 

Шамасыз батырлық - шарасыз өлім.

 

Тура ағаш үйге тіреу,

Тура жігіт елге тіреу.

 

Атқыштан ажал қашады.

 

Батырға да жан керек,

Пақырға да жан керек.

 

Ат өнері білінбес,

Бәйгеге түсіп жарыспай.

Ер өнері білінбес,

Қоян-қолтық алыспай.

 

Қимылдаған қыр асар.

 

Ердің ісі – елдің мойнында,

Елдің ісі – ердің мойнында.

 

Ел үмітін ер ақтар,

Ер атағын ел сақтар.

 

Ер салмағын ел көтереді,

Ел салмағын жер көтереді.

 

Ауырлықты жер көтерер,

Ауыр қазынаны ер көтерер.

 

Ұранды елдің – ұрпағы қайсар.

 

Ерлік білектен емес, жүректен.

 

Елін сүйген ер болар.

 

Батыр туса ел ырысы,

Жаңбыр жауса жер ырысы.

 

Бір оқты бұлан көтереді,

Екі оқты ұлан көтереді.

 

Қашпақ, қумақ - ерге сын,

Көшпек, қонбақ – жерге сын.

 

Ат басына күн туса,

Ауыздықпен су ішер.

Ер басына күн туса,

Етігімен су кешер.

 

Бөрі соғар жігіт бөркінен белгілі.

 

Болар елдің баласы он бесінде баспын дер,

болмас елдің баласы отызында даспын дер.

 

Ердің екі сөйлегені өлгені.

 

Ер бір рет өледі,

Қорқақ мың рет өледі.

 

Ерді қорласаң – састырар,

Асты қорласаң – құстырар.

 

Күшті кісі алып та жығады,

Шалып та жығады.

 

Қоянды қамыс өлтіреді,

Ерді намыс өлтіреді.

 

Бөрікті тастап, бөріден құтылуға болмайды.

 

Жауға жаныңды берсең де,

Сырыңды берме.

 

Бақ-бақ еткен текені

Қар жауғанда көреміз,

Батырсыған жігітті

Жау келгенде көреміз.

 

Судан тонын аямаған,

Жаудан жанын аямас.

 

Қауғадан шошынған мал оңбас,

Жаудан шошынған ер оңбас.

 

Болат қайнауда шынығады,

Батыр майданда шынығады.

 

Жүк ауырын нар көтерер,

Ел ауырын ер көтерер.

 

Ұланы бар елдің ұраны бар.

 

Мал қонысын іздейді,

Ер жігіт туысын іздейді.

 

Ер тарықпай, молықпайды.

 

Ер сүрінбей, ел танымас,

Ат сүрінбей, жер танымас.

 

Ер мойнында қыл арқан шірімес.

 

Оқ жетпес жерге қылыш суырма.

 

Ер қартайса, қазанды болар,

Бүркіт қартайса, тышқанды болар.

 

Шын ер - жеңсе тасымас,

Жеңілсе, жасымас.

 

Ерді кебенек ішінде таны.

 

Ердің атын ,

Не аты шығарар,

Не қатыны шығарар.

 

Су жетпейін демейді,

Жар жеткізбейді.

Ер жетпейін демейді,

Мал жеткізбейді.

 

Ер бақыттың

Қонғанын білмейді,

Ұшқанын біледі.

 

Қорыққанға қос көрінер.

 

Жау жоқта батыр көп,

Дау жоқта ақыл көп.

 

Ердің жақсысы

Елімен ойласады.

Әйелдің жақсысы,

Ерімен ойласады.

 

Ер қадірін білмеген,

Ел қадірін білмейді.

 

Арманымен ер сұлу,

Орманымен жер сұлу.

 

Тау мен тасты су бұзар,

Ер арасын қу бұзар.

 

Қойдан қойдың несі артық,

Қол басындай еті артық.

Ерден ердің несі артық,

Ойлап айтқан сөзі артық.

 

Тәуекел тау жығар.

 

Ер жоқта ергежейлі ерсінер.

 

Қару күшті емес,

Қару ұстаған күшті.

 

Белдескеннің белін сындыр,

Тірескеннің тізесін бүктір.

 

Қара бет болып қашқаннан,

Қайрат көрсетіп өлген артық. 


Қазақтың дәстүрлі қару-жарақ жасау өнері – қазақтың ұлттық қол өнерінің бір саласы. Бұл өнер саласында ғасырлар бойы көптеген технологиялық әдістер мен тәсілдер дамып, мол тәжірибе жинақталып, сапалы қару-жарақ заттарын жасауда қойылатын талаптарға сәйкес қажетті материалдар түрлері сұрыпталған. Қазақшеберлерінің қару-жарақ жасауға қолданған материалдары – мал ш-нан алынатын өнімдер және Қазақстан аумағында өндірілетін шикізаттар мен табиғи материалдар болған. Олар – тері, сүйек, мүйіз, тарамыс, қара және түсті металдар – темір, шойын, болат, алтын, күміс, қорғасын, мыс және оның қорытпалары, асыл тастар. Жауынгерлік қару-жарақтарға қойылатын талаптарға байланысты бұл табиғи және өндіріс материалдары физикалық қасиеттері мен оларды өңдеу технологиясына сәйкес қарулардың бөліктерін жасауға пайдаланылды. Материалдың физикалық қасиеттерін жетік білу арқылы оларды өңдеудің көптеген тәсілдерін тауып, оларды жетік игеру қазақ қарушыларына әскери тәжірибе талаптарын толық қанағаттандыратын, жақсы деңгейде жасалған жауынгерлік қару-жарақ заттарын жасауға мүмкіндік берді. Дәстүрлі қару-жарақ жасау технологиясының негізгі үш кезеңі бар: 1) қару-жарақ бөліктерін дайындау; 2) дайын болған қару-жарақ бөліктерін өңдеу; 3) қару-жарақтың бөліктерін беріктеу; 4) қару-жарақты әшекейлеу. Бұл әр технологиялық кезеңнің өзіндік бірнеше әдіс-тәсілдері болды. Қару-жарақ бөліктерін дайындау әдістеріне соғу, құю, қалыптау сияқты технологиялық әдістер жатады. Құйылып, соғылып жасалған қару-жарақтың негізгі бөліктері суару, шыңдау, таптау, қайрау, егеу тәсілдерімен өңделді. Қарудың кейбір бөліктері берік болуы үшін әр түрлі материалдармен қынау, буу, орау, қаптау тәсілдерімен беріктеліп, дымқылдан, кебуден сақтау үшін сырлау, бояу, майға суару тәсілдері арқылы қорғау жабындарымен қапталады. Қару-жарақ заттары қолданылуына, оны қолданатын адамның әлеуметтік дәрежесіне, эстетикалық талғамына сәйкес әр түрлі әдістермен көркемделіп, әшекейленді. Қару-жарақты көркемдеудің негізгі әдістері: алтынмен, күміспен қақтау, булау (жалату) әдістері, баспалау тәсілі, сірке салу, қарала жүргізу, көгілдір тыныке жүргізу, асыл тастан көз салу. Кейде маржан, меруерттерден де көздер салынды. Теріден жасалған қару-жарақ заттары бедерлі ою-өрнекпен әшекейленді. Қару-жарақ, негізінен, ою-өрнек арқылы әшекейлендірілді. Дәстүрлі қару-жарақта қолданылатын ою-өрнектер бірнеше қызмет атқарды. Бірінші – магиялық қызметі, қарудың сес арттырып, иесін қарсыласының қаруынан қорғау. Екінші – коммуникациялық қызметі, жауынгердің әлеуметтік статусының айыру белгісі, жалпы этноайыру белгісі болу. Үшінші – эстетикалық қызметі, әсемдік қару-жараққа көркемдік сипат беру. Әскери қарулардың соғыс сипатының өзгеруіне байланысты дәстүрлі қару-жарақ қолданыстан шықты да, оған сұраныстың жоғалуымен бірге, қазақтың бұл дәстүрлі өнері дамымай қалды, оның бүгінге тек жұрнағы ғана жетіп отыр.[1]





Сабақтың тақырыбы: Үш таңбалы санға көбейту және бөлу;

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік:

Оқушыларға үш таңбалы санға жазбаша көбейту және бөлу жайында түсінік беру.

2. Дамытушылық: 

Баған түрінде көбейту мен бұрыштан бөлу жағдайларын негіздеу. Ой -өрісін дамыту, өз бетінше тапсырма орындау қабілетін дамыту;

3. Тәрбиелік:

Ұқыпты, ретті жазу дағдысын қалыптастыру. Адамгершілікке, достыққа тәрбиелеу.

^ Сабақтың типі: Жаңа материалды меңгерту;

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, қайталау;

Сабақтың көрнектілігі: ИНТЕРАКТИВТІК тақта, оқулық, слайдттар, электрондық оқулық, ACTIVote құрылғысы. 

^ Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: Балалар, бүгін бізді ерекше сабақ, 

Сабақта алаңдамай еркін еңбек етіңдер. Өз ойларыңды қысылмай, ашық айтыңдар. Мен сендерге сәттілік тілеймін. 

ІІ. Психологиялық дайындық: бір – біріне тілек айту. 

Математика керек әр күйге, математика қажет өмірде. 

ІІІ. Үй тапсырмасынын тексеру. 

І. Жаңа сабақ.


  • Балалар бізге электрондық почтамен хат келді.
     


  • Ендеше хатты оқиық.
     


Сәлеметсіздер ме, балалар! Мен сендерге мына хатты үлкен өтінішпен жолдап отырмын. Маған сендердің көмектерің керек 

Көктем келді, бірақ жер бетін су алып, бәйшешектер шықпай жатыр 

Бүгінгі сабақтағы тапсырмалар дұрыс орындалса, бәйшешектер гүл ашады. Көмектесіңдерші, балалар!!! 


  • Балалар, бұл хат кішкентай қонжықтан келіпті. Көмектесеміз бе қонжыққа?


Сабақта мұқият болыңдар. Егер тапсырмалар дұрыс орындалса, ормандағы алаңда бәйшешектер гүл ашады. 

ІV. Жаңа тақырып

Бүгінгі біздің тақырыбымыз Үш таңбалы санға көбейту және бөлу 


  1. Тақтаға назар аударамыз.
     


а) Электрондық оқулықпен жұмыс: Жаңа тақырыпты түсіндіру 

^ 1) көбейту 

ә) Тапсырмалар орындау.

1) 427 

* 346

2562

+ 1708

1281

147742

2) Бөлу 




2 ) 74340 236

-708 315

354

-236

118 0

118 0

0

ә) Интерактивті тақтада жұмыс

524 Ең алдымен бірінші толымсыз көбейтіндінің мәнін табамыз, 

*126 ол үшін 524 – і 6 бірлікке көбейтеміз – мәні 3144, енді 524 - і 2 ондыққа 

3144 көбейтеміз, мәні 1048, үшінші толымсыз көбейтіндінің мәнін табу үшін 

1048 524 – і 1 жүздікке көбейтеміз, мәні 524 енді қосамыз. 524 пен 126 ның 

524 көбейтіндісінің мәні 66024 

66024




66024 126 

-6 30 524

302

-252

504 

-504 

0 

^ V. Сергіту сәті 

VІ. Қызығушылықты ояту



  1. Жылдамдықты қалай табамыз? V=S / t


  2. Уақытты қалай табамыз? t = S/ V


  3. Қашықтықты қалай табамыз? S = V * t
     


VІІ. Есеп шығару 


Пойыз 4 сағатта 224 км жол жүреді. Егер оның жылдамдығы тік ұшақтың жылдамдығынан 3 есе кем болса, тік ұшақтың жылдамдығы қандай?

Шешуі: 

1.  224 4 2. 56 

- 20 56 * 3

24 168 км / сағ

-24

0

Жауабы: тік ұшақтың жылдымдығы 168 км / сағатына 

Оқулықпен жұмыс: 184 бет № 5 

Дәптермен жұмыс 

^ ACTIV studio бағдарламасында флипчартта сақталған тест сұрақтары бойынша жұмыс: 

1) Баған түрінде дұрыс жазылған мысалды анықта 

А) 5700 В) 5700 С) 5709 

* 9 * 9 * 9



  1. 7800 бен 2 – нің көбейтіндісі нешеге тең?
     


А) 156000 В) 15600 С) 1560



  1. Бөлінгіш пен бөлгіш өз ара тең болса бөліндінің мәні нешеге тең?


А) 0 В) 1 С) бөлінгіш


  1. Бөлуді қай амалмен тексереді?
     


А) Азайтумен В) Қөбейтумен С) Қосумен

5) көбейткіштің бірі 1 – ге тең болса, көбейтіндінің мәні нешеге тең?

А) 1 В) 0 С) екінші көбейткішке 

VІІІ. Сабақты қорыту:

Бүгін сабақта қандай тақырыппен таныстық?

Сабақ ұнады ма? 

Қонжықтың тапсырмасын орындадық деп ойлаймын. 

Слайд «Бәйшешектер гүл ашты»

Балалар елімізде төтенше жағдайлар еш уақытта болмасын. 

Көктем келіп бәйшешектер гүл ашсын.

Үйге тапсырма: 185 бет № 7









Сабақтың тақырыбы: Көп таңбалы санды бір таңбалы санға көбейту, бөлу.
Сабақтың мақсаты:

Көп таңбалы санды бір таңбалы санға көбейту және бөлуге байланысты есептер, теңдеулер шешу, мазмұнды есептер шығарту арқылы есеп шығару дағдысын қалыптастыру.

Ойлау қабілеттерін дамыту.

Ұлттық ойындарды танытып, оқушыларды алғырлыққа, шапшаңдыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.


Әдіс: түсіндіру, талдау, сұрақ-жауап, ойын арқылы есептерді шешу, тиянақтау.


Көрнекілігі: Үлестірме қағаздар, асық, тақия.


Сабақтың барысы:


І. Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық дайындық.

Жарқырап күн де ашылды,
Айналаға нұр шашылды.
Қайырлы күн! Біз көңілді баламыз,
Қайырлы күн!Сәлемдесіп аламыз.
Мақсатымыз- білім алу,
Міндетіміз- еңбектену
Еңбектену арқылы
“5 “- ке қолды жеткізу!

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. 177бет, №7 амалдарды орында.
ІІІ. Жаңа сабақ кезеңі.
- Балалар, бүгінгі сабағымызда көп таңбалы санды бір таңбалы санға
көбейту және бөлуге арналған есептер шығарамыз. Сабақта біз түрлі ойындарды ойнай отырып, математикалық білімімізді көрсетеміз.


ІҮ.«Бәйге» ойыны. Бөлуді орында және оны тексер:
604х4=2416
3002х3=9006
640х5=3200
13971: 3=4657
70758: 3=23586
39420: 5=7884


Ү. «Хан талапай» ойыны. Теңдеуді шешу.
Талапай-ау, талапай,
Табылды ойын алақай!
Бүк асықпен бүкті
Шік асықпен шікті
Алшыменен алшыны
Тәйкеменен тәйкені
Асықты алға шашамыз,
Талапайға басамыз.
Х: 30 = 90
40 х Х = 1200 360: Х = 30
Х=90х30 Х=1200:40 Х=360:30

Х=2700 Х=30 Х=12

2700:30=90 40х30=1200 360:12=30


ҮІ.Мазмұнды есеп.


ҮІІ. Оқулықпен жұмыс 179 бет


№5 Ерзат бағасы бірдей 5 кітап, ал Азат 3 кітап сатып алды. Ерзат Азаттан 180 теңге артық төледі. Бір кітап қанша тұрады? Олардың әрқайсысы қанша ақша төледі?

Ш: 180:2=90тг

90*5=450тг

90*3=270тг

№6 Тігінші дүкеннен бірдей бағамен 7 м ақ шыт және 3 м қызыл шыт сатып алды. Барлық матаға ол 1800 теңге төледі. Тігінші маталардың әр түріне қанша ақша төледі?

Ш: 7+3=10

1800:10=180тг


ҮІІІ. Сергіту сәті.

ІХ.Математикалық диктант.
а) 9000-ды 18 есе кемітіп, шыққан нәтижені 9 есе арттыр.
ә) 86 мен 82-нің көбейтіндісін 1025-ке кеміт.
б) 3025 және 986 сандарының қосындысын 7 есе кеміт.
в) 1800 бен 30 сандарының көбейтіндісін 27 есе кеміт.

Х. Карточкамен жұмыс. Қалдықпен бөлуді орында:
68 109: 34
17 729: 35
39 473: 54

ХІ. Сабақты қорытындылау. «Тақия» ойыны

- Сонымен, балалар, бүгін қандай есептер шығардық?
- Қандай ойындар ойналды?

ХІІ.Оқушылардың білімін бағалау.
ХІІІ.Үйге тапсырма: 179-бет. №8















Сабақтың тақырыбы: Етістіктің шақтары туралы түсінік
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттыра отырып, 
етістіктің шақтарын меңгерту.Оны сөйлем ішінен таба білуге машықтандыру, сауатты жазуға дағдыландыру
Дамытушылығы: Өздеріне деген сенімін нығайта отырып, көркем жазуға
баулу,ой шапшаңдығын дамыту, берілген сұрақтарға 
тиянақты жауап беруге үйрету, сөздік қорларын молайту, 
шығармашылыққа баулу
Тәрбиелігі: Жауапкершілікке, достыққа, адамгершілікке және қоршаған 
ортаға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу
Сабақтың түрі: жаңа материалды түсіндіру
Сабақтың әдісі: пікірлесу
Сабақтың көрнекілігі: кесте, парақша тарату, СТО технологиясынан 
қажетті бетшелер
Сабақтың жүру барысы:
І.Ұйымдастыру бөлімі
Оқушы көңілін сабаққа аудару (психологиялық дайындық)
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
1. Қызығушылықты ояту.Ереже сұрау
2. «Бетпе-бет» студиясы. Топтар бір- біріне сұрақтар қояды
1.Етістік дегеніміз не?
2.Етістіктің түрлері қандай?
3. Етістіктің жіктелуін ата?
Етістіктің шақтары
«Араларға бал жинайық»
(слаидта гүл қойып үстіне жазамын, жазасың, жазады деп жазып, араларға мен, сен, ол деп белгілеу)
І-топ Мен жазамын ІІ- топ Мен ойлаймын
Сен жазасың Сен ойлайсың
Ол жазады Ол ойлайды
ІІІ – топ Көпше түрінде айтады.
ІІІ. Жаңа сабақ
Поэзия сәті. 401 жаттығу
Өлеңді оқып талдау. М.Әлімбаев суреті, шолу айту.
«Ұшып келді ұзақ құс» өлеңі
Ұзақ құс суретін көрсету, шолу
«Ой шашу» кезеңі
І – топ Өлеңнен етістіктерді табады
ІІ – топ Қарамен жазған сөздің мағынасын түсіндіреді
ІІІ – топ «Ой толғаныс» өлең мазмұны бойынша шағын эссе жазу
Сөздікпен жұмыс. Өлеңдегі жаңа сөздермен жұмыс
Шатынап – жарылып, сыну
Қаңырап – мұздың бөлінуі
Сүңгі – жоғарыдан қатқан мұз 
Сөздерді түсініп алып, әрқайсысын есте қалдыру үшін қатты, жай, сыбырлап қайталау.
Жаңа ақпарат.
Ережемен таныстыру.
Сергіту сәті.
Жаттығулар талдау
«Семантикалық карта» бойынша 401 жаттығуды талдау
І – топ осы шақты
ІІ – топ өткен шақты
ІІІ – топ келер шақты табу қажет
Дәптермен жұмыс
403 жаттығу. Сөздерді әр топ үш шақта жазады
І – топ: Айт сөзі
ІІ – топ: Оқы сөзі 
ІІІ - топ: Біл сөзі
«Жалғастыр» ойыны
Ауыл, ақша, сандық, мектеп, қыз, таң қалу.
Әр топ осы сөздерді пайдаланып, ертегі құру керек. Кезек-кезек айнала отырып.
Сабақты қорыту
Оқушыларды бағалау
Үйге: Ереже. 404 жаттығу









































































Қазақ тілі 4 - сынып
Сабақтың тақырыбы: Етістіктің шақтары
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Етістік туралы білімдерін кеңейту. Етістіктің өткен, осы және келер шақ түрлерімен таныстыру.
2. Дамытушылық: Танымдық қабілеттерін, сөйлеу тілін, сөздік қорын, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
3. Тәрбиелік: Ұйымшылдыққа, мейрімділікке, кішіпейілдікке тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа сабақ
Сабақтың түрі: сұрақ - жауап, топпен жұмыс
Көрнекі құралдар: интерактивті тақта, суреттер, қима қағаздар, семантикалық кесте
Пән аралық байланыс: дүниетану, өзін - өзі тану
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі (психологиялық дайындық)
1. Оқушылармен амандасу.
2. Тілді жаттықтыру (сұрақтарға жауап беру)
- Бүгін қай күн? Қазір қандай сабақ? Біз қай тілде сөйлейміз? Бүгінгі күн қандай? Қазір көңіл - күйіміз қалай? ☺(жақсы)
Мұғалім, балалар (хормен)
Әрбір адам? Туысым, досым.
Әрбір сабақ? Үйрену, ұғу.
Әрбір ісің? Тірлік, тірек, адамдық.
Әрбір сөзің? Шындық, бірлік, адалдық.
- Олай болса, балалар бүгінгі сабағымызды жақсы көңіл - күймен бастайық, әрбір ісімізге мұқият болайық.
- Балалар сабаққа дайынбыз ба? Үй тапсырмасына не берілді?
ІІ Үй тапсырмасы
ІІ. Жаңа сабақ.
- Балалар жылдың қай мезгілі? (Қыс)
- Қыста ауа – райы қалай өзгереді?
Күн суытады, қар жауады, боран соғады, қырау түседі, аяз шымшылайды, су қатады.
- Енді өздерің айтып шыққан сөздерің заттың несін білдіреді? (қимылын)
- Қазақ тілінде заттың қимылын білдіретін қандай сөз табы? (Етістік)
- Етістік қандай сұраққа жауап береді?
- Етістік іс - әрекеттің жүзеге асу мезгілін білдіреді. Осыған байланысты бүгінгі біздің жаңа сабағымыз: Етістіктің шақтары деп аталады.
- Алдымен, балалар шақ деген сөзді қалай түсінеміз?
Шақ дегеніміз – мезгіл, кезең,
Бақытты балалық шақ
Шақ – іс – әрекетті, қимылды білдіреді.
Өріктің сүйегін шақ.
- Тақтаға назар аударайық.
1 - слайд (Етістіктің үш шағына байланысты суреттер көрсету)
Әр суретке сөйлем құрап, іс - әрекеттің қай мезгілде болғанын анықтау.
1 - суретте іс - әрекеттің нақты қазір болып жатқанын көрсетеді (осы шақ).
2 - суретте іс - әрекеттің болып кеткендігі көрсетіледі (өткен шақ)
3 - суретте іс - әрекет әлі жүзеге асқан жоқ, болашақта болатыны айтылады(келер шақ).
Ереже:
- Яғни, етістіктер іс - әрекеттің жүзеге асу мезгілін білдіреді. Етістіктің үш шағы болады:
2 - слайд
Етістіктің шақтары
Осы шақ, Өткен шақ, Келер шақ

Дәптерлеріңді ашып, бүгінгі күнді жазып қойыңдар.
Ақпанның сегізі.
Сынып жұмысы.
Етістіктің шақтары.

Оқулықпен жұмыс.
1 - жаттығу жазбаша орындалады.
Іс - әрекеттің бұрын болып кеткенін білдіретін сөйлемдерді бір бөлек, алдағы уақытта болатынын білдіретін сөйлемдерді бір бөлек және қазір болып жатқанын білдіретін сөйлемдерді бір бөлек көшіріп жазады. Етістіктердің астын сызады.
Іс - әрекеттің бұрын болып кеткенін білдіретін сөйлемдер:
1 Қазақстан Республикасының жаңа мемлекеттің мәртебелі рәміздері 1992 жылы қабылданды.
2. Төле би бала кезінен шешендігімен елге танылды.
Іс - әрекеттің алдағы уақытта болатындығын білдіретін сөйлемдер:
1. Кешке теледидардан ақпарат хабарын тыңдаймын.
2. Біз Астанаға қол өнер бұйымдарының көрмесіне барамыз.
3. Ата бабалардың өсиеті ұрпақтан ұрпаққа мұра болып қалады.
Іс - әрекеттің қазір болып жатқанын білдіретін сөйлемдер.
1. Марат ақын М. Мақатаевтың өлеңдер жинағын оқып отыр.
2. Сахнада «Айгүл» би ансамблі өнер көрсетіп жатыр.
3. Шетелде тұратын қазақтар атамекеніне оралып жатыр.
Бұдан қандай қорытынды жасауға болады.

- Егер іс - әрекет қазіргі уақытта орындалып жатқан болса, онда оны осы шақ дейді. - Егер іс әрекет әлі орындалмағанын, келешекте орындалатынын білдірсе, онда ол келер шақ деп аталады.
- Ал егер іс - әрекет орындалып кетсе, онда ол өткен шақ деп аталады.
- Балалар, келесі сабақтарда етістіктің шақтарымен толық танысып өтеміз.
Жаңа тақырып бойынша алған білімдеріңді тереңдете түсу үшін топқа бөлініп, тапсырмалар орындаймыз.
Қар, су тамшылары(жаңбыр), бұлт үшеуінің біреуін таңдап алып, топтарға бөлу.
Қар – осы шақ, күн - келер шақ, бұлт - өткен шақ.

Топпен жұмыс
2 - жаттығу. Оқушылар бұл тапсырманы бірлесе орындау, ауызша сұрау. Берілген қима қағаздағы сөйлемдерден етістіктерді тауып, астын сызып, қай шақта тұрғандығын анықтау.
- Әр топтан сұралады.



Сергіту сәті.
Біз өнерлі баламыз. (өзін көрсетеді)
Шырқатып ән саламыз. (екі қолды жанына созады)
Би билейміз бұралып, (би қимылын көрсетеді)
Доспыз, тату боламыз. (барлығы қол ұстасып, жоғары көтереді)

3 - жаттығу. Берілген үлгі бойынша етістіктерді үш жақта жазу.
Сөздер: сал, кел, бар, ал, жат, биле, секір, ойна
Слайдтан көрсету
Осы шақ, Өткен шақ, Келер шақ
Қалған топ оқушылары осы сөздерді қатыстырып, сөйлем құру
4 - жаттығу. Оқушылар мақал - мәтелдерді оқып, мағынасын ашып, етістіктерің қай мезгілде болған әрекетті білдіріп тұрғанын айтады.

III. Қорытынды. Сонымен балалар, етістіктің шағы дегеніміз не?
- Етістіктің неше шағы бар?
- Осы шақ іс - әрекеттің қай мезгілде өтіп жатқанын білдіреді?
- Өткен шақ пен келер шақ туралы не айтуға болады?
Семантикалық кестені толтыру
№--- Мысалдар ---------- Осы шақ --------- Келер шақ ------------ Өткен шақ
1 Ол жазды
2 Сіз жазып отырсыз
3 Сұрақ қиын болды
4 Ол сонда оқымаған
5 Қар жауып тұр
6 Қыс суық болды
7 Ол келе жатыр
8 Кітап оқып отырмын

Жүректен жүрекке
- Мен сыныптас достарыма татулық тілеймін
- Мен сыныптас достарыма бірлік тілеймін.
- Мына келген қонақтарға табыс тілеймін!
Слайдтан көрсету
IV. Үйге тапсырма. Ереже жаттау.
V. Бағалау.








Сабақтың тақырыбы: Мағынасы қарама - қарсы сөздер


Сабақ мақсаты:

Мағынасы қарама - қарсы сөздерді меңгерту және сөз мағынасына мән беруді үйрету.
Міндеттері:

  1. Сөз мағынасы қарай түрлерін еске түсіре отырып, қарама - қарсы мағыналы сөздерді таба білуге және байланыстырып сөйлем құрай білуге қалыптастыру.
    2. Оқушылардың есте сақтауын және тілін, сөздік қорын дамыту.
    3. Тез ойлауға, дұрыс шешім қабылдауға баулу. Мамандық таңдай білуге баулу.
    Түрі: Ойын сабақ
    Типі: Жаңа білімді меңгеру
    Әдістері: сұрақ - жауап, іздену, ой қорыту, көрнекілік әдісі, сәйкестендіру тесті Көрнекілік: интерактивті тақта, слайдтар, үлестірмелер
    Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі
    Амандасу сәті:
    - Ақ көңілді жүрекпен
    Ақ ниетті тілекпен
    Амандасып алайық
    Қонақтарға ізетпен
    Психологиялық сәт:
    Жарқырап күн де ашылды,
    Айналаға нұр шашылды.
    Мақсатымыз - білім алу,
    Міндетіміз - еңбектену
    Еңбектену арқылы
    “5 “- ке қолды жеткізу!
    ІІ. Ой қозғау:

Біздің еліміз – Қазақстан Республикасы Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев «Ел болашағы - білімді ұрпақ»- деп сіздерге үлкен сенім білдіруде Өздеріңіз білесіздер, Қазақстан жер көлемі үлкен, экономикасы мен мәдениеті дамыған ел.
Елбасымыз еліміздің әлі де қарыштап дамып, алдыңғы қатарлы 50 елдің қатарына қосылуына жұмыстануда. Қазір сендер кішкентай болғанмен, ертең еліміздің кемелденуіне, гүлденуіне үлес қосатын маман болып, еліміздің түкпір - түкпірінде еңбек ететіндеріңе менің де сенімім мол. Сондықтан «біз әлі кішкентаймыз демей, осы күннен мамандық таңдауды армандауымыз керек екен. Іштеріңде қандай да болмасын мамандықты таңдап жүрген оқушылар бар ма?
Мемлекетіміздің гүлденуіне үлес қосайық. Ол үшін әр маман иелерінің тапсырмаларын орындап, еңбектенуіміз керек?. Мемлекетімізді гүлдендіруге дайынбыз ба?
ІІІ. Өткенді еске түсіру:
1. Мамандықтың бәрі жақсы. Сол маман иелерінің барлығы ұстаздан білім алған.
Олай болса, мұғалім мамандығының тапсырмасына назар аударайық.
Мұғалімнің тапсырмасы: «Сынақ дорбасы»
● Сөз мағынасының түрлерін ата.
● Мағынасы жуық сөздерге мысал келтір.
● Мағынасы қарама - қарсы сөздерге мысал келтір.
● Дыбысталуы бірдей, мағынасы әр басқа сөздерге байланысты сөйлем ойла.
ІІІ. Мақсат қою кезеңі
Шахтер тапсырмасы: «Ойлан тап».
Дидактикалық ойын.

Ой қозғау(мысалдарды шеше отырып, жаңа тақырып ашылады)
232 * 20 348 * 2 3720: 3
Мағынасы қарама - қарсы сөздер
ІV. Жаңа сабақ.
Дәптермен жұмыс.
Көркем жазу сәті:
Жж
жақсы
Жақсыдан үйрен,
Жаманнан жирен.
V. Жаңа сабақты пысықтау.
1. Дәрігер мамандығының тапсырмасы: «Поэзия минуты»
7 - жаттығу
Қызғалдақтың қасына
Қойып едім қондырмай,
Бізін сұғып басыма
Шақты - ау ара оңдырмай
Енді тимен оған мен,
Ісіп кетті бас, шекем.
Балы тәтті болғанмен,
Тілі өзінің ащы екен!
(Қадыр Мырза Әли)
Автор туралы мәлімет айтылады)
● Өлеңді мәнерлеп оқиды.
● Мағынасы қарама - қарсы сөздерді табады: Тәтті – ащы
VI. Сергіту сәті:
Ал балалар, маман иелерінің тапсырмасын орындап, шаршаңқырап қалған болармыз. «Сергіту сәтін» жасап алайық.
Орнымыздан тұрайық,
Алақанды ұрайық,
Алға қарай бір адым
Артқа қарай бір адым
Жоғары - төмен қарайық
Бір отырып, бір тұрып
Орнымызды табайық.
- Балалар сергіту сәтінде де біз қандай қарама - қарсы сөздер пайдаландық?( жоғары – төмен, алға – артқа, отыр - тұр)
Тігіншінің тапсырмасы:

Мақалды жатқа жазу(8 - жаттығу)

  1. Мейірімді алғыс алса,
    Мейірімсіз қарғыс алар.
    2. Ақылды іс тындырады,
    Ақымақ тіс сындырады.
    * Мағынасы қарама - қарсы сөздердің астын сыз
    Скрипкашы тапсырмасы:.

«Сиқырлы сандық» әзірлепті.(сандықтың ішінен сөздерді алып, мағынасы қарама - қарсы сөзді табады) 9 - жаттығу
● Берілген сөздерге мағынасы қарама - қарсы сөздерді тап.
Мейірімді - мейірімсіз
Жуас - асау
Қымбат - арзан
Сұйық - қою
Қашық - жақын
VІ. Дәлелдеу.
Суретшінің тапсырмасы:
10 - жаттығу.
● Тек мағынасы қарама - қарсы сөздер жұбын теріп жаз.
● Кестені пайдаланып, пікіріңді дәлелдеп үйрен.
жақсы – жаман, жоғары – төмен, оңай – қиын, үлкен – кіші.
Дәлелдеу үлгісі: жақсы және жаман сөздері - мағынасы қарама - қарсы сөздер, өйткені екеуінің мағынасы бір - біріне қарама - қарсы, әрі екеуі де сын есімге жатады.
● Өзің қалаған сөз жұптарымен сөз тіркесін жаз.
жақсы бала, жаман адам, оңай тапсырма, қиын есеп, үлкен үй, кіші бөлме.
VІ. Милиционер тапсырмасы:

Шығармашылық жұмыс:

3 топқа бөліп тапсырма дайындапты.
1 топ – мағынасы қарама - қарсы сөздері бар сөйлемдер жазу.
2 топ – сәйкестендіру тесті
3 топ – ішінде қарама - қарсы мағынасы бар жұмбақ не мақал - мәтел тауып жаз.
VІІІ. Сабақты қорытындылау

Сатушы тапсырмасы:«Сиқырлы ұяшық» ойыны
Ереже Мақал - мәтел Түсіндірме әр түрлі
сөздік
10 10 10 10
20 20 20 20
Ереже
10 - сөз мағынасына қарай қандай түрлерге бөлінеді?
20 - қандай сөздер қарама - қарсы мағыналы сөз деп аталады?
Мақал - мәтел
10 - Білім сөзіне байланысты мақал айт.
20 - Жалғастыр. Әдепті бала – арлы бала,.......
Түсіндірме сөздік
10 – «Момын» сөзінің мағынасын түсіндір. Қарама - қарсы сөз айт.
20 – «шық» сөзінің мағынасын түсіндір.
Әр түрлі
10 – 1 желтоқсан қандай мейрам?
20 - жеті қазынаны ата.
- Бүгінгі сабақта не істедіңдер?
Мамандық тапсырмаларын орындап, Қазақстанның гүлденуіне үлес қостық.
Сендерге ұнады ма? Алдарындағы дөңгелекшегелерге әркім өз көңіл - күйін белгілесін.
Х. Үйге тапсырма:
Күнделікті енді ашайық
Үй тапсырмасын жазайық.
Бүгінгі алған білімді,
Ұмытпай есте сақтап алайық.
12 - жаттығу (72 бет)
ХІ. Бағалау..( қораптың ішін ашып, балаларға бағалар үлестіріледі)



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
1273
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі