400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ, Отанға жол

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ, Отанға жол, 8-сынып
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Өзiн-өзi тану» сабағының жоспары

Мектеп: «Оралхан Бөкей атындағы № 44 лицейі» КММ

Мерзімі: № 15-сабақ

Педагог: Советова Мейрамгуль Ергазыкызы

Сынып: 8 «А», «Б», «В», «Ж» Оқушылар саны_______

Сабақтың тақырыбы: Отанға жол Құндылық: Сүйіспеншілік Қасиеттер: адамдарға риясыз қызмет ету, кешірімшіл болу, шынайылық, жанашырлық.

Сабақтың мазмұны

Ресус

Сабақтың мақсаты: Қоғамға қызмет етудегі тәрбиені сүйіспен- шілікпен қабылдау әр адамның міндеті екендігін түсіндіру.

Міндеттері:

Білімділік: - адамдарға риясыз қызмет етуге үйрету;

Дамытушылық: - кешірімшіл болу қасиеттерін дамыту;

Тәрбиелік: - шынайылыққа, жанашырлыққа тәрбиелеу.

Оқулық, дәптер, қалам, түрлі- түсті қағаз.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі:

Тыныштық сәті: (Баяу музыка) «Нұрға бөлену»

2. Үй тапсырмасын тексеру.

«Менің Отаным – шұғылалы тәуелсіз Қазақстан»

тақырыбында жазып келген эсселерін оқу.

Музыка қойылад



Тыныштық сәті




3.Дәйексөз Ғ.Мүсірепов

Дүниеде туған еліңнен артық ел де, жер де жоқ

  • Еліңе жетер ештеңенің жоқ екенін сезінген кезің болды ма?


4. Әңгімелеу:

Отан Шәкен Күмісбайұлы

  • Атасы немересіне Ауған жерінен оралған балалардың келген себебін қалай түсіндірді?

  • Мұса шет елде қандай оқиғаларды бастан кешірді?

  • Мәтінде туған елге, атамекенге деген сүйіспеншілік қалай суреттелген?

  • Өзің туған елге, жерге деген ыстық сезіміңді қалай жеткізер едің?

  • Отан алдындағы перзенттік парызыңды қалай өтер едің?

Сұрақ –жауап(пікірталас)

5.Шығармашылық жұмыс

1-тапсырма: Төмендегі ой-толғауларды жалпыадамзаттық құндылықтар тұрғысынан талдау.

.... «Алтын анам, Отаным, сенен аяр жаным жоқ, сенен іркер күшім жоқ»

.... «Өз Отанын жан-тәнімен сүю – адамшылықтың асқар шыңы»

.... «Отансыз бақыт жоқ, кім-кімнің де тамыр жаяр топырағы – туған жері»

.... «Біздің ел - көп ұлтты ел. Кез келген отандасың – қай халықтың баласы болса да ол сенің досың»

.... О, дариға алтын бесік туған жер,

Қадіріңді келсем білмей кеше гөр.

Сүйем сені туған ел – ата мекен

Абзал анам сенсің ғой құшағың кең».



2-тапсырма: Мақал-мәтелді жалғастырыңдар.

  1. Өзге елде сұлтан болғанша, .....

  2. Туған жердей жер болмас, .....

  3. Отансыз адам, .....

  4. Ат айналып қазығын табар, .....

  5. Отан - .....

  6. Өз елімнің басы болмасам да, .....

Отан – адамның ата-бабаларынан бері қарай кіндік қаны тамып, өсіп-өніп келе жатқан жері. Сондықтан қай елдің адамы болсын, өз Отанын дүниедегі ең қымбаттысы, ең қасиет- тісі, ең аяулысы – Анасына балайды. Отан ұғымы адамның мінез, ізгілік сезімімен, парасатымен етене байланысты. Қазақстан – қазақ халқының ата-баба мекені, ежелгі қонысы, Отаны. Бұл жерде ата-бабамыз тұрды, өмір сүрді, оның кең жазира жерін ата-бабамыз қасық қаны қалғанша қорғап, ұрпақ -тан-ұрпаққа қалдырылып келеді. Ол – біздің ең қасиетті, қадірлі, асыл мұрамыз. Қазақ халқы мекен мәселесіне өте терең ілтипат пен қараған халық. Жалпы «Атамекен» сөзі қазақ халқының сол жерді ерте кезден иемденіп келе жатқандығын білдірсе керек.




6.топпен ән айту

Жігерлендіру Мұхтар Шаханов



7.Үй тапсырмасы.

Келесі сабақ: 1. Отан, ел туралы мақал-мәтелдер жазып, түсініп келу. 2. «Көк тудың желбірегені» А.Ахметбекұлы сөзіне жазылған өлеңін жаттау.


8.Соңғы тыныштық сәті:

Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді бойларыңызға сіңіріп,жүректеріңізге түйіп алыңыздар.

Сүйіспеншілік, сүйіспеншілік, сүйіспеншілік бар жерде,

Сүйіспеншілік, сүйіспеншілік, сүйіспеншілік бүкіл әлемде.

.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
20.12.2021
545
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі