400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Отбасы - өмір тірегі"

Материал туралы қысқаша түсінік
Отбасы туралы түйінік бере отырып отбасы мүшелерінің міндеттерімен таныстыру Дұрыс әрекет етуге үйрету.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Батыс Қазақстан облысы,

Сырым ауданы Қосарал ауылы

Жалпы білім беретін Сырым

орта мектеп-балабақша кешені

Өзін - өзі тану пәнінің мұғалімі

Сахан Гауһар Құлсарықызы

Мектеп: ЖББ Сырым орта мектебі

Тақырып: №12 сабақ Отбасы - өмір тірегі

Құндылық: ақиқат

Қасиеттер: сыйластық ,татулық, сүйеспеншілік, махаббат

Мұғалiм: Сахан Г.Қ.


Сабақтың мақсаты: отбасы туралы түйінік бере отырып отбасы мүшелерінің міндеттерімен таныстыру Дұрыс әрекет етуге үйрету.


Сабақтың міндетті: оқушыларға отбасылық өмірдің маңыздылығы туралы түсінік беру. -- оқушылардың бойына дұрыс әрекет құндылығын дамыту

  • оқушылардың бойына дұрыс әрекет құндылығын дамыту.

  • Оқушыларды сүйіспеншілік пен жауапкершіліке тәртіптілікке тәрбиелеу.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

5 «т»- ның сақталуын еске түсру. Тәртіп, талап, тыныштық, тазалық, татулықты сақтауға шақыру.

Тыныштық сәті: Баяу әуенмен су асты патшалығына ойша саяхат. Теңіз жағасымен келе жатқаныңызды елестетіңіз. Толқындардың жеңіл шалпылына, шағалалардың шуылына құлақ түріңіз. Жалаң аяқтарыңызбен құмды сезініңіз. Шалғайдан қара нүкте көріп тұрсыз ол жақындаған кезде дельфин екенің түсіндіңіз. Ол сізді теңіз түбіне алып кету үшін келді. Ол өте әдепті жәндік, сізді шыдамдылық пен күтіп тұр. Жайлап оның арқасына отырыңыз, мықтап ұстап, жолға шығыңыз. Дельфиннің арқасында жайланып отырып, өзінді қауіпсз сезіну, су астында жүру қандай керемет. Қараңызшы, қандай орасан зор балықтар, ал енді анау жаққа көз тастаңыз... бұл орасан зор сегізаяқ су асты неткен қызықты әрі ғажап әлем. Сіз бір нәрсені байқадыныз ба? Мұнда неткен тұңғиық толық тыныштық. Осы тыныштық күйде болыңыз.

(мұғалім бірнеше секунд үнсіз қалады)

Ал қазір жоғарыға, өз әлемімізге кері қайтуға дайындалыңыз. Айналаға жеті қараңыз. Ғажап түстерге тағы бір рет қараңыз және тыныштыққа құлақ түріңіз. Осындай тыныштық сізге самалдай әсер етеді. Сіз су бетіне шықтыныз, жағаға жақынданыз. Дельфинің арқасынан түсіңіз, оны сипалаңыз және осындай ғажап саяхатқа апарғаны үшін ризашылық білдіріңіз. Сыныпқа оралыңыз және өз орныңызға келіңіз бірнеше секундтан соң көзіңізді ашыңыз. Осы түйсіңген тыныштықты өз бойынызда сақтауға тырысыңыз.

Оқушылардан алған әсерлері туралы сұрау.

2. Үй тапсырмасын тексеру

«Менің отбасым» тақырыбында сурет салу берілген

3. Дәйексөз.

«Тәрбиенің ең тамаша мектебі-отбасы» берілген дәйексөзді оқушылар бәрі бірігіп оқиды. Мағынасын әркім өз түсінігі бойынша ашып береді.

4. Әңгімелеу

Бақытсыз бай (аңыз әңгіме)

Ертеде жалғызбасты бір бай өмір сүріпті. Оның туысқаны, баласы жинаған малы мен мүлкі және ақшасы екен. Соларды баладай мәпелеп күтетін. Бір күні ол жалшысының көңілді күлкісін естіп оның үйін айналшықтап тың тыңдады. Бірақ мардымды ештеңе ести алмады ол ертесіңе жалшыны түннің ортасына дйін босатпай әбден жұмысқа салды. Бірақ кешегі күлкі тағы қайталанды. Дегбірі қашып шыдамсызданғанбай енді мынау «менің қазынамнан ұрлап жүр, сол үшін үйіне барып мәз болып жатыр»- деген жаман ойға кетті. Бай бір күні жалшысының үйіне есігін бір теуіп кіріп барды. Сөйтсе, жалшысы екі баласын арқасына мінгізіп алып, өзі ат болып ойнап жүр екен.

  • ақымақ, бүгін қираландап дұрыс жұмыс істемедің! Түнімен мына мұрынбоқтарынды ойнатамын деп шаршайды екенсің ғой!- деп ақырды

  • Қожайын, осы екі балапанымды көргенде шаршау, уайым дегенді ұмытып, тыңайып, серігіп қалам,- деп байыпты қалпынан жазбай жауап берді малайы

  • Нағыз ақымақ екен!- деп үйден атып шыққан бай енді « мен кеш кіріп қалдым ба екен, ол ұрлаған ақшасын тығып үлгерді де, маған сыр бермей отыр сұмпайы» деп күдігінен арыла алмай – ақ қойды

Екінші күні жалшы таң атқанша жұмыс жасады. Бірақ ол еш реніш білдірмей үйіне қайтты. Бай соңынан бұқпантайлап барып тағы тың тыңдады. Құлағына шықырлаған ақша мен сылдарлаған күміс теңгені жалшысы санап жатқандай естіліп кетті. Ол тағада есікті теуіп кіріп барды. Екі баласы екі жағына алып қаннен қаперсіз рахаттанып ұйықтап жатқан малшысын көргенде не істерін білмей қалды. Үн-түнсіз білдіртпей үйден шығып кетті. Ертесіне жалшысының көңілді, сергек қалпы байға өзін мазақ қылып тұрғандай көрініп кетті. Бай ақыры:

  • Менің қазынамнан біраз қаражат жоғалды соны сенен басқа ешкім алған жоқ. Себебі сен үнемі көңілді жүресің, тыққан ақшан болған соң көңілін тоқ боп жүр,-деді сонда жалшысы:

  • Қожайын, жағдайың құлдан да жаман – ау. Күнде кешке үйімді торауылдамайсың-менің байлығым екі балам мен жан жарым және денсаулығым мен қара күшім. Сондықтан мен бақытымын, көңілдімін,-деп жауап берді. Не дерін білмеген бай үн түнсіз қалды. «япырмай, шынында да мына құл бақытты. Мен сияқты қызғанатын байлығы да жоқ. Байлық маған бақытсыздық үшін біткен бе? Басым ауырып кетті, осы күні жалшы үйіне ерте қайтты. Оның сыртынан қарап тұрған бай алдынан жүгірып шыққан екі баласын қызыға қарап қалды...

Талқылау сұрақтары:

  • бай неліктен мазасызданды?

  • Жалшы байға қалай сабақ болды?

  • өмірде осы әңгімедегідей кейіпкерлерді кездестірдіңіздер ме?

  • Отбасы бақытын дүние-мүллікке айырбастауға бола ма?

Оқушылардың берген жауаптарынан кейін қорытындылаймын.

5. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс

Оқушыларды 3 топқа бөлу

1. топ: Ағаштын суретін салып отбасы мүшелерін орналастыру

2. топ: «Менің отбасым» тақырыбында эссе жазу

3. топ: Дастархан басында отырған отбасын сахналап көрсету.


6. топпен ән айту. Әке-туралы жыр

Ұшырдың баптап ұядан

Кетпейсің ойдан қиялдан

Арманға биік қол созсам

Тұрасың демеп жиі алдан

Қайырмасы:

Көңілім бүгін алаңды

Күттіңбе әке балаңды

Шаттықпен жарқын тойыңа

Сыйлаймын сазды бұл әнді


7. Соңғы тыныштық сәті.

Ал еңді балалар, бүгінгі сабақта үйренген жақсы қасиеттерімізді еске түсіріп, жүректеріңізге сақтаңыздар.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22.12.2017
865
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі