400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Отбасы жарастығы" 5 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
"Отбасы жарастығы" өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Өзін-өзі тану сабағының жоспары

Мектеп: 19 жалпы білім беретін мектеп

Мерзiмі:21.11.2016ж     Мұғалiм:  Бектұрғанова Қ. Ә.  

Сынып:  5а        Оқушылар саны: 26

 №  10  Тақырып:  Отбасы жарастығы

Құндылық: Сүйіспеншілік Қасиеттер: Отбасындағы адамдарға сүйіспеншілік, жанашырлық, риясыз қызмет ету

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың отбасындағы махаббат ұғымын сүйіспеншілік құндылығы ретінде мағынасын ашу

Міндеттері:

-Отбасы жарастығы, татулығы туралы түсінік қалыптастыру;

- Отбасындағы адамдарға деген сүйіспеншілік қасиеттерін дамыту

- жанашырлық, риясыз қызмет етуге тәрбиелеу


Сабақ барысы:

1 Ұйымдастыру кезеңi.

5 «Т» ережесін еске түсіру:

  • Тәртіп

  • Талап

  • Тазалық

  • Татулық

  • Тыныштық

Тыныштық сәтi.

Су асты патшалығына ойша саяхат.

(Оқушылардан шеңбер құрып отыруды, қолдарын тізесіне немесе үстел үстіне қоюды, аяқтарын айқастырмауды өтініңіз. Арқаларын тік ұстауын қадағалаңыз. Жайлы, баяу музыка қойыңыз).

Мұғалім: Көзіңізді жұмыңыз және бірнеше рет терең тыныстаңыз; денеңізді босатыңыз.Бірнеше секундтан соң теңіз түбіне саяхат жасаймыз.

Теңіз жағасымен келе жатқаныңызды елестетіңіз. Толқындардың жеңіл шалпылына, шағалалардың шуылына құлақ түріңіз. Жалаң аяқтарыңызбен құмды сезініңіз. Шалғайдан қара нүкте көріп тұрсыз: ол жақындаған кезде дельфин екенін түсіндіңіз. Ол сізді теңіз түбіне алып кету үшін келді. Ол өте әдепті жәндік, сізді шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап оның арқасына отырыңыз, мықтап ұстап, жолға шығыңыз. Дельфиннің арқасында жайланып отырып, өзіңді қауіпсіз сезіну, су астында жүзу қандай керемет. Жан-жағыңызға қараңыз: мұнда кемпірқосақ тәрізді арлы-берлі жарқырай қалқыған әсем балықтар қаншама. Теңіз түбіне бойлаған сайын айнала қалайша өзгереді, суда тербелген қаншама ғажайып балдырлар. Қараңызшы, қандай орасан зор балықтар, ал енді анау жаққа көз тастаңыз... бұл орасан зор сегізаяқ. Су асты неткен қызықты әрі ғажап әлем. Сіз бір нәрсені байқадыңыз ба? Мұнда неткен тұңғиық, толық тыныштық. Осы тыныштық күйде болыңыз.(Мұғалім бірнеше секунд үнсіз қалады).

Ал қазір жоғарыға, өз әлемімізге кері қайтуға дайындалыңыз. Айналаға жіті қараңыз. Ғажап түстерге тағы бір рет қараңыз және тыныштыққа құлақ түріңіз. Осындай тыныштық сізге самалдай әсер береді. Енді дельфин кері қарай жолға шықты. Сіз су бетіне шықтыңыз, жағаға жақындадыңыз. Дельфиннің арқасынан түсіңіз, оны сипалаңыз және осындай ғажап саяхатқа апарғаны үшін ризашылық білдіріңіз.

Сыныпқа оралыңыз және өз орныңызға келіңіз. Бірнеше секундтан соң көзіңізді ашыңыз, осы түйсінген тыныштықты өз бойыңызда сақтауға тырысыңыз.

Ресурстар: (слайд, үнтаспа, видеоролик)

2. Үй тапсырмасын тексеру.

  • «Отбасы бақыты» тақырыбында әңгіме құрастырып келдіңдер ме?

  • Қане кім өз отбасы туралы оқып береді?


Сабақ барысын талқылау:


3. Дәйек сөз.

«Отбасының өнегесі – Отан өнегесі»

Б.Момышұлы

Нақыл сөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?

Жекелей

  • Топқа бөліп

  • Хормен оқыту.

Дәптерге жаздырамыз.


4. Оқиғаларды әңгімелеу (сұхбат)

Видеоролик « Ата- анаға қамқорлық»

Балалар бұл видеороликтен не түйдіңдер?

балалар ойы сұралады.

5.Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

«Жалғасын тап» ойыны. Отбасына қатысты мақал-мәтел айтып жарысу

cлайдпен көрсетіледі

6.Топпен ән айту

Әкем әнім

Сөзі: О.Сүттібаев
Әні: А.Сүлейменов

Ұшырдың баптап ұядан,
Кетпейсің ойдан қиялдан. 
Арманға биік қол созсам,
Тұрасың демеп жиі алдан.


Көңілің бүгін алаңды, 
Күттің бе әке балаңды.
Шаттық пен жарқын тойыңа, 
Сыйлаймын сазды бұл әнді.


Адалдық әркез көксеген, 
Үйрендім әке тек сенен.
Ардақтап өтем мәңгілік,
Ғұмырда жалғыз жетсе дем.


Көңілің бүгін алаңды, 
Күттің бе әке балаңды.
Шаттық пен жарқын тойыңа, 
Сыйлаймын сазды бұл әнді.


Жүректі тербеп күй сынды,
Биікке ұшсам сүйсіндің.
Мойныңа көптен асылмай, 
Сағындым әке иісіңді.


Көңілің бүгін алаңды, 
Күттің бе әке балаңды.
Шаттық пен жарқын тойыңа, 
Сыйлаймын сазды бұл әнді


7.Үй тапсырмасы.

«Мен қазақ баласымын» атты Е.Өтетілеуұлының өлеңін оқып келіңдер.


8. Сабақтың қорытынды сәті. Сабағымыздан үйренген жақсы көру, сыйластық, мейірбандық қасиеттерімізді көңілімізге түйіп, отбасымыздағы жанымымызда жүрген жақындарымызға деген сүйіспеншілігіміз өшпесін, сөнбесін деп тілек білдіргім келеді.






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22.12.2017
473
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі