|
Сабақ
барысы:
Ұйымдастыру
іс-әрекеті.
Топқа
бөлу
ІІІ
Бала
ІІ
Әке
І
Ана
Оқушылармен амандасып,
түгелдеп, көңіл-күйлерін сұрау, смайлик арқылы
көрсету.
Тыныштық
сәті. «Нұрға
бөлену»
І. Қызығушылықты
ояту кезеңі
-
Үй тапсырмасын
тексеру.
Үй тапсырмасына оқушыларға
«Сүйіспеншілік – өмір өзегі» тақырыбында эссе жазу
тапсырылған. «Автор
орындығы» стратегиясы
пайдаланылады.
-
Дәйексөз.
Оқушыларға дәйексөз оқылады.
Дәйексөздің мәнін ашу үшін мағынасына тереңірек тоқталу. Балалар,
осы нақыл сөзді кім қалай түсінеді? Балалардың ойларын
тыңдау.
Ұяда не көрсең, ұшқанда
соны ілесің.
Халық
мақалы
ІІ. Мағынаны тану
кезеңі
-
Әңгімелеу.
«Тұжырымдамалық
карта»
әдісін пайдалана отырып,
оқушыларға «Отбасының жарастығы» сөзіне түйінді идеяларды жазып
шығу және қорғау
тапсырылады.

«Еркін
әңгіме» стратегиясы
пайдаланылады.
-
Отбасы жарастығы дегенді қалай
түсінесіңдер?
-
Отбасы деген ұғымды қалай
түсінесіңдер?
Мәтінмен
жұмыс
Отбасы
татулығы. «Болжау»
әдісі
Баяғыда бір үлкен отбасы өмір
сүріпті. Отбасындағы адамдар саны өте көп екен, бір қауым ел болып,
бірге тұрыпты. Олардың отбасы ерекше екен,отбасының өзара
келісімде, татулықта өмір сүруі елді таң қалдырады. Оларда
ұрыс-керіс, дау-жанжал деген атымен болмайды екен. Бұл отбасы жайлы
патшаның құлағына да жетеді. Патша естігенінің ақ-қарасын анықтау
үшін ауылға келеді. Ауылда тап-таза, барлығы да жеткілікті,
тыныштық пен береке қонған. Патшаның көңілі толы, ерекше бір
шаттыққа бөленеді. Сыйластығы жарасқан бақытты отбасында
қариялардың орны төрде, уайым-қайғысыз, балалары бақытты,
мәз-мейрам екен. Бұған патша таң-тамаша болады. Отбасының қалайша
бақытты, тату-тәтті өмір сүруінің мәнісін білгісі келеді.Ол ауыл
ақсақалына келіп, отбасындағы татулық пен бірлікке қалай
жеткендерін айтуын
өтінеді.
Мұғалім: Балалар, сендер қалай
ойлайсыңдар – ауыл ақсақалы патшаға қандай жауап берді? Отбасындағы
татулық пен бірлік болуы үшін қандай қасиеттер
қажет?
Қарт үнсіз ғана жүз рет
«кешірім», жүз рет «бірлік», жүз рет «сүйіспеншілік» деп қағазға
мұқият жазып шығады.Үш сөзді оқыған патша таң
қалады.
-Иә,- деді
ақсақал.
- Барлық жақсы отбасылар тек
осы қасиеттерден құралады,- деді де, сәл ойланып, «және шыдамдылық»
деген сөзді қосып
қояды.
Әңгіме бойынша
сұхбаттасу:
І
топ: Неліктен патшаны ұйымшыл
отбасы қызықтырды?
ІІ
топ: Отбасының сыйластығына қалай
қол жеткізуге болады?
ІІІ
топ: Отбасының татулығы қандай
табыстарға жеткізеді?
-
Шығармашылық
жұмыс.
Топтық жұмыс. Сынып үш топқа
бөлінген.
І топ: Оқушыларға сурет
қиындылары таратылады. Құрастырылған суретке тақырып қойып, қорғау
тапсырылады. «Пазл»
әдісі
ІІ топ: «Бақытты отбасы»
тақырыбында сахналық қойылым құру
тапсырылады. «Рөлдік ойын»
әдісі
ІІІ
топ: «Синквейн»
әдісі бойынша өлең шығарып, постерге
жазып, қорғау
тапсырылады.
Бірінші жолда – тақырып бір
сөзбен беріледі (зат
есім)
Екінші жолда – тақырып екі
сөзбен сипаттау (сын
есім)
Үшінші жолда – тақырыпқа
қатысты қимыл атауын үш сөзбен жазу
(етістік)
Төртінші жолда – 4 сөзден
тұратын бір сөйлем.
Бесінші жолда – тақырып мәнін
ашатын бір синоним
сөз.
Бейнежазба:
«Ең ұлы құндылық –
сүйіспеншілік»
Бейнежазба ұнады ма? Не
түйдіңдер?
ІІІ. Ой толғаныс
кезеңі
-
Топпен ән
айту
Оқушыларға топпен ән айту
тапсырылады.
«Әке -
Ана»
Нұрмұхамед
Жақып
Жанашырым-Ана, Дара
шыңым-Ана
Бар асылым-Ана, Шуағымсың
Бағбанымсың - Әке, Зор бағымсың - Әке
Қорғанымсың - Әке, Шырағымсың
Қайырмасы:
Ана - аяулым өзіңмен мақтанамын
Ана - мен сені Меккеге апарамын
Ана - баланың қолдаған бақ талабын,
бұлағымсың
Әке - бір жылы сөзіңе
шаттанамын,
Әке - мен сені Меккеге апарамын,
Әке - биікке самғайды баптағаның, шынарымсың әке
Өмір берген маған, көңіл бөлген маған
Сенім берген маған ай
кунімсің,
Қамқорларым дана, сүйенішім
дара,
Әке менен ана, байлығымсың.
Қайырмасы:
2. Үй
тапсырмасы
Оқушыларға өнегелі отбасы
туралы мақал-мәтелдер тауып, жазып келу
тапсырылады.
-
Соңғы тыныштық
сәті.
Енді көзімізді жұмып осы
сабақта айтылған ізгі сөздер мен істерді ой елегінен өткізіп,
барлық жақсы ойларды жүрегіміздің түпкіріне апарып
орналастырамыз.
Кері
байланыс: Мен үшін отбасы ... (оқушылар
осы сөйлемді аяқтай отырып, бүгінгі сабақтан алған әсерлерімен
бөліседі)
Алма
ағашы. (Стикерлер)
-
Жасыл алма
(ұнады)
-
Сары алма
(орташа)
-
Қызыл алма
(ұнамады)
Стикерлерге жазып алма ағашына
ілу.
|