400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Отбасы жарыстығы 6 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақтан оқушылар отбасындағы жауапкершілікті, бір-біріне деген құрмет,сыйластықпен қарауды өз бойларына сіңіріп өмірде адал, шыншыл болады деп сенемін. Сабақ тек қана рухани-адамгершілік бағдарлар бағытын беріп қоймай, сабақтан тыс, отбасымен өзара әрекеттесу арқылы сыртқы құрылымдарға , тұтас әлеуметтік ортаға ықпал етеді. Осылайша, қазақстандық қоғамның рухани-адамгершілік жаңғыруы жалпыадамзаттық құндылықтар негізі болған біртұтас білім кеңістігін құру арқылы жүзеге асады.Бұл сабақ өзін-өзі тану пәні мұғалімдеріне көмегі тиеді деп ойлаймын.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Өзiн-өзi тану» пәнінің сабақ жоспары


Мектеп: «Сартомар орта мектебі» КММ

Тақырып: «Отбасының жылуы»

Құндылық: Дұрыс әрекет

Қасиеттер: әдепті болу, ұқыптылық, басқалар туралы жамандық ойламау, үнемшілдік, зиянды әдеттерден аулақ болу.

Сынып: 6

Оқушылар саны: 8

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларға жақсылықтың адам өміріндегі маңыздылығын ұғындыру арқылы дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

  • Оқушыларға жақсылық жасаудың мәнін ұғындыра отырып, қайырымдылық, қамқорлық, жауапкершілік қасиеттері туралы түсінік беру;

  • Оқушыларды өзіне және өзгелерге жақсылық жасауға баули отырып, жауапкершілікке үйрету;

  • Оқушыларды қайырымды , қамқор болуға тәрбиелеу;

Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер) 5Т. 5 жұмыс құралын түгендеу, күнделік, оқулық, жұмыс дәптері, қаламсап, қарындаш.

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңi.

 Тыныштық сәтi.(баяу әуен)

«Орманға саяхат»

Көзімізді жұмамыз, терең демаламыз, әр демімізбен өзімізді еркін, тыныштықта сезінеміз.

Қазір біз орманға дем алуға барамыз. Елестетіңіз, сыныптан шығып, дәлізден өтіп, далаға бет алдыңыз.

Таза ауаны сеземіз, самал ескен жылы жел мен күннің нұры ақырын ғана бетімізден өбеді, шашымызды сипайды.

Біз ақырын орманға қарай бет аламыз. Абай болайық, жердегі жәндіктерді аяғымызбен басып кетпеуге тырысайық. Бір минутқа тоқтап, айналамыздағы әсемдікке көз салайық. Құлпырып өскен гүлдердің иісі мұрынды жарады, қандай керемет иіс! Айналамыздағы әрбір әсемдікті көзімізден таса қылмай, ары қарай бет аламыз.

Орманның ішіне де келдік. Құстардың әсем әуені, шөптердің сыбдыры жан дүниемізді жаулап алғандай. Айналамызда түрлі ағаштар. Сол ағаштың ішінен бір қайыңды таңдап алыңыз. Бауырында отырып, біраз тыныстап алыңыз.

Мен бақыттымын, менің жан дүнием тыныш. Табиғат қандай тамаша! Мен табиғаттың бір бөлшегімін, менің табиғатқа зияным тимеуі керек, кез- келген уақытта мен осы ағаштың түбіне келіп дем аламын.

Енді орнымыздан ақырын тұрып, айналамызға тағы көз жібереміз. Келген ізімізбен, мектепке қарай аяңдаймыз. Сыныбымызға келіп өз орнымызға отырайық.

Тыныштық пен разылықты жүрегімізде сақтап, көзімізді ашамыз, бір-бірімізге қарап күлімсірейміз.

  • Қандай әсер алдыныз?

  • Көз алдарыңа қандай бейнелер елестеді?

Үй тапсырмасын тексеру.

№ 17 сабақ   «Ата-анам – ізгі адамдар» эссесінен үзінді оқып келу.


  1. Ата-ананың бойындағы қандай ізгі қасиеттер ерекше сүйсіндірді?

  2. Ата-ананың рөлі туралы әңгімелеп беріңдер?

  3. Автор қандай құндылықты бойына сіңіріп өсті деп ойлайсыңдар?

  4. Ата-ана мен Отан алдындағы парызды қалай түсінесіңдер? Парыздарыңызды қалай орындап жүрсіңдер?

  5. Жүрегі сүйіспеншілікке толы адам болу үшін қандай қасиеттерді өз бойларыңда дамытқыларың келеді? Әңгімелеп беріңдер.

Қорытынды: Перзенті үшін ата-ананың риясыз сүйіспеншілікпен қызмет етуі оқушылардың рухани өсіп жетілуі үшін өте маңызды. Адамның отбасынан алған тәрбиесі оның туған-туысқандары мен айналасындағы адамдармен қарым-қатынасына тікелей ықпал етеді. Адам өскен ортасынан барлық жақсы қасиеттерді бойына сіңіріп өссе, өз ортасына мейірім-шуағын шашып, риясыз сүйіспеншілік пен адамдықтың биік белесіне көтеріле алады. Отбасынан алған жақсы тәлім-тәрбие адамның бойындағы қасиеттердің дамуына ықпал етеді.

Сабақ барысын талдау:

Дәйексөз

Үйінде бақытты адам - әлемде бақытты адам.

Л.Н.Толстой

1. Балалар өздеріңізді қай кезде ерекше, жақсы сезінесіздер?

2.Бақытты адам дегенді қалай елестесіздер?

3.Бақытты отбасы болу үшін отбасы мүшелері бойында қандай қасиеттер болу керек?

Дәйексөзді хормен оқу, жанында отырған балаға айту, жүрекпен айту, жаттап алу.

Орыс әдебиетінің әлемге аты шыққан жазушысы,ағартушы, публицист Лев Николаевич Толстой (28 тамыз (9 қыркүйек) 1828 жыл, Ресей империясы, Тула губерниясы Ясная Полянада дуниеге келген. «Анна Каренина», «Соғыс және бейбітшілік», «Арылу» «Декабристтер» романдары; «Балалық», «Жастық шақ» және «Балдәурен» трилогиялары ; «Помещик таңы», «Альберт», «Идиллия», «Казактар», «Иван Ильичтің өлімі», «Шеше», «Қажы-Мұрат» және т.б повесттері бар. Сондай-ақ, басқа да шығармалардың авторы.

Ең танымал үш шығармасы – "Соғыс және Бейбітшілік" ("Война и Мир"), "Анна Каренина", "Жексенбі" ("Воскресенье").

Түйін: Адам бақытты болу үшін адамдарды риясыз сүйіспеншілікпен құрметтеп, жақсылық жасап, қарым-қатынасты нығайту керек. Отбасымызға адал, шынайы беріліп қызмет етуіміз арқылы бүкіл адамзаттың сүйіспеншілігіне бөленуге мүмкіндік бар. Отбасы мен әлем біртұтас, кез келген отбасы әлемнің бір бөлігі.



Әңгiмелеу

Мұғалім сыйы

Отбасы татулығы

Аңыз әңгіме

Баяғыда бір үлкен отбасы өмір сүріпті. Отбасындағы адамдар саны өте көп екен, бір қауым ел болып, бірге тұрыпты. Олар отбасы ерекше екен,отбасының өзара келісімде татулықта өмір сүруі елді таң қалдырады. Оларда ұрыс-керіс, дау-жанжал деген атымен болмайды екен. Бұл отбасы жайлы патшаның құлағына да жетеді. Патша естігенінің ақ-қарасын анықтау үшін ауылға келеді. Ауылда тап-таза, барлығы да жеткілікті, тыныштық пен береке қонған. Патшаның көңілі толы, ерекше бір шаттыққа бөленеді. Сыйластығы жарасқан бақытты отбасында қариялардың орны төрде, уайым-қайғысыз, балалары бақытты, мәз-мейрам екен. Бұған патша таң-тамаша болады. Отбасының қалайша бақытты, тату-тәтті өмір сүруінің мәнісін білгісі келеді.

Ол ауыл ақсақалына келіп, отбасындағы татулық пен бірлікке қалай жеткендерін айтуын өтінеді.

Қарт үнсіз ғана жүз рет «кешірім», жүз рет«бірлік» деп қағазға мұқият жазып шығады.

Үш сөзді оқыған патша таң қалады.

-Иә,- деді ақсақал.- Барлық жақсы отбасылары тек осы қасиеттерден құралады,- деді де,сәл ойланып, «және шыдамдылық» деген сөзді қосып қояды.

Сұрақтар.

1.Сендердің отбасыларыңда осындай тату-тәтті қарым-қатынас жасалады ма?

2. Балалар неге бұл отбасында қарияларды төрге отырғызды?

3. Отбасындағы татулық пен бірлік болу үшін қандай қасиеттер қажет?

Қорытынды: Біз осы аңызды оқи отырып үлкендерді сыйлауға,құрметтеуге үйрендік. Қарияларымызды сыйлап, төрге отырғызу біздің міндетіміз екенінін білеміз және соны әрдайым ұстануымыз керек. Біздің бойымызда кешірім, бірлік, шыдамдылық қасиеттері болса біз бақытты өмір сүреміз.


Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

Балаларды екі топқа, екі шеңберге бөлемін

«Мақал-мәтел жалғасын табу»

Қазір біз ойын ойнаймыз, мен бір мақалды бастап, қолымдағы допты бір оқушыға лақтырамын, доп кімнің қолына тисе сол оқушы мақалды аяқтауы тиіс. Мысалы:

Ата көрген оқ жонар,...

Гул өссе жердің көркі,...

Балапан ұяда не көрсе, ...

Атан-ананың қадірін , ...

Інісі бардың тынысы бар,...
Қарға баласын аппағым дер,...

Ананың көңілі балада,...



Топпен ән айту. «Жанұям»

Сөзі: Қуаныш Жаманқұлов

Әні: Ғазизхан Шекербеков


Үй тапсырмасы.

Дәптермен жұмыс

 Өздері оқыған кітаптары, көрген фильмдері бойынша ата-аналарының, туыстарының арасында берік байланыс орнатудағы жауапкершілігі туралы эссе жазу.



Соңғы тыныштық сәтi.

Баяу әуен, көзімізді жұмамыз.

Көзді жұма отырып бүгінгі өткен сабағымызды елестету арқылы тұжырым жасаймыз. Нұрлы күн аясында бақытқа бөленген жақсылық жасауға ұмтылуды үйреніңіздер. Әрқашан бойларыңызда  үлкенді сыйлау, кішіге қамқорлық жасау, мейірімге бөленіп ата-аналарыңызды аялау қасиеттері қалыптассын. Жүректеріңіз мейірімге толы, дұрыс әрекет жасап, ешкімге жамандық жасамай, өзгелерді ренжітпей, қамқоршы, жақсылық нұрын шаша біліңіздер. Сонымен бүгінгі сабағымыз аяқталды, қош сау болыңыздар.


















































Қазақ даласында жас ұрпақты тәрбиелеудің ешкімге ұқсамайтын ерекше бір жолы болған. Сөздің жөнін білетін ағалар жаңа өсіп, қатарға қосылып келе жатқан жас өрендерді қасына шақырып алып, оларға небір ұлы құндылықтар жайлы ұқтырып отырған. Бұл процесс кейде бата беру арқылы, кейде сұраққа жауап бергізу, жұмбақ шештіру арқылы, тағы бірде толғанып отырып тарихтан тәлім беру арқылы, ал кейде жай ғана білмегенді үйрету арқылы жүріп отырған.

«Балам, сұрағым бар еді, шешіп берші», «сенен сұрайтын екі ауыз сөзім бар», «мына бала болайын деп тұр екен», «Шырағым, ақылың әлі алқымыңнан аспапты ғой» деген секілді тәрбиенің тірек сөздері жалпақ даламыздың түкпір-түкпірінде айтылып отырған. Баланың ақыл-ойы, зеректігі, парасат-пайымы, дүниетанымы, тәлім-тәрбиесі осылай қалыптасып отырған. Баланы үйлендіргенде, қызды күйеуге берерде де екі жастың ақыл-парасаты осындай тапқыр сұрақтар арқылы сыннан өтіп отырған. Қазақ халқының ұлттық тәрбие мектебінің іргетасы осылай қалыптасты.

Солардың бірі мынау еді:

Малайсары би бірде қасына келген жас Сырымға былай дейді:

Асусыз тауға кездестім,

Арылмас дауға кездестім,

Аямас жауға кездестім,

Өткелсіз суға кездестім,

Елсіз шөлге кездестім,

Табылмас жоққа кездестім

Дауасыз дертке кездестім, - осы жеті жұмбағымды шешіп бер дейді. Сонда Сырым былай деп жауап қайырады:

Асусыз тауға кездессеңіз –

Тізеңіз қалтыраған болар,

Таяқ ұстаңыз – таяныш болады.

Арылмас дауға кездессеңіз –

Балаңыз тыңдамайтын болар,

Аямас жауға кездессеңіз –

Келініңіз сыйламайтын болар.

Келін мен балаға керең болыңыз,

Тілсіз, үнсіз терең болыңыз.

Өткелсіз суға кездессеңіз –

Көзіңізді мұнар шалған болар.

Елсіз шөлге кездессеңіз –

Қатарыңыз аз қалған болар.

Табылмас жоққа кездессеңіз –

Орындалмаған арман болар.

Дауасыз дертке кездессеңіз –

Опасыз жалған болар, - деп шешіпті.

Сонда Малайсары: «Тауып айттың, шыны солай. Енді есіңе сақтайтын үш сөз бар: обал, сауап, борыш. Осы үш сөзді есіңнен шығармасаң, айналаңнан ел кетпес, елің кетпесе сыртқы дұшпан ештеңе етпес, одан кейінгі ақылым – жақынды жаралама, алысты қаралама!»- дейді. Байқап отырсаңыз сұрақ-жауаптың соңы тәрбиеге толы ақылға ұласып кетті. Обал, сауап, борыш, жақынды жараламау, алысты қараламау – бүгінгі қоғамға да ауадай қажет ұғымдар. Сондықтан осы бір ұғымдарға біршама тоқталып өтпекпіз.

Негізінде, «обал» - Ислам шариғатынан алынған сөз. Оны құрайтын түбір сөздің мағынасы «Мақайисул - луғат» деген сөздікте «бір нәрсенің өте қатты күшейтілуі», «бір нәрсенің жинақталуы» деп білдірілген. Араб тілінде «нөсерлеп, қатты жауған жаңбыр» да кейде осы обал деген сөзбен аталады. Ал енді шариғат терминологиясында «обал» деген сөз «артында өте ауыр азабы бар іс-әрекет, күнә, қылмыс, азғындық» деп түсіндіріледі. Қасиетті Құранда: «Олар жасаған істерінің обалын тартады» деген аят бар. («Хашыр» сүресі, 15-аят). Бұл аятты мұсылман ғалымдары «Адамдар жасаған күнәлі істерінің жазасын бұл дүниеде де, ақиретте де тартады» деп түсіндірген. Міне, осы жағдайды жақсы ұғынған бабаларымыз жастардың құлағына «обал» деген ұғымды құйып отырған. Нанның қиқымын шашсаң обал болады, күшікті немесе мысықты бекерге қинасаң обал болады, малды ұрып-соқсаң обал болады, көктеп тұрған бұтақты сындырсаң обал болады. Бұл, әрине, жас балаларға үйретілетін обал категориясы болатын. Ересектерге келгенде, обалдың аясы мен шеңбері кеңейе түседі. Адамдарға қиянат жасау, малын ұрлау, қызын зорлау, артық асты далаға төгу – бәрі де обал категориясына кіреді. Кезінде, апа-әжелеріміз «ойбууй, обал-дағы-ай!» деген сөзді өте көп айтатын. Өйткені олар шариғатты білетін, жүректері жұмсақ болатын, Алладан және ақиреттен қорқатын. Ал бір-ақ күнімен өмір сүретін, қиямет түгіл ертеңін ойламайтын адамдарға заттың обалы жайлы түсіндіру қиынның қиыны. Өкінішке қарай, бүгінде түрлі-түрлі обал істі жасап алып, бедірейіп түк болмағандай отыра беретін безбүйректер әр жерден қылаң бере бастады. Мұның алдын алмасақ, бүгін де, ертең де жақсылыққа жете алмасымыз хақ.

Сауап та мұсылман дінінде ең маңызды орындағы ұғымдар қатарына жатады. Сөздіктерде «сауап» сөзінің түбірі «қайту, оралу» деген мағыналарды беретіні айтылған. Араб тілінің түсіндірме сөздігінде бұл сөзге «түпкі табиғатына қайту» деген мағынаны білдіреді. Ал шариғатта «жасалған жақсылық үшін Алла тарапынан берілетін қарымта сый» деген терминдік мағынада қолданылады. Алла разылығы үшін жасалған әрбір жақсы іс сауап болып есептеледі. Мысалы, кұлшылық жасау, сабақ оқу, ғылыммен айналысу, біреудің қажеттілігін өтеу, қарыз беру, сәлемдесу, аш адамды тойдыру, шөлдегенге сусын беру, кішілерге қамқор болу – бәрі де сауап істер қатарына жатады. Сондықтан елімізде «сауап үшін» дегенде, жақсылық жасаушы ақша, төлемақы күтпейді. Өйткені ол ісінің бұл дүниедегі көзге көрінбес берекесі мен ақиреттегі шексіз мол сыйын Алладан күтеді.

Борыш деген ұғымның аясы да өте кең. Алла алдындағы, ата-ана алдындағы, туған жер, отан алдындағы, отбасы алдындағы борыштарды аға ұрпақ жастардың бойына сіңіріп отырған. Борыш өтелмесе, оның артында сұрауы бар екенін жақсы білген халықпыз. Борыш ұғымы шариғат терминологиясындағы «парыз» деген терминге сай келеді. Парыз деп – шариғат иесінің, яғни Алла Тағаланың міндетті түрде орындалуын талап ететін іс-әрекеттерді айтамыз. Қазақ ұғымындағы қырық парыз, елу екі парыз деген тәлімдердің мағынасы өте терең. Оларды құлшылықтағы парыздар, тазалықтағы парыздар, қоғамдағы парыздар деп топтастыруға да болады. Жинақтай айтқанда, қазақтың обал, сауап, борыш деген сөздерінің астарында ұшан теңіз мазмұн жатыр. Малайсары бидің «Есіңнен шығарма!» деп Сырымға қатаң тапсыруының бір мәні осында болса керек. Алла Тағаладан сұрайтынымыз обал-сауапты білетін елдігімізен ажыратпасын.





Лев Николаевич Толстой[өңдеу]

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Jump to navigationJump to search

Лев Николаевич Толстой (28 тамыз (9 қыркүйек) 1828 жыл, Ресей империясы, Тула губерниясы Ясная Поляна — 7 қараша (20 қараша) 1910, Астапово, Рязань губерниясы, Ресей империясы) - орыс әдебиетінің әлемге аты шыққан жазушысы, ағартушы, публицист[1].

1854—1855 жылдарғы Севастополь корғанысының қатысушысы. Үйінде оқып, тәрбие алған. Ата-анасы қайтыс болғаннан кейін, 1837 жылы 4 бауырымен Қазан қаласындағы қорғаушысы П. Юшкованың үйіне көшіп барады. 16 жасында Қазан университетіне түсіп, алғашында араб-түрік танушы факультетіне түскеннен кейін заңгерлік факультетке ауысады (1844-1847 жж). Алайда университетті тәмәмдамай, әкесінен қалған Ясная Полянадағы үйге көшеді.

Shape1

Мазмұны

Өмірбаяны[өңдеу]

М. Н. Волконскояның тұлғасы — жазушының анасының қалған жалғыз бейнесі. 1810 жылдар.

Николай Ильич Толстой, жазушының әкесі. Белгісіз суретші. Қағаз, акварель. 1820 жылдар.

Лев Николаевичтің атасы Петр Андреевич Толстой Бірінші Петрдің билігі кезінде құпия канцелярияның басшысы болған. Ол Ресей империясында жақсы қызметі үшін граф лауазымын алғандардың алғашқысы екен.

Толстойдың жанұясында 13 бала туған. Оның бесеуі бала кезінде қайтыс болады. Әйелі өзінен 16 жас кіші болған. Яғни, олар шаңырақ көтергенде Софья 18-де, граф 34-те еді. 1830 жыл - қызы Марияны босану барысында анасының өлімі. 1837 жыл, қаңтар - Толстой отбасының Мәскеуге көшуі. 1837 жыл, маусым - әкесінің кенеттен қайтыс болуы.

Кавказға кетер алдындағы Лев Толстой мен бауыры Николай , 1851 жыл

1841 жыл - апасы—Александра Ильиничнаның өлімі. Әкесінің жалғыз тірі қарындасы Пелагея Ильиничнаға, Қазан қаласына баруы.

  • 1844 жыл - Қазан университетінің шығыстану факультетіне түсуі.

  • 1845 жыл - Қазан университетінің заң факультетіне ауысуы.

  • 1847 жыл - 1850 жыл. - Л. Н. Толстойдың өз өмір жолын іздеуі (өз атындағы шаруашылық, Мәскеуге, Петербургке сапарлары, музыкамен айналысуы, шаруа балаларына арналған мектеп) .

  • 1850 жыл - Тула губернаторлығының мекемесіндегі жұмысы.

  • 1851 жыл — бауыры Николаймен соғыс болып жатқан Кавказға аттанады.

  • 1852 жыл - «Балалалық шақ» повесті.

  • 1852 - 1863 жылдар - «Казактар» повесті.

  • 1854 жыл - Дунай армиясына ауыстырылуы. Прапорщик шенін алуы.

  • 1854 ж. - «Отрочество» повесті.

  • 1854 - 1855 жылдар - Севастополь қорғанысында болған. Ерлігі үшін бірнеше орденьдермен, медальдармен марапатталады. «Севастополь әңгімелері» «Современникте» жарық көрген.

  • 1856 жыл - «Помещиктің таңы» повесті.

  • 1857 жыл — «Жастық шақ» повесті.

  • 1857 жыл - 1857 жылдары Толстой шетелге аттанады. Ол Германия, Франция, Швейцария, Италия сынды көптеген еуропалық елдерді саяхаттайды да, күзде Мәскеуге оралады. «Альберт», «Люцерн», «Үш өлім» әңгімелері.

  • 1859 - 1862 жылдар - Ағартушылыққа ден қоюы. Ясный Полян және оның маңайларында шаруалар балаларына мектептер ашылды.

  • 1862 жыл - Софья Андреевня Берспен некелесуі.

  • 1863 - 1869 жылдар - «Соғыс және бейбітшілік» роман-эпопеясы.

  • 1870 - 1877 жылдар - «Анна Каренина» романы.

  • 1879 - 1882 жылдар - «Исповедь». Л. Н. Толстойдың көзғарастарының өзгеруі. Патриархальды шаруашылыққа позициясын ауыстыруы.

  • 1880 - 1881 жылдар – шіркеу сынына ұшыраған діни-философиялық шығармалары: «В чем моя вера?», «Царство Божие внутри нас», «Соединение и перевод четырех Евангелий».

  • 1884 - 1886 жылдар - «Иван Ильичтің өлімі» повесті.

Лев Николаевич Толстойдің Ясная полянадағы бүгінгі күнгі қабірі.

  • 1886 жыл - «Түнек билігі» драмасы.

  • 1887 - 1889 жылдар - «Крейцеров сонатасы» повесті.

  • 1889 - 1899 жылдар «Жексенбі» романы.

  • 1896 - 1905 жылдар - «Қажы- Мұрат» повесті.

  • 1900 жыл - «Ағарту жемістері» комедиясы, «Тірі өлік» драмасы.

  • 1900 - 1910 жылдар - Толстойдың публицистикалық шығармалары («Өлтірме», «Үндей алмаймын» және т.б.)

  • 1903 жылдар - «Балдан кейін» әңгімесі.

Толстой қартайған шағында әйелімен айырылысып саяхатқа шығады да, сапарда қайтыс болады. Ясная Полянадан көшіп жүргенде Толстой қабынумен ауырып қалады. 1910 жылдың 7 қарашасында Астапово станциясында (станция бастығының үйінде) көз жұмады. Сүйегі Ясная Полянада.

Ағартушылыққа қосқан үлестері[өңдеу]

Л. Н. Толстой, 1862 жыл. М. Б. Тулинов жасаған сурет. Мәскеу.

60-жылдардағы қоғамдық-педагогикалық қозғалыстың әсерімен Л.Н.Толстой халық ағарту саласында қоғамдық-ағартушылық қызметпен қызыға айналысты. 1859 жылы Ясная Полянада шаруа балалары үшін мектеп ұйымдастырды, 1861-1862 ж.ж шақырылған мұғалімдермен бірге онда сабақ берді. Оның ынтасымен Ясная Полянаға жақын жерлердегі болыстарда көптеген бастауыш ауыл мектептерін ашты. 1860-1861 жж. шетелге барып, онда ол Францияның, Италияның, Бельгияның көптеген мектептерінің жұымысымен танысты. Бұл елдердің мектептері Л.Н.Толстойға жағымсыз әсер қалдырды. Бұл мектептердің әсіресе Германия мектептерінің негізгі кемшіліктері ретінде формализм, педантизм, оқушылар үшін еркіндіктің болмауын атап өтті. Толстой бұл мектептердің тәжірибесін алуға болмайтындығы туралы қорытындыға келді, Ресейде мектепті басқа негізде дербес құру керектігін атап өтті. Ясная Поляна мектебінің жұмысы басқа негізде құрылды, сол кездегі орыс және батысеуропалық мектептерден түбірімен өзгеше негізде құруды жоспарлады. Бұл мектепке тән ерекшелікң баланың жеке басын басып-жаншитын құралдардың болмауы, керісінше, толық еркіндік, баланың шығармашылық күшіне терең сене білу, оларға ізгілікпен қарау, білімге деген олардың сұранысы мен қызығуын қанағаттандыру туралы әруақытта да қамқорлық жасау. Бұл ескі мектепке қарағанда оқушылар үшін қолайлы жағдайды жасады және олар мектепке ерекше қызығумен қатысып отырады, қызыға оқыды, үлкен шығармашылық белсенділікпен дербестік аңғартты.

Лев Толстой философиясы[өңдеу]

Лев Толстой танымалдылықты және өзінің көрнекті шығармаларына арқау болуды ұнатпаған. Ол 1871 жылы Фетке жазған хатында былай деген: "Соғыс" секілді түкке тұрғысыз көп сөзді дүниелерді енді жазбайтындығыма бақыттымын...".

Жазушы философиясының басты мәселелері қандай болды десек, өзінің шығармаларында Л.Толстой адамның руханилығы мен адамгершілігі мәселелерін талдады және бұл тақырыпты өзін қатты мазалаған, өмірінің соңына дейін санасы мен жанына тыныштық бермеген экзистенциалдық-мәселе — адам өмірінің мәні контекстінде қарастырады. Жарық дүниеге адам не үшін келеді? Өмірдің мәні бар ма? Бар болса, неде? Жоқ болса, неге? Өмірдің мәні жоқ болса, өмір сүріп керегі не? Толстой өзіне, өзі арқылы бүкіл саналы адамзатқа бағыттаған сауалдар тізбегі осылайша жалғасып кете береді және олар жазушының бүкіл көркем және философиялық шығармаларының желісі болды. Осы мәселелер тереңірек тексерілетін еңбектердің бірі — «Исповедь» («Жан сыры» немесе «Тәубе», еңбек қазақ тіліне әзірге толық аударыла қойған жоқ). Бұл еңбектің ортағасырлық ойшыл Августин Аврелийдің «Исповедь Блаженного Августина, епископа Гиппонского» еңбегінің ізімен жазылғаны күмән тудырмайды.

Өз өмірінің негізгі кезеңдеріне шолу жасай отырып, өмірінің мәні туралы сұраққа жауап іздеуге тырысқан Л.Толстой өз жанының күйзелісі арқылы бізге осы мәселенің бүкіл трагедиялық сипатын жеткізеді.

Л.Толстой да езін мазалаған мәселелерге жауап іздеу үшін философияға жүгінеді, Сократ, Шопенгауэр, Соломон сияқты ойшылдардың өмір туралы ойларын қорытады. Бұл мәселе олардың да тынышын кетірген «мәңгілік» сұрақ екендігіне көз жеткізіп, бірте-бірте осы тығырықтан шығу жолдары туралы салмақты көзқарас қалыптастыра бастайды. Өзін қоршаған адамдардың өмір сүру салтын, өмірдегі мақсаттарын және ақыл-ой деңгейін асықпай бақылаған жазушы оларды өмірдің мәні туралы ойлану қабілетіне қарай торт топқа беледі:

  • Ештеңе білмеу жолы — өмірдің зұлымдыққа толы және мәнсіз екендігін білмей де, түсінбей де өмір кешетіндер. Осылайша жайбарақат, Қаннен-қаперсіз өмір сүретіндердің қатарында, Л.Толстойдың ойынша, өте топас, өте жас адамдар және әйелдердің көпшілігі.

  • Эпикур жолы — өмірдің үмітсіздігін, өтпелілігін түсініп, бар нәрсенің пайдасын, қызығын көріп қалуға тырысу.

  • Күш пен энергия жолы — өмірдің мәні жоқтығына, сондықтан оны жою керектігіне көзі жетіп, өзін-өзі өлтірушілер. Жазушы бұл топты ерекше бөліп атап, өзін өлімге қиюдың оңай еместігін, оған үлкен жігер мол қуат иелері ғана бара алатындығын ескертеді.

  • Әлсіздік жолы — өмірдің мәні жоқ екендігін біле тұра, өмір ағынына еріп өмір сүру.

Л.Толстойдың өмірдің мәні туралы философиялық ойлары саналы адамды ойландырмай қоймайды. себебі ол адамды қазіргі қоғамға жетіспей жатқан мәңгілік құндылықтар Мейірімділік, Махаббат, Руханилыққа, бір сөзбен айтсақ — Адамгершілікке шақырады.

Дінге деген көзқарасы[өңдеу]

«Лев Толстой тозақта». Мемлекеттік діндер мұражайының жинағы. 1883 жылдардағы Знаменск шіркеуі (Тазово) қабырғасындағы фрагмент

Мысырлық дінбасы Мұхаммед Абдуллаға 1904 жылы жазған хатында: “Менің насихаттап жүрген дінім- сіздің дініңізбен бірдей. Ол діннің ұстанған шарты- Құдай мен оның жолдаған заңдарын мойындау, жақыныңды сүю, өзіңе қандай жақсылықтың жасалуын тілесең, өзгеге де соны жасау. Менің ойымша адамзат тарихындағы барлық діни принциптер осыдан келіп шығады. Сондықтан ол принциптер еврейлер, браминдер, буддашылар, христиандар мен мұсылмандарға бірдей қатысты”,-деп жазған екен. Осылай дей келіп ұлы жазушы Лев Толстой ойын одан әрі былайша сабақтайды: ”Менің ойымша, дінге толып жатқан қосымшалар, ғажайып сипаттамалар, ырымшылдық атаулы көбірек таңылған сайын, ол қоспалар адамдарды бір-бірінен алшақтатып, тіпті бір-біріне деген дұшпандық сезімін туындатады. Ал керісінше неғұрлым әлгіндей қоспалардан арылып, тазарған сайын ол діндер адам баласының ең басты мақсатына, яғни адамзаттық бірігуге сол ғұрлым жақындай түсер еді...”,-деп жазған екен.

Осы хат жазылардан 3 жыл бұрын, яғни 1901 жылдың 20 ақпанында “Церковные ведомости” газетінде Синодтың жазушы Лев Толстойды шіркеуден аластау жөніндегі шешімі жарияланып және осы шешім Ресейдің барлық шіркеулерінде келушілерге хабарланған еді.

Қызықты деректер[өңдеу]

Л. Н. Толстойдың жас, орта, кәрі кезі

Л. Н. Толстой жас шағынан қарт шағына дейін жазған күделігі. 1891—1895 жж. күнделіктегі жазулар

Лев Толстой жас кезінде құмар ойындарға әуес болған. Бір күні өзінің көршісі Гороховпен карта ойнап, иелігіндегі үйден ұтылып қалады. Бұл үйде Лев туып-өскен болатын.

Толстой өзінің болашақ әйелі София Андреевна Берстің анасымен достық қатынаста болады да, Берстің үш қызының қайсысына үйленетіндігін білмей, біраз уақыт таңдап жүрген.

Лев Николаевич Толстой ет жемейтін адам болды. Ол өмірінің соңғы жылында, яғни 1910 жылы "сексен жылдан кейін барлық адамдар вегетариан болады, олар ет жеуге адам жеген секілді жиіркенішпен қарайды" дегенді айтып, сөзінің ақиқатқа айналатынына үміттенген.

Лев Толстой Тургеневпен таныс болған. Алайда, олар достық қатынаста бола алмады. Арадағы кикілжіңнен кейін бірнеше жылдардан бері сөйлеспейді, тіпті, дуэльге дейін баруға шақ қалған.

Халыққа жақын болу үшін (басқа деректерде денсаулықты нығайту үшін делінеді) қартайған шағында Лев Толстой жалаң аяқ жүрген екен.

Шығармалары[өңдеу]

«Анна Каренина», «Соғыс және бейбітшілік», «Арылу» «Декабристтер» романдары; «Балалық», «Жастық шақ» және «Балдәурен» трилогиялары ; «Помещик таңы», «Альберт», «Идиллия», «Казактар», «Иван Ильичтің өлімі», «Шеше», «Қажы-Мұрат» және т.б повесттері бар. Сондай-ақ, басқа да шығармалардың авторы.

Толстойдың "Царство Божие внутри вас" сынды еңбектерінде көрсетілген басқыншылыққа қарсы идеялары Үндістандағы ұлттық қозғалысты басқарып, 1947 жылдары Англиядан бейбіт бөлінуге қол жеткізген жас Махатма Гандиге өте қатты әсер еткен.

Жазушы тек қана "салмақты" шығармаларды емес, «Әліппе», «Жаңа әліппе» сынды бірнеше буын оқып келе жатқан балаларға арналған еңбектер жазды.

Ең танымал үш шығармасы – "Соғыс және Бейбітшілік" ("Война и Мир"), "Анна Каренина", "Жексенбі" ("Воскресенье").

Лев Толстойдың нақыл сөздері[өңдеу]

  1. Үкіметтің күші халықтың надандығына сүйенеді. Ол мұны біледі. Сондықтан ағарту ісіне белсене қарсы шығады. Осыны түсінетін уақыт келді.

  2. Әр пенде адамзатты өзгерткісі келеді. Бірақ ешбірі өзін өзгертуге құлшынбайды.

  3. Күте білетін жанға бақ қонады.

  4. Барлық бақытты отбасылар бір-біріне ұқсайды. Ал, бақытсыздарының тарихы әрқилы.

  5. Мықты адамдар әдетте өте қарапайым келеді.

  6. Әркім өзінің есігінің алдын сыпырсын. Бәрі сөйтетін болса, сонда көше тап-таза болмақ.

  7. Адамдар бізді жақсы болғанымыз үшін жақсы көретін секілденеді. Бірақ жақсы көрген адамдардың өздері жақсы бола алғандығынан бізді шын сүйетіндерін байқай бермейміз.

  8. Махаббатсыз өмір сүрген жеңіл. Бірақ сезімсіз өмірдің мәні жоқ.

  9. Өзім сүйетін нәрсенің бәрі уысыма түспеді. Бірақ қолда бардың бәрін жақсы көрем.

  10. Әлем қайғыра білетіндердің арқасында алға жылжып келеді.

  11. Ұлы ақиқаттың бәрі қарапайым.

  12. Көп білу мақсат емес. Маңыздысы – ең керегін екшей білу.

  13. Жадысы нашар болғандықтан арым таза дейтін адамдар болып тұрады.

  14. Өзінен өткен оңбағанды көргенде, өзімен салыстырып, өзінің олардай болмағанына мақтанатын оңбағандар кездеседі.

  15. Жауыздық тек адамның ішінде ғана бар, яғни тек жүректен ғана оны суырып алып шығуға болады.

  16. Адам үнемі бақытты болуы керек. Егер бақыт бітіп қалса, қай жерден қателескеніңді бажайла.

  17. Әр адам үшін өмірдің мәні – сүйіспеншілікте өсуі.

  18. Жоспар құрып өмір сүреміз. Бірақ ертеңге дейін тірі қалатынын ешкімде біле алмайды.

  19. Адам бой үйретпейтін өмір жоқ. Әсіресе, айналасының бәрі солай өмір сүргендігін көріп тұрса.

  20. Әлемдегі ең үлкен қателіктің бірі — ештеңе істемей бақытты болуға болады дегенге сену.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
7 қараша
863
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі