400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Отбасы құндылығы 7 Б сыныбы

Материал туралы қысқаша түсінік
Өзін -өзі тану пәнінен7 сынып оқушыларымен өткізген ашық сабағым пән мұғалімдеріне көмек , жұмыс тұрлері ұсынылады
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін:

Пән: Өзін – өзі тану

Мектебі: №

Күні: _28.01.2019ж

№: 20

Мұғалімі:

Сыныбы: 7АӘБ

Оқушылардың саны:

Тақырыбы: Отбасылық құндылықтар

Құндылығы: Дұрыс әрекет

Қасиеттері: Отбасындағы, мектептегі парызын орындау, ұқыптылық, әдепті болу.

Мақсаты: Мақсаты: Оқушыларға отбасы құндылықтары, ата-  баба дәстүрлерін дұрыс әрекет құндылығы арқылы түсіндіру.

Міндеттері:

1. Білімділік: Оқушыларды отбасындағы, мектептегі парызын орындауға үйрету.

2. Дамытушылық: Оқушылар бойындағы ұқыптылық қасиеттерін дамыту.

3. Тәрбиелік: Оқушыларды әдепті болуға тәрбиелеу.

Ресурстар:

(материалдар, дереккөздер)

1.bilim-all.kz

2. el.kz


Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі.

5 Т – ережесі:

1. Тәртіп.

2. Талап.

3. Тыныштық.

4. Тазалық.

5. Татулық.
Балалар ережені есімізге түсіріп, сыныптың тәртібін сақтап, оқып - білуге талаптанып, тыныштықты орнатып, тазалықты сақтап, бүгінгі күнімізді татулықпен өткізейік.

Жағымды көңіл – күйге келу. Су асты патшалығына ойша саяхат. (Оқушылардан шеңбер құрып отыруды, қолдарын тізесіне немесе үстел үстіне қоюды, аяқтарын айқастырмауды өтініңіз. Арқаларын тік ұстауын қадағалаңыз. Жайлы, баяу музыка қойыңыз).

Мұғалім: Көзіңізді жұмыңыз және бірнеше рет терең тыныстаңыз; денеңізді босатыңыз. Бірнеше секундтан соң теңіз түбіне саяхат жасаймыз.

Теңіз жағасымен келе жатқаныңызды елестетіңіз. Толқындардың жеңіл шалпылына, шағалалардың шуылына құлақ түріңіз. Жалаң аяқтарыңызбен құмды сезініңіз. Шалғайдан қара нүкте көріп тұрсыз: ол жақындаған кезде дельфин екенін түсіндіңіз. Ол сізді теңіз түбіне алып кету үшін келді. Ол өте әдепті жәндік, сізді шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап оның арқасына отырыңыз, мықтап ұстап, жолға шығыңыз. Дельфиннің арқасында жайланып отырып, өзіңді қауіпсіз сезіну, су астында жүзу қандай керемет. Жан-жағыңызға қараңыз: мұнда кемпірқосақ тәрізді арлы-берлі жарқырай қалқыған әсем балықтар қаншама. Теңіз түбіне бойлаған сайын айнала қалайша өзгереді, суда тербелген қаншама ғажайып балдырлар. Қараңызшы, қандай орасан зор балықтар, ал енді анау жаққа көз тастаңыз... бұл орасан зор сегізаяқ. Су асты неткен қызықты әрі ғажап әлем. Сіз бір нәрсені байқадыңыз ба? Мұнда неткен тұңғиық, толық тыныштық. Осы тыныштық күйде болыңыз.(Мұғалім бірнеше секунд үнсіз қалады).

Ал қазір жоғарыға, өз әлемімізге кері қайтуға дайындалыңыз. Айналаға жіті қараңыз. Ғажап түстерге тағы бір рет қараңыз және тыныштыққа құлақ түріңіз. Осындай тыныштық сізге самалдай әсер береді. Енді дельфин кері қарай жолға шықты. Сіз су бетіне шықтыңыз, жағаға жақындадыңыз. Дельфиннің арқасынан түсіңіз, оны сипалаңыз және осындай ғажап саяхатқа апарғаны үшін ризашылық білдіріңіз.

Сыныпқа оралыңыз және өз орныңызға келіңіз. Бірнеше секундтан соң көзіңізді ашыңыз, осы түйсінген тыныштықты өз бойыңызда сақтауға тырысыңыз.Рахмет!


2. Үй тапсырмасы.

1. №19 – сабақ. «Менің отбасым» атты сөзжұмбақты шешу.

2. Келесі сабақ. №20, Немат Келімбетовтың мәтінін оқып келу.


3. Сабақтың дәйексөзі.

(Оқушыларға үш рет айтқызып, дәптерге жаздырту)

«Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» Халық мақалы.

Сұрақтар:

  1. Отбасы – тәрбие баспалдағы – деген сөзге пікіріңіз?

  2. Дәйексөзден қандай ой түйдіңіз?


4. Оқиға айту (Мұғалім сыйы).

Екі әке туралы өсиет әңгіме1

Е. Стенчева

...Бір ауылда екі жас отбасы өмір сүріпті, бала кездерінен дос болыпты, бір күнде үйленді және олардың балалары да бір күнде дүниеге келеді. Бірақ босану кезінде екі ана да қайтыс болып, бақытсыздыққа ұшырайды, енді әкелер балаларын өздері тәрбиелей бастайды. Уақыт өтіп жатты. Балалар өсіп, олар 10 жасқа толады. Бірінші баланың әкесін тану мүмкін емес болды: шаштарын ақ басқан, әжімдер оны одан да үлкейтіп көрсетті, оның жаны да, тәні де қартайып кетті. Ал екінші баланың әкесі 10 жыл бұрынғы кезіндегідей болды. Бұған көршісі көреалмаушылықпен қарады, достықтарынан із де қалмады. Ол жергілікті Данышпанға барып, сұрақ қояды: «Айтшы маған, Данышпан, неге менің көршім әлі жас және ауыр шаруа та оны қартайтпаған?» «Сен қандай шаруаны айтып тұрсың?» - деп Данышпан сұрайды. Сонда әке айтты: «Ол бір өзі баланы тәрбиелеп жатыр, шаруасын да өзі жүргізеді, бәрін өзі атқарады...»

«Өтінемін, онда маған айтшы, сен балаңды қалай тәрбиелеп жатырсың?» -деп сұрады Данышпан. «Мен, - деп бастады келген, - туыла салғаннан кейін балаға бірден бағушы таптым. Осы он жыл ішінде мен өз баламды көрмедім десем де болады: өзімді және оны тамақтандыру үшін, бағушыға төлеу үшін, үйге төлеу үшін мен көп жұмыс істедім. Өмірден бәрін алу үшін рақат іздедім, қоғамда орнығуға көмектесу үшін, әйел іздедім... Кейін онымен бірге балама келгенде ол қыңырлық істеді. Ол өскен кезде біздің үйімізге жоғары қызметтегі қонақтар келді, ол мені ұятқа қалдыру үшін бәрін істеуге тырысты: қонақтарға қымбат шарап төкті, олардың аяқтарының астына бананның қабығын лақтырды, ас үй жабдықтарының ұстайтын жеріне қарағай шәйірін жағып тастады... Бәрін айтып тауыса алмайсың... Мен оны қаталдықта және кінәсі үшін жазалаудан қорқынышта ұстадым, тыңдауға тәрбиеледім... Ол үлкендердікі үнемі дұрыс дегенді, қоғамдағы беделіне қарай оларды құрметтеуді ұғынуы тиіс, шешесі қайтыс болғанда мен оны тастап кетпегеніме ол риза болуы тиіс... Ол үнемі маған зияндық жасауға тырысты... Менің сүйіспеншілігім үшін, оған қамқор болғаным үшін, менің ақсүйек тегімнің лайықты мұрагері етіп тәрбиелемек болған тілегім үшін ол осындай ақымен қайтаруда...» «Өз балаңа деген сүйіспеншілігің, оның өміріне сенің қатысуың неден көрінеді?» - деп сұрады қарт. «Қалай неден көрінеді? – таңданып айқай салады әке. – Мен оған қамқорлық жасап жатырмын ғой: бағушы, мұғалімдер, жұмсайтын ақшасы, керек адамдармен зайырлы кештер, туған күніне қымбат сыйлықтар... Мен оның әкесімін ғой, мен оған өмір бердім, мен оның, өзімнің болашағын қамтамасыз етемін деп жұмыста қартайдым... Менің қаусаған түріме қарап, маған әйелдер көңіл аудармайды, ал маған бар болғаны 30!... »«Ал кімге сенің балаң жақсы сезімін білдіреді?» - кенеттен одан Данышпан сұрады. «Ол өзінің бағушысын жақсы көреді, тыңдайды, сол тексізді, не үйі жоқ, не аты да атағы да жоқ. Ол тегі жоқ, өз мұғалімін де құрметтейді», - деп жауап берді әке. «Балаң өзінің бұзақылықтарымен сенің көңіліңді өзіне аудартқысы келген, өзіңнің қонақтарыңа емес, оған көңіл бөлгеніңді қалайтын сияқты емес пе?» - деп сұрады қарт. Жауап орнына – мәртебелінің бетінде бір ғана түсінбеушілік пайда болды.

«Енді сенің көршіңді шақырып, одан да сұрайық, өз баласын қалай тәрбиелеп жатқанын. Мүмкін ол сен жоғалтқаныңа өкінетін, жас көрінуінің құпиясын ашатын шығар?» - деп ұсынды Данышпан. Екінші баланың әкесі келді: «Мені шақырдыңыз ба, Данышпан?» «Иә, біздің өте білгіміз келетіні: жас көрінуіңнің себебі неде, балаңды тәрбиелеудегі құпияң қандай: бала сені тыңдайды, ол көңілді әрі көпшіл болып өсіп келеді, ол қонақтарың келсе қуанады, сені жақсы көреді, құрметтейді екен?» «Мен жастығымды сақтауды мүлдем ойламаппын, маған ондай ұсақ-түйектерді ойлап жатуға уақыт жоқ,менде бала бар, туғаннан мен оның әкесінің де, шешесінің де орнын бастым... Мен үнемі оның жанында болдым, күн мен түннің кез келген уақытында. Мен өз алқабымда жұмысшылармен жұмыс істеген кезде, ол ағаштың көлеңкесінде бесікте меннен алыс емес жерде жатты, оның жылаған даусын естіп, жұбату үшін. Ал үй шаруасын жасағанда ол үнемі қасымда болды және менің тамақ жасағанымда, кір жуғанымда, бөлмені тазалағанда, үй жануарларын азықтандырғанымда, қой қырыққанымда қарап отырды... Үй шаруашылығында әртүрлі жұмыстар көп қой... Мен кез келген жұмысты атқаратынымды ұятты іс деп есептемеймін, мен еңбекқор адамды құрметтеймін және мен үшін атағына қарай айырмашылық жоқ... Бұны менің балам да түсінді, ол қазір маған барлық жағынан көмектеседі. Бес жасында мен оған жазуға арналған ағаш тақтайша сыйладым, біз онымен әріптерді үйрендік. Бізге жақын адамымыздай болып кеткен қарапайым мұғалім, оған әртүрлі әріптерді үйренуге көмек береді. Бос кезімде мен баламмен ойнаймын, біз мерекелерді бірге қарсы аламыз, туған күніне әртүрлі ойындар әзірлейміз, мерекелік ойындарға қатысатын көптеген қонақтар шақырамыз... Ойын деген – маңызды нәрсе, бұл оқудың, тәрбиенің, балалардың бізбен, үлкендермен қарым-қатынас жасауының негізі. Тірі қарым-қатынасты ешнәрсемен алмастыра алмайсың. Біз онымен сурет саламыз, ән айтамыз, билейміз, кітаптар оқимыз... Мен оған әзірге керек болғанша, мен үнемі оның жанында боламын...» - деп сөзін аяқтады Әке.

«Әке! – жарқын дауыс шықты. – Жүр, Күн мерекесіндегі ән айтатын кезегіміз келді». «Бара жатырмын!» - жауап берді ол. Данышпанға және өзінің көршісіне қарап: «Кешіріңіздер, мені балам күтіп тұр», - деді. Олар қолдарынанұстап, күле, нағыз қызған шағында Күн Мерекесіне қарай жүгірді, онда адамдар бір-біріне күлкі сыйлап жатты, бәрі бақытты болды, әсіресе, ӘКЕСІ қолынан ұстап бара жатқан бала.

Ұлы Данышпан үндемей қалды. «Осы екеуінің қайсысынікі дұрыс?» - тыныштықты бұзып, ол жас әкеден сұрады. «Екіншісінікі дұрыс. Рақмет! – деді жас әке. – Мен, оның қайырымды, еңбекқор, ақыл тыңдайтын және ең бастысы – бақытты болып өсуі үшін, баламды қалай тәрбиелеу керек екенін түсіндім». «Онда бар да дәл солай істе», деді Ақылды Данышпан.

Сұрақтар:

1. Қай әкенің іс-әрекетінен дұрыс әрекеттің көріністерін байқайсыздар? Неге?

2. Әке борышы немесе парызы дегенді қалай түсінесіздер?

3. Борышты орындау ол дұрыс әрекеттің көрінісі болып табыла ма?

4. Болашақта әке борышын орындағанда балаңыздың бойынан қандай жалпыадамзаттық құндылықтарды шығарып, тәрбиелейсіз?


5. Шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс.

Оқушылар төрт топқа бөлінеді.

Тапсырма: Берілген мақалдарға сүйеніп, шағын әңгіме құру.
1 – топ: Ата – асқар тау,
Ана – бауырындағы бұлақ
Бала - жағасындағы құрақ.
2 – топ: Қазақтар – « Төріңнен қарт кетпесін» деп тілеген халық. Жасы үлкенге құрмет ету, қарттың бүгілген беліне сүйеу болу – біздің ата дәстүріміз.
3 – топ: Адамға өмірде ең қымбаты – отбасы. Отбасында сүйіспеншілік, сыйластық, татулық, бауырмалдық болғанда бірлік болады.
4 – топ: Баланың жақсысы – қызық, жаманы – күйік. (Абай)


6. Топпен ән айту.
Роза Әлқожа «Қос бәйтерек»

1.Әкешім пана болған,

Биік шыңын!

Үйреткен мына өмірдің,

Барлық сырын!

Қайырмасы:

Жербетін кезген менен,

Сендердің көздеріңнен. 2-рет

Төгілген жылылықты

Ешкімнен сезбедім мен.


2.Анашым ақ сүт беріп мәпелеген,

Кешірген коп кенсе де қәте менен!

Қайырмасы:

Анамның алақаны,

Әкемнің қарағаны. 2-рет

Ұқтырды бізде екенін

Бақытқа балағаны!


3.Сендердің арқаларың жүргеніміз,

Алаңсыз мына өмірде күлгеніміз.

Қайырмасы:

Менің қос бәйтерегім

Сендерсіз қайтер едім. 2-рет

Әрқашан бірге болсақ,

Түгел ғой бар керегім.

Менің қос бәйтерегім


7. Үй тапсырмасы.

1. №20 – сабақ. Ұлы педагог Василий Сухомлинскийдің кеңестерімен танысып, ата-аналарыңның, туыстарыңның алдындағы парыздарың туралы эссе жазыңдар.

2. Келесі сабақ. №21, Марат Қабанбайдың «Әйгүлдің әңгімесі» мәтінін оқып келу.


8. Сабақтың қорытынды сәті.

Тыныс алуға зейін қою.

Баяу музыка қойылады.

Мұғалім: Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз.

Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз..., арқамызды тіктейміз..., қолдарыңды тізеге қоюға болады...

Д е м а л..... ш ы ғ а р... (жаймен 9-10 рет) немесе 1..................2 [3]. Рахмет!

Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық.








1http://stihi.ru/2010/09/12/3745

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
27 ақпан
617
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі