400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Отбасы-шағын мемлекет" 5 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңартылған бағдарлама бойынша жазылған сабақ жоспары. Жаңа əдіс-тəсілдерді пайдалана отырып жазылды.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар

Сынып: 5-сынып.

Пәні: қазақ тілі

Бөлім: 3-бөлім.Отбасылық дәстүрлер мен мерекелер

Сабақтың тақырыбы:

Отбасы – шағын мемлекет

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

Ж 5.3. Сюжетті суреттердің (фотосуреттер) желісі бойынша әңгіме құрастыру

Ж 5.5. Оқылым және тыңдалым материалдары бойынша негізгі ақпараттарды сақтай отырып, жинақы мәтін жазу.

Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар орындай алады:

  • Сюжетті суреттер бойынша әңгіме құрастыра алады.

  • Оқылым және тыңдалым материалдары бойынша негізгі ақпаратты түсінеді.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

  • Негізгі ақпаратты қолдана отырып, өз сөзімен жинақы мәтін жазады.

Кейбір оқушылар орындай алады:

  • «Отбасы – шағын мемлекет» тақырыбында өз ойларын мақал-мәтелдермен тұжырымдай алады.

Бағалау критерийі

1.Суреттің желісі бойынша (әңгімелеу, сипаттау, пайымдау) әңгіме құрастырады.

2. Негізгі ақпаратты қолдана отырып, жинақы мәтін жазады.

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білу, түсіну, қолдану

Құндылыққа баулу

Отбасылық құндылық

Пәнаралық байланыс

Әдебиет, көркем еңбек, музыка.

Алдыңғы білім

Мәтінмен жұмыс жасау дағдылары қалыптасқан. Мәтіннің түрлерін (әңгімелеу, сипаттау, пайымдау) біледі, ажырата алады.

Жоспар

Жоспарланған

уақыт

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар


Сабақтың басы








































1.Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.

«Өзіңізге тілегенді – басқаларға тілеңіз!»әдісі

(Әр оқушыға ішінен өзіне бір немесе бірнеше ізгі тілек тілеу тапсырылады. Тілектерді бір-біріне топ ішінде айтады).

2.Топқа бөлу.

«Артығын алып таста» әдісі

- Мына жерде берілген сөздерге назар аударайықшы?

- Әр отбасында қандай қарым-қатынас болу керек деп ойлайсыңдар?

- Сенім, сыйластық, сүйіспеншілік.

- Берілген сөздердің ішінен артық сөздерді алып тастайықшы.

- Жалқаулық, сатқындық, еріншектік.

- Олай болса, ортамызда отбасымыздағыдай сенім, сыйластық, сүйіспеншілік болсын деп үш топқа бөлінеміз. 1,2,3 сандарын ретпен айтып, өзара үш топқа бөлініңіздер.

1-топ «Сенім» тобы

2-топ «Сыйластық» тобы

3-топ «Сүйіспеншілік» тобы

3.Үй тапсырмасы:

«Отбасы»тақырыбына байланысты мақал-мәтелдер жазып, мағынасын ашу.

«Бір минут» әдісі. (Оқушылар қоржыннан мақал-мәтелді таңдап алады да, бір минут бойы мақал –мәтелдің мағынасын түсіндіреді).

1. Бала – ананың бауыр еті. 
2. Ата көрген оқ жонар,

Шеше көрген тон пішер.

3. Әке - асқар тау,

Шеше - ағып жатқан бұлақ.

Бала - жағадағы құрақ.

4. Жақсыларға жақын бол,

Отбасымен тату бол.
5.
Отбасы - тәрбиенің басты ұясы.
6.
Анаға - құрмет,

Атаға - қызмет.

7. Ағасы бардың жағасы бар,
Інісі бардың тынысы бар.

Бағалау: Ауызша кері байланыс беру, мадақтау.











Топтың аттары жазылған үлестірме қағаздар.

Сенім. Сыйластық. Сүйіспеншілік.















Қоржын, үлестірме қағаздарға жазылған мақал-мәтелдер


Picture 2

Сабақтың ортасы


















































































4.Жаңа сабақ.

«Ой шақыру» әдісі (сабақ тақырыбына байланысты оқушылардың қызығушылығын арттыру)

Елбасының сөзін оқи отырып, сабақтың тақырыбын, мақсатын анықтау.

Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім жақындарына, туған-туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады.

Н.Ә.Назарбаев.

Кіріспе сөз.

Отбасы - қоғамның маңызды буыны және өзінше бір кішігірім ұжым. Көп ұлт өкілдері мекен еткен мемлекетіміздің негізі осы шағын ұжымдардан қаланады. Осы жағынан кез-келген отбасы өзін қоғамның бір бөлігі деп түсінеді.

  • Олай болса, бүгінгі біздің

сабағымыздың тақырыбы:

«Отбасы – шағын мемлекет» деп аталады.

Сабағымыздың мақсаты:

1. Сюжетті суреттердің (фотосуреттер) желісі бойынша әңгіме құрастыру.

2. Оқылым және тыңдалым материалдары бойынша негізгі ақпараттарды сақтай отырып, жинақы мәтін жазу.


Тапсырма №1

Топтық жұмыс.

«Пазл» әдісі (Басқатырғыш, оқушыны ұшқыр ойлауға үйретіп, логикасын дамытуға жағдай жасайды)

Ойлау дағдыларының деңгейі: Түсіну, Қолдану

1-топ. Әңгімелеу мәтіні (Не істеді?)

2-топ. Сипаттау мәтіні (Қандай?)

3-топ. Пайымдау мәтіні (Неліктен?)

Дескриптор

  1. Суретте берілген ойды түсінеді.

  2. Суреттің желісі бойынша (әңгімелеу, сипаттау, пайымдау) әңгіме жаза алады.

Бағалау: «Аялдама» әдісі. (Сағат тілімен жұмысты ауыстырып, топтар бірін - бірі бағалайды, жазба жұмысына кері байланысты тікелей сыныптастарынан алады).


Тапсырма №2

«Бұрыштар»тәсілі. Оқу-әрекетін белгілі бір құндылықтар тұрғысынан ұйымдастыру мақсатында,

«Бұрыштар» тәсілін қолдана отырып, оқушылармен диалог құру.

(Мұғалім оқушыларға сұрақ ұсынады және мүмкін төрт жауабын (Отан, отбасы, білім, өмір) сыныптың төрт бұрышына орналастырады. Оқушылар өзіне дұрыс деген жауаптың қасына барып тұрады, таңдаған жауаптарын топта тұжырымдайды. Өздерінің ойларымен бөліседі.

Жүректе жатқан асыл сөз.

1.Сен үшін өмірде ең маңызды құндылық не?

2.Сен үшін ол несімен қымбат?

(Отан, отбасы, білім, өмір)

Бағалау: «Бас бармақ» әдісі. (оқушылар бас бармақтарын жоғары немесе төмен көрсетіп, сыныптастарының пікірін бағалайды. Қолдаймын, қолдамаймын)

Тапсырма №3

Жеке жұмыс. «Т кестесі»

Ойлау дағдыларының деңгейі: Түсіну, Қолдану

ТАПСЫРМА:

Берілген мәтінді түсініп оқыңыз. Мәтіндегі маңызды ақпаратты белгілеп отырыңыз. Негізгі ақпаратты қолдана отырып, мәтін мазмұнын жинақтап, өз сөзіңізбен жазыңыз.

Дескриптор

  • Мәтінді түсініп оқиды

  • Мәтіндегі негізгі ақпаратты анықтайды

  • Негізгі ақпаратты қолдана отырып, мәтінді өз сөзімен жазады.

1-топ «Отбасы – адам баласының діңгегі».

2-топ «Отбасындағы құрмет»

3-топ «Отбасы және қоғам»

«Автор орындығы» әдісі бойынша

топта үздік шыққан жұмысты бір оқушы автор орындығында отырып оқиды.

Бағалау: «Екі жұлдыз, бір тілек»

Саралау тапсырмасы:

1.Мәтіндегі тірек сөздерді тауып, сөйлемдер құрап жаз.

2.Мәтіннің соңын мақал-мәтелмен тұжырымдап жаз.



Слайд,

елбасының сөзі




































3 топқа арналған сюжетті суреттер, тапсырмалар.



Таныстырылым

«Мәтіннің түрлері»














Төрт қабырғаға

Отан, отбасы, білім, өмір сөздері жазылған қағаздарды жабыстыру.













Shape1

«Бас бармақ» әдісі

Қолдаймын!

Picture 3 Қолдамаймын!











3 топқа арналған жеке-жеке мәтіндер

1-топ

«Отбасы – адам баласының діңгегі».

2-топ «Отбасындағы құрмет»

3-топ

«Отбасы және қоғам»











Саралау тапсырмалары жазылған жеке үлестірме қағаздар


Сабақтың соңы


Рефлексия

«Шығу парағы» (Оқушыларға олардың оқуына қатысты сұрақтар жазылған қағаз беріледі.Ол сұрақтар сабақты қорытындылап, оқушының алған білімін, сабақтың қалай өткендігін бағалайды. Оқушы сұрақтарға жауап жазып, мұғалімге береді)

1.Сіз бүгін сабақтан не үйрендіңіз?

2.Сабақ бойынша қандай сұрақтарыңыз бар?

3.Қай тапсырманы орындағанда қиындықтар болды?


Үй тапсырмасы

«Отбасы – мемлекет тірегі» тақырыбына шағын әңгіме жазу.

Сұрақтар жазылған қағаз

Қосымша ақпарат

Саралау - оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз?

Бағалау – оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?



Пәнаралық байланыс –

Денсаулық және қауіпсіздік, АКТ-мен байланыс.

Құндылықтармен байланыс (тәрбие элементі)

Саралау тапсырмасы:

1.Тірек сөздерді пайдаланып, сөйлемдер құрап жаз.

2. Мәтіннің соңын мақал-мәтелмен тұжырымдап жаз.

1.Үй тапсырмасының орындалуына ауызша кері байланыс беру.

2.1-тапсырма.«Аялдама» әдісі, топтар бірін –бірі бағалайды.

3.2-тапсырма. «Бас бармақ» әдісі.

4.3-тапсырма. «Екі жұлдыз, бір тілек»

Мұғалімнің ауызша кері байланысы. Мадақтау.


Әдебиет, көркем еңбек.

Таныстырылым

Отбасылық құндылықты дәріптеу.

Рефлексия

Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма? Бүгін оқушылар не үйренді? Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті? Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма?

(тапсырмалар сәйкес болды ма?) Уақытты қалай пайдаландым? Жоспарыма қандай өзгеріс енгіздім және неге?

Өз сабағыңызды талдау үшін осы бос орынды пайдаланыңыз. Сол жақта берілген сұрақтарға жауап беріңіз.


















Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)

Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқыту мен оқуға қатысты)

Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар жөнінде келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпарат білдім?

2.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21 желтоқсан
1237
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі