400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Отбасы-шағын қоғам" 1 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
1 сынып мұғалімдеріне қөмек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар

Сабақ жоспары


Сабақ: Дүниетану

Мектеп: Б.Адамбаев тірек орта мектебі

Сынып: 1-сынып

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

1.1.1.1 Түрлі дереккөздерді зерттей отырып, «Отбасы» ұғымын түсіну жəне мəнін

түсіндіру;


Бағалау критерийлері

Отбасы - шағын қоғам, отбасының мүшелері, отбасының басшысы, отбасы - біздің тірегіміз, біздің шаңырақ ұғымдарын түсінеді

Отбасы дәстүрі, отбасындағы қарым - қатынастар туралы түсініктері қалыптасады

Дескрипторлар

Отбасы туралы түрлі дереккөздерді зерттейді

Отбасы құндылықтарын түсінеді


Тілдік мақсат


Түйінді сөздер мен сөз тіркестері:


Сыныптағы диалог/жазылым үшін сай келетін тіл стилі:

Талқылауға арналған сұрақтар:


Не себепті......деп ойлайсыз?


Ишара: қызыл түс – түсінбедім, сары түс – көмек керек, жасыл түс - тамаша


Алдынғы оқу:


Жоспар

Жоспарланған уақыт есебі

Жоспарланған жаттығу түрлері (төмендегі жазбаларды сіз жоспарлаған жаттығу түрлерімен ауыстырыңыз)

ресурстар


Басы

Ширату жаттығуы:

Армысың, алтын күн!
Армысың, туған жер!
Армысың, мектебім!
Армысың, қонақтар!
Армысың, достарым!







Ортасы














Мұғалімнің түсіндірмесі :

- Балалар айналып отырайықшы, көзімізді жұмып, мына мәтінді тыңдайықшы.Мен бақытты баламын. Себебі, менің туған жерім, отаным – Кең байтақ Қазақстаным бар. Дархан жүректі халқым бар. Елімді басқарып отырған, бар қазақ баласының мақтанышы болған, үлгі етер президентіміз - Н. Ә. Назарбаев атамыз бар. Мен - бақытты баламын. Білімнің кәусар бұлағын сіңірген алтын ұям – мектебім бар. Мен осындай қоғамда туғанымды мақтан тұтамын. Мен үнемі достарыммен, ұстаздарыммен достық қарым-қатынастамын. Мен – бақытты баламын. Менің өзімнің шағын әлемім - отбасым бар. Менің аялаған анам, әлпештеген әкем бар, еркелескен бауырларым қаншама. Бұл нағыз бақыт емес пе?
Әңгімелесу.
Бұл бөлімде ой түрткі жасау арқылы оқушыларға сабақтың тақырыбын ашуға көмек беретін сұрақтар қою көзделеді.( Барлық баланы қатыстыру керек.)
- Осы балаға ат қояйықшы.
- Асан неге бақытты деп ойлайсыңдар?
- Оның қандай отаны бар?
- Қазақ халқы қандай халық?
- Өзіне Кімді үлгі етеді?
- Неліктен мектеп оның мақтанышы?
- Ол кімдермен достық қарым - қатынаста?
- Оны кім аялады?
- Оны кім әлпештеді?
- Ол бауырларымен қандай қатынаста, қалай өсті?
- Осы әңгімеде не туралы сөз болды?
- Сонымен қоғам деген не? (Бізді қоршаған орта. Ол Отан, Ол Халық, Ол Президент, Ол мектеп, Ол ұстаз, Ол достары, Ол Отбасы, жанұя, Ол ата - ана, бауыларың, туыстарың)
- Қоғамның несі болады? (Белгілі аймағы - Кең байтақ Қазақстан жері, басышысы - президенті, қоғам мүшесі - халық, )
- Сонымен әр қоғамның аймағы басшысы, мүшесі болады, олар өзара қарым - қатынаста болады.)
- Отбасы қандай қоғам екен? (Шағын қоғам).

- Оның басшысы кімдер? (ата - ана)
- Оның мүшелері кімдер екен? (Әке, ана, ата, әже, аға - іні, әпке - қарындас)
- Ендеше бүгінгі сабақ қалай аталады деп ойлайсыңдар?
- Қоғам.
- Қандай қоғам туралы болмақ?
- Отбасы - шағын қоғам?
Тақтаға: Отбасы - шағын қоғам деген сөз ілінеді4. Тыңдайық, ойлайық. Әр оқушыға
А) (1 - 2 - 3 сыныптағы білімдеріне сүйену.)
Жанпейісованың дамыта оқыту технологиясы б - ша «Менің отбасым» зерттеу анкетасын толтыру.
Менің отбасым:
Менің атым --------
Менің әкемнің аты ----------
Менің анамның аты ---------
Менің әжемнің аты ---------
Менің атамның аты ----------
Менің ағамның аты ----------
Менің әпкемнің аты ---------
Менің қарындасымның аты --------
Менің інімнің аты --------------------
Біздің үйде кішкентай нәресте, бөпеміз бар оның аты ----------------
- Қазақ халқы жас сәбиді аялап, әлпештеген, әрбір ана өз баласына арнап бесік жырын жырлаған екен.

Мысалы: Қоғам деген не?
- Отан - туыстарың
Адамды қоршаған орта
- отбасың - Ұстазың
- мектеп достарың
Жеке жұмыс. Отбасы қоғамының құрамы: Сурет конкурсы.
1. Отбасының тұрағы ---------
2. Отбасы басшысы ------------
3. Отбасы мүшелері ------------
4. Менің алар орным -------------
- әр оқушы өз суретін түсіндіріп өтеді.

Әлди, әлди бөпешім
Әлпештейін көкешім.
Тербетейін жата ғой
Тәтті ұйқыға бата ғой.

Б) Мен және қоғам. Топқа бөлініп отырады. Топтың жетекшісі болады.
1 - абзацты оқыту:
- Күбірлеп оқу.
- Дауыстап оқу
.

Соңы




Шығармашылық жұмыс. Адамның суретін салу, адамды қоршаған ортаны жазғызу. Әр топ өзінің жауабын жазады.

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады


Рисунок 1


Қосымша мәліметтер

Саралау-оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз?

Қабілетті оқушыға тапсырманы

қалай түрлендіресіз?

Бағалау – оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс – денсаулық және қауіпсіздік, АКТмен байланыс. Құндылықтармен байланыс (тәрбие элементі)

Рефлексия

Сабақтың мақсаты мен оқу мақсаттары орындалды ма? Бүгін оқушылар не үйренді?

Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті?

Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма ? (тапсырмалар сәйкес болды ма?)

Уақытты қалай пайдаландым?

Жоспарыма қандай өзгеріс енгіздім және неге?

Өз сабағыңызды талдау үшін осы бос орынды пайдаланыңыз. Сол жақта берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (оқыту мен оқуға қатысты)

1.


2.

Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1.


2.

Осы сабақтың барысында келесі сабағыма қажет болуы мүмкін барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы қандай ақпарат білдім?

1.


2.






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21.12.2017
658
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі