Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
ашық сабақ "Отбасы тәрбиенің ұясы"4-сынып
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Отбасы- тәрбиенің ұясы
Мақсаты: Отбасы тәрбиесіндегі ата-анасының балаға тәрбиелік ықпалын арттыру.Тәрбиенің ең тамаша жері- отбасы екенін түіндіріп, олардың бала тәрбиесіндегі алатын орнын,жеке тұлғаның оқу-тәрбиеге жауапкершілігін арттыра отырып, мектеп пен ата- ана арасындағы байланысты арттыру.
Түрі:семинар-тренинг
Тренинг ережелері
1.Танысу (шаттық шеңбері)
1.1."Көршіңе жылу сыйла"жаттығуы
2.Топқа бөліну: "Әке","Ана","Бала" сөздері арқылы топқа бөлу.
3."Балаңызға деген сүйіспеншілік" ойыны.
4."Суреттерді аяқтайық" жаттығуы
5."Отбасылық махаббат үйі" дидактикалық ойыны
6."Бала мен алма ағашы" ертегісінен үзінді
7."Өкпені еріту"жаттығуы
8."Сөздерді алмастыр" ойыны
9."Балалар өмір сүруді өмірден үйренеді"
10.Балаға "Айналайын" деп айтудың 77 мүмкіндігі бар.
Кіріспе.
1. Сәлеметсіздер ме, құрметті ата-аналар мен оқушылар! Бүгін сіздердің психологиялық көңіл-күйлеріңізді көтеруге,өз бойларыңыздағы шығармашылық қабілеттеріңізді бағалай білуге өз-өзіңізге құрметпен қарауға, бір-бірімізбен сыйластық қарым-қатынаста болуға арналған "Отбасы- тәрбиенің ұясы" атты тренинг сабағына ұйымшылдықпен қатысуға шақырамын.
2. Ата -ананың басты қуанышы-бала.Ата-ананың басты қызығы,алтын діңгегі- бала.Отбасы- тұлғаны дамытатын кішігірім орта.Отбасының қоғамдағы мақсаты; баланы дамытып қана қоймай, оны өмірге дайындап, рухани жағынан жеткізіп, тұлға ретінде жетілдіру.
Отбасында баланың жан-жақты қалыптасуына ата-ана мен отбасы мүшелерінің қарым-қатынасында махаббат, сүйіспеншілік, адамгершілік, қайырымдылық, әділдік, ұйымшылдық, мәдениеттік қасиеттері және т.б келбетін сақтайтын тұлға тәрбиелеуге керек екендігі бәрімізге аян.Мына жасампаз ғасырда, жаһандану дәуірінде мектеп партасында отырған баланың жан-жақты білім алуына ең бірінші ықпал ететін ұстаз болса, оның сүйеніші ата-ана.Сондықтан ата-ана өз баласының білім алуына барынша жағдай жасауы тиіс.Бала тәуліктің бір бөлігінде, яғни 6 сағат мектепте болса, 18 сағат өз отбасында тәрбие алады.
1.Танысу (Шаттық шеңбері)
Ата- аналар шаттық шеңберіне шығады.
1.1"Көршіңе жылу сыйлай біл."
Бұл жаттығудың мақсаты әр адамға жылулық сыйлай білу.Шеңбер жасап тұрамыз .Мен айтып тұрамын сол бойынша жасайсыздар.
-Көршіңді оң жақтан құшақта
-Көршіңді сол жақтан құшақта
-Оң жақтағы көршіңе бір жымиып күл
-Сол жақтағы көршіңе бір жымиып күл
Бүгінгі тренингтің барысы: Біз үлкен отбасымыз.
Нұсқау: әр ата-ана өз есімінің бірінші әрпіне келетін сын есім айтады.Мысалы: Менің есімім Қалампас, мен қарапайыммын. т.б
Сіздермен танысқанымызға өте қуаныштымыз, қол шапалақтап,бір-бірімізге құрмет көрсетейік
2.Топқа бөліну:"Әке","Ана","Бала" сөздері арқылы топқа бөлу. Орындарыңызға жайғасуға болады.
3."Балаңызға деген сүйіспеншілік"ойыны.
Баланың жан дүниесі, бұл- толып тұрған ыдыс сияқты.Өз балаңыздың қандай болғанын қалайсыз?.Қандай қасиеттері мен құндылықтары болғанын және сіз өзіңізден қандай қасиетті алғанын бар.Сол жүрекшенің ішіне жазып, осы ыдыстың ішіне салып қойыңыздар және де жазған сөздеріңізді айтып шығуларыңыз керек.
Қорытынды: Ата-ананың махаббаты, мейірімі, қамқорлығы, сүйіспеншілігі бала үшін бақыт.Осы сезімдеріңіз арқылы баланың өз орнын таба білуге үйрете біліңіздер.
4."Суреттерді аяқтайық" жаттығуы
Алдын-ала тақтаға мысықтың және қоянның құлақтары салынған плакат ілініп дайындалады.Оқушылардың көздері шарфпен байланады да,олар кезек-кезекпен шығып,бірі денесін,бірі басын,бірі аяғын салады, осылайша жалғаса береді.
Нұсқаулық:Оқушылардың логикалық ойлауын, көру арқылы есте сақтауын,ойша жұмыс істей білуін дамыту.
5."Отбасылық махаббат үйі" дидактикалық ойыны
Әр адамның өз үйі бар, бірақ ол үй тек баспана ғана ретінде емес, сол үй жақсы көріп және күтетін жер болу керек.Сондықтан сіздердің міндеттеріңіз жай ғана армандап жүрген үй салу ғана емес, ал сол жерде тұратын балаларға бақыт,махаббат, жылу, беретін үй салуымыз керек.Ол үшін ерекше материал қажет.Әрине даладағы жатқан тақтайлар емес , ал адамның негізгі қасиеттері мен саламыз.Олар: мейірімділік, күлкі,түсінушілік,шыдамдылық,адалдық сияқты үстел үстінде кірпіштер жатыр.Соларды алып үй саласыздар,бірақ салғанда жай салмайсыздар, артында тапсырмалар жазылады соны орындай отырып, үй тұрғызамыз.Ойлануға бір-екі минут беріледі.
1."Парасатты"кірпіші
Қағазды екі қатарға бөліп ата-аналардың плюс және минус жағын үш сөз арқылы жеткізу,жазу, айту.
2."Достық"кірпіші
"Үй" деген сөзді қалай түсінесіз?
Мысалы: менің қорғанысым, күтетін жер,отбасы ұясы
3."Махаббат" кірпіші
Мимика арқылы өзіңіздің балаға деген махаббатыңызды жеткізіңіз.
4."Тапқырлық"кірпішіа
Мектеп сөзінің әрбір әрпінен балаңыздың мінезін сипаттаңыз.
6. (слайд көрсету)
7."Өкпені еріту"жаттығуы
Тып- тыныш денеңізді бос ұстап отырыңыз.Өзіңізді қара көлеңкеде театрда отырмын деп есептеңіз.Алдыңыздағы шағын сахнаға (ең жек көретін ,көргіңіз келмейтін) сіз кешіруге тиісті адамды қойыңыз.Мейлі ол сізді қазір ренжітсін,бұрын ренжітсін,қазір өмірде бар болсын,әлде өмірден өтіп кеттіме оған мән бермеңіз.Көз алдыңызға елестеткенде оның жағдайы жақсы, жүзіне күлкі үйірілген жағдайда болуы керек. Оны бақытты деп есептеңіз.Бірнеше минут оның жүзін анық көз алдыңызда ұстап тұрыңыз.Сонан соң барып ол бейнемен қоштасыңыз.Өзіңізді де тек жақсы жағдайда елестетіңіз.Бақытты,күлкі үйірілген жүзбен тұрыңыз.Бұл әлемдегі жақсылық барлығыңызға да тең жететінін ұғыныңыз.
Қамшының сабындай ғана қысқа өмірімізді тек қана жақсылық жасау мен ғана өткізейік Құрметті ата-аналар.
6."Сөздерді алмастыр"ойыны
Ата-аналардың баламен қарым-қатынасында баланың үмітіне балта шабатын, кінәлайтын сөздер беріледі.Осы сөздерді олардың өз күшіне сенім тудыратындай, жақсы қолдау көрсете алатындай сөздермен алмастыру керек.(әр топқа екі сөйлемнен беріледі)
1.Сенен ешқандай жақсылық шықпайды, нөлсің
3.Неменеге ұсқынсыз болып кеткенсің, шашың дудыраған, үстің кір-кір
4.Тағы осылай істесең, менен таяқ жейтін боласың
5.Сенің кесіріңнен өмірі жолымыз болмады
6.Жұмысыма барарда сенің мектебіңнің жиналысы да жағаласып қалды ғой.
7.Айтатының ылғи өтірік,сенің сөзіңе қалай сенемін.
8.Сені жиналыста жамандағанда жерге кіріп кете жаздаймын.
Ата-аналар осы сөздерді былай алмастыруына болады.
1."Сенің де қолың өмірде бір нәрсеге жететініне женгім келеді.Оқу озаты немесе екпінді боласың"-деп , үміт артуы керек.
2."Сеніңде басқалардан өзгеше болуыңа құқың бар, сеніңде қолыңнан келеді"-деп сенім артуы керек.
3."Үстіңді ретке келтір, шашыңды тара, киіміңді ауыстыр",-деп , баланың өзін жақсы сезінуіне көмектесу керек.
4."Біз саған қиыншылықты жеңуге көмектесеміз, екіншілей жаман қылық жасама"
5."Үлкендердің өмір жолында болып жатқан ыңғайсыз жағдайларға сен кінәлі емессің.Сенің болашағың алда, үлкен ғалым боласың, жақсы дәрігер,білімді ұстаз болуды арманда", сонымен қатар ата-анасын сыйлау керек екенін айтып отыру керек.
6.Балам бүгін жұмыстан сұрана алмаймын, бос уақытымда сынып жетекшіңе барып жолығамын.
7.Қателеспейтін адам болмайды,мен саған сенемін, сырлас болайық.
8.Сен туралы айтылған әрбір жақсы сөз маған күш қуат береді.
Міне , осындай біз көңіл аудара бермейтін қарапайым нәрсенің өзі немесе ойланбай айтылған ұрыс сөзі де баланың жанын ауыртуы мүмкін , өмір сүру ағынын өзгертуі де ғажап емес.Бала жат қылықтарға бой алдыруы мүмкін.
7. Мақалдың жалғасын тап.
-
Әкеге қарап ұл өсер, ………………………
-
Анасы қандай болса — …………………….
-
Ананың көңілі балада, …………………….
4.Жақсы сөз — …………………………………..
5.Ұяда не көрсең ……………………………..
6.Отан …………………………………………….
7.Қыз өссе елдің көркі, …………………….
-
Бала жақсы болса – қуаныш, ………….
Қорытынды:
Алдымен сүй, ардақта ата-анаңды,
Үлгілі ұрпақ атадан бата алады.
Бар жақсылық балаға бұл ғаламда
Мейірімінен ананың жасалады.
Жырақ жүрген ата-анасын сағынған,
Ата-анаға сәлем айтқан ән-жырдан.
Екеуінің қуанышы, тілегі
Әрқашанда бір арнадан табылған.
Олай болса, құрметті ұстаздар, ата-аналар және оқушылар! Отбасыларыңызға тек қана қуаныш, бақыт тілеймін. Егеменді елімізде тек тыныштық болсын, бақытты отбасыларымыздың шаңырағы шайқалмасын дей отырып бүгінгі 2-3-4 сыныптарына арналған тренинг сабағымызға белсене қатысқандарыңызға рахмет айтамын!
Кез- келген шешімді қабылдауға асығыстық жасауға болмайды.Балаңыз сіздің оның ісіне немқұрайлы қарамайтыңызды көретіндей, оны тыңдауға дайын екендігіңізді байқайтындай болсын.
Кейде бала бір сәтсіздіктерге ұрынады.Ата-ана қатты уайымдап, баланың еш нәрсеге икемі жоқ,қабілетсіз деген асығыс қорытындыға келеді.Сөйтеді де баланың өзіне деген сенімі күрт жойылады.Ата-ана мектеппен байланыс жасамайды, қиыншылықтарды жоюға дәрменсіз болады.Сондықтан да ата-аналар мектеппен байланыста болу керек.
Мектепке жаны ашып, балаларының жағдайын біліп, іс-шараға белсенді қатысатын ата-аналар да баршылық.
Балаға деген сүйіспеншілігіміз бен махаббатымызды білдіру арқылы оның өзін-өзі дамытуы мен шыңдауына себеп боламыз.Ең бастысы-сол сөздерді шын жүрегімізбен білдіру.
Тренинг ережелері.
1.Таныстыру (шаттық шеңбері)
1.1."Көршіңе жылу сыйла"жаттығуы
2.Топқа бөлу: "Әке","Ана","Бала" сөздері арқылы топқа бөлу.
3."Балаңызға деген сүйіспеншілік" ойыны.
4."Суреттерді аяқтайық" жаттығуы
5."Отбасылық махаббат үйі" дидактикалық ойыны
6."Өз анаңды, өз балаңды тап"ойыны
7."Өкпені еріту"жаттығуы
8."Сөздерді алмастыр" ойыны
9.Мақал- мәтел жалғастыру
10.Топпен ән айту.
1.Сенен ешқандай жақсылық шықпайды, нөлсің
3.Неменеге ұсқынсыз болып кеткенсің, шашың дудыраған, үстің кір-кір
4.Тағы осылай істесең, менен таяқ жейтін боласың
5.Сенің кесіріңнен өмірі жолымыз болмады
6.Жұмысыма барарда сенің мектебіңнің жиналысы да жағаласып қалды ғой.
7.Айтатының ылғи өтірік,сенің сөзіңе қалай сенемін.
8.Сені жиналыста жамандағанда жерге кіріп кете жаздаймын.
Ата-аналар осы сөздерді былай алмастыруына болады.
1."Сенің де қолың өмірде бір нәрсеге жететініне женгім келеді.Оқу озаты немесе екпінді боласың"-деп , үміт артуы керек.
2."Сеніңде басқалардан өзгеше болуыңа құқың бар, сеніңде қолыңнан келеді"-деп сенім артуы керек.
3."Үстіңді ретке келтір, шашыңды тара, киіміңді ауыстыр",-деп , баланың өзін жақсы сезінуіне көмектесу керек.
4."Біз саған қиыншылықты жеңуге көмектесеміз, екіншілей жаман қылық жасама"
5."Үлкендердің өмір жолында болып жатқан ыңғайсыз жағдайларға сен кінәлі емессің.Сенің болашағың алда, үлкен ғалым боласың, жақсы дәрігер,білімді ұстаз болуды арманда", сонымен қатар ата-анасын сыйлау керек екенін айтып отыру керек.
6.Балам бүгін жұмыстан сұрана алмаймын, бос уақытымда сынып жетекшіңе барып жолығамын.
7.Қателеспейтін адам болмайды,мен саған сенемін, сырлас болайық.
8.Сен туралы айтылған әрбір жақсы сөз маған күш қуат береді.
Мақалдың жалғасын тап.
1.Әкеге қарап ұл өсер, ………………………
2.Ананың көңілі балада, …………………….
3.Жақсы сөз — ……………………………
4.Ұяда не көрсең ……………………………..
5.Отан ……………………………
6.Қыз өссе елдің көркі, …………………….