400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Отбасы татулығы

Материал туралы қысқаша түсінік
ашық сабақ
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі




Келісемін Бекітемін

ТІОЖ Мектеп директоры м.а.

_____Абылдаева Л _______ Топашева Т.Н.







Shape1 Shape2

Тәрбие сағаты:





Shape3

«Бала құқығы-адам құқығы»










5 «Б» сынып

Сынып жетекшісі: Зұлбұхар Ж. Д.





















2019-2020 оқу жылы



Тәрбие сағаты

Мектеп: Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі КММ

Күні: __.11.2019

Мұғалімнің есімі: Зұлбұхар Ж. Д.

Сынып: 5 «Б»

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Тақырыбы

«Бала құқығы-адам құқығы»

Сабақ негізделген оқу мақсаты: (мақсаттары)

-оқушылардың құқықтық білімін жетілдіру,құқықтық білім әр адамның ісі екенін ұғындыру;

-ой-өрісін дамыту,белгілі бір пікір айтуға,тұжырым жасауға үйрету,есте сақтау қабілетін жетілдіріп,сөздік қорын молайту;

-оқушылардың бойына құқықтық,патриоттық,адамгершілік тәрбиені сіңіру;

Сабақ мақсаттары:


оқушыларға құқықтық білім беру, құқық бойынша білгендерін қайталап еске түсіру, құқықтық тәрбие беру арқылы оқушылардың бойына заңға деген сүйіспеншілік сезімін, өз құқығын білетін Конституциядағы міндеттерді орындайтын азаматты қалыптастыру.

Жетістік критерийлері

Сын тұрғысынан ойлау, шығармашылық қабілетін дамыту, сөйлеу шеберліктерін жетілдіру.Тақырып бойынша білгендерін өз сөздерімен айта алады, өздігінен қорытынды шығара алады.

Тілдік мақсат

Туған тіл; Қасиетті, құдіретті тіл;

Құндылықтарды дарыту

Құқықтық тәрбие беру арқылы оқушылардың бойына заңға деген сүйіспеншілік сезімін арттыру

Пәнаралық байланыстар

Өзін-өзі тану, құқық негіздері, тарих

АКТ қолдану дағдылары

ҚР Конституциясы кітапшасы, Бала құқықтары туралы Конвенция

Бастапқы білім

Заң, тәртіп туралы нақыл сөздер, туыстық қарым-қатынас

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Басталуы

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Кіріспе

Мұғалімнің кіріспе сөзі

ІІІ. Негізгі бөлім

1. Тренинг «қол соғыңыздар, егер …» ойыны

2. «Бала құқығы туралы халықаралық конвенция»

3. Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы Заңы

4 «Менің құқығым»

ІV. Қорытынды


Ортасы

Мұғалімнің кіріспе сөзі

Қоғам үшін ең бастысы - тәуелсіздік, адам үшін бас бостандығы және уайым қайғысыз өмір.Оның кепілі - заңдылық.Тәуелсіздік төрімізден орын алған қоғамымыздағы ең басты құндылық - адам бостандығы.

«Адам құқығы, бала құқығын қорғаудан басталады»

Міне, адамның шыр етіп жерге түскен минутынан бастап, оны өмірін, денсаулығын, тыныштығын қорғап отырған заң бар. Балалар, ересектер сияқты, негіз қалаушы: сыйлау, қол тигізбеу және адамзаттық абыройын сақтау құқықтарына ие, сондай-ақ Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясы мен Азаматтық және саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы Халықаралық пактіде көзделген заң тарапынан да тең қорғау көрсетілуіне құқылы.

Қазақстанның қолдануында іс-әрекеттер жасаудың белгілі құқықтық негізі - Балалар құқықтары туралы Конвенция бар, дегенмен, нақты міндеттемелерге келер болсақ, жалпы алғанда мемлекет, әлеуметтік қызметтер, құқық қорғау органдарының ресми тұлғалары, қоғам, БАҚ, отбасы тарапынан күннен-күнге тиісті жауапкершілікпен қарауы байқалмай келеді.

     Тәртіпті бол, өз құқығыңды дұрыс пайдалан. Сен ел үшін керексің, өйткені сен-тәуелсіз еліміздің болашағысың.

Әнұран орындалады. (сынып ұжымы)

  1. Тренинг барысы:.
    «Қол соғыңыздар, егерде …» ойыны
    — сіздер бүгін жақсы көңіл-күймен және жаңа білім алуға келсеңіздер;
    — кімді адам құқығы, оның ішінде баланың құқықтары ойландырады;
    — кім адам құқықтарын және бала құқықтарын сақтап және құрметтей отырып жұмыс істеуге дайын.
    Заң дегеніміз- қоғамның негізгі тірегі. Қоғам деп отырғанымыз-мына біздер. Ата Заңымыз- еліміздің рәміздерінің бірі. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев «Конституция — бұл да ел рәміздерінің бірі. Сондықтан негізгі Заңды елдің Туы, Әнұраны, және Елтаңбасы секілді қадірлеу, құрметтеу-біздің парызымыз» деген. Сондықтан әрбір адамның заң талабына бағынып жат қылықтар, өрескел тәртіп бұзушылыққа бармауы, өзіне жүктелген міндетті уақытылы орындаудың өзін еліміздің Ата Заңын, халықты құрметтеуі деп білуімізге болады.
    Конституция- елдің барлық ережелері жинақталған мемлекеттің негізгі құжаты. Сондықтан да біз оны Ата Заң деп құрметтейміз. Әрбір адам өзінің де, өзге елдің заңына бағынуға міндетті. Әр мемлекеттің өзіне тән заңы бар. Олай болмағанда дүние астаң-кестеңі шығып, небір жан түршігерлік нәрселер болар еді. Сан мыңдаған жылдар бұрын адамзат пайда болды. Міне, сонымен қатар түрлі мәселелер де туындай бастады.
    «Адамдар не істеуге болады, не істей алады?» деген сұрақтар туындай бастады. Міне, осы кезде әр елдің заңы, ережелері шыға бастады.
    Міне, балалар, адамның шыр етіп жерге түскен минутынан бастап оның өмірін, денсаулығын, тыныштығын қорғап отырған заң бар. Бұл заң- 
    1948 жылы 10-желтоқсанда қабылданған «Адам құқығының жалпыға бірдей декларациясы», сонымен қатар 1959 жылы қабылданған «Бала құқықтары декларациясы». Міне осы декларациядан кейін 61 ел қол қойған 1989 жылы 20-қарашада «Бала құқығы туралы конвенция» қабылданды. Қазірде бұған 91 мемлекет кірген.
    Конвенция дегеніміз- арнаулы мәселелер жөніндегі келесім шарт.
    Осы Конвенция негізінде 2002 жылы тамызда Қазақстанда «Бала құқығы туралы» Заң қабылданды. Бұл Заң 10 тарау, 53 баптан тұрады
    . 2002 жылы 2-қыркүйекте Қазақстан «Бала құқығы туралы конвенцияға» қол қояды, сөйтіп қазақстанның «Бала құқығы туралы заңы» енгізілген.
    Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы Қазақстан Республикасының 2002 жылығы 8 тамызда № 345 Заңы
    «Бала құқығы туралы халықаралық конвенциядан» Конвенцияға кіретін құқықтардың бәрі барлық балаға бірдей тарайды. Конвенцияға қол қойғаннан кейін балаларды кемсітуден қорғауға және олардың құқықтарын жүзеге асыруға жәрдемдесу үшін белсенді шаралар қолдану міндетін мемлекет өзіне алады.

«Бала құқығы туралы халықаралық конвенциядан»
— Мемлекет әрбір баланың аман-сау өсіп, жан-жақты дамуын қамтамасыз етеді.
— Бала өмірге келе салысымен тіркеуге алынады және өзіне есім мен азаматтық алуға құқылы.
— Әрбір бала өз отбасында ата-анасымен бірге өмір сүруге құқылы.
— Бала мектепте кінәлі болғанда да оны ешкім ұрып жазалауға, кемсітіп қорлауға құқығы жоқ.
— Бала тынығуға және мәдени демалуға құқылы.
— Әрбір баланың ой-пікір, ар-ождан және дін еркіндігіне құқығы бар.
— Бала өзі қалаған спорт түрімен шұғылдануға құқылы.
— Бала денсаулығын сақтауға, емделуге құқылы.
— Бала өз ойын еркін айтуға құқылы.

Балалар адамға қатысты барлық құқықтарға ие, бірақ ересектерге қарағанда өз құқықтарын қорғау мүмкіндіктері аз болғандықтан ерекше құқықтық қорғауды қажет етеді. Қазақстанда балалардың құқығын қорғау үшін арнайы күндер берілген.
1-маусым Балаларды қорғаудың халықаралық күні
20-қараша Балалардың дүниежүзілік күні
10-желтоқсан Адам құқығы күні
10-желтоқсан 1948 жылы Адам құқықтарының жалпыға ортақ Декларациясын БҰҰ қабылдады.
1959 жылы Әлемде бала құқығының халықаралық күнін мерекелеу Декларацияны жариялаудан басталды.
1979 жылы Балалардың халықаралық жылы өтті
20-қараша 1989 жылы БҰҰ-да Бала құқықтары туралы Конвенция қабылданды
28-қазан 1993 жылы Қазақстан Республикасының тұңғыш Конституциясы қабылданды
8-маусым 1995 жылы Қазақстан Бала құқықтары туралы Конвенцияны бекітті.
«Әрекет-қабілеттілік пирамидасы».
40 жас- Президент
30 жас -Сенат депутаты
25 жас – Полиция, сот
20 жас- Маслихат депутаты
18 жас- Сайлау, үйлену құқығы
17 жас- Өсиет жазу құқығы
16 жас- Төлқұжат, еңбек ету құқығы, қылмыстың барлық түрлері бойынша жауапқатартылу
15 жас- Жұмыс істеу (рұқсатпен)
14 жас- Қылмыстық ісі үшін жауапқа тартылу, еңбекақыға иелік ету
10 жас- Асырап алуға, қорғаныш болуға келісім беру, ата-аналардың бірімен тұруын
таңдау құқығы
6-7 жас-Тұрмыстық келісім шааралар, мектепке оқуға баруға
0 жас- Туу, құқық қабілеттілікке ие болу
.

  1. «Бала құқығы туралы халықаралық конвенция»

Заң дегеніміз- қоғамның негізгі тірегі. Қоғам деп отырғанымыз-мына біздер. Ата Заңымыз- еліміздің рәміздерінің бірі. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев «Конституция – бұл да ел рәміздерінің бірі. Сондықтан негізгі Заңды елдің Туы, Әнұраны,  және Елтаңбасы секілді қадірлеу, құрметтеу-біздің парызымыз» деген. Сондықтан әрбір адамның заң талабына бағынып жат қылықтар, өрескел тәртіп бұзушылыққа бармауы, өзіне жүктелген міндетті уақытылы орындаудың өзін еліміздің Ата Заңын, халықты құрметтеуі деп білуімізге болады.

      Конституция- елдің барлық ережелері жинақталған мемлекеттің негізгі құжаты. Сондықтан да біз оны Ата Заң деп құрметтейміз. Әрбір адам өзінің де, өзге елдің заңына бағынуға міндетті. Әр мемлекеттің өзіне тән заңы бар. Олой болмағанда дүние астаң-кестеңі шығып, небір жан түршігерлік нәрселер болар еді. Сан мыңдаған жылдар бұрын адамзат пайда болды. Міне, сонымен қатар түрлі мәселелер де туындай бастады. «Адамдар не істеуге болады, не істей алады?» деген сұрақтар туындай бастады. Міне, осы кезде әр елдің заңы, ережелері шыға бастады.

      Міне, балалар, адамның шыр етіп жерге түскен минутынан бастап оның өмірін, денсаулығын, тыныштығын қорғап отырған заң бар. Бұл заң- 1948 жылы 10-желтоқсанда қабылданған «Адам құқығының  жалпыға бірдей декларациясы», сонымен қатар 1959 жылы қабылданған «Бала құқықтары декларациясы». Міне осы декларациядан кейін 61 ел қол қойған 1989 жылы 20-қарашада «Бала құқығы туралы конвенция» қабылданды. Қазірде бұған 91 мемлекет кірген.

«Бала құқығы туралы халықаралық конвенциядан»

   - Мемлекет әрбір баланың аман-сау өсіп, жан-жақты дамуын қамтамасыз етеді.

   - Бала өмірге келе салысымен тіркеуге алынады және өзіне есім мен азаматтық алуға құқылы.

   - Әрбір бала өз отбасында ата-анасымен бірге өмір сүруге құқылы.

   - Бала мектепте кінәлі болғанда да оны ешкім ұрып жазалауға, кемсітіп қорлауға құқығы жоқ.

   - Бала тынығуға және мәдени демалуға құқылы.

   -  Әрбір баланың ой-пікір, ар-ождан және дін еркіндігіне құқығы бар.

   - Бала   өзі қалаған спорт түрімен шұғылдануға құқылы.

   - Бала денсаулығын сақтауға, емделуге құқылы.

   - Бала өз ойын еркін айтуға құқылы.

   Балалар адамға қатысты барлық құқықтарға ие, бірақ ересектерге қарағанда өз құқықтарын қорғау мүмкіндіктері аз болғандықтан ерекше құқықтық қорғауды қажет етеді. Қазақстанда балалардың құқығын қорғау үшін арнайы күндер берілген.

      Конвенция дегеніміз- арнаулы мәселелер жөніндегі келесім шарт.

Осы Конвенция негізінде 2002 жылы тамызда Қазақстанда «Бала құқығы туралы» Заң қабылданды. Бұл Заң 10 тарау, 53 баптан тұрады. 2002 жылы 2-қыркүйекте Қазақстан  «Бала құқығы туралы конвенцияға» қол қояды, сөйтіп қазақстанның «Бала құқығы туралы заңы» енгізілген.

3 Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы Қазақстан Республикасының 2002 жылығы 8 тамызда № 345 Заңы

 10 тарау, 53 баптан тұрады.

1 тарау. Жалпы ережелер

2 тарау. Балалар мүддесін көздейтін мемлекеттік саясат

3 тарау. Баланың негізгі құқықтары мен міндеттері

4 тарау. Бала және отбасы

5 тарау. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланың құқықтары

6 тарау. Мүгедек баланың құқықтары

7 тарау. Бала және қоғам

8тарау.  Баланың құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау

9 тарау. Бала жауапкершілігінің және оның мінез-құлқына әсер ету ерекшеліктері

10 тарау. Қорытынды ережелер

4 «Менің құқығым»

(Әрбір бала-орындарынан тұрып бір-бір құқықтан айтады)

Сұрақ: Сен өз құқығың туралы не айтар едің?

Сұрақ: Бала құқығының қандай түрлері таныс?

Сұрақ: Күнделікті өздерің қолданып жүрген құқықтарыңды ата?

А/4 қағазы, маркерлер






















Аяқталуы

ҚОРЫТЫНДЫЛАУ.

-Сонымен,қорытындылай келе,біз бүгін өз құқығымыз жайлы ой түйдік. Б.Момышұлы атамыз «Азамат жолы-ар жолы» деп айтқандай,ешкімнің ала жібін аттамай,өз құқығымызды да,өзгенің құқығын да бұзбай,тәуелсіз еліміздің арқа сүйер айбынды,ақылды ұл-қызы болып өсейік! «Еліміздің ертеңгі тағдыры сіздермен байланысты» деген еді Нұрсұлтан Назарбаев.








Саралау – оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз?

Бағалау – оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Оқушылардың қажеттілігін арттыру мақсатында тиімді әдістерді қолдану

Пәнаралық байланыс – Денсаулық және қауіпсіздік, АКТ – мен байланыс (тәрбие элементі)

Шығарма туралы автордың ойын толық түсінеді. Мәтіндегі(достық, туған жер,балалық шақ) туралы өз ойларын нақты жеткізді.

Бағалау парақшасы арқылы топ басшысының бағалауы.

Мадақтау, ынталандыру арқылы



Рефлекция

Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма?

Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті?

Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма? (тапсырмалар сәйкес болды ма?)

Уақытты қалай пайдаландым?

Жоспарыма қандай өзгеріс енгіздім және неге?


Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)

1:

2:

Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекеленген оқушылар жөнінде келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпарат білдім?

1:

2:







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
29 қаңтар
364
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі