400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Отбасы татулығы"

Материал туралы қысқаша түсінік
Өзін -өзі пәнінен таптырмайтын материал
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пәні: Өзін-өзі тану

Мектеп: «Жібек жолы» мектеп-лицейі

Тақырыбы: «Отбасы татулығы»

Құндылық: Сүйіспеншілік

Қасиеттер: сыйластық, мейірімділік, татулық, бірлік

Сынып: 5 "А"

Әдіс-тәсілдер: топтық жұмыс, еркін әңгіме, кері байланыс.

5Т: тәртіп, татулық, тазалық, талап, тыныштық

Мұғалім:  Джуманбаева Ж.К.

Сабақ барысы:

Психологиялық ахуал.

Оқушылармен амандасып, көңіл-күйлерін сұрау

Өзін-өзі тану сабағының 5-Т ережесін еске түсіру.

Ортаға шаңырақты алып шығу. Балалар шеңбер бойына тұрамыз.

Балалар біздің шеңберіміміз домалап тұрған киіз үйге ұқсайды, Киіз үйдің жоғарғы жағы шаңырақ деп аталады. Шаңырақ ол отбасының белгісі.

Мен сендерге Шаңырақты алып келдім. Оның өзіндік бір сыры бар. Қазір сіздер әр қайсыларыңыз бір –бір лентадан ұстап бір- бірімізге сәттілік тілейміз. Және осы лентада сөздер жазылған. Шаңырақ аясында мен сіздерге яғни сыныпқа не тілейтінім жазулы тұр. Сол жазуды әр оқушы оқиды, Ал кімге қандай сөз түсіпті. Қане оқимыз.

Бәрекелді баллар кімге қандай сөз түсті сол арқылы топтасамыз. Қанеки жылдам топтасып отырамыз.

Шаңырақ арқылы оқушылар 4 топқа бөлінеді.

1. Ұйымдастыру іс-әрекеті.

І Мейірімділік

ІІ

Сүйіспеншілік

ІІІ

Татулық

ІІІ

Сыйластық

Ресурстар:

5 Т- ережесі

Талап

Тыныштық

Тазалық

Тәртіп

Татулық

(оқулық, дәптер құралдар, мәлiметтер)

Слайд,

(3 мин)

2. Үй тапсырмасын тексеру.

Үй тапсырмасына оқушыларға «Отбасы-бақыт мекені» тақырыбында эссе жазу тапсырылған.Әр топтан бір оқушы оқиды.

Үй тапсырмасын бағалау критерийі







Балалар үй тапсырмасын жақсы орындап келіпсіңдер тамаша, жарайсыңдар, керемет деп бағалаймыз.



3 мин

(Бейнетаспа көрсету) «Отан отбасынан басталады»

Мазмұны бойынша сұрақтар:

Видеоролик не туралы балалар?

Біз сабақ басында шаңырақты әкелген себебіміз шаңырақ отбасының белгісі.

Отбасы ол -бақыт

Отбасы ол-ата-ана

Отбасы ол туыстарымыз

Отбасы ол –Шаңырақ.

Отбасы адам баласының түп қазығы, алтын ұясы . Отбасында адамның асыл және жағымды қасиеттері дамиды. Отбасы бұл бақыт пен берекенің татулық пен бірліктің мекені.

Бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы «Отбасы туралы».























7 мин

Сабақ мақсаты:

Оқушыларға отбасы туралы түсініктерін кеңейте отырып, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу

Сабақтың міндеттері:

Оқушыларға отбасы ұғымын мейірімділік қасиетімен байланыстыра отырып ұғындыру;

Отбасындағы өзара сыйластыққа үйрету арқылы қамқорлық қасиетіне баулу;

оқушыларды отбасын құрметтеуге, татулыққа тәрбиелеу;


3. Дәйек сөз. "Ана алдында -құрмет,

Ата алдында -қызмет"Халық нақылы

Оқушылар дәйексөзді хормен оқиды. Дәптерге жазады. Дәйексөздің мәнін ашу үшін мағынасына тереңірек тоқталу.

Балалар, осы нақыл сөзді кім қалай түсінеді? Балалардың ойларын тыңдау.
























3 мин

Мәтінмен жұмыс. Жеке жұмыс. «Әжесін қайсысы жақсы көреді.»? Мәтінді оқып сұрақтарға жауап беріңіздер.

  • Оқушылар мәтінді оқиды

  • Сұрақтарға жауап береді.

  • Дәрігер Болаттың іс-әрекетіне неліктен риза болды?

  • Болаттың әжесіне деген сүйіспеншілігі қандай әрекеттер арқылы көрінді?

  • Отбасындағы сыйластыққа қалай қол жеткізуге болады?




Қошемет көрсету арқылы бағалаймыз.





7











4. Мұғалімнің сыйы

"Бақытты отбасы үлгісі" (Бейнетаспа) бейнетаспаны мұқият көріп өз ойларыіызды білдіріңіздер.

  • Бейнетаспа көреді,

  • Өз ойларын білдіреді

  • Бейнетаспадан не байқадыңыздар?

  • Отбасының татулығы нұсқап тұрған қандай қасиеттер екен?

  • Табысын 4-ке бөлемін дегеннің астары неде деп ойлайсындар?

Бас бармақ әдісі арқылы бағалайды.



Видеоролик

көрсету





7 мин

5. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.


1.Мейірімділік тобына- Алдарыңыздағы қағаздардағы күн шуақтарына

Отбасындағы үйлесімдік тізімін жазып немесе құрастырыңыздар. (Мейірімді, бақытты, өнегелі, тату, үлкен , тәрбиелі)

2.Сүйіспеншілік тобына-Отбасындағы ата-ананың рөлін

3.Татулық тобына - Отбасындағы баланың рөлі

4.Сыйластық тобына- “Менің отбасым” тақырыбында отбасың құрылымын жасау.


(Пікірлерін тыңдау)

10 мин

6. "Отбасы" ойыны 6 оқушыдан шығып сұрақтарға жауап беру арқылы

О Т Б А С Ы сөзін табу керек.

1. Отбасы құндылықтарын ата

татулық

бірлік

ақиқат

сүйіспеншілік

ынтымақ

2. Отбасымдағы менің міндетім

оқу

тәрбие алу

білім алу

анама көмектесу

сыпайы болу

3. Отбасы шағын мемлекет болса оның басшысы кім?

отағасы

тәтем

бауырым

анам

сіңлім

4. Бақытты отбасы ол?

отағасы билеген отбасы

тату отбасы

бірлігі жарасқан отбасы

аманшылықтағы отбасы

сүйіспеншілігі мол отбасы

ынтымағы берік отбасы



7. Топпен ән айту

Оқушыларға топпен ән айту тапсырылады.

«Қос Бәйтерегім»

Әкешім пана болған биік шыңым

Үйреткен мына өмірдің барлық сырын

Жер бетін кезгенменен

Сендердің көздеріңнен

Төгілген жылылықты

Ешкімнен сезбедім мен

 

Анашым ақ сүт беріп мәпелеген

Кешірген көп кетсе де қате менен

Анамның алақаны

Әкемнің қарағаны

Ұқтырды біз екенін

Бақытқа балағаны

 

Сендердің арқаларың жүргеніміз

Алаңсыз бұл өмірде күлгеніміз

Менің қос бәйтерегім

Сендерсіз қайтер едім

Әрқашан бірге болсаң

Түгел ғой бар керегің

Роза Әлқожа



3 мин

8. Үй тапсырмасы.

Мәдіхан Төрежановтың "Аяқталмаған ойын" мәтінін жалғастырып келу.

Мәтінін аяқтап келу.

76-77бет.

1 мин

Кері байланыс: Тілек ағашы 

Мен үшін отбасы ... (оқушылар осы сөйлемді аяқтай отырып, бүгінгі сабақтан алған әсерлерімен бөліседі)

Және бүгінгі сабақтан алған әсерлерімен бөліседі.

2 мин




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
22 сәуір
1054
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі