400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Отбасы татулығы" 5 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
өзін-өзі тану пәні бойынша 5 сынып оқушыларына және пән мұғалімдеріне қажетті материал
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пәні: Өзін-өзі тану

Мектеп: №22 ЖОМ

Тақырыбы: Отбасы татулығы

Құндылық: Сүйіспеншілік

Қасиеттер: сыйластық, мейірімділік, татулық, бірлік

Сынып: 5 "Ә"

Әдіс-тәсілдер: топтық жұмыс, еркін әңгіме, кері байланыс.

5Т: тәртіп, татулық, тазалық, талап, тыныштық

Мұғалім: Қасымова Гүлназ


Сабақ мақсаты:

Оқушыларға отбасы туралы түсініктерін кеңейте отырып, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу

Сабақтың міндеттері:

Оқушыларға отбасы ұғымын мейірімділік қасиетімен байланыстыра отырып ұғындыру;

Отбасындағы өзара сыйластыққа үйрету арқылы қамқорлық қасиетіне баулу;

оқушыларды отбасын құрметтеуге, татулыққа тәрбиелеу;


Сабақ барысы:

1. Ұйымдастыру іс-әрекеті.

Shape4 Shape3 Shape2 Shape1

ІІІ

Сыйластық

ІІІ

Татулық

ІІ

Сүйіспеншілік

І Мейірімділік






Оқушылармен амандасып, түгелдеп, көңіл-күйлерін сұрау


Сабақтағы жағымды күйге келу, тыныштық сәті.

Су асты патшалығына ойша саяхат.

Мұғалім: Көзіңізді жұмыңыз және бірнеше рет терең тыныстаңыз; денеіңізді босатыңыз. Бірнеше секундтан соң теңіз түбіне саяхат жасаймыз.

Теңіз жағасымен келе жатқаныңызды елестетіңіз. Толқындардың жеңіл шалпылына, шағалалардың шуылына құлақ түріңіз. Жалаң аяқтарыңызбен құмды сезініңіз. Шалғайдан қара нүкте көріп тұрсыз: ол жақындаған кезде дельфин екенін түсіндіңіз. Ол сізді теңіз түбіне алып кету үшін келді. Ол өте әдепті жәндік, сізді шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап оның арқасына отырыңыз, мықтап ұстап, жолға шығыңыз. Дельфиннің арқасында жайланып отырып, өзіңді қауіпсіз сезіну, су астында жүзу қандай керемет. Жан-жағыңызға қараңыз: мұнда кемпірқосақ тәрізді арлы-берлі жарқырай қалқыған әсем балықтар қаншама. Теңіз түбіне бойлаған сайын айнала қалайша өзгереді, суда тербелген қаншама ғажайып балдырлар. Қараңызшы, қандай орасан зор балықтар, ал енді анау жаққа көз тастаңыз... бұл орасан зор сегізаяқ. Су асты неткен қызықты әрі ғажап әлем. Сіз бір нәрсені байқадыңыз ба? Мұнда неткен тұңғиық, толық тыныштық. Осы тыныштық күйде болыңыз.(Мұғалім бірнеше секунд үнсіз қалады).

Ал қазір жоғарыға, өз әлемімізге кері қайтуға дайындалыңыз. Айналаға жіті қараңыз. Ғажап түстерге тағы бір рет қараңыз және тыныштыққа құлақ түріңіз. Осындай тыныштық сізге самалдай әсер береді. Енді дельфин кері қарай жолға шықты. Сіз су бетіне шықтыңыз, жағаға жақындадыңыз. Дельфиннің арқасынан түсіңіз, оны сипалаңыз және осындай ғажап саяхатқа апарғаны үшін ризашылық білдіріңіз.

Сыныпқа оралыңыз және өз орныңызға келіңіз. Бірнеше секундтан соң көзіңізді ашыңыз, осы түйсінген тыныштықты өз бойыңызда сақтауға тырысыңыз.

Сұрақ:

1) Өзіңді қалай сезіндің?

2) Қандай жағымды әсерде болдың?

Ресурстар:

5 Т- ережесі

Талап

Тыныштық

Тазалық

Тәртіп

Татулық

(оқулық, дәптер құралдар, мәлiметтер)

Слайд,


2. Үй тапсырмасын тексеру.

Үй тапсырмасына оқушыларға «Отбасы-бақыт мекені» тақырыбында эссе жазу тапсырылған. Әр топтан бір оқушы оқиды.

Үй тапсырмасын сұрақ арқылы талқылау

3. Дәйек сөз. "Отбасының өнегесі-Отан өнегесі"

Б.Момышұлы

Оқушылар дәйексөзді хормен оқиды. Дәйексөздің мәнін ашу үшін мағынасына тереңірек тоқталу. Балалар, осы нақыл сөзді кім қалай түсінеді? Балалардың ойларын тыңдау.

Дәйексөзді дәйексөз дәптерге жаздыру.


4. Мұғалімнің сыйы

"Бақытты отбасы үлгісі"

Әңгіме бойынша сұхбаттасу:

  1. Мазмұны бойынша сұрақтар

- Видеоролик не туралы?

2. Құндылығын айқындайтын сұрақтар

- Отбасының татулығын ұстап тұрған қандай қасиеттер екен?

3.Өмірмен байланысты сұрақтар

-Табысын 4-ке бөлемін дегеннің астары неде деп ойлайсындар?


видеоролик




5. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

1 -топқа – Отбасындағы ата-ананың рөлі.

2 -топқа - Отбасындағы баланың рөлі

3 -топқа – Отбасында туралы мақал-мәтелдер, мағынасын ашу

4-топқа – "Менің отбасым" тақырыбында отбасының құрылымын жасау


(Пікірлерін тыңдау)


6. "Отбасы" ойыны

6 оқушыдан шығып О Т Б А С Ы әріптерінен басталатын сұрақтарға жауап береді

1. Отбасы құндылықтарын ата

О

Т-татулық

Б-бірлік

А-ақиқат

С-сүйіспеншілік

Ы-ынтымақ

2. Отбасымдағы менің міндетім

О-оқу

Т-тәрбие алу

Б-білім алу

А-анама көмектесу

С-сыпайы болу

Ы-ыдыс жуу

3. Отбасы шағын мемлекет болса оның басшысы кім?

О-отағасы

Т-тәтем

Б-бауырым

А-анам

С-сіңлім

Ы-Ырысгүл

4. Бақытты отбасы ол?

О-отағасы билеген отбасы

Т-тату отбасы

Б-бірлігі жарасқан отбасы

А-аманшылықтағы отбасы

С-сүйіспеншілігі мол отбасы

Ы-ынтымағы берік отбасы



7. Топпен ән айту

Оқушыларға топпен ән айту тапсырылады.

«Бәйтерегім»

Әкешім пана болған биік шыңым

Үйреткен мына өмірдің барлық сырын

Жер бетін кезгенменен

Сендердің көздеріңнен

Төгілген жылылықты

Ешкімнен сезбедім мен

 

Анашым ақ сүт беріп мәпелеген

Кешірген көп кетсе де қате менен

Анамның алақаны

Әкемнің қарағаны

Ұқтырды біз екенін

Бақытқа балағаны

 

Сендердің арқаларың жүргеніміз

Алаңсыз бұл өмірде күлгеніміз

Менің қос бәйтерегім

Сендерсіз қайтер едім

Әрқашан бірге болсаң

Түгел ғой бар керегің

 

Роза Әлқожа

8. Үй тапсырмасы.

Мәдіхан Төрежановтың "Аяқталмаған ойын" мәтінін жалғастырып келу

Мәтінін аяқтап келу.

76-77бет.

Кері байланыс: Мен үшін отбасы ... (оқушылар осы сөйлемді аяқтай отырып, бүгінгі сабақтан алған әсерлерімен бөліседі)

Смайликтермен 5 деген санды тізбектеп шығады.

5.Соңғы тыныштық сәті

Енді көзімізді жұмып осы сабақта айтылған ізгі сөздер мен істерді ой елегінен өткізіп, барлық жақсы ойларды жүрегіміздің түпкіріне апарып орналастырамыз.

Баяу музыка қосылады















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
27 қаңтар
2006
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі