400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Отбасы татулығы" 5 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Өзін-өзі тану пәніне қажетті материал
Материалдың қысқаша нұсқасы


Байзақ ауданы №1 мектеп-гимназиясы








Ашық сабақ








Сабақтың тақырыбы:


Отбасы татулығы






Сыныбы: 5А





Пән мұғалімі: Бейсалиева Динара















Сарыкемер ауылы

Қысқа мерзімді жоспар

Күні: 17.01.2018 ж.

Сыныбы:5А

Сабақтың тақырыбы: «Отбасы татулығы»

Құндылық:Сүйіспеншілік.

Қасиеттері: Мейірімділік, қамқорлық, құрметтеу,татулық.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға отбасы туралы түсініктерін кеңейте отырып, сүйіспеншілік

құндылығының мәнін ашу.

Сабақтың міндеттері:

  • Оқушыларға отбасы ұғымын мейірімділік қасиетімен байланыстыра отырып, ұғындыру.

  • Отбасындағы өзара сыйластыққа үйрету арқылы қамқорлық қасиетіне баулу.

  • Оқушыларды отбасын құрметтеуге, татулыққа тәрбиелеу.

Стратегиялық іс-әрекеттер: Жаңа сабақты байланыстырып топқа бөлу. "Миға шабуыл" әдісі,

"Ой қозғау" тәсілі, ессе жазу, сұрақ –жауап.

Сабақтың барысы:



№

Кезеңі

Мұғалім іс-әрекеті

Оқушы іс-әрекеті

Ресурстар

1.

Ұйымдастыру

кезеңі

Топқа бөлу

5 мин.

Оқушылармен сәлемдеседі.

Т-ережесі


1-топ: Кешірімділік

2-топ: Сенімділік

3-топ:Ізгілік


Сәлемдеседі



Топтарының атын қорғайды.


Топтастыру






2.

Жағымды көңіл-күйге келу

Әсем әуен қойылады.

«Нұрға бөлену»

мәтін оқылады.


Әсем әуенмен көздерін жұмып, жағымды көңіл-күйге енеді.




АКТ

Әсем әуен

3.

Ойын

« Сіздің көңіл-күйіңіз»

Оқушыларға смайликтер таратылады, сол арқылы өздерінің көңіл-күйін білдіреді.

Оқушылардан қандай әсер алғаны туралы сұрайды.

Оқушылар смайликтер арқылы сабаққа деген көңіл-күйін көрсетеді.

Смайликтер

4.

Үй тапсырмасын сұрау

Оқушыларға сұрақтар қою арқылы:

-Әбеннің Нурилаға хат жазуының себебі неде?

-Әбен Нурилаға қандай ақыл айтты?

-Аға ақылынан қандай үлгі алуға болады?

-«Үлкенге- құрмет, кішіге ізет», деген мақалды қалай түсінесіңдер?

-Өзің іні-қарындастарыңа қандай ақыл-кеңес айтып жүрсің?

Оқушылар сұраққа жауап береді.


5.

Дана сөз



Ана алдында –құрмет

Ата алдында-қызмет.

Халық нақылы

Дана сөзді оқушылар жазып алады, ұлдар бір рет, қыздар рет, барлығы бірігіп, хормен қайталайды.


Дәптер


6.

Ой-қозғау

(жазба жұмысы)

Отбасы дегенде қалай түсінеміз?

Оқушылар отбасы сөзіне түсінік береді


7.

Тапсырма

Тірек сөздерді пайдалана отырып, кішілерге арнап хат жаз. Еңбексүйгіштік, мейірімділік, әдептілік, жақсылық, сыпайылық,сыйластық, қамқорлық, жанашырлық.

Оқушылар дәптерлеріне осы тірек сөздерді пайдалана отырып, өздерінен кішілерге ақыл кеңестерін айтып хат жазады.

Дәптер

8.

Топтық тапсырма

1-топ

Ата, әже –асыл жандар

(суреттеп көрсетеді)

2-топ

Әке-отбасының қамқоршысы, Ана- отбасының құт-берекесі.

(мақал-мәтелдер айтады)

3-топ ағасы бардың жағасы бар, інісі бардың тынысы бар.

(жарнамалау, жақсы қарым -қатынас)

Әр топ постерлерін қорғайды

А3 парағы, маркер

9.

Аңыз әңгіме

  • Әңгіме барысында не түсіндіңіздер?

  • Қария балаларына бірліктің мәнін қалай ұғындырды?

  • «Бірлік болмай, тірлік болмас» деген мақалды қалай түсінесіздер?

  • Бауырмалдықта өмір сүру үшін адам бойында қандай қасит болу керек?

Оқушылар тыңдап өз ойларын айтады.


10.

Талқылауға арналған сұрақтар

  • Отбасы дегеніміз не?

  • Отбасы мүшелері бір-бірімен қандай қарым-қатынас жасайды?

  • Отбасында қандай жағымды жақсы сөздер айтылады?

-Отбасы дегеніміз бір үйде тұратын ең жақын туыс жандар. Ол адамдарды отбасы мүшелері дейміз.

-Әңгімелеседі, бір-бірін сыйлайды, үлкендерді тыңдайды, бірге демалады.

-Рахмет, қайырлы күн, ас дәмді болсын, жолыңыз болсын, көріскенше, кешіріңіз т.б.



11.

Топтық тапсырма

Топпен ән айтқызу.

«Ақ мамам»

сөзін жазған: Ф.Оңғарсынова

әнін жазған: А.Асанов

Топ болып ән айтады

Әсем әуен

12.

Үйге тапсырма

Мәтін

Аяқталмаған ойын

(дәптермен жұмыс)

Оқушылар мәтінді оқып, өз ойларымен аяқтайды. Дәптердегі тапсырманы орындайды.

Дәптер

13.

Кері байланыс

«Өмір ағашы» сабақтан алған әсерлерін жазады

«Өмір ағашына» сабақтан алған әсерлерін жазып іледі.

Өмір ағашы

14.

Сабақтың қорытынды сәті

Тыныштық, тыныштық, тыныштық, тыныштық бар жерде.

Тыныштық, тыныштық, тыныштық, тыныштық бар әлемде.

Оқушылар соңғы тыныштық сәтін өткізеді.

Баяу әуен





























Тапсырма

«Тіл өнері» мақал-мәтелдің жалғасын табу



  1. Ата көрген оқ жанар,..........................................

  2. Атаның баласы болма, ......................................

  3. Анаңа ауыр сөз айтпа,.......................................

  4. Ана алдында-құрмет,..........................................

  5. Әке –асқар тау,....................................................

  6. Әкеге қарап-ұлын,..............................................

  7. Ата-ананың қадірін-..........................................

  8. Ағайын- алтау,...................................................








Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
11 мамыр
843
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі