жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық сабақ Отбасылық демалыс 5-сынып
|
САБАҚ: қазақ тілі |
Мектеп: №6 жалпы отра білім беретін мектебі КММ |
|||||||
|
Күні: |
Мұғалімнің аты-жөні: Байтемирова Жанат |
|||||||
|
СЫНЫП: 5 |
Қатысқандар: |
Қатыспағандар: |
||||||
|
Сабақ тақырыбы: Отбасылық демалыс |
||||||||
|
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары |
Төл сөз, автор сөзінің тыныс белгілерін дұрыс қолдану (ӘТН5.) |
|||||||
|
Сабақ мақсаттары |
Барлық оқушылар орындай алады: Отбасы, демалыс туралы жалпы ұғым қалыптасады |
|||||||
|
Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Берілген тақырыпқа сай мәтін құрайды |
||||||||
|
Кейбір оқушылар орындай алады: Отбасы, демалыс туралы өз пікір, көзқарастарын білдіреді |
||||||||
|
Тілдік мақсат |
Оқушылар орындай алады: Отбасылық демалыстың пайдасы туралы біледі.Төл сөз, автор сөзінің тыныс белгілерін біледі, мәтінде дұрыс қолданады |
|||||||
|
Пəнге қатысты сөздік қор мен терминдер: Төл сөз, автор сөзі, отбасы, демалыс, отбасылық мерекелер, фольклор, мейрам күндері |
||||||||
|
Диалог құруға / шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер: Жаңа тақырып аясында 200-300 сөз тыңдай алады, 300-400 сөз оқи алады, 150 сөзге дейін жазады, 7-8 сөйлеммен диалогке түседі. |
||||||||
|
Талқылауға арналған сұрақтар: Төл сөз, автор сөзі, төлеу сөз деген не? Төл сөз бен автор сөзін ажырату үшін қандай тыныс белгілері қажет? |
||||||||
|
Не себепті …. деп ойлайсыз? Төл сөз бен автор сөзінің айырмашылығы не? |
||||||||
|
ишара: бармақ арқылы белгі беру, бас изеу, көзбен мақұлдау, ыммен нұсқау, түрлі іс-әрекет |
||||||||
|
Алдыңғы оқу: Отбасы – шағын мемлекет |
||||||||
|
Жоспар |
||||||||
|
Жоспарланған уақыт |
Жоспарланған жаттығу түрлері |
Ресурстар |
||||||
|
Басы |
Психологиялық дайындық
«Автопортрет»
жаттығуы. Топқа бөлу: Балалар, отбасы мүшелерінде кімдер бар? Отбасы мүшелері атаулары арқылы топқа бөлу. Сабақтың мақсаты , критерий, бағалау шәкілімен таныстыру |
Қағаз, қалам суреттер |
||||||
|
Ортасы |
Ойтүрткі: «Болжау» статегиясы Берілген суреттер арқылы бүгінгі сабақ тақырыбын ашу
«Миға шабуыл» әдісі Отбасы деген кімдер? Қандай отбасылық мерекелерді білесіңдер? Мереке күндерін қалай атап өтесіңдер? Отбасылық мерекелер мен халықтық мерекелердің айырмашылығы бар ма? Қалыптастырушы бағалау
1-тапсырма. Мәтінді оқып, түсінгендеріңді айтыңдар.
2-тапсырма. «Қос диаграммамен» жұмыс Отбасылық мереке Халықтық мереке Қалыптастырушы бағалау Сергіту жаттығулары. дене жаттығулары Қолды белге қояйық, басты оңға бұрайық. Басты солға бұрайық, бір отырып, бір тұрып, Бір отырып, бір тұрып, біз демалып қалайық.
3-тапсырма. Жеке жұмыс. «Төл сөздің тыныс белгілері» анықтамасын оқу Жұптық жұмыс. Оқылған мәтінді жұпта талқылау Топтық жұмыс. Мәтінді топта талқылау Қалыптастырушы бағалау
4-тапсырма. Әр топқа тақырып беріледі. Төл сөздерді қатыстырып мәтін құрау. 1-топ: Шілдехана тойы 2-топ: Жаңа жыл мерекесі 3-топ: Тұсаукесер тойы 4-топ: Тәуелсіздік мерекесі Қалыптастырушы бағалау |
суреттер Смайлик Смайлик Жұмыс дәптері Смайлик Жұмыс дәптері Смайлик |
||||||
|
Соңы |
Сабақты қорытындылау «ПОПС» формуласын қолданып, өз пікірлеріңді дәлелдеңдер. Бірінші сөйлем. «Менің ойымша ....» Екінші сөйлем. «Себебі, мен оны .... деп түсіндіремін». Үшінші сөйлем. «Оны мен .... деген фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын». Соңғы сөйлем. «Осыған байланысты мен ... деген шешімге келдім». Қалыптастырушы бағалау Үйге тапсырма: 4-тапсырманы орындау. Берілген сөйлемдердің төл сөзге қатысты тыныс белгілерін қойып жазу «Туған күн – отбасылық мереке» тақырыбына эссе жазу Бағалау Кері байланыс: семантикалық карта 1. «............................» тақырыбынан не үйрендің? 2. Сен үшін тақырыптың құнды жайттары қандай болды? 3. Өзіңнің және жолдастарыңның білімін бағала 4. Осы тақырып бойынша тағы не білгің келеді? |
Жұмыс дәптері |
||||||
|
Қосымша ақпарат |
||||||||
|
Саралау – оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз? |
Бағалау – оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз? |
Пəнаралық байланыс – Денсаулық жəне қауіпсіздік, АКТ-мен байланыс. Құндылықтармен байланыс (тəрбие элементі). |
||||||
|
Оқушыларға қолдау көрсету мақсатында тапсырмаларды оқушылардың қажеттілігін ескере отырып, тақырыпқа сай түсінікті етіп даярлаймын. Жекелеген оқушыларға мәтіндегі негізгі ойды анықтау үшін жетек сұрақтар арқылы диалогке түсуге ықпал жасаймын. Кейбір оқушыларға шығармашылық қабілетіне қарай эссе, өлең жазуды тапсырамын. |
Критериалды бағалау: Бағалау критерийлері: 1.Төл сөз, автор сөзінің тыныс белгілерін біледі, түсінеді 2. Төл сөз, автор сөзінің тыныс белгілерін пунктуациялық нормаға сай ажыратып, мәтінде дұрыс қолданады 4. Берілген тақырып төңірегінде өз көзқарасын білдіреді. Дескриптор: 1. Төл сөз, автор сөзінің тыныс белгілерін дұрыс қолданады (1 балл) 2. Диалогке түсе алады (2 балл) 3. Пунктуациялық норманы сақтай отырып, мәтін құрай алады (3 балл) 4. Өз пікір, көзқарастарын тақырыпқа сай білдіреді (4 балл) Бағалау шәкілі: 9-10 – «5» 7-8 – «4» 5-6 – «3» |
Өзін өзі тану әдебиет |
||||||
|
Рефлексия Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма? Бүгін оқушылар не үйренді? Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті? Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма? (тапсырмалар сəйкес болды ма?) Уақытты қалай пайдаландым? Жоспарыма қандай өзгеріс енгіздім жəне неге? |
Өз сабағыңызды талдау үшін осы бос орынды пайдаланыңыз. Сол жақта берілген сұрақтарға жауап беріңіз. Оқу мақсаты мен тілдік мақсаттар орындалды. Оқушылар сабақта отбасылық мерекелер мен халықтық мерекелерді ажырата отырып, төл сөздің тыныс белгілерін меңгерді. Жаңа тақырыпты меңгертуде жоспарлаған әдістер мен тапсырмалар тиімді болды. Берілген тақырыпты жеке, жұптық, топтық талқылау барлық оқушылардың диалогке түсіп, өз түсінгендерін жеткізуде тиімді болды. Уақытты тиімді пайдаландым. Кері байланыс нәтижесінде алдағы сабақта кейбір оқушыларға тапсырманы күрделендіру керек екенін байқадым. |
|||||||
|
Қорытынды бағалау Ең жақсы өткен екі нəрсе (оқыту мен оқуға қатысты) 1: Жеке, жұптық, топтық жұмыс 2: «ПОПС» формуласы Қандай екі нəрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқыту мен оқуға қатысты)? 1: Тыңдалым, айтылым дағдысын қалыптастыруда 3-тапсырманы нақтылау 2: Тілдік мақсатқа жетуде 4-тапсырманы одан да қызықты етіп түрлендіру Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар жөнінде келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпарат білдім? 1: Оқушылар өзін өзі бағалауда критерийге баса назар аудару керектігін білдім. 2: Оқушылардың берген кері байланысы арқылы жекелеген оқушыларға қатысты әдіс-тәсілді түрлендіру |
||||||||
шағым қалдыра аласыз




Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген