400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Отбасылық құндылықтар

Материал туралы қысқаша түсінік
өзін-өзі тану мұғалімдеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Өзін - өзі тану сабағының жоспары (ашық сабақ)

Мектеп№49 Мерзімі: 04.02.2019 20 Сабақ


Сабақтың тақырыбы: Отбасылық құндылықтар.

Құндылық: Сүйіспеншілік..

Қасиеттер: Татулық,қамқорлық,мейірімділік,бірлік.

Мұғалім: Омарбаева А.А. Сынып: 7г Оқушылар саны:

Мақсаты: Отбасылық құндылықтарды түсіндіре отырып, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.

пайдаланатын

көрнекіліктер

Міндеттері:

отбасылық құндылықтарды сүйіспеншілік құндылығының негізінде түсіндіру;

қайырымдылық,жанашырлық қасиеттерін дамыту;

оқушыларды отбасы алдындағы жауапкершіліктерін сезіне білуге тәрбиелеу.

оқулық, дәптер,А3 бет, слайд,видеоролик,әуен,маркер,стикерлер

Сабақ барысы:


Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, түгендеу.Сыныптағы « Тәртіп,талап,тыныштық, тазалық,татулық» ережесін естеріне түсіріп, барлық ойымыз,сөзіміз, ісімізді осы ережеге бағындыруға шақырады. Тыныштық сәті.

Жайлы, баяу музыка қойылады.

Нұрға бөлену.

Ыңғайланып отырыңыздар,денелеріңізді түзу ұстаңыздар.Аяқ- қолыңызды айқастырмаңыз.Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады.Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.Елестетіп көріңіз:Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады.кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді.Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды,әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек -қалауыңызды шайып,жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын еслестетіңіз.Ол біртіндеп күшейе тусуде,оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз.Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп,сәуле шашуда.Қолымыз тек жақсы,ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі.Нұр аяқтарыңызға тарады.Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда.Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады.Олар нұр мен махаббат құралына айналды.Одан әрі нұр сіздің ауызыңызға,тіліңізге тарады.Тіліңіз тек шындықты және жақсы,ізгі сөздер ғана айтады.Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз,құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді.Нұр көздерімізге де жетті,көзіміз тек жақсыға қарап,бәрінен жақсылықты ғана көреді.Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп,басыңызға тек ізгі,сәулелі ой келеді.Нұр бірте- бірте қарқынмен шұғылана бастайды,сіздің денеңізден шығып,жан -жағыңызға сәуле шашады.Осы нұрды туысқандарыңызға,мұғалімдеріңізге,достарыңызға,таныстарыңызға бағыттаңыз.Нұрды уақытша түсініспей,ренжісіп журген адамдарға да бағыттаңыз,олардың да жүрегі нұрға толсын.Осы нұр бүкіл әлемге:барлық адамдарға,жан- жануарларға,өсімдіктерге,барлық тірі жанға таралсын...Ғаламның барлық түпкір түпкіріне нұр бағыттаңыз.Ойша айтыңыз: “Мен нұрлымын...Нұр менің ішімде...Мен Нұрмын”.

Осындай Нұр,махаббат және тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...

Енді осы нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз.Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде.Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады. Қандай әсер алдыңыздар?


Үй тапсырмасын тексеру.Үй тапсырмасы « Отбасым-бақытым» тақырыбына эссе жазып келу.

Бір-екі бала эссе оқып шығады.


Дәйексөз: « Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім жақындарына, туған-туысқандарына деген сүйіспеншілікпен байланысты» Н.Назарбаев.Оқушыларға хормен айтқызады.

Оқушылар дәйексөздің мағынасын түсіндіреді.

Мұғалім қорытынды жасайды: Жақсылық жасау үшін үлкен нәрсе іздеудің қажеті жоқ,кішкентай нәрсенің өзін бар ықыласыңмен орындап, мұқият қараудың өзі жақсылық болып табылатынын, Отанға, ел-жұртқа деген ыстық сезім, сүйіспеншілік отбасынан басталады.

Сабақтың тақырыбы: Отбасылық құндылықтар


Мұғалім сыйы: Бақытты отбасы үлгісі. Видеоролик көрсетіледі. Видеоролик жайлы сұрақтар қойылады:

Бай көршісі қандай мақсатпен кедей көршісіне келді? Ол неге таңқалды? Дәулет неліктен Сабыр берген жауаптарын түсінбей қалды? Өздерін өскенде перзенттік борыштарыңды қалай өтейсіңдер?


Шығармашылық жұмыс,топтық жұмыс. Сыныпты стикердегі құндылықтар арқылы топтарға бөлінеді.1-топ Сүйіспеншілік тобы: Отбасындағы әкенің орны.

2-топ Қамқорлық тобы: Отбасындағы салт-дәстүрді сахналау.

3-топ Татулық тобы: Отбасындағы баланың орны.

4 –топ Мейірімділік тобы: Отбасындағы ананың орны.


Үй тапсырмасы: 81 Бет 7-тапсырма


Жүректен –жүрекке. Сынып сабақты әнмен аяқтайды. Ана мен сәби әні. Әүені қосылады.


Соңғы тыныштық сәті.Баяу әуен орындалып тұрады.Бүгінгі сабақтан алған әсерлерімізді есімізге түсірейік, он қолымызбен жүрегімізді ұстап, адамдарға, ата-анамызға әрдәйым қамқорлық жасайық, тату болайық,айналамызға іштей тілек тілейік. Бәріңізгі үлкен рахмет!




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
05.04.2019
624
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі