400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Отбасылық құндылықтар 7 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Отбасы рөлінің маңызын ұғындыру арқылы сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пән: Өзін – өзі тану

Мектебі: Т.Ибрагимов

Күні: 06.02.2020ж

№: 20

Мұғалімі: Ғазиза Әшірханова

Сыныбы: 7

Оқушылардың саны: 20

Тақырыбы: Отбасылық құндылықтар

Құндылығы: Сүйіспеншілік

Қасиеттері: Мейірімділік, сыйластық, бауырмалдық

Мақсаты: Отбасы рөлінің маңызын ұғындыру арқылы сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу

Міндеттері:

1. Білімділік: «Отбасы» құндылығы және отбасы тәлімінің мәні туралы түсініктерді кеңейту;

2. Дамытушылық: отбасылық құндылықтарды бағалай білуге баули отырып,

ейірімділік, сыйластық, бауырмалдық қасиеттерін дамыту;

3. Тәрбиелік: ұсынылған тақырып бойынша өз ойын білдіре алуға бағыттау, тілдесу барысында сөйлеу мәдениетінің нормаларын білуге және қолдануға тәрбиелеу.

Ресурстар:

(материалдар, дереккөздер)

1.bilim-all.kz

2. el.kz


Сабақтың барысы:

«House» әдісі арқылы

  1. «Ақиқат»

  2. «Сүйіспеншілік»

  3. «Дұрыс әрекет»

1. Ұйымдастыру кезеңі.

5 Т – ережесі:

1. Тәртіп.

2. Талап.

3. Тыныштық.

4. Тазалық.

5. Татулық.
Балалар ережені есімізге түсіріп, сыныптың тәртібін сақтап, оқып - білуге талаптанып, тыныштықты орнатып, тазалықты сақтап, бүгінгі күнімізді татулықпен өткізейік.

Жағымды көңіл – күйге келу. «Нұрға бөлену»

(Оқушылардан қолдарын тізесіне немесе үстел үстіне қоюды, аяқтарын айқастырмауды өтініңіз. Жайлы, баяу музыка қойыңыз).

Мұғалім: Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын таза, әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңызды тілек қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.
Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Ой мен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, тек ізгі істерді істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.
Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға ба ғыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көзімізге де жетті. Көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсы лықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңыз ға тек ізгі, сәулелі ой келеді.
Нұр бірте - бірте қарқындап және шұғылана бастайды, сіздің денеңіз ден шығып, жан - жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқанда рыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағытта ңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз. Олардың да жүрегі нұрға толсын.
Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан - жануарларға, өсім діктерге, тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түкпір - түкпіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішім де... Мен Нұрмын»
Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...
Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.
Жаймен көзіңізді ашуға болады.

Рахмет!

Үйдің макеті

2. Үй тапсырмасы.

«Сиқырлы сандық» әдісі арқылы

1. №19 – сабақ. «Отбасы» атты сөзжұмбақты шешу.

2. Келесі сабақ. №20, Немат Келімбетовтың мәтінін оқып келу

1. Мейірімділік жайын сөз еткенде, неліктен автордың көз алдымен аяулы анасының жарқын бейнесі келеді деп ойлайсыңдар?

2.Мәтіндегі ананың бойынан өздерің байқаған ізгі қасиеттерді атап беріңіздер.

3.Автордың ата-анасының қоныс аударған қарашайлар отбасына риясыз көмек көрсетуінің себебі?

4.Сендердің отбасыларыңда өзгелерге қандай сый, құрмет және көмек көрсетілді?

Слайд

3. Сабақтың дәйексөзі.

(Оқушыларға бір рет айтқызып, дәптерге жаздырту)

«Адамның адамшылығы — ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады»

(Абай Құнанбаев)

Абай (Ибраһим) Құнанбаев (1845-1904ж) — ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер, либералды білімді исламға таяна отырып, орыс және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор.


Сұрақтар:

1.Дәйексөзден қандай ой түйдіңіз?

2. Бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі қандай?

Слайд, сурет

4. Оқиға айту (Мұғалім сыйы).

Тәрбие отбасынан басталады

«Double bubble» әдісі


Сұрақтар:

  1. Бейне көрсетілімнен қандай ой түйдіңіз?

  2. Екі оқиғаның ортақ тұсы мен айырмашылығын жазыңыз.


  1. Сіз осы баланың орынында болғанда қандай іс – әрекет жасар едіңіз?

Сонымен қатар, өмірмен байланыстырып «жүрек жылуы» жаттығуын жасалық. Балаларға жүрекшелерге таратылып, ол жүрекшелерге балалар «Менің сіз сияқты керемет анаға тілейтінім... анасына деген ішкі сезімдерін жазады. Және оны тақтадағы үлкен жүрекке орналастырады. Сыныпта анасы бар оқушылар анасына сол жерде тапсырады.

Бейне көрсетілім

5. Шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс.

Тапсырма:
1 – топ: Адамға өмірде ең қымбаты – отбасы. Отбасында сүйіспеншілік, сыйластық, татулық, бауырмалдық болғанда бірлік болады.

Диафильм құрастыру
2 – топ: Қазақтар – «Төріңнен қарт кетпесін» деп тілеген халық. Жасы үлкенге құрмет ету, қарттың бүгілген беліне сүйеу болу – біздің ата дәстүріміз.

Қойылым көрсету

3 – топ: Ата – асқар тау,

Ана – бауырындағы бұлақ

Бала - жағасындағы құрақ

Мозайка құрастыру

А4 қағаз, түрлі – түсті бояғыштар,

сурет

6. Топпен ән айту.
Роза Әлқожа «Қос бәйтерек»

1.Әкешім пана болған,

Биік шыңын!

Үйреткен мына өмірдің,

Барлық сырын!

Қайырмасы:

Жербетін кезген менен,

Сендердің көздеріңнен. 2-рет

Төгілген жылылықты

Ешкімнен сезбедім мен.


2.Анашым ақ сүт беріп мәпелеген,

Кешірген коп кенсе де қәте менен!

Қайырмасы:

Анамның алақаны,

Әкемнің қарағаны. 2-рет

Ұқтырды бізде екенін

Бақытқа балағаны!


Үнтаста

7. Үй тапсырмасы.

1. «Ата-ананың ақылы - қазулы қара жолмен тең» тақырыбында эссе жазу
2. Келесі сабақ. №21,
Марат Қабанбайдың «Әйгүлдің әңгімесі» мәтінін оқып келу.


8. Сабақтың қорытынды сәті.

«Күн нұры» әдісі

Оқушылар берілген стикерлерге арқылы жүректерінен шыққан жылы сөздерін, бүгінгі сабақ туралы ойын жазып күн нұрына орналастырады.

Күн бейнесі









Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
8 ақпан
737
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі