жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ Отбасылық құндылықтар 7-сынып
Өзiн-өзi тану сабағының жоспары
Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы №21орта мектеп
Мерзімі:12.02.2020ж
Тақырып: Отбасылық құндылықтар
Құндылық: дұрыс әрекет
Қасиеттер: қамқорлық, жанашырлық, жауапкершілік
Мұғалiм: Байтерекова Айгерім Мекебайқызы
Оқушылар саны:22
Сабақтың мақсаты: Отбасылық құндылықтарды түсіндіре отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу. Міндеті: Білімділік: отбасылық құндылықтарды дұрыс әрекет құндылығының негізінде кеңейту; Дамытушылық:Отбасылық құндылықтарды қадірлеп сақтай білуге баулу; Тәрбиелік: оқушыларды отбасы алдындағы қамқорлығын жанашырлығын жауапкершіліктерін сезіне білуге тәрбиелеу. |
Ресурстар: суреттер,нақыл сөздер |
Сабақ барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңi. Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру. 5 «Т» ережесін сақтау. 1.Тәртіп 2.Талап 3.Тыныштық 4.Тазалық 5.Татулық
Жағымды көңіл күйге келу. «Нұрға бөлену» Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз.Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін. Елесететіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балығы және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді,эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып,жүрегіңіздің қауызын ашты. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз.Ол бірітіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз.Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы,ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарарыңызға тарады.Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда.Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады.Олар нұр мен махаббат құралына айналды. Одан әрі нұр сіздің ауызыңызға,тіліңізге тарады.Тіліңіз тек шындықты және жақсы,ізгі сөздер ғана айтады.Нұрды құлақтарыңызға бағқыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естейді. Нұр көздеріңізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінне жақсылықты көреді. Сіздің басыңыз тұгелдей нұрға бөленніп, басыңызға тек ізігі, сәулелі ой келеді. Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңыздан сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей,ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға,жан-жануарларға,өсімдіктерге,барлық тірі жанға таралсын....Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз.Ойша айтыңыз:"Мен нұрлымын...Нұр менің ішімде...Мен Нұрмын" Осындай Нұр,Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз.... Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз.Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде.Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз. Жаймен көзіңізді ашуға болады.Рахмет.
2.Үй тапсырмасын тексеру. Оқулық, №19 сабақ 74 беттегі Жәмила Аязбекованың «Атасы мен әжесі» әңгімесін оқу. Сұрақтар:
|
Сабақ барысын талқылау: |
3.Дәйексөз. «Отбасы-бақыт мекені» Халық мақалы Сұрақтар:
|
|
4.Әңгiмелеу. «Бүркіт пен оның балапандары» Баяғыда таудың қиясын мекендеген бір ерекше қасиетті қыран өмір сүріпті. Өзгелерге өрлігімен өнеге болған әлгі бүркіт бір жылы өмірінде бірінші рет үш балапан басып шығарыпты. Балапандардың қанаттары қатайып, ұясынан ұшып шығуына аз уақыт қалғанда бүркіт үш балапанын уысына қысып, теңіз төсіне алып шығыпты. Ұшып келе жатып ол, өзіндік өмірге қанат қаққалы тұрған балапандарынан соңғы рет сынақ алып, былай деп сұрапты: -Қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқыттырмай, мәпелеп бағып-қаққанымды жақсы білесіңдер. Ертең өскесін, осының өтеуі ретінде маған қандай жақсылық жасайсыңдар? Біріншісі айтыпты: -Анашым, сенің ақ сүтіңді ақтау үшін қолымнан келгеннің бәрін жасаймын. Мен сені өмір бойы қанатыма мінгізіп алып жүрем. Дүниенің төрт бұрышын түгел аралатам, таңғажайып тамашаларды көзіңмен көретін боласың. Бүркіт басын шайқап, уысындағы балапанын теңізге тастап жіберіпті. Бірінші балапан теңіз тұңғиығына батып кете барыпты. Сосын екіншісіне бұрылып: -Ал сен не айтасың,-депті. Екіншісі айтыпты: -Анашым, мен сені ел аралатып, босқа әуре қылмаймын. Ғаламның барлық кереметтері мен қызықтарын алдыңа әкеліп берем, ішкенің алдыңда, ішпегенің артыңда болады. Бүркіт тағы да басын шайқап, уысын жазып жібергенде, екінші балапан да біріншінің соңынан кете барыпты. Бүркіт үшінші балапанына бұрылып, жарықшақ толы дауыспен былай депті: -Ал, сен мені қалай жарылқамақсың? Сонда үшінші балапан былай деп үн қатыпты: -Анашым, өтірік қанша тәтті болса да, саған ащы ақиқатты ақтармасқа амалым жоқ. Маған жасаған жақсылықтарыңның шеті де, шегі жоқ екенін, оны өтеуге менің барлық ғұмырым жетпейтінін жақсы білемін. Дегенмен, менің өмірім сені әлемді аралатуға да, сан түрлі ғаламаттарды алдыңа алып келуге де арналмайтынын айтқым келеді. Мен, сенің маған жасаған жақсылықтарыңның барлығын өз балапандарыма жасау үшін өмір сүретін боламын. Кәрі бүркіт сонда ғана көкірек кере терең дем алып: -Біздің әулет аманатын алға апарар, қыран деген атқа лайық бола алар ұрпақ туылғанына көзім енді жетті,- деген екен.
Сұрақтар: Бүркіт балапандарына қалай қамқорлық танытып жүрді? Бүркіттің балапандарын теңізге таутасына не себеп болды деп ойлайсыңдар? Бүркіт неліктен үшінші балапанын теңізге тастамады? Үшінші балапанның бойынан қандай қасиеттерді байқауға болады? Өздерің ата-аналарыңа қандай жақсылық жасап жүрсіңдер? |
|
5.Шығармашылық жұмыс. Баяу музыка қойылады. Тапсырма шартын түсіндіремін. Әр топқа минут уақыт беріледі. 1-тапсырма. Оқулықтағы В.Сухомлинскийдің кеңестерімен танысып, ата-аналарыңның, туыстарыңның алдындағы парыздарың туралы жазу. 2-тапсырма..Өнер туындысына қарап,ондағы отбасындағы құндылықтарды тауып,әңгімелеп беру ұсынылады.Тапсырма бойынша балалар атақты суретші Орал Таңсықбаевтың «Қонақта» атты картинасына қарап,отбасы мүшелерінің қандай дұрыс әрекет жасайтынын талдап отбасылық құндылықтарды тауып,әңгімелеп беруі тиіс. 3-тапсырма. «Менің отбасым» атты сөзжұмбақты шешу. 4-тапсырма. «Бақытты отбасы» мәтінін оқып, берілген аңыз әңгіме негізінде өз ойларын қорытып,өзінің отбасына сәйкес адамгершілік ережелерін құрастыру. |
|
6.Топпен ән айту Ана мен сәби
Әні: Біржан Жалғасбаев Сөзі: Жұматай Оспанов
Өмірге сәби келді Ақ періште іңгәлаған Иіскеп еміренер, Мейірленген туған анаң
Қайырмасы: Періште сәби құлыным Мен үшін бүгін ұлы күн Қабылдап ана жылуын, аман бол Тағдырдың көрме тарлығын Алдыңда нелер бар күнің Мойныңа алып ар жүгін, адам бол
Аттама адалдықтың Ақ жолынан балапаным Деп анаң кірпік қақпай Атқызатын ана таңын
Қайырмасы: Періште сәби құлыным Мен үшін бүгін ұлы күн Қабылдап ана жылуын, аман бол Тағдырдың көрме тарлығын Алдыңда нелер бар күнің Мойныңа алып ар жүгін, адам бол
|
|
7.Үй тапсырмасы. № 21 сабақ «Ұлыма хат» мәтінін оқу, 78 бет Дәптерге 81-беттегі 5-тапсырманы орындау.
|
|
8.Сабақтың қорытынды сәтi. Бүгін сабақтан игерге жақсы қасиеттерді бойларыңызға сіңіріп жүректеріңізге түйіп алыңыздар. Балалар денелеріңізді түзу ұстап, бастарыңызды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңыздар. Көздеріңізді жұмуларыңызға да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныстаңыздар, денелеріңізді бос ұстап, айналадағы барлық тіршілік иесі сіздерді аялап, қоршап, қамқор болып жатқанын сезініңіздер. Тұла бойларыңыз жақсылыққа, махаббатқа толғанын сезінуге ұмтылыңыздар. Осылайша 1 минуттай отырады. Бүгінгі сабаққа белсенді қатысқандарыңызға рахмет, сау болыңыздар. |
|

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген